ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ

1

Қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайы, тағыдыры, өмір-тіршілігі, олардың тарихи отанына оралмандар болып келуі өте маңызды. 40-тан астам елдерде 4,5 млн. қазақ тұратындығы аян. 2002 жылғы кейбір есептер бойынша бес миллионның үстінде. Ең көбі, 1,5 миллиондай (кейбір бейресми пайымдамаларға қарағанда 2 миллионға да жетіп қалады) Қытайда тұрады. Басым көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған.

Өркениетті елдер қатарына толық құқықты мүше ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жасауы, балаларын оқытуға мүмкіндік жасауы, оралмандардың елге қайтып келуіне себепкер болуы әбден орынды әрі дүниежүзілік қауымдастық басшылыққа алып отырған халықаралық құқық қағидаттары мен нормалырына толық сәйкес келеді.

"Ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа" - деп айтқан еді Елбасы Н.Назарбаев Түркістанда 2002 жылғы 23 қарашада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ форумында. Бұл орайда Үкімет бекіткен 2001-2010 жылдарға арналған ҚР көші-қон саясатының салалық бағдарламасын айта кеткен де жөн. Онда қазақ диаспорасының елге көшіп келуіне, олардың бейімделуіне, және қазіргі тіршілігінде қолдау білдіру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Әрине жыл сайын белгіленетін квотаның оралмандардың басым көпшілігін қамтымауы бәрімізді алаңдатады. Бірақ, мемлекет тарапынан қазақ диаспорасы үшін жасалып жатқан игі істерді сол мемлекеттің дәулеттілігіне және сыртқы саясатына қарап бағалаған дұрыс.

1996 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы" қабылданды. Арада дәл бір жыл өткен кезде "Халықтың көші-қоны туралы" заң күшіне енді. Осы заң бойынша жыл сайын квоталар бөлінетін болды. Мысалы, 2004 жылға репатрианттардың 10 мың отбасына квота белгіленді. 2015 жылға дейін жыл сайын квота 15 мың отбасына өсіп отырады.

Миграцияға және оралмандардың азаматтығын белгілеу масқатында Ресеймен, Беларусьпен, Украинамен екі жақты және Қырғызстанмен, Ресеймен, Беларусьпен көп жақты келісімдер жасалды. Мұндай келісімдерді Өзбекстанмен және Түрікстанмен де жасалмақ.. ҚР Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан визалық мәселелер шешуді мұқият бақылап отыр. 2003 жылғы "Виза беру тәртібі туралы" нұсқаулығына сәйкес әрбір отандастың ешбір шақырусыз үш айға жарамды визаны жылына екі рет алуға және виза алу кезінде төлем төлемеуге мүмкіндігі бар.

2002 жылғы наурызда Министр Қасымжомарт Тоқаев Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымның бас директоры Бронсон Маккинлимен және ұйым өкілдігінің басшысы Майкл Чанцпен кездескен еді. Байқаушы болған Қазақстан сол жылы осы ұйымға толық мүше ретінде кіруге ынта білдірді. Бұл ұйым оралмандардың бейімделуіне қолдау білдіруді мақсат тұта отырып, тұрақты түрде қаржылық көмек көрсетеді.

Мәселен, 2001 жылы қазақстандық жобалар 750 мың доллардан жоғары көлемде қаржыландырылды. Шағын грант беру, арнайы семинарлар өткізу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру - осының барлығы да тәрізді ынтымақтастықтың жемісі.

2002 жылғы 24 қыркүйекте Қ.Тоқаев БҰҰ босқындар iстерi жөнiндегi Жоғарғы Комиссарының Басқармасы Өкiлдiгiнiң Басшысы Абдул Карим Гульды Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай қабылдаған болатын. Әңгiме барысында арадағы ынтымақтастық мәселелерiнiң кешенi, босқындарды қорғау, көшi-қон заңнамасын жетiлдiру тілге тиек етіліп, оралмандар мәселелерiн шешу перспективалары қаралды. Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасының аясында да

дипломаттардың істеген қадамдары аз емес. Мәселен, 2001 жылы Түрікменстанда орта мектеп бітірген қазақ жастары үшін Қазақстанның жоғарғы оку орыңдарының дайындық курстарына мемлекет есебінен бөлінетін орынның саны 25 болатын. 2001 жылы 25 орынға бағын сынаған 103 талапкер болса, 2002 жылы Қазақстандағы жоғарғы оку орындарының дайындық курстарында білім алуға 167 адам ниет білдірді. 20022003 оку жылындағы дайындық курстарында түрікмен казақ жастарын оқыту үшін 50 орын берілді. Қазақстанға барып сынаққа қатысуға тұрмыстық жағдайларының көтермейтіндігін айтып арызданған Түрікменстандағы қазақ диаспорасының өкілдеріне жергілікті жерде сынақтан өту мүкіндігі ұйымдастырылды.

40 елде тұратын қазақ диаспорасы мен Қазақстандағы қазақ халқының алдында тұрған күрделі бір мәселе әліпби бірлігі, өйткені әліпби біркелкі болмағандықтан бұл да қиындық туғызады. Ауызекі сөйлеуінде ешқандай айырмашылық болмаса да, жазу мәселесіндегі жағдай олай емес. 40 елде тұратын қазақтар бір бірінің жазуын түсінбейді. Қытай қазағы төте жазуды пайдаланса, Қазақстан, Моңғолия және Ресей қазақтары кириллицадан бас тарта алмай жүр. Өзбекстан мен Түркіменстан латын әрпіне көшіп те үлгерді. Ирандағы, Ауғанстандағы жазудың түрін айтпаса да болады. Осы орайда "Қазақпарат" агенттігінің мемлекеттік тілдегі хабарларды Интернет жүйесіне латын жазуымен шығаруды ү.ж. 14 сәуірден бастап қолға алғанын атап өткен жөн.

Германиядағы қазақ диаспорасы туралы

Негізінен Батыс Еуропадағы қазақ диаспорасы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ҚР шығыс аймағынан өзге елдерге саяси себептерге байланысты және ұжымдандыру, ашаршылық салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болғандардан құрылған. Тибет пен Индиядан кейін Пәкістанда 12 жылдай тұрып, олар 1953 жылы Түркияға барады. Түрік бауырларымыз оларға төлқұжат беріп, қаржылық көмек көрсетті. 50-ші жылдардың ортасында "гастербайтер" яғни шетелде жұмысқа жалға тұрушылар болып қазақтар Германияға алғаш рет барады. Балалары жергілікті мектепке барып, уақыт өткен сайын жергілікті азаматтық алғандар пайда болды (142 адам). Кеңес Үкіметі құлағаннан соң Қазақстаннан барғандар олардың қатарына қосылды.

Германиядағы қазақ диаспорасының мәдени орталықтары бірнеше қалада бар. Мюнхендегісі 1998 жылғы 20 қыркүйекте ашылған. Берлинде 100 қазақтай тұрады. 2003 жылғы 2 наурызда "Берлин қазақ қоғамы" атты ұйым құрылды. Ең ірісі Кельндегі "Қазақ мәдени орталығы".

Аталған ұйымдардың алдында тұрған мақсаттарға келетін болсақ, олар: Батыс Еуропадағы барлық қазақтың басын біріктіру, ұлттық мәдениет пен тілді дамыту, Қазақстанмен тығыз байланыста болу. 2002 жылғы 18-19 мамырда Кельнде ҚР тәуелсізідігінің 10 жылға толуына орай Еуропадағы қазақтардың құрылтайы өтті. Оған Қазақстаннан да ресми адамадар және әртістер барған болатын.

Жарияланған күні: 2004-04-27

ИКҰ
Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.
ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда.
Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзербайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.
Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.
Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.
Ислам Даму Банкі (ИДБ) және басқа да қаржылық, консалтингтік және әр түрлі салаларда жұмыс істейтін компаниялар мен фирмалар арасындағы қарым-қатынастар маңызды орында тұр.
Сондықтан, ИДБ - мен бұрын қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр. Қазіргі уақытта бірнеше жобалар ИДМ желісі бойынша аяқталған және аяқталуға жақын болып отыр. 2003-2006 жж. ИДБ бағдарламасы жасалып, оның ішіне халықтық-шаруашылық маңызы бар әр-түрлі жобалар кірді, олар:
- Сызғанов атындағы Институт-10 млн. АҚШ долл.
- Гулшат-Қарағанды тасжолы-10 млн. АҚШ долл.
- Осакаровка-Вишневка жол бөлігінің құрылысы-20 млн. АҚШ долл.
- Ірі және кіші бизнеске қолдау көрсету-15 млн. АҚШ долл.
ИКҰ-мен білім, мәдениет және ғылым салаларында Ислам даму ұйымымен ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіруге арналған, ислам әлемі елдерінің тарихын, мәдениетін, тілдерін оқыту және тәжірибе алмасуға арналған жобаларын жүзеге асыру мүмкінділігін туғызып отыр.
2005 ж. 9-11 қыркүйегінде Мекке (Сауд Арабия) қаласында өткен ИКҰ мүше мемлекеттер ғалымдары мен ойшылдарының конференциясына ҚР Парламент Сенатының халықаралық, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ж.Әбділдин қатысты. Жиналыстың басты мақсаты - ИКҰ төтенше саммиті бойынша ұсыныстарды қарастыру және құжаттарды дайындау. 2005 жылғы 7-8 желтоқсан аралығында Мекке қаласында Сауд Арабия королі Әбдалла бен Әбдел Әзіздің бастамашылығымен шақырылған ИКҰ-ның 3-ші Төтенше саммиті өтті.
Қазақстанның делегациясы Саммитке дайындалу уақытында ұзақ мерзімді іс-қимыл бағдарламасына осы ұйымға мүше елдерге экология, саяси, қаржы және экономикалық көмек көрсету ережесін қосуға ұсыныс жасады. Осы мәселелердің құжатта көрініс табуы ҚР Президентінің әлемдік және дәстүрлі діндердің диалогын өткізу және Қазақстанның экологиялық проблемалары бар өңірлеріне (Семей ядролық полигоны және Арал теңізінің алабы ) көмек көрсету бастамасы бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардың белсенді түрде атқарылуына мүмкіндік береді.
2006 жылғы 19-21 маусым кезеңінде Баку қаласында (Әзербайжан) өткен Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 33-ші сессиясының жұмысына ҚР сыртқы істер Министрінің орынбасары К. Абдрахманов бастап барған ҚР делегациясы қатысты. ИКҰ шеңберінде экологиялық дамыту қарым-қатынастары үлкен маңыздылыққа ие болып отыр. Арал және Семей полигонның мәселелері ауқымды мәселе болғандықтан, оларды шешу үшін барлық әлем қауымдастығының ортақ ынтасы қажет. Бұрыңғы Семей полигонында ядролық сынақ нәтижелерін жою мәселесінде ИҚҰ-ның потенциалдық мумкіндіктерін пайдалану қажет болып отыр, Арал теңізінің экологиялық мәселелерінің шешімі барлық Орта Азиялық республикалардың сонымен қатар әлем қауымдастығын қызығушылықтарын қанағаттандырады.
Конференцияның жұмысы барысында әр-түрлі өзекті мәселелерімен бірге Ирак, Ауғанстан, Сомали, Кипр секілді ислам әлемі елдерінің проблемалары қаралды. ИКҰ құрылымдарын өзгерту мәселесі де қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ИҚҰ құрылымының тиімді нығаюында қызығушылығы бар болғандықтан ұйымдағы дұрыс өзгерістерге, күн тәртібінің рационализациялануына, хатшылықтың құрылымдық реформасына негізделген ИҚҰ Бас Хатшысының саясатын қолдайды.
Аталған байланыстарда нығайту, көбейту және тереңдейту мақсатында Ислам Конференция Ұйымы парламенттік одағындағы жұмысында зор талаптану қарастырылады. Бұл Қазақстанның Ислам әлемінің мемлекеттерімен өзара тиімді қатынастарды дамытуға тырысып отырғанын көрсетеді. 2006 ж. 12-13 сәуірде Туркияда қазақстандык депутаттар 6-ші Парламенттік конференцияға қатысты.
Сонымен бірге, Қазақстан ИКҰ-ның әр түрлі пайдалы талаптарын қолданады. Осы орайда, 2006 ж. 28-30 тамыз аралығында Куала-Лумпур (Малайзия) қаласында өткенИслам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ықпалдастықты терендету бойынша 1-ші форумға ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полиция) төрағасының орынбасары Е.Кененбаев қатысты.
Ақпарат, туризм және басқа да салаларында Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастығы жалғастыруда. Баку қаласында 2006 ж. 11-12 қыркүйек аралығында өткен Ислам Конферециясы Ұйымына мүше елдерінің Туризм жөніндегі министрлерінің 5-ші конференциясында Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары К. Өскеңбаев қатысты. Ал, 2006 жылғы 13-14 қыркүйегі аралығында Джидда қаласында Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттердің 7-ші Ақпарат және мәдениет конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы Н. Нұрғазин қатысты.

ИРАК МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚР ҰСТАНЫМЫ

Қазақстан Ирактың егемендігі мен аумақтық тұтастығын, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуын, соғыстан кейін елді қалпына келтіру процесіндегі БҰҰ-ның басты рөлін қамтамасыз етуді қолдайды.

Қазақстан елдің саяси және экономикалық жандану жолындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Қазақ диаспорасы
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Түркиядағы қазақ диаспорасы
Пәндер