ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ШЕБЕРІ


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ШЕБЕРІ

Қазақ халқының қара шаңырақ, кәрі қонысы - Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде қазақ көлеміне таныс болмаған ән мен күй көп. Ол әуендердің шығу тарихы мен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, сақталу тағдыры жете зерттелген емес. Дегенмен, шет жағалап болса да, соңғы кезде олардың тамаша тың сазы республикалық көлемде естіле бастады. Сол шығармаларды жеткізуші -халық арасынан шыққан дарынды күйшілер мен әншілер.

Халықтың күйшілік өнеріне мұрагерлік етіп, өз өлкесінде өмір кешкен домбырашылардың асыл мұрасын жадында сақтаған, ұдайы тартып, насихаттап келе жатқан кісінің бірі - Төлеген Момбеков. Октябрь революциясының жеңісінен бір жыл кейін дүниеге келген Төлегеннің өмір тарихы өзінің сан мыңдаған замандастарының тарихымен орайлас. Ол отызыншы жылдарда мектепте оқып, сауат ашады, 1939 - жылдан 1941 жылға дейін Хантағы кентінде электр монтері болып істейді. Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанып, екі жыл бойы жаумен шайқасады. Ауыр жарақатына байланысты еліне оралған Төлеген Момбеков 1943 жылдан бері қарай Шымкент облысы, Созақ ауданы, «Сызған» совхозында автоклубта қызмет атқарьп келеді. Төлеген тартатын шығармалардың арғы төркіні Қазақстанда ертеде кең тараған шертпе күйлер тобына қосылады. Шертпе күйлердің Сарыарқада даңқын шығарған данышпан өнер иесі Тәттімбет болса, сол сарындас ырғақтардың бір алуаны Қаратауда қалыпты. Төлеген Момбековтің жерлесі, бұдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болтан Сүгір Әлиевтен үйреніп, өңдеп толықтырған «Кер толғау», «Бес жорға», «Боз інгеннің бүлкілі» сияқты күйлер осы айтқанымызға дәлел. Бұл күйлердің алғашқысы тыңдаушыға бұрыннан азын-аулақ мәлім десек, соңғы екеуі сүйкімді жаңалықтай болып сезіледі. «Кер толғаудың» әрі ойлы, әрі жігерлі, сұлу сазына ден қоймау, әсіресе, басталар тұстағы қосқабаттап шығатын шырайлы үйлесіміне, тұтас тұлғалы жарасымына ғажаптанбау мүмкін емес. Ал, «Бес жорға» мен «Боз інгеннің бүлкілінде» шертіп тартудың өзгеше келістері айқын аңғарылады. «Бес жорғадан» сахарада қатар түзеп, әсем жортқан, кейде шоқытып, кейде тепеңдеген жорғаның жүрісін елестетеміз. Бұл күйге қазақ өмірінің аса бір әдемі көрінісі - жүйрік ат мініп, сары далада сайран салу суреттері түскен десе де болады. Аттың жүрісін, атқа мінген адамның көңіл толқынын сипаттайтын күйлер қазақта аз емес. «Бес жорға» - солардың қатарында иық сүйесіп тұрарлық табиғи, ажарлы туынды. «Боз інгеннің бүлкілі» де халық туындысы. Әрине, әрбір талантты музыканттың халық күйін өңдеп, ажарлап, көркейтіп шығаруы заңды.

«Боз інгеннің бүлкілін» бұрынырақта шерткен Сүгір де, қазір ойнайтын Төлеген де бұл күйге тиісті үлесін қосқан. Сонымен бұл шығарма да өзгеше өзіндік нақышымен келіп отыр . . .

Бүкіл шертпе күйлерге тән ерекшеліктің бірі - табиғатында ән әуеніне жақындығы, кейде әндік элементтің араласа отыратындығы ғой. Мұны Төлеген Момбеков тартатын «Жолаушының жолды қоңыры» атты күйдің бірінші, екінші түрлерінен аңғаруға болады. Бұл шығармалар күй мен әннің қызғылықты қосындысы секілді. Төлеген Момбеков бірсыпыра күйлерін шертіп емес, төгіп тартады. Соның бірі - «Шалқыма». Бірақ, бұл күй Лұқпан Мұхитов орындап тартқан бүкіл Қазақстанға белгілі «Шалқымадан» басқа мақамда туғанын көреміз. Бұл күйде адам өмірінің шалқу, серпілу кезеңі, көңіл көгінің жайма-шуақ мезеті суреттелетін тәрізді. Екпінді, өршіл, көтеріңкі ырғақтар тыңдаушының ойын сергітіп, шабытты бапқа түсіретіндей. Совхоз автоклубының меңгерушісі ретінде Төлеген малшылар арасында жиі болады. Мойынқұмның малға құт қиырларында, тау етегінде, жазира жондарда ел игілігін арттырып жатқан еңбеккерлер қауымының ортасы - Төлегеннің өнер көрсетер кең сахнасы іспетті. Құйқылжыған күй солардың алдында талай рет төгілген, ол күйлер талайды серпілтіп, сұлулық пен келісім ырғағына бөлеген.

Әрбір өнерпаздың жастай көрген үлгісі, мектебі болады. Төлеген Момбеков домбыра тартуды ең алғаш өзінің атасы Бапыштан үйренгенін айтады. Атасынан жаттаған күйлерін ол зор серпінмен орындап келеді. Төлегеннің одан бертінде көрген күйшісі - Сүгір. Бапыштан ұққан күйлерінің бірі - «Қарқараудың» тарихын Төлеген ертеде ел шапқыншылыққа ұшыраған шақта туған жерден еріксіз ауып бара жатқан панасыз қыз бен оның шешесінің қоштасу лебізі деп түсіндіреді. Шынында, екі шектен жекелеп шығатын үнде қос мұңлықтың зар наласы естілгендей. Атап өтерлік бір нәрсе - осындай тарихы қоса айтылып тартылатын қысқа күйлер Қаратау елінде жиі кездеседі және ол шығармалар бұрын домбырамен де, қобызбен де, бүгінде ұмытыла бастаған аспап - шаңқобызбен де орындалатын болған . . .

«Қара жорға» күйін тыңдап қарасақ та, жүйрік аттың қадірін білген елдің коркем дүниетанымын аңғарамыз. Төлеген Момбеков - халық күйлерін ерекше мәнермен орындаушы ғана емес, ол бірсыпыра шығармаларға тиісті озгерту жасап та отырады. Мәселен, Сүгір күйлерін өзге тартушылар мен оның шертісінде кейбір айырмашылықтар кездеседі. Ол -оз тарапынан бірнеше күй шығарған, бұл оның композиторлық қабілеті бар екендігін де белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
Сүгір (шалқыма), (наз қоңыр), (аққу), (қаратау шертпесі) күйлеріне талдау жасау
Қаршыға Ахмедиярұлы – тарлан талант
Төребайұлы Қыздарбек
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Қазақстандағы музыкалық тәрбие
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ішек қылған, қобызым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz