Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері


Ж О С П А Р
Кіріспе
- Ш. Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
- Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары
- Шоқан - барлаушы офицер
- Ш. Уалиханов туралы Ә. Марғұланның зерттеулерінде
- Ш. Уалиханов және Түркі әлемі
- Шоқан Уәлиханов жайлы орыс зиялы қауымының естеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. 2015 жылы қазақтың ұлы ғалымы, этнограф, саяхатшы Қашқарияны алғаш зерттеушілердің бірі Шоқан (Мұхаммедқанапия) Уәлихановтың туғанына 180 жыл толады.
Халқымыздың қоғамдық ой-өрісі, мәдениеті және әдебитінің дамуында бейне бір сілкініс болды. Қыр сахарасында қоғамдық ой-пікірдің жүйелі ғылыми негізде қалыптасып дамуына мүмкіндік те, жағдай да жоқ кезде Шоқан Уәлиханов ғылымның алуан түрлі саласымен шұғылданып, жан-жақты ғалым болуына тура келді. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, философия ғылымдары саласында жемісті еңбек етті. Жазушы, публицист, аудармашы, суретші де болды. Ғұлама ғалым соншалықты қысқа ғана өмір сүрсе де, кейінгі ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырды, Шоқан Уәлихановтың ғылымға деген құштарлығы оның ішінде қоғамдық ғылымдарға ынта-ықыласы, бейімділігі ерте оның Сібір кадет корпусында оқыған жылдарынан басталады. Омбы кадет корпусы Сібір оқу орындарының ішіндегі ең көрнектісі еді. Бұл арнаулы әскери жабық оқу орны өз шәкірттеріне негізінен жалпы білім беру бағытын ұстады. Мысалға айтсақ, онда жалпы география, Ресей географиясы, жалпы тарих пен Ресей тарихы, орыс және батыс Европа әдебиеттері, философия негіздері, орыс және француз тілдері, бірнеше шығыс тілдері оқытылды. Шоқан Уәлиханов ның аса зеректігі, әсіресе, осы пәндерді оқып-үйрену, игеру тұсында айқын көрініп, жұрт назарын аударды. Оның мектептес досы Г. Н. Потанин былай деп жазды: «Шоқан Уәлиханов тез кемелденді, өзінің орыс жолдастарын басып озды, оған көп адам ден қойып зер салды. Корпустың оқытушылары Шоқан Уәлиханов ды болашақ, тіпті ғалым болуы да ықтимал деп жүрген кезде Шоқан Уәлиханов небары 14-15 жаста ғана болатын, ол кезде өте-мөте көп оқитын, бұл оның бойындағы сыншылдық қабілетті жетілдіре түсті. Адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс философиясы саласындағы оның ой-пікірлеріне біз қайран қалатынбыз».
Еуропаның прогрессивтік мәдениетіне қолы ерте жетіп, рухани қорек алған Шоқан Уәлиханов өз кезінің алдыңғы қатарлы, ең саналы адамы болып қалыптасты. Өзінің адамшылық алдындағы азаматтық міндеттерін түсінді. Әсіресе, тұтас ғасырлар бойына кейінде қалып келген қазақ халқы алдында өзінің қарыздар екендігін аңғарды. Елін, халқын шын жүрегімен сүйетін жас өзі жеткен еуропалық мәдениетке елін түгел жеткізіп, халқының бетін дұрыс жолға бұру міндетін арқалады. Ол қазақтың мәдениетті ел болып, қатарға қосылуы үшін керекті игі істерді жүргізді. Сөйтіп, Шоқан Уәлиханов заманның ең қажет адамы - қоғам қайраткері болып шықты. Шоқан Уәлиханов қазақ даласына ислам дінінің таралуына, оны уағыздайтын қожа-молдалардың кері тартпалық әрекеттеріне қарсы шығып, қазақтарды ғылым негізіне сүйенген білімге баулу, орысша оқыту, мектептер ашу қажеттігін айтты. Туған халқының мәдениетті, білімдар болуын аңсаған, оны сүйген Шоқан Уәлиханов өз елінің келешегі орыс халқының Ресеймен бірге болуы, екі халықтың мүдделес, тағдырлас болуын қалады.
Шоқан Уәлихановтың мол ғылыми мұрасының ең негізгі бір саласы - оның әдеби зерттеу еңбектері. Қоғамдық ғылымдардың басқа салалармен қатар Шоқан Уәлиханов әдебиет пен тіл туралы да алғаш байсалды зерттеу жүргізіп, ой-тұжырымдар айтқан. Сөз өнеріне, ауыз әдебиетіне деген ынта-ықыласы, қызығуы ғалымның бала кезінде басталғаны, оған өзінің әулеті Уәлихановтардың көзі ашық, оқыған адамдар болуы, әжесі Айғанымның аңыз-ертегілерді шебер әңгімелеуі, ел аузынан сөз өнері үлгілерін жинауға 10-11 жасынан қатысуы, ауылда талай ақындар айтысып, шешендік, тапқырлық, біліктілік сайыстарын көріп тамашалауы оның кейін ғылым төңірегіне мол үңілуіне ықпал етті.
1857-1858 жж. Ресей империясы бұрын-соңды зерттелмеген өлке Қашқарияға Шоқан Уәлихановты саудагер ретінде құпия түрде жіберген еді. Өз басын қатерге тіге отырып Ш. Уәлиханов Қытай елінің шығысындағы 6 қалада зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл өлкенің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен жағрафиялық жағдайы туралы тың құнды деректер жинап қайтты. Бұл баға жетпес өз заманындағы ғылыми жоғары деңгейде жазылған тұңғыш зерттеулердің бірі еді. Тіпті бұл экспедициядан кейін 155 жыл өтсе де Шоқан Уәлихановтың Қашқария туралы еңбектері өзектілігін жоғалтпаған бірігей деректік маңызы зор еңбектер болып қала береді.
Экспедиция барысында біз Ш. Уәлихановтың ізімен жүре отырып көне қалаларды аралап, сәулет ескерткіштері және басқа тарихи орындарды тамашалап, Қашқар қаласын бүгінгі тұрғыдан зерделеп қайттық.
Саралап қарасақ, біз Шоқан Уәлихановтың ізін бір жарым ғасырдан соң қайталай отырып, сол кездегі сапардың сыры мен мәнін түсінуге, ауыртпашылығын сезінуге тырыстық.
Келесі сапар ғалымның ізімен Ресейдің Петербор қаласына бағыт алмақ.
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады.
Мақсаты:
Шоқанның өмірі мен еңбектері т уралы терең мағлұмат беру, ой-өрісін кеңейту.
Шоқанды жан-жақты зерттей отырып, оның ғұлама ғалым екендігіне көз жеткізу. Шоқанның қазақтың арасынан шыққан- білімпаз, дара тұлға екенін жеткізу. Шоқанның еңбектерін оқи отырып, өз жан дүниемізге үңілу, халқына, оның байлығына деген сүйіспеншілік, еңбекке, білімге деген құштарлықты ояту.
Міндеті:
Шоқанның өмір дерегіндегі тың материалдарды зерттеу, іздену: Шоқан зерттеген, жазған еңбектері, оның түрлері: Шоқан еңбектерінің рухани маңызы, кейбір зерттеулерінің қыр-сырына көз жеткізу: Шоқан еңбектерінің мұрагерлік міндеті: тәрбиелік, тағлымдық маңызын ашу.
Ш. Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т. б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Шоқанның балалық шағы. Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" - деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т. Н. Потанин.
Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И. И. Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
Шоқанның "Профессор И. Н. Березинге хат", "Профессор И. И. Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т. б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", - деп жазады Г. И. Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді.
Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" - деп атайды. Г. Н. Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т. б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", - деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады.
Шоқан заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Қазақтың тарих, этнографиясын, әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Ол қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы, фольклоры туралы алғаш пікір айтушы және зерттеуші. Шоқан қазақтың демократияшыл сынын бастаушы, ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы. Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы. 1835 жылы қазіргі Құсмұрын бекеті дүниеге келуі. Жастық шағы - атамекені Сырымбетте өтті. Шоқанның шыққан ортасы - қазақтың хан-сұлтан төре тобы. Әкесі Шыңғыс Омск әскери училищесін бітірген. Орысша сауатты офицерлік шені бар (полковник) . Арғы аталары - Абылайхан.
Шоқан әуелі ауыланда ескіше хат тануы, 10 жасында Омск кадет корпусына кіреді.
Оқытушылардың назарын өзіне аударуы (Костылеций, Гонцевский) . Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов т. б. шығармаларымен жан-жақты танысады. Досы - Потанин.
Кадет корпусын өте жақсы бітіреді (1853) . Шоқанның ерекше қабілеттері болған. Оған оқытушыларының, замандастарының болашақ ғалым, зерттеуші деп қарады. Қоғамдық істерге араласуы. 1856 жылы экспедицияда қатынасуы. 1858 жылы Қашқарияда болды. С. Тян-Шанскиймен танысады.
1859 жылы жаз, күз айларында Қашқар - Алтышар өлкесі саяхатының материалдарын сұрыптайды да, 1860 жыл басында Петербургқа аттанады. 1861 жылы ауылда емделіп, 1863 жылы Омскіге келеді. 1864 жылы жазды Жетісуға, одан Верныйға келеді. 1865 жылы төсек тартып жатып қалуы. Алтынемел станциясының маңына жерленуі.
Шоқан қоғам қайраткері.
Ол ағартушы демократ. Қазақ халқының ағартушылыққа мұқтаж екендігін түсініп, мектеп ашуды талап етті.
Шоқанның достасып, пікірлескендері қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, озық ойлы ғалым профессорлар, демократтар болды.
Саяхатшылар мен ғалымдардың еңбектерін, күнделікті жаңалықтар мен дүние жүзі әдебиетін жақсы біледі, жете меңгерді. Н. Г. Черношевскиймен кездесіп пікірлесті.
Шоқанның еңбектері:
Көлемділері: «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Елдегі мұсылманшылық туралы», «Қырғыздар туралы қолжазбалар», «Қазақтың ертедегі қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежірелері», «Жамия - ат таорихтан», «Алтышаһардың хал-жайы», «Сібір тарихтан хаттар», «Көкетай ханның өлімі», «Сібірге қрайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы», «Құлжа күнделіктері» т. б.
Шоқан қол жазбалары 1904 жылы баспадан шығады. 1944 жылы мақалалары мен хаттары-2 тілде басылды. 1958 жылы 1 тлмдық соң, 5 томдың, 1978 жылы қазақ тілінде 1 томдық, 1980 жылы таңдамалысы жарыққа шықты.
Шоқанның 5 томдығы қазіргі қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін кең сөз еткен таңдамалылар қатарынан орын алды.
Ғалымның әдеби зерттеу еңбектенін үшке бөлеміз. Ауыз әдебиетін жинауы: «Абылаймен оның батырлары туралы аңыз», «Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары». Жанақ, Түбек, Орынбай, Бұхар, Шал, Шөже ақындар туралы және ақындық өнер, өлең жөніндегі пікірлері үлкен мәселе.
Шоқанның әдебиет тарихы туралы түсінігі терең болды.
Шоқан өлең туралы алғаш пікір айтушы: Қазақ өлеңдерін жыр, жоқтау-толғау, қайым өлең, қара өлең, өлең деп беске бөледі.
Шоқан талапты публицист. Табиғатты, адам портретін суреттеудегі өзінің үздік шеберлігін танытты.
Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбектері
Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Шоқанның келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда Омбыдағы Кадет корпусының орны ерекше. Кадет корпусына алғаш келген кезде орыс тілін білмейтін Шоқан аз ғана уақыттың ішінде өзгелерден анағұрлым озық тілді меңгеріп алған. Шоқанның ерекше қабілеті өзі қатарлас достарының ғана емес, таңдаулы ұстаздарының назарын өзіне аударды. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Осы оқытушылардың әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген. Шоқанның зерттеушілік қабылеті корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс уақытында ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры болған. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кезеңдегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болған. Мұның өзі оған қатты әсер қалдырады. Ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етеді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Осыдан кейін ол «Тәңір (құдай) », «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарлар барысында «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары бағаланған туындылар болып есептеледі. Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне салынған жол деп біледі. Сонымен қатар оны өз халқының құндылығымен, тіршілігімен байланыстыра дамытады.
Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан - сол кездің өзінде - ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты. Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышысы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», - деп жазады. Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та көркем тілмен нақышында суреттейді. Көшпелі халықтардағы өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне назар аударады. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей отырып, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған. Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел - шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.
Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz