ҚАСИЕТТІ ҚАРУ
ТИТАН ТҰЛҒА
Бұл күндерде туысқан өзбек халқының астанасы - Ташкент қаласында Азия мен Африка жазушыларының үлкен кәделі жиналысы жүріп жатыр. Екі құрлықтың көрнекті қаламгерлері өздерінің бұл бас қосуында әдебиет алдындағы әрі ескі, әрі жаңа мәселені - көркем шығарманың қоғамға қызмет етуін талқыға салмақ. Нақ осы жауапты жиын өзбек халқының өміріндегі тағы бір үлкен ұлы мәдени оқиғамен тұстас келіп отыр. Ол - данышпан ақын, кемеңгер ойшыл Әлішер Науаидің туғанына 525 жыл толуын мерекелеу оқиғасы.
Осы екі оқиғаның қатар келіп, бір кезеңде өткізілуінің символдық мәні бар секілді. Өйткені Әлішер Науаи өзінің барлық творчествосымен әдебиеттің әлеуметтік астары қалың болуы керек екендігін, көркем шығарма адам баласын бақытқа, жақсылыққа жеткізу жолын көрсетуге тиістілігін, ол ақиқат пен парасатты ғана ту етіп ұстауға міндеттілігін мұрат етіп қалдырған еді. Науаидің шығармалары жүздеген жылдардың қатал сынынан мүдірмей өтіп, әр қауымның алуан өкілін тәрбиелеп келеді. Арзан мен жалғанның парқын тез айыратын риясыз сыншы - мезгілдің мүддесіне жауап беріп, мәңгілік өмірге жолдама алу шығарманың шығармасының-ақ қолынан келмек. Ендеше әлем жазушыларының кезектегі келелі мәжілісі әдебиеттің туын аспанға көтерген титан шайыр Әлішер Науаидің туған елінде өту - табиғи құбылыс. Бұған өзбек халқы да, онымен бауырлас, мұраттас өзге халықтар да мақтаныш ете алады.
Әлішер Науаи шығармаларының мәнділігі, идеяларының биіктігі, көркемдік кемелдігі соншалық, оны белгілі бір халықтың туындысы көлемінде алып қарау аздық ететін секілді. Атағы өзбек халқына тән болғанымен, Науаи шығармаларының көкжиегі әлемдік көлемге кетеді. Ақынның жырлары, дастандары, зерттеу, теориялық еңбектері жер жүзі әдебиетінің алтын қорына қосылған. Әлішер Науаи туындыларының көшірмелері мәдениетті елдердің көптеген кітапханаларынан кездеседі. Ақын һәм ойшылдың мұрасы жөнінде жазылған мақалалар, тексерулер әлденеше томды құрайды.
Қазіргі заман жұртшылығына Әлішер Науаи шығармаларының тағлымды, тамаша әсерлі тұстары да аз емес. Көп тілді совет халқы ұлы шайырдың өлмес туындыларынан өміріне сабақ, келешегіне мұрат таба алады. Науаи армандаған азаттық пен бақыт идеясы совет адамдарына соншалық жақын, туыс. Адамшылық, ар, шапағат, қайырымдылық, парасат қорғаншысы болған Әлішер Науаи осы себептен де сырлас досымыздай.
Ұлы шайырдың даңқын шығарған, оған әлемдік әдебиеттің төрінен орын әперген - тамаша дастандары мен көркем ғазалдары. Әлішер Науаи - Хамса деген жалпы атпен мәлім болған керемет бес дастанның авторы. Олар - Хайрат-ұл - аброр (Жақсылардың қайраттануы), Фархат пен Шырын, Ләйлі мен Мәжнүн, Сәбғай Сәйәр (Жеті кезбе), Садди Искандери (Ескендір дуалы). Бұл дастандардың әрқайсысы - жеке көркемдік әлем. Бұларда Әлішер Науаи өмір сүрген заманның алдында тұрған үлкен әлеуметтік, тарихтық, этикалық мәселелер көтерілген.
Ақын дастандарының даңқтылығы мен анықтығы соншалық бұлардың бас қаһармандарын еске түсірсек те, қаншама қызық оқиғалар, қайталанбас тағдырлар, жанды көркем жинақтаулар көз алдымызға келеді. Фархат, Шырын, Ләйлі, Мәжнүн, Бахрам, Диларам, Ескендір... Бұл есімдер жер жүзілік әдебиеттің ғасырлар бойында жасаған ең шырқау табыстарының қатарына қосылады. Махаббат пен өшпенділік, достық пен араздық, ерлік пен ездік, бостандық пен теңсіздік, шапағат пен қараулық, еңбек пен дәрменсіздік секілді қарама - қарсы ұғымдағы проблемалар аталған дастандарда кеңінен шешім тапқан.
Әлішер Науаи - асқан лирик ақындардың бірі. Оның ғажайып ғазалдары замандар бойында сан ықылым қауымның қажетіне жарап келеді. Ақынның ғазалдары Ғазойн - ұл Маоний (Қазыналар мағынасы) деген атпен жинақталған еді. Ал тәжік-парсы тілінде жазғандары Девони Фани (Фанидің жинағы) деген есімімен әйгілі. Өз кезінде ең жақсы оқу орындарынан тәлім алған Әлішер Науаи асқан білімдар кісі еді. Ол парсы тілін өзінің ана тілінен кем білмеген. Кейіннен ақындық жолына түсіп атақты қайраткер болған шағында да ол осы екі тілде де қатар жазған. Сондықтан да замандастары оны Зуллисонайн (Екі тілдің иесі) деп атаған. Ол бара-бара араб тілін де меңгеріп, сол тілдегі ұлан - ғайыр әдебиетті оқыған. Сонымен Әлішер Науаи орта ғасырда Таяу және Орта шығыста кеңінен тараған үш тіл - түркі, парсы, араб тілдеріндегі күллі әдеби, ғылыми жетістіктерді бойына сіңіріп, рухани азық алғанын көреміз.
Ал Әлішер Науаидің түрлі тарихи, әлеуметтік тақырыптарға жазған шығармалары өз алдына бір төбе. Солардың ішінен Мезон-ұл-авзон (Өлең өлшеуі), Насои - ұл - Мухаббат (Махаббат самалы), Назым - ұл-жавожир (Гауһарлар тізбегі), Махбуб - ұл-клуб (Көңілдестердің сүйгені) секілді еңбектерді атап өтуге болады. Мұның өзі Науаидің жан - жақты білімділігінен хабар берсе керек.
Артына өшпес мұра қалдырған ардақты Әлішер Науаи туған халқының нағыз азаматы болды. Ол кезде ескі өзбек тілінде жазатын ақындар қатары аз болмаса да, өзбек тілінің барлық мүмкіншілігі жарқырап жарыққа шыға қоймаған еді. Әлішер Науаи өзінің алдына аса ұлы міндетті - өзбек әдебиетінің сан ғасырлық желілі, тұрақты тәжірибесі, даңқты дәстүрі бар тәжік-парсы әдебиетінің деңгейіне жеткізу міндетін қояды. Оның әр жанрда, түрлі тақырыпта қалам тербеп, талай тыңдарға жол салуының бір сыры осында.
Туған елінің арғы-бергі ақын жазушылары мұрасын зор ілтипатпен зерттеудің үлгісін де Әлішер Науаи көрсеткен еді. Мәселен, ол Мажолис-үн-Нафоис (Жақсылардың жиыны) деген еңбегінде бұрын өткен және өзімен тұстас жасаған төрт жүз елу тоғыз ақынның өмірі мен шығармаларынан мағлұмат келтірген. Солардың ішінде түркі тілінде де жазатын шайырлар қатар қамтылған. Қазіргі өзбек әдебиет зерттеушілерінің әдебиет тарихын тексеруде сүйенетін ең үлкен беделді негіздерінің бірі - Әлішер Науаи қалдырған тазкира (антология).
Әлішер Науаи шығармалары Орта Азия халықтарына, сондай-ақ қазақ халқына да ертеден таныс. Қазақ әдебиетінің асқар шыңы ұлы Абайдың Әлішер Науаиді қаншалық биік бағалағаны мәлім. Классикалық шығыс поэзиясының өлең өлшемі - аруздың кейбір ұйқастық үлгілерін қазақ ақындары өздерінің шығармаларында пайдаланған. Сол сияқты шығыс әдебиетінде талай жырланған дәстүрлі оқиғалар қазақ
әдебиетінде өңделіп, құлпырып шығып отырған. Қазақтың революцияға дейінгі дастандары мен қиссаларының талайы өзбек әдебиетінің және Орта Азия халықтары әдебиетінің белгілі туындыларымен үндес, сабақтас келе береді.
Өзбектің ұлы ақынының бір томдық шығармалар жинағы 1948 жылы басылып шыққан еді. Шайырдың шағын өлеңдер кітабы өткен жылы қайта басылды. Бұлардан қазіргі қазақ оқушысы Әлішер Науаидің зор тұлғасымен азды-көпті таныса алады. Дегенмен әлі күнге дейін қазақ оқушысына данышпан
ақынның мәңгілік мәнін жоймас мұрасы толық танылған жоқ. Алдағы кезде дастандарын, ғазалдарын кейбір әдебиет зерттеу еңбектерін қазақ тіліне аударып, халыққа молынан жеткізу қажет.
Ұлы ақын Әлішер Науаидың туғанына 525 жыл толу мерекесін біздің республикамыздың жұртшылығы өзінің ортақ қуанышындай зор құрметпен атап өтеді.
1968
ҚАСИЕТТІ ҚАРУ
Совет әдебиетінің басты нысанасы - адамдар санасына биік идеялылық, азаматтық парыз шарттарын сіңіру, ісіміздің ілгерілеуіне іріткі салатын күштер мен құбылыстардың табиғатын дәл танып, әшкерелеп отыру. Алайда әр кезеңнің әдебиет алдына қоятын нақтылы міндеттері де болады. Социалистік реализм әдебиетінің негізгі идеялық - көркемдік принциптері сақталып отырса да, түрлі тұста туған шығармалардьщ өзгешелігі болатынын да ұмытпау керек. Тар жол тайғақ кешу, мәселен, кезінде халқымызды революция рухында тәрбиелеген туынды болды. Оның советтік қазақ әдебиеті тарихындағы салмағы жеңілдемек емес. Ботагөз, Менің құрдастарым, Шығанақ, Дөң асқан, Қазақ солдаты секілді шығармалардың қайсысы да белгілі кезеңдер шындығын суреттеді. Бұл аталған және көптеген кітаптарда көтерілген тақырыптар, көрсетілген характерлер, танытылған тартыстар уақыттың ділгір талабына сәйкес болатын.
Үстіміздегі дәуірдің терең ақиқатын, өзіне тән қайшылықтарын, жеңістері мен ұтылыстарын көркемдік шындыққа бөлеп бейнелейтін шығармалар бүгін де зәру. Совет әдебиеті классикалық туындыларының әсері қаншалық құдіретті десек те, олар қазіргі қауымның жаңа сауалдарына қанағаттанарлық шешім бере алмайды. Қысқасы, әдебиетте замандастар, дәуірлестер тұлғасы көп те, көрнекті де кескінделмей суреткер қарызы жақсы өтелмек емес. Осыған байланысты көңілде жүрген кейбір пікірді ортаға салуды жөн көреміз. Біздің әдебиетімізге жыл сайын көптеген шығарма қосылып жатады. Әлбетте, олардан тың оқиғаларды, жаңа кейіпкерлерді де кездестіреміз. Көркемдік жинақтау жасау жаппай аттаныс олжасыз болуы мүмкін емес. Қазіргі әдебиеттің елеулі туындылары жұртшылық ілтипатына да ілініп, кәделі, биік сыйлықтар да алып жатады. Мұның бәрі жақсы. Өкініштісі сол - бізде санға жарағанмен, санатқа жетпеген шығармалардың көптігі.
Біз нашар шығармалар қаламгерлерді шеберлікке шақырудың нәтижесінде күрт кеми түседі демейміз. Әр заманда да әдебиет туындыларының озығы да, орташасы да, олқысы да қатарласа тіршілік етуі мүмкін. Бірақ әдебиетшілердің атқарылмаған борыштары неде дегенге де ой жүгіртіп отыруымыз керек.
Жұртшылықтың көп сұрағына көркем әдебиетіміз әлі де болса толық жауап бере алмай келеді. Соның бастысы - замана каһарманы кім деген сұрақ. Дәуір қаһарманы тұлғасын жасаудың ұмтылыстары азды - көпті табысқа жеткізіп жүр. Оның мысалын әр жанр туындыларынан да ұшыратамыз. Халық өмірінің құбылыстарын кең де, терең де көрсетуге талаптану, түрлі адам мінездерін бейнелеуге бет бұру қазіргі әдебиетіміздің ұнамды сипаттарының бірі дей тұрсақ та, қол жеткен табыстар әлі де ойдағыдай емес.
Соңғы жылдардағы шығармалардан замандастардың өмір кешулерін, іс-әрекетін, арман-мұратын көбірек көре бастадық. Сонда да болса шын мәніндегі көркем, толық та анық шыққан тұлғаларға тапшымыз. Ұнамды қаһармандардың жасалу принципінде кейбір сонылықтар кездесетінін де атап өту керек. Қазіргі қаһармандар ылғи жеңіс үстінде немесе трибуна басында көріне бермейді. Олардың жеңісі мен жеңілісі,
табысы мен олқылығы қатар қамтылып айтылатын болды. Мәселен, З.Шашкиннің Сеніміндегі Нұрлан, Т.Ахтановтың Дала сырындағы Қоспан, І.Есенберлиннің Айқасындағы Дәурен - өмір күресінде көбінесе жыққандар емес, жығылғандар. Бұлардың моральдық беріктігін, ісінің адалдығын, көңілінің тазалығын оқушы жақсы таниды. Аталған шығармаларда бұл кейіпкерлердің іс-әрекеті нанымды, жанды, жарасымды алынғаны рас. Мұның өзі ұнамды кейіпкерді көрсетудің мүмкіндігі арта түскендігін сипаттайды. Сонымен қатар біз әдебиетімізден толық диалектикалық шындығымен ашылған, қиын жағдайда ең әділ шешімге баратын, істің де басында жүрген, бас болуға нраволы, озық өнегелі жандар тұлғасын да көргіміз келеді. Өмір тартысында сүрініп немесе жеңіліп қалғандарды түсінуге болады, бірақ ол оқушының замана қаһарманын танысам деген талабын толық өтей бермейді.
Көптеген кейіпкерлер өмірдегі реалды адамдарға қарағанда, көмескі, қызықсыз шығатыны неліктен? Әлде бізде жұртшылыққа үлгіге жарайтын, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, қиындықтан қорықпайтын, жеке бастың мүддесі мен ел мүддесін қабыстыра білген азамат адамдар аз ба? Олай деуге ешбір дәлеліміз жоқ. Мәселе сол жарқын, жақсы адамдарды тану мен табудың, олардың жан дүниесін түсінудің аздығында, суреткерлік қырағылықтың кемдігінде. Біз қалай болғанда да суреткерлерімізден замандастарымыздың
тартымды, тамаша бейнелерін жасауды талап етуге тиіспіз.
Қоғам дамыған сайын сол қоғамдағы түрлі қайшылықтардың да сипаттары өзгеріп отырады. Бір кезде
әдебиетіміздің басты кейіпкерлері революционерлер, стахановшылар, ауыл шаруашылығы екпінділері, озық зиялылар болатын. Керісінше, ұнамсыз кейіпкерлер қатарынан тап жауларын, байлар мен саудагерлерді, жасырынып жүрген тыңшыларды, мемлекет қоймасына қол салып жатқан пайдакүнемдерді көретінбіз. Ол кезде тартыстың табиғаты да, кейіпкерлердің ара қатынасы да күмән келтірмейтіндей анық болатын. Ал қазір тартысты да, ұнамды-ұнамсыз кейіпкерлерді де бұрынғыдағыдай етіп алу табысқа жеткізбейді. Бұл күнде ұнамды каһарманның ұнамдылығын тауып айту, оның мыңдаған әрекеттерінің ішінен ең бастысын,
ең әрлісін екшеу қандай қиын болса, ұнамсыз кейіпкерлердің кейпін ажырату да оңайға соқпайды. Мәселен, бір кезде қаһарманның жиналыста ұтымды сөйлеп кеткені оның жақсы ниетіне кепілдеме сияқты көрінетін. Ал енді біз ол кейіпкерлердің бір ғана сөзіне сене бермейміз. Бізге оның өмірлік бағыты, тіршілік тәсілі, қоғам ісіне деген көзқарасы, қысқасы, сөз бен істің сәйкестігі керек. Ал мұндай диалектикаға бару үшін суреткердің өмірді ерекше білуі қажет. Белгілі себептер арқасында жауапты қызметтерге көтерілгенмен, қоғамға пайда келтірмей жүрген жандар да жоқ емес. Олардың лауазымына, анкеттік белгілеріне карап алданып қалсақ, шын табиғатын түсінбегеніміз. Біздіңше, қазіргі дәуірдің ұнамсыз қаһармандарының бір типі - сөз жүзінде коммунистік мұра күрескері болып көрініп, іс жүзінде ол мұрат үшін зәредей жан қинамайтындар. Сондықтан да олардың жалтылдаған сөзі бос кеуек тәрізді, жұртшылыққа өсерсіз. Көңілінде біздің ұлы ісімізге деген терең сенімі жоқ жандар жұрттың көзін алдау үшін іскер, күрескер болып көрінгісі келеді. Олар өз табиғатын танытпайды, белгілі рольдерді ғана ойнап жүреді. Міне, осындай жағымсыз, өз қара басының мүддесі үшін асыл мұраттарды айырбастап жіберетін адамдар барлық ішкі әлемімен көрінсе дейміз. Оқушы кімнен үйренетінін де, кімнен жиренетінін де анық ажыратып, ақиқат әсер алып отыруы ләзім.
Мұның өзі ең алдымен суреткердің азаматтық жауапкершілігі мол болуын керек етеді. Өз басы азамат ретінде қалыптаспаған қаламгер азамат қаһарман тұлғасын шығара алар ма? Халқының бүгінгі болмысын анық
аңғармаған, тарихи өткен жолын терең танымаған, болашақ тағдырына терең үңілмеген жазушы оқушы тебірене аларлық ой айта алмаса керек. Біздің совет әдебиетінің аса өмірлі дәстүрлерінің бірі де суреткерлердің әрдайым партиялық, халықтық мүддені берік ұстап отырғандығында ғой. Өзгелерді белгілі бір идеяларға сендіру үшін сол идеяларға алдымен суреткердің өзі сенсін. Жұртшылықты жақсы идеялармен жалындату үшін қаламгердің өзі де жалындасын. Міне, бүгінгі таңда партиямыздың жазушылар алдына қойып отырған ең үлкен талаптарының бірі осы.
Біздің дәуіріміз - идеологияық күрестің асқындап тұрған дәуірі. Халықаралық империализм советтік құрылысты да, коммунистік идеяны да мансұқтау үшін қатты әрекет жасап жатқан кезде совет әдебиеті барлық жағынан да өз биігінде тұруы тиіс. Біз асыл идеямызды құрғақ ұранмен, кезекші сөздермен дәлелдеп, оқушыны сендіре алмаймыз. Коммунистік құрылыстың озық тәжірибесі, қоғамшыл, коллектившіл, гуманист, жасампаз адамдарымыздың жақсы тұлғалары шын көркемдік келбетімен көрінсе ғана әсерлі. Жер жүзінің прогресшіл қауымы біздің адамдарымыздың жай-күйін, анық арманын, іс-әрекетін көркем әдебиеттен көріп танысатынын ұмытпалық. Бұл реттен алғанда әдебиет идеологиялық майданның ең алдыңғы сабында тұрады. Сондықтан да көркем әдебиеттегі әрбір келісті, кесек туынды, әрбір сомсурет, шыншыл тұлға идеология саласындағы жеңіспен барабар. Мәселен, бір Михаил Шолоховтың шығармаларының өзі әлемдік оқушыны революция заманының, коллективтендіру дәуірінің шындығымен таныстыруда тарихи роль атқарғандығын білеміз. Оған керісінше, жалаң схемаға құрылған дарынсыз шығармалар біздің коммунистік мұратты насихаттамақ түгіл өзгелердің бізге деген көңілін суытуға апаруы мүмкін. Сондықтан да әрбір нашар шығарма тек қана қағаз, қаржының шығыны емес, идеялық та ақау болып табылады. Шығарманың көркемдігі, әсерлігі үшін күрес - оның өткірлігі, дәйектілігі үшін күрес болып саналатыны да осыдан.
Советтік әдебиетіміз әлемге аты жайылған аса үлкен талантты жазушыларымыздың шығармаларымен қадірлі. Ол әрқашан халықты ұлы мұраттарға, асыл адамгершілікке, еңбекке, интернационалдық достыққа тәрбиелеп келеді. Оның жер жүзіндегі түрлі буржуазиялық әдеби ағымдардан оқшау озықтығы да осыған байланысты. Ендеше әдебиетіміздің әбден қалыптасқан осы дәстүріне шаң жұқтырмай, тот
бастырмай, мұқият қарауымыз керек.
1968
ТҮБІ БІРГЕ ТУЫСҚАН
Халықтар арасындағы достық карым - қатынас бір мүддеден туған ынтымақты максат жемісі екені мәлім. Адам адамға жолдас, туыс, бауыр, - деп жар салып отырған біздің дәуірде көршілес жаткан елдің мәдениеті мен экономикасын білмеу ағаттық болар еді. Сондықтан да достық сапарға шыққан әр әдебиетші, әр журналист тек қызық көріп тамашалап кана қайтпай, сол елдің салт-санасы мен өмір сипатын зердеге түйе келуді мақсатқа айналдырса игі.
Ежелден-ақ ауылы аралас, қойы қоралас жаткан туысқан республикалар хақында жұртшылықты кеңінен таныстыру максатымен газет Бауырлас елге барғанда деген жаңа рубрика ашты. Мұнда әртүрлі сапармен көрші республикаға барған жұртшылықтың сол ел туралы жолжазбасы жарияланады. Гоменде филология ғылымының кандидаты Р.Бердібаевтың Өзбекстан сапарынан туған әсер, пікірін ұсынып отырмыз.
I
Түбі бірге туысқан, тілі жақын, тағдыры ұқсас өзбек елінің жай-күйі көбімізге жете таныс емес. Бұл қазақ пен өзбектің арасындағы нағыз ағайындық байланыс жасап тұруға замандар бойында қолайлы жағдай тумай келгендігін көрсетеді. Сол себептен де бір кездегі аға-інідей бауырлас халықтар қашықтап, іргелес жатса да алыстап кете берген. Қазақта айында кермесе, ағайын жат деген нақыл бар. Ал қазақ пен өзбек бір-бірінен бөлініп, жеке отау тіккеніне бес - алты жүз жыл өтсе, оның үстіне әр кезде ел билеген үкімдарлар бұл халықтардың ынтымағын арттыруды көздемей, қайта алауыздығын өршітуге ұмтылып келсе,
кәсіпке, ортаға, өзге елдермен, тайпалармен араласуға байланысты мінез бен салт өзгеріп отырса, біртұтас мемлекет қарауында болмай, түрлі хан, әмірлердің қол астында тоз-тоз болып жүрсе - жақын жат болмауға шара да жоқ еді.
Сонау орта ғасырларда қазақ-өзбек немесе өзбек-қазақ атанып, бір халық есебінде жүрген замандар
жаңғырығы естен біржола шықпай, тарихтың кезең-кезеңдерінде қайта көрініс беріп отырған. Қазақ рулары ғасырлар бойында мейірімсіз жаулардан қысым көрсе, жұтқа ұшыраса, ағайынмен араздасса, өзбек - өз ағам деп Мавереннахр жеріне көшіп отырған. Сонау XVІ ғасырда қазақ даласынан келіп отырған қазіргі Өзбекстанды иеленіп отырған өзбектерден соң да ауық-ауық сахара халқы үлкен-кішілі топ болып, сол ескі ағайындар дүрмегіне қосылған, жаңа жерге, тың кәсіпке, өзгеше дәстүрлі елге қосылғаннан кейін, көп ұзамай жаңа сапаға ауысып, жаңа халықтық пішінге түскен, елу жылда ел жаңа дегендей, екі-үш буын қауым өзгерген соң, бұрынғы көшпелілер отырықшы, шаһари халықтың ауданына өтіп, салтын сіңірген. Сонымен қатар Өзбекстанда қазақ атын сақтап, атам заманнан бері өмір кешіп келе жатқан шоғыр-шоғыр ауылдар мен мекендер де көп. Қазір Өзбекстанда тұратын жалпы саны миллионнан артық қазақтың да дені осылар. Өзбекстан жерін ежелден мекендеген қазақ елі сол жердің абыройын арттырып, мәртебесін өсіруге өзбектермен қатар еңбек сіңірген, егін егіп, тер төккен, ел үшін күресіп қан төккен. Бұған арғы-бергі замандардан мысал көп.
Ташкентті айнала коныстанған қалың Қаңлы мен Шанышқылы егіншілік, бақшашылық кәсібін өзбектен кем меңгермеген. Олар отырықшы елдің үрдісін баяғыдан бері ұстанып келеді. Өзбекстанның өн бойында қазақтың негізгі рулары ойдым-ойдым кездесе береді. Мәселен, бір шеті Шымкент облысының теріскейін алып жатқан Қоңыраттың екінші шеті Өзбекстанның Сұрхандариясына дейін созылады. Ертедегі өзбек хаңдары мен әмірлердің сарбаздары ретінде қазақтар әскери шежіреге көп үлес қосқан. Ташкенттің бұрынғы көп билеушісі қазақтардан болатын. Ол түгіл Самарқан, Бұхара, Үргеніш әкімдері де ауық-ауық қазақ руластардан тарағаны белгілі. Өзбекстан қазақтары арасынан бұрын көп көрнекті өнер, мәдениет, білім қайраткерлері, қолбасылар щыққан. Ташкенттік әдебиетші, ғалым, өзбек энциклопедиясы редакциясының аға ғылыми қызметкері Жүсіп Әбдуәлиев бір шежіреде аты шулы Ақсақ Темір Қоңыраттың Байлар, Жандар, Көшік аталатын тармағының Кенегес руынан шыққан деген дерек айтты. Өзбекстан қазақтары өз арасынан небір дүлдүл шешен ақындарды да, қара қылды қақ жарған әділ даналарды да шығарған. Өкінішке қарай, олардың мұрасы әлі
күнге дейін жиылмаған, иеліксіз, елеусіз қала берген...
Ел басына дүрбелең шақтар туғанда қазақтар Отан үшін күрестің алдыңғы сабында жүрген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz