Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың теориялық негіздері


1 Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың теориялық негіздері.
1. 1 Шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негізі
ТМД елдеріндегі жаңашыл педагогтар - В. Ф. Шаталов, Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, Е. Н. Ильин, сонымен қатар Қазақстанда өздерінің жаңашыл тәжірибелерін көпке тарту еткен ұстаздар: Р. Б. Нұртазина, Қ. Айтқалиев, Қ. Бітібаева, А. Ысқақов, Е. А. Очкур, Ш. Буркеева, Г. М. Кубраков болды [107] .
Бұл жаңашыл - педагогтар өздерінің озық тәжірибелік идеяларында шағын жинақталған мектеп туралы және оқушылардың еңбек тәрбиесі жөнінде терең ойлар айтып, іс жүзінде оқу-тәрбие үрдісінің тұтас жүйе ретінде қарастырылуы, /Г. Кубраков/ кәсіби еңбекке бағытталып жүруі /Қ. Айтқалиев/ ұтымды екенін, мектептің әрбір құрылымын /сабақ тәрбиелік қатынастар, мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының, оқушы мен ата-ананың қарым-қатынасын, т. б. / ізгілендіріп, теңелдіріп олардың ынтымақтастық негізде, оқушылардың өздерін-өздері басқару прициптерімен /Қ. Нұрғалиев. А. Ысқақов, Қ. Бітібаева, Е. А. Очкур/ әрі тиімді, әрі шығармашылықпен істейтін мектеп ойдағыдай өз міндеттерін атқара алатынын дәлелдеді. Тұтас педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастырған Г. М. Кубраков, А. С. Макаренконың педагогикалық жүйесінің идеяларын кеңес мектебінің кемелденген жағдайында шығармашылықпен, оқу-тәрбие жұмысын тұтас демократияландыру және гуманизациялау бағытында жүргізумен мол тәжірибе жинады, оның ол тәжірибелері жеке кітаптар болып шығып, көп данамен тарады. Осындай шығармашылықпен, өндірістік, ұлттық кәсіби еңбекке баулудан республикаға тәжірибелерін таратқан ұстаздардың көбі ауылдағы шағын жинақталған мектептерден білім алған азаматтар [108] .
Ауыл мектебінің жұмысына шешуші әсер ететін негізгі фактор - ол ата-ананың, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, кәсіптік еңбек дәстүрлері, мәдениеті. Олай болатыны, көне заманнан бері жас ұрпақтың бойында еңбек пен кәсіп дағдылар негізінде халықтың еңбек дәстүрімен және отбасының кәсіби үлгісімен қалыптасқан [109, 35] .
Негізінде, отбасындағы еңбектің көпшілік түрлері - өнімді еңбек болып келеді. Ал ондай еңбектің баланы жан-жақты тәрбиелеуде орасан зор маңызы бар екені педагогика ғылымы мен тәжірибеде жеткілікті дәлелденген. Жасөспірімдер күнделікті өмірде үлкендерге көмектесу кезінде көп тәжірибе алады, өздерінің жеке басына тән іскерлігін қалыптастырады, кәсіпке қызығушылығын дамытады.
Сонымен, ауылдағы шағын жинақталған мектептердің үрдістерінде мынадай өзіне тән ерекшеліктері мен олардың нәтижелі жұмыс істей алуларының кейбір педагогикалық тұжырымдамалары анықталды:
- ауылдағы шаруашылықтардың жекешеленіп, ыдырауына сәйкес көп мектептердің де комплектіліге айналуы /ондағы оқушылардың, сынып комплектілерінің және педкадрлардың азаюы / өрістей түсуде;
- ата-аналардың көшіп-қонуының етек алуына байланысты сыныптағы оқушылардың аздығынан бастауыш пен бірге жоғарғы сыныптарды да қосып оқыту үрдісі орын алуда және республика бойынша бұлайша оқытудың тексерілген тәжірибелері, бағдарламалары мен әдістемелері қалыптаспай отыр;
- қосып оқытудың қиындығына көздері жеткендіктен балалардың үй жұмысын тұрақты орындауларына ата-аналар белсенді ат салысады, сонымен шағын жинақталған мектептің барлық жұмыс жүйесіне олар да жиі қатыса алады;
- екі сыныпқа бір сағатта екі бағдарламаны меңгертетін мұғалім мен бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалім еңбегін бірдей бағалау әлеуметтік теңсіздік іспетті қиыншылықтар туғызады; сондықтан олардың еңбекақы көлемдерінде /әділетті түрде/ айырмашылық болуға тиіс;
- шағын ауылда мемлекеттік мекемелердің /почта, кітапхана, мәдениет үйі, т. б. / жойылуымен және энергияның тапшылығынан, теледидар жұмысының шектелуінен барлақ мәдени-көпшілік істер мектепте жүргізіледі, сондықтан ол бүкіл оқу-тәрбиелік, халық дәстүрлерін жандандырудың мәдени-этикалық жұмыс жүйесінің ауылдағы негізгі ошағына айналды; сол себептен шағын жинақталған ауыл мектебі ауыл кәсіпкерлерін сапалы дайындайтын педагогикалық тұтас жүйемен істей алуға міндетті;
- мектеп жасындағы ауыл оқушыларын сан алуан тәрбиелік мақсатта ұйымдастырылған өнімді еңбекке тартумен қазіргі нарық кәсіпкерлігіне баулуға болады;
- ауыл мектебінің оқушыларының кәсіби еңбекке қызығушылылықтарын ерекше әсер ететін басты факторлар - ата-ана кәсіптері, отбасының еңбек дәстүрлері; жергілікті жердің шаруашылығындағы ұлттық кәсіпкерлікті өрістету жұмыстарының нәтижелілігі;
- ауылшаруашылық еңбектің, ұлттық кәсіпкерліктің әртүрлі саласынан /әр түрлі дейгейде/ әрбір оқушыда дербес іскерлік тәжірибе болуының және оны оқу-тәрбие жүйесімен дамыту қажеттігі бар екендігі айқындалды;
- жыл бойындағы ауылдағы кәсіби еңбектің маусымдылығын /көктемдік, жайлау, күздік және қыстаудан/ ескерумен мектептегі оқушыларды еңбекке оқыту, кәсіпкерлікке баулу жұмыстарын және экономика, бизнес саласынан олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім, дағды алуларына арнаулы назар аудару шарт.
Көпшілік жағдайда оқу үрдісінде бастау алған білімге үйрену, дамыту және тәрбиелеу міндеттері сабақтан тыс ақыл-ой, еңбекке баулу тәрбиелерінде жалғасады. Алайда бұл үрдістердің барлығы да тек жүйелік сипат алғанда ғана белгілі нәтиже береді /Ы. Алтынсарин, М. Н. Скаткин, В. К. Дьяченко, В. Н. Кузьмин/. Ол үшін мектепте әлеуметтік мәнді бағытта жұмыс істейтін тұтас /мектеп ұжымы мен оны қоршайтын кәсіпкерлік ортаны біріктіретін/ педагогикалық жүйе болу қажет. Мысалы, сондай тұтас педагогикалық жүйенің /ғылымда оны педагогикалық үрдіс дейді - Н. Д. Хмель/ үлгісі бола алатын объект, ауылдағы шағын жинақталған мектеппен оны қоршаған кәсіпкерлік шаруашылық кешендер ұжымының бірлескен /жастарды ауыл кәсіпкерлігіне баулуға бағытталған/ оқу-тәрбиелік жұмыс жүйесін жасауға алғашқы шарт бола алады. Аталмыш тұтас педагогикалық жүйенің /педагогикалық үрдісті/ тиімді ұйымдастырып, пайдалануға болатынын зерттеген ғалымдар: Н. К. Крупская, П. Ф. Каптерев, С. Т. Шацкий, Ю. П. Азаров, М. А. Данилов, В. С. Ильин, И. Е. Гурман, А. П. Пинкевич, және Қазақстанда Н. Д. Хмель болып саналады [110] .
Зерттеулерге қарағанда, қоғамның әлеуметтік талаптарына сай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үрдісте өз мақсатына жететіні айқындалған. Педагогикалық үрдіс жүйе болып саналады, себебі оның жүйеге тән құрылымдарының өзара тәуелділік байланысы, мақсаты, оны іске асыратын міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдіс-тәсілдері болады. Педагогикалық үрдісте мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субъектісі болғандықтан, бұл үрдіс жүйе болу үшін ол субъектілер нәтижелік бағыттағы қатынастылықта болуы шарт. Педагогикалық үрдіс өзін-өзі жеткілікті дамытатын жүйе. Бұл жүйеде тәрбиелеуші субъектіге тек ұстаздың және қоршаған ортаның әсері емес, сонымен қоса мұғалім мен оқушының мақсатты ұйымдастырылған қатынастық қызметтері нәтижелі ықпал етеді.
Кәсіпкер тұлға көп факторлардың әсерімен тұтас қалыптасады. Ал педагогикалық жүйе - тұтас объект ретінде өзіндік ерекшелігі бар, ол өз объектісіне тән интегративтік қасиетінен шығады. Бұл жүйенің интегретивтік қасиеті жеке бастың тұтас қалыптасуына әсер ететін өзара қиылысында жүйелік компоненттерінің ықпалының бірлігін көрсетеді. Педагогикалық үрдістің әлеуметтік жүйелігін құратын фактор - мақсат. Мақсат - ол педагогикада тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік тапсырыс ретінде қарастырылады және оның нәтижесі мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінен тәуелді болады. «Ұстаз-оқушы» жүйенің тұтастығы мақсаттың бірлігімен және ішкі педагогикалық үрдістегі әр түрлі деңгейдегі жүйеліктердің /басты жүйенің бөлшектерінің/ әрекеттесу нәтижелерімен анықталады. Ол жүйеліктер қандай формада болса да негізгі жүйенің өзіне тән қасиеттерін сақтауға тиіс. Әлеуметтік жүйенің қасиеті туралы «Болмыс көптүрліктің бірлігі және сол бірліктің әр түрлі формада өмір сүруінің ішкі мүшеленуінің ретінде зерттеледі» деген белгілі ғалым Ж. М. Абдильдин [111] .
Педагогикалық жүйенің өзіне тән сипаттары - ол адамдардың қатынасымен әлеуметтік формада жұмыс істейді, ол тек іс-әрекет алмасумен қызмет атқарып және жүйе ретінде бар компоненттері басқарылып, өзі көп деңгейлі, көп құрылымды өзгерісте бола алады. Жоғарғыда сипатталған белгілер бойынша педагогикалық жүйеде мұғалімнің басқаруымен оқушы жастарда өмірге, кәсіпкерлік еңбекке қажет білім, дағды мен іскерлік тәжірибелер қалыптастыру қажет. Және ол оқу мен тәрбиенің бірлігін, оқушылар мен педагогтың, ата-аналардың өнер мен бизнес мамандарының ынтымақтастық қатынасын талап етеді.
Педагогикалық жүйенің құрылымының элементтеріне жататын микрожүйелер: сабақ, іс-әрекет (И. Я. Лернер), жаттығу (П. М. Эрдниев), арнаулы жеке тапсырмалар (И. И. Шамова), педагогикалық әсер (П. Н. Левшин), педагогикалық ситуация жасау (Н. Д. Хмель) болып табылады [112] .
Педагогикалық үрдістерді зерттеудің (Н. Д. Хмель) нәтижесінде айқындалған педагогикалық жүйенің мына айрықша принциптерін айтамыз:
- Жүйенің жалпы мақсаты, оның іске асырылуының мақсаткерлік сипаты бар (мысалы, оқу-тәрбие ісінің кәсіпкерлікке бағытталуы) ;
- Өзара байланысқан компоненттерінің (міндеттері, мазмұны, әдістемелері, т. б. ) болуы;
- Жүйені шектейтін қоршаған ортасы (мектеп, сынып ұжымы, т. б. ) бар;
- Өзінің функциялық ресурстары (оқу-еңбек құралдары, кадрлар, кабинеттер, ТСО, тәжірибе үлескесі, жер, техника, т. б. ) болуы;
- Басқару органы арқылы жұмыс істеуі;
- Жүйенің өзіндік ішкі қайшылықтарымен дами алуы [113] .
