ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ

Адамның ең басты бақыты мен мен байлығы - ол денінің саулығы екендігін ата - бабаларымыз ертеден-ақ білді, сақтанды, қорғанды, емделу жолдарын іздестіріп тапты, байытты оны ұрпақтан-ұрпаққа мұралыққа қалдырды. Содықтан да халықтық шипагерлік өнері мәңгі халықпен бірге жасасып, өзінің істілі мен шипалық емдік тәсілдері арқылы осы заманғы ғылыми медицинананың бір бөлімінің қалануына толық материалдық негізі болды.

Осындай ірі идеялы қағидалардың шипалық емі зоры да діни - рухани шипагерлік екені ертеде дәлелденсе, ал бүгін де бұл нағыз ұтымды әрі қарапайым психорухани мәдени емдік жүйеге айналды. Мұхаммед / с. ғ. с / пайғамбарымыз өзінің «Өсиет Хадистерінде» денсаулық жөнінде былай өсиетнеме ұсынады: «Деніңіздің саулығы үшін әрдайым Аллаға жалбарыныңыз». «Сабырлық пен денсаулық - екі үлкен тарту, бірақ көп адам олардың қадырын білмейді». «Науқасты емдеу - Алла тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы - Алланың шапағатынан» және « О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла Тағала кәрліктен басқа кеселдің бәріне де шипа ем жаратқан»» - деген өсиетнамасын білу өте қажет боларын ескертеді [78, 49 б. ] .

Алладан адамның дұға жасау арқылы тілеу жасауы жеке басына, отбасына, ұжымына, еліне және тағы басқа мақсаттарға арналуынан оң нәтиженің болатынын тек ғана емшілер емес, ғалымдар да тәжірибе арқылы анықтауды әлемдік сипатта жалғастыруда. Қаншалықты асып тасыған пенде болса да, бір нәрсеге / денсаулыққа, нәрестеге т. б. / зару болуы мен дұшпаны табасынан құтылу жолын іздейді.

Оған емдік шипалық дұғаларын жоғарыда аттары аталынған авторлардың еңбектерінен табуға болады. Шипа-лық емдік дұаның күшінің артуы мен әсері оны оқып ұсынатын адамның діни танымының сауаттылық дәрежесіне, оқу мақамына, қайталау мәніне және ары мен жаны тазалығына тікелей байланысты болады. Рухани емнен кейін сырқат адамдардың биоөрістік қуатында оң өзгерістік болып тез артуына және жеке өмірде де әсері күшті болатынын АҚШ, Еуропа т. б. елдерде ғалымдар өз тұжырымдамаларын баспа беттерінде хабарлап келеді.

Дінтанушы Оңғар Өмірбек дұғаның емдік қасиеті жөнінде былай дейді: «Жекелеген дұға мен оның қадір - қасиеті хақында бәрі де құраннан алынған аяттар. Алланың сөзі жазылған қасиетті емдік дұғалардағы тылсым күш - қуаттар біз үшін сырлы жұмбақ болып қала бермек. Бар сыры бір Аллаға ғана аян. Ал пенделер үшін жұмбақты ашар кілт қайда, оны қалай иемдену керек ? Бұл енді сан қырлы күрделі дүние. Ол ешкімнің де қолынан терең білімсіз оңайлықпен түспек емес. Жұмбақ әлем сонысымен де қызық әрі ғажап» - деп тұжырымдайды [79, 18 - 20 бб. ] .

Адам өзінің ойлау қабілетін бақылай алатындықтан да жеке сенімі арқылы емдіктің шипалық нәтижесін сезіп, бір шешімге келу қабілетіне ие бола алады. Рухани шипагерлікте дұғалық қолданыстық тәсілі ем алушы сырқат адамның биоқуатын өзгертіп, оның мөлшерін арттырып, жағдайының жақсара бастауына күшті қуат беруші рөлін атқаратынын аңғартуда. Бұл құпиялықтың терең сыры ғылымда әлі толық шешімін тапқан емес.

Себебі, шыбын жанды беретін де әрі алатын да - Алла. Алланың сөзімен жазылған Құран аяттарының дұғаларының емдік шипасы да бір Аллаға ғана тән тылсым құпиясы болмақ. Өйткені дұға ғана пендені Жаратушымен байланстыра алады. Жаратушы тілек тілеушінің ниетін қабыл етіп, ізгі арманына жеткізе алады. Бұны сол Жаратушыға жалбарынушының белгілі уақыттан кейін жағдайының оңала бастағанынан аңғаруға болады. Бұл жөнінде Имам Әл - Ғазали: « Біреу, «Аллаһ тағаланың белгілеген тағдыры өзгермейтін болса, дұға етдің не пайдасы бар ?», - делінсе, адамның басына туатын бәлені дұғамен қайтару тағдырда белгіленгенін білген жөн. Қалқан қаруды қайтарғанға, су өсімдіктің шығуына себеп болғанындай, дұға да бәлені қайтарғанға және рахметтің нәсіп болуына себеп бола алады . . . Аллаһ тағала «Ниса» сүресінің 102 - аятында: «Олар сақтық шараларын қамтамасыз етіп, қарулансын», - деген. Осыған сай Ол бір істің болуы мен оның себептерін белгілейді», - деген [80, 7 б. ] . Әр бір науқас немесе жәй адамда Алла тағаланың шексіз құдіретінің кереметін мойындап жақындаған сайын, оған зор сенімде болған сайын, адалдық пен арамдықтың арасын ажыратып шын мәнінде жүрегінің сезімінің адалдығымен берілгенде ғана, бақыттың шыңына жете алады. Бұл діни рухани шипагерліктің жеке жетістіктерінің нәтижесінің көрсеткіші болмақ. Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да рухани шипагерлік жөнінде де таза ойларын ұсына білгені аңғарылады.

Ол арманы да орындалары анық. Ғалым шипагердің тағдырдың талкегіне түсіп, қартайғанында: «Іске аспады арманым, қарам қалды. Шың басына шыққанда арандалды . . . » - деген [1, 34 б. ] арманын орындап, баба рухын екінші рет тірілтіп ұлтының ұрпақтарымен қауышуын ғалымдар қамтамасыз ете білді. Жоғарыдағы ғалымдар еңбектенбеген де, Жетісулық Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баяны да» жұмбақ болып қалар еді. Ғұламаның этникалық ұлттық мағынадағы ғылымнамасы «Шипагерлік баяны» терең философиялық - этникалық ой талғамынан туындаған, нағыз халықтық дәстүрлі шипагерлік мәдениетінің оқулық құралы ғана емес, рухани, тарихи - тәрбиелік бағдарламаға бай туынды деуге толық негіз барын білдіреді.

Адамның тәнінің рухани тазалығы оның денсаулығының айнасының көрсеткіші екені туралы, ғалым М. Жармұ-хамедұлы да Қожа Ахмет Иасауи жөніндегі зерттеуінде арнайы тоқталады [81, 15 б. ] . Адамгершіліктің биік көрсеткіші мен мұсылманның таза парызы жөнінде, шипагер баба өзінің жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспау, он екіден айырылмау, жеті әулие, қырық бір ырыс, халал мен харамды ажыратуда 91 ді жеуден тиым және 85 ді ішуден тиым және жеті атаға толмай үйленбеу сияқты тәрбиелік, ұлтжандылық, адамгершілік, ақ жүру, адал сөйлеу, абайлау, отан сүйгіштікке баулитын ескертпелері ұрпақтың денінің сау болуы туралы айтылғанымен, олардың да рухани шипалы тазалыққа тигізер пайдасының молдығын аңғартады.

Осындай терең философиялық ой толғауларының бүгінгі және болашақ ұрпаққа таза рухани азық боларын оң қабылдаған жөн деп, тұжырым жасауға болады. Рухани шипагерліктің саласы мен түрі әр түрлілігіне қарамастан, оның адам денсаулығын қорғауға, сырқатын емдеп жазуға пайдасы зор екендігін және соның ішінде сөз терапиясының өте маңыздылығын білдіреді. Рухани шипагерлік енді ғана қанатын жайа бастады, өрісі кеңеюде, алда берері де мол болары анық.

Ә. Медитациялық шипагерлік. Жер, адам, ғарыш бір-бірімен тұрақты байланыста болғандықтан да, тіршіліктің жалғасуы да осы үш тұлғаның өзара тәуелділік байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бұнда барлық жүйелік қызметі ой мен сананың басқаруында болады да, сезім арқылы реттеліп отырылады. Мұндай үш жақтылы байланыс пен реттеу тәсілін ғылыми түрде медитациялық жүйеге жатқызады. Осы заманғы салауатты өмір сүруде дәрісіз емдік шипаның жаңа түрі - медитациялық емдік тәсілі де, әлемнің көптеген елдерінде де дами бастады. Оның ерекшелігі бұл көне шығыстық психотехникалық әрі шаршағандықтың әсерін жоюдың әдіс-тәсілі болғандықтан, ауру адам бір уақыт дене ағзаларын ішкі және сыртқы күштерден босатып, өзін-өзі иландырып жеке сырқатын емдеуді жүзеге асыра бастады.

Медитациялық емнің негізін Индиялық ғалым Махариши Махеш Йоги 1958 жылы «Адамзаттың рухани өрлеуі үшін» ұранымен, алғаш Америкаға одан кейін басқа елдерге таратып, оның әр түрлі ауруларды емдеуге бола-тынын анықтап, емдік жүйеге ұсынды. Сонымен, медитациялық емдік әдісі «екінші дем алу» - деп психотерапиялық емдеу әдісіне жатқызылды. Бүгінде медитациялық әдіс әлем елінің көбінде пайдалана бастады. Қазақ елінде де кең өріс алуда. Оның денсаулыққа зияны жоқ. Кез - келген жерде орындауға болатын қарапайым емдік тәсілге айналды. Ең пайдалысы мидың қызметі жақсарып, жүйкенің қалыпты жұмысы басталатынын ғылыми зерттеулер бойынша анықтала бастауы, бұл емдеу әдісінің болашағының ұзақ екенін баяндайды. Адамның бойында пайда болатын әр түрлі ауруларды емдеудің дәстүрлі халық шипагерлігі саласында әдіс - тәсілдері де көбеюде. Сырқат адамды психологиялық әсермен иландыру, көндіру арқылы ауруың өзін - өзі емдеу тәсілін пайдалануды ұсыну да, медитациялық емдік тәсілдің пайдалылығы арта түсуде. Адамдар сырқатына дауа болатын емдік тәсілдерді іздей бастады. Әрбір адам өзіне лайықты әрі пайдалы шипалық тәсілді меңгеруге талпынуда. Медита-циялық ем - бұл көне шығыстық психотехника немесе шаршағандықтың алдын алудың әдіс - тәсілі.

Бүгінде Әлем елдері мен Қазақстанға кең тарай бастаған қарапайым бұл емдік тәсілді «трансценденталдық медитация» әдісі деп аталады. Бұның ерекшелігі ауру адам өзін - өзі емдейді. Ғалым О. А. Красавин былай анықтамасын ұсынады:«Адамның денесі - бүтін бір микрокосмос. Ол макрокосмостың немесе Жаратушының қуатымен толты-рылып қуаттандырылған . . . » - дейді [82, 33 б. ] . Бұл адамның өз қуатын өзі де реттей алатындығын білдіреді.

Медитациямен шұғылданған адам дәріге құмартпайды. Бұл тәсілмен шаршағанды басу мен кейбір аурулардан айырылу үшін, адам өзін оңаша бөлмеде отырып көзін жұмып, денесін босатып, ешнәрсеге көңіл бөлмей тыныш-тықпен еркін демалып өзінің денеден кір қуаттары денеден кетіп, жаңадан қуат жинаудамын дегендей сезімде өзін сезінсе, шынында да дененің жеңілдеп, көңіл - күйі жақсарып сырқатынан жазыла бастағанын аңғара бастайды. Күніне он бес - жиырма минуттай ертелі кеш қайталап, біраз күн шұғылданса нәтижесін көрері анық.

Белгілі дәстүрлі халық емдерінің авторы Г. П. Малахов: «Медитация - ол адамның табиғи қабілетінің ашылуы, сол арқылы кеміген «Өмірлік қуатты» қалпына келтіре алады», - дейді [ 83, 553 б. ] . Бұл тәсіл әр адамның жеке шұғылданатын ісі болғандықтан, ұдайы шұғыланудың да пайдасы зор екенін сырқат жандар дәлелдей бастады. Медитация кезінде іштен жақсы сөздерді немесе Құран дұғаларынан білетінін ұдайы іштей қайталап отыру, өзін - өзі иландыру арқылы дене қуатының тазаруына, толуына жақсы әсері болатынына бұл әдісті басты принцип етіп қояды. Медитацияның теориясы - мен дем алып отырмын. Менің денемнен ылас қуаттар сыртқа төгілуде. Мен бақытты адаммын. Менің қан қысымым төмендеді немесе жоғарылады т. с. с. психологиялық әсерлі сөздерді қайталау да, адамның жүйке жүйесі қалпына келіп, қабілеті артып, денсаулығы жақсарғаны, тіпті қатерлі ісік ауруларына да ұшырағандардың жақсы нәтижеге жеткені анықталуда.

Ресейлік биоэнерготерапевт Ю. Хван: «дұрыс демалу денсаулықтың сатылы жақсаруына ықпал етеді», - дейді [84, 25 б. ] . Бұл өте ұтымды, тәжірибе мен ой талғамынан өткен тұжырым.

Медитацияны көп уақыт діни ұғымдармен байланысты, ол Құдаймен байланысқа шығарушы әрі жоғары Тәңірден рахым алу жолы деген ұғымда болды. Бір-ақ, бұл адамның ғарыштық жүйемен байланыстамын деген ойы арқылы тыныштық сезімде жүзеге асатын құпиялы тынығу тәсілі. Ғалым А. Разумов: «Медитация- ол бір жағдайдан екінші жағдайға өтудің жүйлік өзгерісі», - деп анықтама береді [85, 11 б. ] . Сонымен, медитация әдісі «екінші дем алу» - деп психотерапиялық емдеу әдісіне қабылданды. Барлық нәрсе адамның ішкі дүниесіне байланысты. Адамның ішкі құпиялық жүйелері ашылып оның ішкі әлемі дамыған сайын оның танымы мен ойлау санасы артады.

Ресейлік ғалым К. С. Азими: «Медитация - ол ойдың қызметі. Ішкі жан дүниең мен Жаратушға берілу. Рух денені тастап шыққанда барлық сезім, ой, идея және сана оған бағынады . . . »-деген [86, 66 б. ] анытама береді. Бұдан медитациялық емдік тәсіл санадан тыс ой арқылы жүзеге асатын рухтың жоғарғы Жаратушымен телепатиялық жұмбақ байланысы арқылы орындалатын, жүрек сенімінің және жүйке жүйесінің сезімдік жетістігі екенін аңғартады. Медитация тәсіліне арабтың дін зерттеушілері Шах Валиулла, шах Гус Али, Суфизм ілімі негізін қалаушылардың өкілі Ибн - э - Мубарак, Имам Газали [44] т. б. ғұламалар оң бағаларын берген. Медитациялық әсер төрт сатыдан тұрады: 1. Бұлшық еттерді босату. Жүйке бұлшық еттің өзгерісін реттеу. 2. Қандайда бір затқа ыңғайлану обьекті, дауысқа, дыбысқа, картинаға, шырақ, жарық, мантра, жеке тыныс алуға т. с. - көңіл бөліп елестету. Бұл уақытта ойда басқа хабарлар болмауы керек. 3. Пайда болатын ой - ол медитациялық құбылыстың бөлігі. Бұнда жамандыққа ойламай, бәрі жақсы болады деу негізгі шарты. 4. Жеке медитациялық жағдай - оның медитацияны орындаудағы тәжірибесіне байланысты болмақ. Медитация арқылы адам бір уақыт дене ағзаларын ішкі және сыртқы байланыс күштерден босатып, тыныштандыруы арқылы жүзеге асады.

Медитация әдісі денсаулыққа зияны жоқ құпия тәсіл. Әрі қарапайым, табиғи күшті көп қажет етпейтін ой арқылы жүзеге асырылатын емдік тәсіл. Медитациялық емдік тәсіл орын талғамайды, кез-келген жерде қабылдай беруге болады. Зерттеулер бойынша медитациялық әдісті пайдалану кезінде мидің оң жағының қызметі артатыны әрі жүйкенің бейнелік тұлғаға айналатыны анықталған. Осыдан кейін сырқат адам жағдайы жақсарып таза ойға ие болып жалғандығынан арыла бастайды. Ішкі толқудан, неше түрлі ғаламатты өзгерісті сезе бастайды. Имам Газали өзінің «Кимаии Саадат» еңбегінде медитация жөнінде былай анықтама берген дейді К. С. Азими: «Егер адам шын ішкі сенімімен Құдайға бас исе, ол жасаңғырайды, өзін рухани азғандықтан құтқарады. Ондай адамның Құдайға жүрек сезімі оянады, қөзі ашылады. Ол Құдайдың көмегімен көкте де, жерде де періштелерді көретін болады. . »- деп [86, 67 б. ] ойын тұжырымдайды. Бұл ұлы дін ғұламалары да тыныштықта сенім арқылы орындалатын медитациялық рухани емдік әдістің маңызын тәжірибелерінен өткізгені, оның адам денсаулығын жақсартудағы пайдалылығына әділ филосо-фикалық тұжырымдары болғанын аңғартады.

Мәселен, медитация әдісімен шұғылданып жүрген АҚШ - тың екі мың тұрғынын бес жыл бойы бақылағанда, басқаларға қарағанда олардың емханаға 56 пайызы аз түсетіні анықталып, оның ішінде қатерлі ісік / рак / 55 пайыз, ал жүйке аурулары 87 пайыз емханға аз түскен. Психо-логиялық тәсілмен өзін - өзі иландыру арқылы медитациямен бес жыл ұдайы шұғылданғандардың өңі әрленіп, өзінен он екі жас кіші адамдай түрге еніп жасаратыны байқалған. Медитациялық тәсілдің әсері адамның ұлтына, жасына, жынысына, біліміне және дініне ешқандай қатысы жоқ болғандықтан, оның нәтижесі әр адамның әрекетіне тікелей байланысты емдік шипасы болады.

Медитация техникасының басты ерекшелігі - әсіресе, жүрек қан тамырлары ауруларының, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту органдарының, созылмалы бас ауруларының, ұйқы қашудың, буынға тұз байланудың тағы басқа да ауруларға емдік пайдасы бары дәлелденуде. Медитация кезінде адам санасы, яғни миы өте терең тынығу жағдайында болады. Осының нәтижесінде денедегі барлық сезу мүшелері рахат-танып тынышталады. Ой мен сананы тазалайды. Адамның денесінде жаңа күш қуат пайда болады. Сергектік сезіліп, жұмысқа ынта артып оның жетістігі молаяды.

Медитациямен тұрақты шұғылдану тән мен жан тазалығын арттырады. Медитацияның жасару жолына ықпалы туралы Академик Р. Оразалиев: «Адам өзі үш болмыстан тұрады. Олар: рухани, нәзік материалдық және тән. Адамның нәзік тәнінің болмысы өте күрделі болғандықтан, ол әлі толық зерттелмеген. Ал, адамның рухани болмысына да осы уақыттағы деңгейде ғана болжам бар . . . », - деген философиялық болжамы тән мен жан тазалығы үйлестігін жасартуға ықпалы барын аңғартады [87, 9 б. ] .

Мұсылмандардың бес уақыт намазы кезіндегі тыныштықты сақтап, ешнәрсеге көңіл бөлмей міндетін орындап, Жаратушыға мінәжат етуі мен таспих тартудағы ізгілік әрекеттері, медитациялық әдістің жоғары сатысына жатады. Тек бір Аллаға сену ғана мұсылман адамның дұғалық тілегінің орындалуына пайдасы зор екені туралы қасиетті Құран сүрелері мен пайғамбарымыз Мұхаммед / с. ғ. с. / хадистерінде арнайы айтылған.

Бұнда адамның ойы тек қана бір Аллаға сиыну мен тілеуден басқаға бөлінбейді, ізгі тілектің орындалуының да құпиясы осында жатқандай. Өз тәжірибемізге сүйенсек, өз ұсынысым бойынша намазға ұйығандардың ішінен көп жылғы сырқатынан жазылғандары да көп болды. Медита-цияның маңызы ол жалғандықты, қайғы мен қасіретті, жылпоздықты, бос сезімдікті жоюға әсер етіп, адамның санасында таза ой өрісі пайда болып оның жаңаруына және Аллаға сенімін арттырады. Адам өз денесіндегі жақсы өзгерістерді медитация кезінде сезіне келе, нағыз шындық медитациясы барына психологиялық жақтан түсіністікпен қарайды. Әлемдік өзгерістерге жоғары рухани танымдық көзқараспен баға беретіндей саналы тұлғасын қалыптас-тырады.

Салауатты өмір сүрудің дәрісіз тәсілін ұсынушы ресейлік ғалым М. Норбеков адамның тәні мен рухын тазалауда медитациялық емдеу тәсілінің маңыздылығын жоғары бағалайды [88, 34 б. ] . Егер сана медитация әсерінен өзінің өсу дәрежесін қалыптастырса, онда саналық шексіздік пайда болумен қуанышты сезіну түйсігі, гормониялық көтерілу және таза сезімдік жүйе орнап, өзіне - өзі нақ сеніммен қарайтын қайсарлықтың белгісі: «Мен - өзім» деген мәнді ұғымға тоқтам жасау дәрежесіне жетеді.

Осындай дәрежеге жеткен адамның әлемдік көзқарасы да өзгеріп, өз мәселесін еркін шеше алады. Өмірге деген таза ерекше ұғымы мен танымы артады. Ауырмашылық азайып, денсаулығы түзеле бастағаны сезіледі. Ішкі дүниесінде тыныштық орнап, адами мінез - құлқы жақсаруға ұмтылады. Адамның өнерге деген қосымша қасиеті ашылады. Осындай медитациялық емнен кейінгі ірі өзгерістерден соң сырқат адамдар өздерін ұсақ - түйек нәрселерден, ренжуден, өтірік айтудан, арам ойдан, қайғырудан аулақ ұстау жағдайына жетеді. Медитацияның маңызын бағалап оны ұдайы қайталау жүйесіне көшеді. Бұл емдік тісіл адамды өте жоғары саналық сатыға жеткізеді.

Адамның денінің саулығы мен көңіл күйінің бір қалыптылығы жөнінде медик ғалым Ш. Шынтаев: «Адамның денсаулығына әсер ететін факторлардың ең бастысы - қоршаған ортасы, отбасы, дос-жарандары, еңбек ететін ұжымы арқылы айқындалады. Рухани таза болу өте маңызды», - деген тұжырымын ұсынады [89, 8 б. ] .

Адамның энергетикалық потенциялы артып, ізгіліктің ақ жолына түсуге, жақсы өмір жолын таңдауға ұмтылады. Ислам діні бойынша медитациялық емдеу тәсілін сопылыққа жатқызуға болады. Орта Азия мен Қазақстанда сопылық дамығаны белгілі. Қожа Ахмет Исауи сопылықтың негізін қалаушы әрі дамытушысы болды. Сопылықта медитациялық йога іліміне ұқсас, ішкі сезім тыныштығы арқылы ғарыштық жүйемен байланысқа шығып, адамның санасын дамытумен ішкі дүниесінің құпиясын ашу болып табылады. Философия ғылымдарының докторы Б. Абирова: «Суфизмнің мақсаты, адамды өте лас және кір ойларынан тазалау, рухани тазарту, Жаратушыға жақындату мен рахат алу», - деп қорытынды жасайды [90, 11 б. ] . Осындай ұқсастық идеяларды ғалымдар М. Валиддин [91, 214 б. ] мен Е. Қартабаевта [92, 85-86 бб. ] білдіреді. Рухани ішкі дүниенің құпиясын ашу жаңа өмір жолына қадам басып, ізгі ниетті таза ой талғамына жеткендік белгісі.

Барлық нәрсе адамның ішкі дүниесіне, танымдық талғамына байланысты. Философия ғылымдарының докторы, профессор Т. Ғабитов: «Жалпы рухани жетістік пен ішкі еркіндікке ие болу, сыртқы әлем мен рух арасындағы үйлестікке жету идеялары өзге де әрекеттерге тән. Бұл бағытта батыл қадамды Йога философиясы жасайды», - деп, медитациялық емінің йогалық түрінің ішкі әсерлік сезіміне тоқталады [93, 14 б. ] . Адамның ішкі дүниесінің жақсылық жақтарының құпиялары әлемі ашылған сайын, оның танымы мен ойлау санасы артады. Жаратушының рухы ең жоғарғы билеуші - РУХ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ
Ұзақ өмір сүрудің негіздері
Халықтық педагогика - тәрбие бастауы
Халықтық педагогика және оқу - тәрбие жұмыстары
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
Қазақ этнопедагогиқасының мақсаты, мазмұны, түрі, оқыту мен тәрбиелеу әдістері
Ежелгі Қаңлылар мемлекеті
Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының адам анатомиясын тәржімалауы
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz