Византия тарихының кезеңдері



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

1.1 Этимиологиясы
1.2. Византия құрамы
1.3. Халқы
1.4. Византия тарихының кезеңдері
1.5. Рим империясының екіге бөлінуі
1.6. Өкімет билігі

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Юстиниан императоры және оның заңдары
2.2. Византия империясының күшеюі
2.3. Славяндардың шапқыншылығы
2.4. Арабтар шапқыншылығы
2.5. Византия империясының маңызы және оның тарихта қалдырған ізі.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
а) Рим құқығы
ә) Архитектурасы мен бейнелеу өнері
б) Музыкасы

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Шығыс Рим империясы немесе Византия империясы (325-1453) ( Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атаған) -- 395 - 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.. Алғашында Ромейлер империясы деп аталған. Византия атауын Батыс тарихшылары XIX ғасырда енгізген.

Этимиологиясы
Византия империясы деген терминді алғашқы рет 1557 жылы неміс тарихшысы Иероним Вольф (Hieronymus Wolf) өзінің Corpus Historiæ Byzantinæ, a collection of historical sources атты жұмысында қолданған. Византий (гр. Βυζάντιον, лат. Byzantium) деген Босфор бұғазы жанындағы б.з.б. 680 жылы іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 жылы Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды.
1648 жылы француз тарихшысының Шарль Дюканждың Byzantine du Louvre жұмысында және 1680 жылыВизантия тарихы жұмысында термин қайталанып, әрі қарай француз ғылымдары: Шарль Луи де Монтескьёнің жұмыстарында жалғасын тапты.
Ағылшын тарихшыларының арасында терминді алғашқы рет 1857 жылы Джордж Финлей қолданды.
Шығыс Рим империясының тұрғындары өздерін елін Рим империясы немесе Римдіктер империясы (лат.Imperium Romanum, лат. Imperium Romanorum; гр. Βασιλεία τῶν Ῥωμαίων, Basileia tōn Rhōmaiōn, гр. Ἀρχὴ τῶν Ῥωμαίων, Archē tōn Rhōmaiōn) деп атаған.

Византия құрамы
Византия құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет,
Киренаика, Месопотамия, Армения, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді.

Халқы
Халқының этникалық құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар, фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер, тағыда басқа) болды. 4 - 6 ғасырлар аралығында халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада, саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды.

Византия тарихының кезеңдері
Византия тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңде (4 - 7 ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді. Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналып, саудагерлер Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе, императорЮстиниан Iның тұсында (527 - 65) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол шіркеуге қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан біріктірмекші болды.Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды. Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға, Кавказға, Балқан түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. 7 ғасырдың аяғында Юстиниан тұсындағы ел аумағының үштен бірі ғана қалды.
Екінші кезеңде (7 ғасырдың ортасы - 13 ғасырдың басы) Византия бірте-бірте грек-славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 жылыкрестшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Үшінші кезеңде (1204 - 1453) Византияның крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204 - 61) құрылды. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204 - 61), Трапезунд империясы (1204 - 1461), Эпир мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз соғыс жүргізді. Онда Никей империясы шешуші рөл атқарып, 1261 жылы Михаил VІІІ Палеолог Константинопольді басып алып, Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін сақтап қалды.
14 ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балқан түбегіне шабуылдаумен болды. Олар 1453 жылы 29 мамырда Константинополь қаласын басып алды. 1461 жылы түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Византия империясы өзінің өмір сүруін тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді.

Рим империясының екіге бөлінуі
Жасыл түспен император Траян тұсындағы ( б.з.б.117 ж.) Рим империясы; көк түспен -- І Юстиниан императорының тұсындағы (б.з.б. 550 ж.) империяның ең максималды аймағы; қызыл сызықпен - империяның б.з.б. 395 ж. екіге (Батыс және Шығыс) бөлінуі
Рим империясының шығыс аймақтары экономикасының даму деңгейі жағынан варварлар шапқыншылығынан зардап шеккен батыс аймақтардан әлдеқайда алда болды. Сол себепті император І Константинб.з.б. 324 жылы астананы Рим қаласынан Босфор бұғазындағы Византий деген шағын калаға көшірді. 330 жылы ол қаланың аты Константинополь (Жаңа Рим) деп өзгертілді.
395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Константинополь Шығыс Рим империясының астанасы болып калды. Бұл қала бұрын Византий деп аталғандықтан, Шығыс Рим империясы тарихта Византия империясы деп те аталады.
Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға дейін созылып жатты. Оның құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Месопотамия мен Арменияның біраз бөлігі, Жерорта теңізінің шығысындағы аралдар мен Қырымдағы, Кавказдағы иеліктер кірді. Халықтың құрамы ала-құла болды: гректер, еврейлер, арабтар, иллирийліктер, дактар, армяндар, грузиндер т.б. Латын халқы азшылық болса да VII ғасырға дейін латын тілі мемлекеттік тіл болды. Кейін оны грек тілі ығыстырды. Шығыс Рим империясы ерте орта ғасырда Батысынан әлдеқайда бай болды. Империяны Египет пен Фракия астықпен қамтамасыз етіп отырды. Қалалары қаңырап, бос тұрған Батыс Еуропаға қарағанда Византияда тіршілігі қайнап, қолөнері дамыған, сауда орталығына айналған Александрия, Антиохия, Иерусалим, Константинополь сиякты қалалар көп болды. Аз уақыттың ішінде үлкен де бай қалаға айналған Константинополь Шығыс пен Батыс арасындағы алтын көпір атанды. Бұл қалада әлемнің түкпір-түкпірінен - Қытайдан, Түрік қағанатынан, Ираннан, Үндістаннан, Батыс Еуропадан, Африкадан келген саудагерлерді кездестіруге болатын. Византияның алтын ақшасы - номисма барлық елдерде ең сенімді ақша болды.
Византия империясының жері құнарлы, ауа райы егіске қолайлы еді. Сол себепті империя аймактарында жылына 2 - 3 рет өнім жиналатын. Егіншілікпен қатар Византияда бау-бақша өсіру кең өріс алды. Суармалы жерлерде жүзім, зәйтүн, құрма, көкөністер өсірілді. Мал шаруашылығы да жаксы дамыды. Византияның ауыл шаруашылығында құл еңбегінен гөрі ерікті жер иеленушілер мен шаруалар қауымдары еңбегі басым болды. Сондықтан да Византиядағы ауыл шаруашылығы Батысқа қарағанда едәуір жоғары деңгейде дамыды.

Өкімет билігі
Мемлекеттігі жағынан Византия империясы бір адамның шексіз билігіне бағындырылған монархия болды. Барлық өкімет билігі василевстің (византиялық император атағы) колына шоғырланды. Ол өзі жоғарғы сот болды, сыртқы саясатты жүргізді, заңдар шығарды, әскерді басқарды. Оның билігі құдайдың әмірімен берілді деп саналды. Император құдайдан ғана кіші, құдайдан кейінгі бірден-бір басшы болды. Жұрт құдайдан кейін императорға табы- натын. Ол Шығысқа тән сән-салтанат құшағында өмір сүрді. Император билігін мұрагерлікпен иелену заң жүзінде бекітілмеді. Сондықтан шамасы келген бүлікші жеңіске жетіп, тақты басып алса, заңды мемлекет басшысы болып шыға келетін.
Византия қоғамында димдер деп аталған саяси партиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде, әсіресе венеттер (жасылдар) мен прасиндер (көктер) партиялары ерекше оқшауланатын. 532 жылы осы партиялардың басшылығымен болған Ника (жеңу) көтерілісі әрең дегенде басылды.

Юстиниан императоры және оның заңдары
Византия империясының күшейген кезі Юстиниан (527-565) билік құрған кез болды. Өте білімді, еңбеккор, батыл, қатал әрі бірбеткей бұл адам Рим империясын қалпына келтіру үшін күресті. Бірнеше соғыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим империясының қоғамдық және мемлекеттік құрылымы: Шығыс Рим империясы, Батыс Рим империясының құлауы
Н. Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Ортағасырлық Византия қалалары
Бұлғарстан, Болгария Республикасы
Адамзат қоғамының дамуы
Халықаралық жария құқығының түсінігі
Тарихқа өркениеттік көзқарас
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Түркі – Соғды қатынастары
Пәндер