Мұндағы аталған қайшылықтар дегеніміз ол объектінің ішкі мәнінен шығып нақтылы үдерісті жаңғырту үрдісі. Кәсіпкер тұлғаны қалыптастыру көптеген әлеуметтік ішкі және сыртқы қайшылықтарды шешпейінше іске аспайтыны белгілі. Бұл әрине мұғалімнің білікті көмегінсіз және мектептің мол бағыттағы жүйелі ұйымдастырған оқу-тәрбиелік пәрменді жұмысынсыз шешілмейді. Аталған бағыттағы педагогикалық жүйенің мына даму қайшылықтарын келтіруге болады:
а) Қоғамның білікті кәсіпкерлік кадрларға мұқтаждығының өсуі мен ол үрдістерді әлеуметтік қамтамасыз етудің объективті мүмкіншіліктерінің болмауы;
б) ұлттық мәдени-этикалық тәлім-тәрбиелік жоғарғы деңгейде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігі мен тоқырау кезеңінен сақталған мектептің дәстүрлі оқу-тәрбие жұмысының өзгеріске икемделе алмай отыруы;
в) жас ұрпақтың бойында ғылыми негізде кәсіпкерлікке тән әлеуметтік бағалы қабілеттер мен мәдени-этникалық қасиеттерді қалыптастыруды жеделдетіп шешу қажеттігі мен оны іске асыратын жаңа талаптарға сай жұмыс атқаратын педагогикалық жүйенің жасалмауы;
г) ауыл оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың бағдарламасының жинақталған тәжірибелерінің болу керектігі мен бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер мен озық тәжірибелердің тым жеткіліксіз деңгейде болып отыруы;
д) жеке шаруашылық кешендерінің жаппай өсуіне сәйкес ауылдағы шағын жинақталған мектептердің көбеюін, енді олардың жаңа әлеуметтік факторлардың әсерімен нәтижелі жұмыс істеу қажеттілігі мен жаңа ерекшеліктері мен талаптарға сай қызмет ете алатын арнаулы дайындығы /бірнеше пәндерден сабақ жүргізе алатын кәсіпқойлық біліктілігі/ бар педагогикалық кадрлардың жетіспеуі.
Аталмыш қайшылықтарды айтарлықтай шешу - ауылдағы шағын жинақталған мектеп ұжымының өзін қоршаған кәсіпкерлік ортаның экономикалық, қауымдық қатынасының белсенді үлес қосуын талап етеді және қазіргі әлемдік деңгейдегі оқу-тәрбиелік қарымы бар тұтас педагогикалық жүйемен жұмыс істеуін қажеттейді. Егер қайшылықтар педагогикалық үрдісте шешілмесе, онда тұлғаның дамуында дағдарыстар туып, оның іс-әрекетіндегі дербестігіне, шығармашылық қызметіне елеулі нұқсандар келетінін зерттеулер байқатады /Г. С. Костюк, Б. С. Украинцев/. Ол қайшылықтар өзінің мәніне қарай әр түрлі жүйелермен: «мұғалім - оқушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-ұжым», т. б. қатынастарымен шешіледі. Іс жүзінде оқушы микрожүйе бола тұрып, өзінің қалыптасуында өз дамуының қайшылықтарына кездеседі. Бұл субъектінің ішкі қайшылықтары болғандықтан ол диалектикалық заңға сәйкес сыртқы қайшылықтармен шешіледі [114] .
Алайда болашақ тұлғаның, әсіресе мектептегі оқушылардың жастайынан өз дамуындағы қайшылықтарды мұғалімнің көмегінсіз саналап, өз бетімен шешуге ұмтылыс жасауы мүмкін емес. Сондай ұмтылысты туғызып, оқушының өзін-өзі бағалай білуге, жетілдіре беруге қажеттілігін қалыптастыратын да шеберлігі мол, білімді ұстаз ғана екеніне практикада көз жеткізіп жүр. Жеке бас микрожүйе болғандықтан жүйеге тән барлық қасиеттер мен заңдылықтарды бойында сақтайды, және ол өз-өзін басқарушылық /жүйеге тән/ міндеттерін де әртүрлі дәрежеде орындайды. Егер ол өз бетімен танымдық іс-әрекеттерін, бағалы мақсаттарын орындауға жұмылдыра алса, ізденіспен еңбек етіп, айналасындағы адамдармен қатынас жасауға өз еркімен ұмтылыс жасап отырса, оның нағыз тұлға болып қалыптасуына сенуге болады. Жоғарыда келтірілген педагогикалық жүйенің қайшылықтарының мектептің оқу-тәрбие жұмысында мақсатты бағытта шешілуі ғана өсіп келе жатқан ұрпақтың қоғам талабына сай қалыптасуын қамтамасыз ете алады. Педагогикалық жүйенің педагогикалық үрдіс хақында тиімді функциясы мына объективті заңдылықтардың негізінде іске асады:
1) Бұл үрдіс қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігімен тәуелденеді;
2) Ол белгілі бір мақсаткерлік бағыттылықта жұмыс істейді;
3) Аталмыш үрдіс екі жақтылық сипатта жүреді /мұғалім мен оқушының, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекеттесуі болады/;
4) Оқушының бағалы қабілеттерінің тиімді, әрі сапалы ұйымдастыру салдарынан болады;
5) Жүйенің тәрбиелік әсерлілігін арттыру үшін оқушылардың өзара қатынасын нәтижелі ұйымдастыру керек;
6) Үрдістің жұмыс мазмұны ұйымдастыруы мен әдіс-тәсілдері оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр оқушының және олардың ұжымының даму деңгейлеріне сәйкес жүргізілетін ескерумен іске асады [114; 57] .
Бұл заңдылықтарды саралап білудің негізінде ұйымдастырылған педагогикалық жұмыс жүйесі қазіргі мектептің алға қойған өзекті міндеттерін ғылыми негізінде шеше алуына қолайлы мүмкіншіліктер туғызады. Ал шағын жинақталған ауыл мектебінде мұғалім әртүрлі сыныптарды біріктірген күрделі педагогикалық жүйені басқаратын болғандықтан, ол негізгі әлеуметтік тапсырма мен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, ортамен қатынастарын байланыстырушының рөлін атқарады.
Осымен еліміздің экономикасының нарыққа көшу кезеңінде, жеке адам тек қана рухани өндірісші ғана емес, сонымен қатар материалдық өндірістің негізгі факторына айналып, қоғамның жетіле беруіне тұлға ретінде елеулі үлес қоса алады. Бұл бағытта оңды жетістіктерге жету үшін жастарда кәсіпкерлікке тән бағалы қабілеттерді /дүниетанымдылық, шығармашылық, құзырлылық деп біз тұлғаның нақты жағдайда пара-пар, әрі терең түсінуі мен қабілеттерін барынша тиімді пайдалана алуын т. б. / кәсіпқойлылығының барлығын/ айтамыз. Бүгінгі мектептің маңызды бір міндеті оқушы жастардың ертерек кәсіп таңдауларын іске асып, олардың жоғарғы сыныптарда жауапты іс-әрекетке, кәсіпкерлікті меңгеру қызметіне белсенді араласуларын қамтамасыз ету. Және де оқушылардың жалдама еңбектерге қатысуларының тәрбиелік мәніне аса зор назар аудару керек.
Нарыққа көшу кезеңінде, соны іске асыратын шешуші тұлғаны таңдап алу міндеті тұр. Ол тұлға ортаңғы топтан болмақ, ал оны қалыптастырудың басты шарттарының бірі - кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру. Соған қоса жоғарғы білікті өндірісті-еңбекті дамыту шарт. Бұл міндеттерді орындау және адамдарды әлеуметтік-экономикалық мінез-құлықты қалыптастыру білім беру жүйесінде реформа жүргізуді керек етіп отыр. Ендігі Қазақстанның болашағы оның кадрлық қарымының жалпы білім жүйесінің қандай екеніне байланысты болмақ. Осыған орай бұл саланы реформалаудың стратегиялық бағдарларына айналатын идеяларды таңдап алудың маңызы аса зор. Мұндай идеяның негізінде жаңашылдық, шығармашылық тұрғыдан пайымдайтын, дүниетанымдық, мәдениеті кемел, жаңа тұрпатты адамдарды, дүниеге этикалық жауапкершілік тұрғысынан қарайтын жоғарғы білікті кәсіпкерлікті қалыптастыру көзделуге тиіс. Бұл идеяны іске асыру арнаулы білімді ұдайы жаңалап отыру ғана емес, сонымен бірге білім беру жүйесін толық ізгілеуді міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында (2002ж. сәуір) - «Село - бұл халық өмірінің образы, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана біздің ауыл мәселелеріне өте сергек қарауымызды талап етеді . . . Біз тек ауыл тұрғындары ғана кез келген халықтың генетикалық белгісі болып табылатындығын ұмытпауымыз қажет» деп көрсеткен [5] .
Бүгін біз өте маңызды мәселелердің бірі - ауыл мен село мектептерінің, әсіресе шағын жинақталған мектептердің жағдайын жақсартуға бар күш қуатымызды біріктіре отырып, ондағы проблемаларды шешу болып табылады.
Бүгінде Қазақстанның ауыл мектептерінің көбі шағын жинақталған мектептерге айналуда. Республикада әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қалыптасуы, қала халқының өсуі, көшіп-қонудың артуы, туудың төмендеуі шағын жинақталған мектептердің өсуіне әсерін тигізді.
Президентіміздің Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жариялауы және Үкімет пен барлық министрлік салалардың «Ауыл бағдарламасын» қабылдап сол жоспарларды орындауға ат салысты [125] .
Республиканың жан-жақты, яғни әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көздерінің бірі - ауыл екені белгілі. «Ауыл» дегенміз қазақ халқының атадан мұра болып келе жатқан тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымызбен рухани тіршілігіміздің қайнары. Олай болса, ауыл мектептері, ауылдың жастары олардың проблемалары Республикада қазіргі уақыттағы көкейкесті мәселесіне айналуы қажет.
Сонымен үш жылға жоспарланған «Ауыл жылы да» аяқталды. Орындалған іс-шаралар да аз емес. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің халыққа жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын елеулі түрде нығайтудың қажеттігін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясынан көрініс тапқан әлеуметтік сектор құрамдас үш мәселені халықтың денсаулығын, жоғары білім деңгейін және ұлттық рухани-адамгершілік мәселелерін көтерген [2] .
Аталған стратегияға байланысты Ел Президенті әр жылда Қазақстан халқына үндеу жолдап, стратегияны орындауға бағыт-бағдар беруде. Әсіресе білім саласына байланысты көп айтылып жүр. Мәселен, 2006 жылға наурыз айындағы жолдауының төртінші басылымдағы да білім саласына арналған. Онда «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» айтылған [4] . Ал біздің ұрпағымыз алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің ортасынан орын алар ма екен? Әсіресе ауыл мектептері осы талапты орындауға сай келе ме? Сондай ұрпақтарға қажетті тәлім-тәрбие беруге біз-ұстаздар дайынбыз ба? Болашақта сол жастарға тәлім-тәрбие беретін ұстаздар қандай болу керек?
Біздің зерттеу жұмысымызда ауыл мектептері, оның ішінде шағын жинақталған мектеп мәселесі бойынша бірнеше ұғымдарға түсінік береміз. Шағын жинақталған мектеп туралы елімізде бірнеше анықтамалар қатар берілген. Біз төменде оларға салыстырмалы түсініктер беріп, шағын жинақталған мектеп анықтамасын ауыл мектебі жағдайында қайта беруге ұсыныс жасап отырмыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі мектепке «сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мекеме» деген анықтама беріледі [98] .
Шағын жинақталған мектеп - бастауыш мектептің толық сынып жұмысын ұйымдастыруға сынып комплектісі жетіспейтін шағын елді мекендерде орналасқан шағын оқу мекемесі. Шағын жинақталған мектеп білім берумен қатар ауыл тұрғындарының мәдени деңгейін көтеруге, демографиялық мәселелерін шешуге, экономиканың аграрлық секторының дамуына көмектеседі.
Шағын жинақталған мектептің негізгі белгісі - бір сынып бөлмесінде, мұғалімнің басшылығымен, бірнеше сыныптардың қатар оқуы. Ендеше, шағын жинақталған мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын саласы-оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары болуы тиіс.
Шағын жинақталған мектептің ерекшелігі мұғалім қызметіндегі көппәнділік, мектеп басшыларының әкімшілік міндеттерді қоса атқаруы болып табылады. Соған қарамастан, шағын жинақталған мектептер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемелер туралы нормативті құжаттарында белгіленген шараларды толық атқаруға міндетті.
Шағын жинақталған мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі төмендегі жағдайларға байланысты:
- сыныптарды біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;
- сабақтың белгіленген мақсатқа сай неғұрлым тиімді құрылымын анықтау;
- оқушылардың өзіндік жұмысы мен мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмысты ұтымды алмастырылуы;
- оқытудың техникалық құралдарын қолдану;
- оқу-тәрбие үрдісін тұлғалық-бағдарлық ұстаным негізінде құру.
Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбиені нарықтық экономика жағдайына бейімдеу мақсатында әлемдік өркениеттің озық үлгілерін ұлттық тәрбие беру үрдісінде пайдалану, ата-ананың жауапкершілігін күшейту, оқу-тәрбие ісіне жаңа технологияларды енгізу негізгі өзекті мәселелер қатарына жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz