ШЕТЕЛ ТІЛІНЕ ОҚЫТУДА МОНОЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


ШЕТЕЛ ТІЛІНЕ ОҚЫТУДА МОНОЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Даниярова Г. Д. - оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Ауызша сөйлеудің екінші түрі - монолог. Монологты бір адам ғана сөйлейді, ол бір немесе бірнеше тыңдарманға айтылады. Ол: мұғалімнің әңгімесі, студенттің толық жауабы, баяндама т. с. Құрылым жағынан монолог өте күрделі және грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, ой ұшқырлығын, логикалық тұрғысынан жақсы құрылған және жүйелі әңгімені талап етеді.
Монолог диалог сөзге қарағанда кешірек дамиды, сондықтан алғашқы сатыда студенттерге монологтық сөзге үйретуде педагогтар көп жылдар бойы осы проблеманы шешуге ұмтылуда.
Ауызша сөйлеуде монологты оқытудың әдістемесін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың ішінде атап өтетініміз: тілдік жоғарғы оқу орнындағы төменгі курс студенттерінің ауызша сөйлеуді оқытудығ негізін салушылар: Н. И. Гез, А. А. Миролюбов, П. Б. Гурвич болған. Сонымен қатар В. В. Виноградов монолог-суреттеу, монолог-сендіру, монолог-әңгімелеу, монолог-пікір сияқты монологтың түрлі модельдерін топтастырды /3/.
Қазіргі кезде шетел тілін оқыту әдістемесінің жаңашыл жұмыстарында «үлгі» терминімен жиі кездесеміз. Бұл терминге қазіргі ғылым саласында нақты берілген анықтама жоқ, әр ғалым түрлі мағынада қолданады. Жоғарғы оқу орнының алғашқы сатысынан бастап, шетел тілін монологты сөйлеуге оқытудың әдістемелік үлгісін құрастыруда ғылыми-зерттеу жұмысының құралы ретінде жалпы ғылыми түсініктердің талаптарындағы үлгіге сай сипаттаймыз.
«Үлгі» жалпы мағынасында арнайы зерттеумен құрылған объектінің сапалылығын, тұрақтылығын көрсететін қосалқы бөлшектері болып табылады.
«Үлгі» - зерттеудің құрал-жабдықтары тәрізді деп те сипаттайды С. И. Архангельский /2/. Бұл нақты сараптама мен тұжырым, қорытынды жасауға қолайлы. Байланыстырушы белгіленген бөліктің қарапайым немесе көркем түрінде берілген фактілер, белгілер, яғни кез-келген үлгіде құрылған құрылымның шектелген көрінісі, сол объектінің атқаратын қызметін бейнелейді. Үлгі құру талабының тағы бір маңызды мәселесі, оның бір жақты болуы. Объектіні елестеткенде оның белгілі қасиеттеріне көңіл аудару қажет.
Монологты оқыту үлгісімен біз студенттердің танымдық, шығармашылық әрекетінің қалыптастыру жолын түсінеміз.
Үлгілендіру негізгі назарға алынып отырған зерттеу объектісінің үлгісін құруда іске асу жолының ерекшелігін бейнелейді. Және құрылған объектінің үлгіленуінің қызметін суреттеуде, түсінуде зерттеу нәтижесінде нағыз объектіге немесе үрдіске айналады. Осылайша үлгілендіру объект пен үрдісті түсінудегі тәсіл болып табылады. Зерттеу бөлігін суреттейтін, оның заңдылықтары мен принциптері, дәлелдер, тәжірибелер үлгілендіру кезінде ғылыми теориясын береді.
Ғылыми әдіс сияқты үлгілендіру бақылаудың өткізілуін қарастырады. Өте жақсы құрылған үлгінің өзі зерттеудің толық мәні мен маңызын, сипатын ашпайды. Үлгілендіру тек объектінің шектеулі жақтары мен ғана байланыстырады. Ол үлгілендіріп, зерттеудің белгіленген талаптары заңдылықтарына сүйенеді. Оларға: үлгінің көрнектілігі, айқындылығы, бейнелілігі және дәл бөлшектенген зерттеуші объектінің анықтылылығы, объектілігі зерттеу жұмысын жүргізудегі тәуелсіздігі жатады.
Кез-елген пәнді оқытудың жеке процесін жаңадан қарастыру үшін, бүгінгі құрылған негізіне сүйенбестен жаңа байланыс құру мүмкін емес. Ағылшын тілін оқыту процесінің үлгіленуі үнемі алдын ала шешілген мәселелер мен міндеттер арқылы құрылады. Ізденушінің алдын-ала қойылған міндеттерді түсінуге, нақты жағдайдағы жаңа тәсілдер анықталады. Ағылшын тілін оқытуда жинақталған тәжірибелердің жиынтығы, нақты мәліметтері, оның сараптамалары, тек ғылыми тұжырымдалған түсініктердің дәлелі ғана емес, шетел тілін оқыту процесінің стратегиясын дұрыс дамытуды құрудың көзі болып табылады. Және бұл шетел тілінде сөйлеуге үйрету әдістемесінің негізгі бір бағыттарының сараптамасы ретінде қарастырылып, қарапайым логикалық байланысып, бейнеленеді.
Теориялық тұжырымдарды ескере отырып, методологиялық жағдайда жаңа білім берудің талаптарына сай ағылшын тілі сабағында интерактивті тәсілді қолдана отырып, монологты сөз іскерлігін қалыптастыру өңделеді. Жеке тұлғаны дамыта оқытудың теориялары мен заңдылықтарына сәйкес ұйымдастырылуы, үлгіленуі студенттің жеке танымдық белсенділігі шығармашылық кезеңінде қалыптасады. Танымдық қабілеттері дамиды, студенттер мәселені бақылау, сараптау барысында нысананы белгілейді. Мәселені шешуде ұсынылған шешімін таңдайды. Оның шешілу жолдары алынған ақпаратқа сын көзбен қарау, өз пікірін сараптап құрай алу, ақпаратты өңдеу алғашқы кезеңінде жүзеге асырылады. Жеке тұлға алдында монлогтық сөзді дайындауда білім, өздік шығармашылық мақсаттарды дамыту қойылады.
Ю. Н. Колюткин психологиялық жұмыстарды қорытындылй келе, сөйлеу мәдениетіне байланысты мынадай талаптарға сүйенеді:
1) студент ойды еркін ойлауға, өз шешімін, нысананы ұсынуға, қатесін түзетуге, әріптесінің пікірін тыңдап, сыйлауға, басқаның ойын тыңдауға, оны түсінугі құқылы;
2) Сынға шыдамдылық, тек өзінің айтқанын дұрыс деп түсіну, басқаның айтқан сынын еркін де дұрыс қабылдау, сапалы шешім қабылдауға көмектеседі /1/.
Бұл психологтың айтқан талаптарын ескере отырып, жоғарғы оқу орнының алғашқы сатысындағы студенттерді шетел тілінде монолгты сөз түріне сөйлеуге үйретуде жоғарғы оқу орнының студенттерінің өздік қабілеттері мен іскерліктерін дамыту үшін кітаппен жұмыс жасаудың үлгісімен таныстырамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz