ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯСИ--ӘЛЕУМЕТТІК, КӨЗҚАРАСЫ ТУРАЛЫ
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯСИ--ӘЛЕУМЕТТІК, КӨЗҚАРАСЫ
Ш. Уәлихановтың көзқарасы, зерттеушілер кезінде орынды атап көрсеткендей, тарихи тұрғыда аса бір күрделі кезеңде қалыптасты. Осы кезең туралы Шоқан: Қазір ескі мен жаңаның арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте қатал күрес жүріп жатыр, - деп жазды. ХІХ
ғасырдың орта тұсы Ресейде халықтың сана-сезімі оянып, үстемдік құрып тұрған басыбайлық жүйені жоюға бағытталған күрес өріс алған кез болатын. Декабристердің А. Н. Радищевтің, П. Я. Чаадаевтың ықпалымен қалыптасқан зиялылар, ойшылдар тобы - В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Петрашевский, Ф. М. Достоевский және
басқалары - Ресейдегі қоғамдық өмірді радикалды өзгерту, экономикалық өрлеуге, мәдениетке, білімге жол ашу керектігін түсініп, белсенді әрекеттер жасауға кірісті. Әрине, бұл демократиялық үрдіс патша өкіметі тарапынан қарсылыққа тап болып, қуғынға ұшырады. Осы оқиғалардың жаңғырығы қазақ жеріне де жетіп жатты. Көршілес Омбыда, Орынборда, қазақ жеріндегі Семейде радикалды, демократиялық көзқарасы үшін жер ауып келген ойшылдар, оқымыстылар пайда болды.
Олардың ықпалы Ы. Алтынсаринге, Ш. Уәлихановқа, А. Құнанбаевқа әртүрлі дәрежеде әсер етпей қоймады.
Шоқанның ауылында орыс сөзі, орыс тілі таңсық емес болатын. Шоқанның әжесі - аса сауатты, ақылды, орыс және шығыс халықтарының тілін білетін ханша Айғанымның, Шоқанның әкесі - полковник, Омбыдағы әскери училищені бітірген, Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыстың үйінде орыстар - ғалымдар, инженерлер, Омбыдан келетін әскери адамдар- жиі болатын. 12 жасынан Омбы кадет корпусында - гуманитарлық, жаратылыстану және әскери салада жан-жақты білім беретін ең жақсы оқу орындарының бірінде - оқыған Шоқан орыс тілін, шығыс халықтарының тілін ғана емес, француз, неміс тілдерін де жетік білетін аса білімдар адам болды. Дарындылығымен, біліктілігімен, тапқырлығымен шәкірт Шоқан курстастарын да, ұстаздарын да таң қалдырды. Ресейде ғана емес, қазақ жерінде де халық бұқарасының тұрмыс жағдайы ол кезде аса ауыр халде болды.
Шоқанның жарияланған еңбектері мен мұрағат материалдарынан біз оның әлеуметтік көзқарасы орыс демократтарының көзқарасына жақын екендігін аңғарамыз. Бірақ Шоқан елдегі саяси ахуалды, орыс революциялық демократтары уағыздағандай, радикалды революциялық жолмен өзгерту қажет деп ойлаған жоқ. Оның үміт артқаны - оқу-ағарту, білім тарату, орыстың озық мәдениетін үйрену жолдары болды. Осы мақсатта билік тарапына қазақ даласында орыс мектептерін ашуды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді ұсынды. Мынаны да айта кеткен жөн болар: орыс ғалымы, тарихшысы А. Н. Пыпин Шоқан туралы ол алпысыншы жылдардағы қозғалысқа қызығушылық танытып еді дейді. Ал бұл қозғалыс Ресейдегі крепостнойлық тәртіпті жоюға бағытталғаны белгілі.
Әрине, Шоқан Уәлихановтың шығармаларында мүдделері қарама-қарсы топтар - байлар мен кедейлер бар екені, патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының екі тапқа: бір жағынан, сұлтан мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мәртебелі тобына, екінші жағынан, Шоқанның дала пролетариаты деп өзі айтқандай, кедейлер, жарлылар тобына бөлінетіні туралы ашық жазады. Сұлтандар мен билердің пікірлері, - деп жазады Шоқан, - қадір тұтуға тіпті де лайық емес, өйткені түгел бір ұлттың мүдделері, шын әділдігіне келгенде, жеке сословиялық топтың көретін пайдасынан анағұрлым жоғары тұруы керек.
Сонымен бірге Ш. Уәлиханов қазақ жеріне өкімдік пен заңсыздық әкелген патшалық отаршылдық саясатты қатал сынайды. Орыс достарына жазған хаттарында ол патша шенеуніктері қазақ халқының аңғалдығын, қараңғылығын пайдаланып, ашықтан-ашық тонап жатыр, - деп тура жазады.
Сот реформасы жайында хат деген еңбегінде Ш.Уәлиханов қоғамдағы үстем топтардың ниеті халықтың шын мұң-мұқтажына қайшы келетінін көрсетеді: Қоғамның ... мәртебелі тобының пікірін халықтың жоғын жоқтаушы деп қарауға болмайды, өйткені ақсүйектер мен ауқатты адамдардың, ... жоғары мәртебелі қауым адамдарының мүддесі көбінесе қауымның, көпшіліктің мүддесіне кереғар, қарама-қайшы келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда, Ресейде еуразиялық идея, еуразиялық ілім етек жайып келеді. Біз осы идеяны алға тартып қана қоймай, оны іске асыруда жетекшілік рөл атқарып отырған біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін зор қанағаттанғандыкпен айтып келеміз. Ал осы еуразиялық идеяны алғаш ұсынған қазақтың біртуар перзенті, ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов екенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Шоқан ХІХ ғасырдың ортасында ортақ тарихи тағдыры бар көршілес халықтарды біріктіретін еуразиялық қоғамдастық құру жөнінде ойланып толғанады. Қазіргі ШОС (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) Ресейді, Қазақстанды, Қытайды, Қырғызстанды, Өзбекстанды және Тәжікстанды біріктіріп тұрған сондай еуразиялық қоғамдастық болып табылады. Биыл Астанада осы ұйымның онжылдық мерейтойы атап өтіледі. Көреген емес пе жап-жас Шоқан?!
Ресейдің Еуропаға да, Азияға да тікелей қатысы бар. Тап сондай жағдай Қазақстанға да тән. Бір кезде Шоқан аға сұлтандыққа сайланып, өзінің орыстармен орыс әкімшілігімен жақсы қарым-қатынасын пайдаланып, Қазақстандағы үш жүзді біріктіріп, біртұтас мемлекет құруды армандады.
Бірақ патша үкіметі және жергілікті феодалдар оның бұл ойын жүзеге асыруға қарсы болды. Сол кездің өзінде-ақ Шоқан еш те бір ұлттың, еш те бір мәдениеттің, тілдің құрып кетпеуін, алпауыт елдердің, империялардың (Қытай, Ресей) қол астындағы кішігірім ұлттарды, халықтарды жұтып қоймауы, керісінше, бұлардың дамып жетілуін қамтамасыз етуі керек деген батыл, бірақ жүзеге асуы қиын ойда болды. Бұл ой бүгінгі жаhандану дәуірінде жаңа мазмұнға, өзектілікке ие болып отыр.
Шоқанның пікірінше, әр халықтың, этностың, әр мәдениеттің, тілдің тарихта өз орны бар. Дамып жетілген отырықшы елдердің ғана емес, көшпенді халықтардың да өз мәдениеті, өркениеті,
мемлекеттілігі болған және бар. Шоқаннан бұрын айтқан ешкім болған жоқ. Асан Қайғыны ол көшпенділердің философы деп тектен тек айта салмаған. Өйткені Асан Қайғының Жер ұйығы көптеген халықтардың көкейкесті
арманына айналған, Августиннің Құдай қаласындай, Т. Кампанелланың Күн қаласындай, Т. Мордың Утопиясындай, немесе Әл-Фарабидің қайырымды қаласындай қиялдағы мекен. Біз қазір, академик Ғарифолла Есім айтып жазып жүргендей, Қазақстанды әртүрлі ұлттар мен этностардың Жерұйығына айналдыруды мақсат етіп, нақты қадамдар жасап жатырмыз.
Көшпенділер басқа өркениеттер үшін ара буын, дәнекер болып табылады. Қазір Қазақстан Шығыс пен Батысты жалғастыратын, олардың арасындағы экономикалық, мәдени, адами қатынастарды үйлестіретін аралық буынға айналды.
Орыс мәдениетінің, орыс тілінің, әдебиетінің, ғылымының Орта Азия халықтарына игілікті ықпалын Шоқан жиі-жиі атап көрсетеді. Академик Ә.Марғұлан жазғандай, Шоқан Ресей мен Қазақстанның өзара жақындасуы тарихи қажеттіліктен туып отырғанын ол терең де дұрыс түсіне білді және сол процесті өз халқын ортағасырлық мешеулік пен жоқшылықтан мүмкіндігінше тезірек құтқаруға пайдаланбақ болды. Бұл оның жетістігі еді.
Сонымен бірге Шоқан орыс халқын, орыстың оқыған адамдарын, зиялыларын көшпенділер мәдениетімен, әдебиетімен, дәстүрімен таныстыруды да алдына мақсат етіп қойды. Сол үшін ол қазақ, қырғыз, дұнған, ұйғыр әдебиетінің үлгілерімен ( Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Манас т.б.) орыстарды таныстырмақ болып, олардан үзінділер аударып бастырады.
Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен жақынырақ танысып, оның тарихы мен этнографиясын, фольклорын, ауыз әдебиетін терең зерттейді. Сөйтіп ол қырғыз халқы туралы өте бай тарихи-этнографиялық мәліметтер жинайды. Шоқан қырғыз халқының Манас атты атақты поэмасына алғаш рет көңіл бөліп, бірінші рет оны ғылыми жолмен жазып алып, оның Көкетай ханның өлімі және оның асы деген бір қызық үзіндісін орыс тіліне аударады. Қырғыздар туралы жазбалар деген көлемді шығармасында Шоқан Манас жыры туралы былай деп жазады: Алатау қырғыздарының поэзиялық ең басты және ... данышпандық халық шығармасы Манас туралы дастан екені күмәнсіз. Манас бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz