Ыстық сумен қамтамасыздандыру және төтенше жағдайларда сумен қамтамасыздандыру сұрақтары
ҚММУ Ф 43-0402
2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Коммуналдық гигиена курсы
Тақырыбы: Ыстық сумен қамтамасыздандыру және төтенше жағдайларда сумен қамтамасыздандыру сұрақтары.
КG 4221 коммуналдық гигиенасы бойынша
Мамандығы: 051102 "Медициналық-профилактикалық іс "
Курс: 4
Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат
Қарағанды- 2014ж.
Коммуналдық гигиена курсының отырысында бекітілді
02 __қыркүйек__2014ж. Хаттама № 2
Курсқа жауапты аға оқытушы Ефимова А.Д.

Мақсаты: Ыстық сумен қамтамасыздандыру жүйелерінің құрылымдарына қойылатын талаптарды түсіндіру. Сумен қамтамасыздандыру жүйелерінің болмауында шөлді дала, төтенше жағдайларда халықты сумен қамтамасыз ету ерекшеліктерімен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1. Суды жылыту жүйелері.
2. Ыстық суды беру жүйелері.
3. Ыстық сумен қамтамасыздандырудың гигиеналық негіздері.
4.Сейсмикалық аудандарда су құбыры желісін және қондырғыларын салу.
5.Тау кендерін қазу аудандарында су құбырларын салу.
6. Солтүстікте және суық климаттақ аудандарда сумен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру.
7. Шөл далаларда сумен қамтамасыздандыру.
8. Эпидемия кезеңдерінде сумен қамтамасыздандыру жүйелерін қорғау.
Қазіргі уақытта ыстық сумен қамтамасыздандыру елді мекендерді көркейтудің басты элементтерінің бірі болып саналады. Ыстық сумен қамтамасыздандырудың болмауында тұрғын үйдің көркейтілуі толық құнды деп саналмайды.
Суды жылыту жүйелері.
Тұрғындармен пайдаланылатын судың көлеміне және режиміне байланысты суды жылытудың әртүрлі жүйелерін ажыратады:
1. Орталықтанбаған немесе жергілікті жүйе - мұнда суды жылыту оны пайдалану орнында қатты немесе сұйық отынмен, газбен немесе электр тоғымен жүргізіледі, бұл жүйеде жылыту үшін көп отын жұмсалады. Бұл жүйе өте үнемсіз.
2. Орталықтанған жүйе - ол әлде қайда үнемді әдіс, мұнда су ЖЭО жылытылады. Бұл жүйе тұрғын үйдің гигиенасына, тұрғындардың денсаулығын сақтауға, гигиеналық машықтарды игеруіне және асқазан-ішек ауруларын жоюға максималды жағдай жасайды.
3. Геотермальдық суларды пайдалану мүмкіндігін де айтып өту керек. Ол үшін тереңдігі 2000м жететін скважина бұрғыланады. Осы тереңдікте топырақтың температурасы, яғни судың да температурасы 60-70ºС жетеді. Геотермальды сулар Францияда кеңінен қолданылады, оларды тек ыстық сумен қамтамасыздандыру үшін ғана емес, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жылыту үшін де қолданады. Ол ыстық су алудың отын тұрғысынан неғұрлым үнемді әдісі болып табылады
Ыстық суды беру жүйелері.
Тұрғындарға ыстық суды берудің 3 жүйесі бар: 1) сумен қамтамасыздандырудың жабық жүйесі; 2) сумен қамтамасыздандырудың ашық жүйесі; 3) ыстық сумен қамтамасыздандырудың жеке желілері бар сумен қамтамасыздандыру жүйесі.
1. Жабық жүйеде ЖЭО-ның ыстық суы үйлердің жертөлелерінде (подвал) орналасқан жылыту құралдарына (бойлер) түсіп, содан кейін жылыту құралдары (радиаторлар) арқылы өтіп, қайтадан ЖЭО-ға келеді. Бойлерлерде суық су жылытылып, сонынан тұтынушыларға ыстық түрінде беріледі.
Бұл жүйенің кемшілігі - бойлерлер өте үлкен және қымбат. Бірақ, мұндай жүйеде тұтынушыға берілетін ыстық су циркуляцияланатын судың барлық массасынан оқшауланған, сондықтан судың қажетті сапасын қамтамасыз етуге болады. Бұл жүйеде ыстық су ауыз судың сапасына толығымен сай келеді, тек температурасы ғана өзгеше болады.
2. Ашық жүйеде тұтынушылар ыстық суды тікелей үйді жылыту желісінен алады. Осы жүйелердің әрқайсысының артықшылықтары және кемшіліктері бар.
Ашық жүйе экономикалық тұрғыдан неғырлым үнемді келеді, бірақ ЖЭО жүйесінде циркуляцияланатын судың барлық массасын ауыз судың сапасына қойылатын талаптарға дейін жеткізу өте қиын. Осыған байланысты ашық жүйелері тек уақытшалық ретінде ғана қолданылуы керек.
3. Ыстық сумен қамтамасыздандырудың жеке желілері бар сумен қамтамасыздандыру жүйесі - ол орталықтанған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандырушы суды тікелей ЖЭО-да жылыту, мұнда жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамтамасыздандыру жүйесінің арасында байланыс болмайды.
Ыстық сумен қамтамасыздандырудың гигиеналық негіздері.
Ыстық сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар, ауыз суға қойылатын талаптарымен бірдей. (СанПиН Питьевая вода).
Ыстық сумен қамтамасыздандыру үшін қолданылатын геотермальды сулар да осы құжаттың талаптарына сай келуі тиісті.
Суды алу орындарындағы судың температурасы суды берудің барлық түрлерінде де 60-75º шамасында болуы керек.
Олармен санаспауға болмайтын, ыстық судың бірқатар ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ыстық судан құбырдың ішкі беттеріне қатты шөгінділер (қақ) түсіп, біртіндеп құбырдың саңылауларын бітеуі мүмкін.
Бұл құбылыс судың жылуында судағы кальций және магний бикарбонаттарының шөгіндіге шөгу нәтижесінде жүреді. Бұл процесс 40-100º температурада ерекше қарқынды өтеді.
Екіншіден, ыстық су жоғары коррозиялық қасиетке ие келеді де, құбырларды тез тоздырады. Коррозияның негізгі себебі - ол суда еріген газдар және химиялық элементтер. Ол, негізінен оттегі. Оттегі суда судың температурасына байланысты ериді де, әртүрлі белсенділік көрсетеді.
Температурасы 5ºС суық суда 13 мгл оттегі ериді, ал 70ºС температурады бар-жоғы 5 мгл ғана, бірақ оттегінің осы мөлшерінің өзі металлға қатысты жоғары белсенділігін көрсетеді. Металлдың қорғалмаған ішкі беті (әсіресе темірдің) ыстық сумен әрекеттесіп, онда еріп, қышқылдар түзеді, ал мұнда бөлінген оттегі құбырдың металлдық бетінде дөңесті құыстарды жасайды. Темірдің суда еруінде оның концентрациясы жоғарылап, судың түсі жоғарылайды, дәмі өзгереді және арнайы иіс пайда болады.
Үшіншіден, суда органикалық заттардың болуында анаэробты жағдайда күкіртбактериялар өсіп, суда күкіртті сутегінің иісі пайда болады. Өз кезегімен сутегі атомарлы күкіртпен әрекеттесіп құбырдың коррозиясын күшейтеді.
1. Осыған байланысты ыстық сумен қамтамасыздандыруды уйымдастыруда суды коррозияға қарсы және қақтың (накип) пайда болуына қарсы өңдеуді жоспарлау қажет. Суды осындай өңдеуге қолданылатын материалдар мен реагенттер судың сапасын нашарлатпауы және санэпид.қызметінің талаптарына сай келуі тиісті. Суды коррозияға қарсы өңдеу үшін деаэрация әдісін немесе коррозия ингибиторларын (натрий силикатын, магномассаны т.б.) қолданады. Ингибиторлар - ол судағы химиялық процесстерді тежеуші заттар.
Суды деаэрациялау үшін негізінен екі әдісті қолданады: 1) термиялық және 2) вакуумдық.
Термиялық деаэрациялауда су алдын-ала агрессивті газдардың пайда болуына дейін ысытылады, содан кейін ғана су тарату желісіне беріледі. Вакуумдық деаэрациялауда су алдын-ала вакуумдық қондырғылары арқылы өткізіледі. Бөлінген газдар (О2 және СО2) суды желіге жіберер алдында шығарылып алынады.
Коррозия ингибиторлары судағы оттегіні байлайды. Ол суды магнамасса арқылы сүзу жолымен немесе суды натрий силикатымен өңдеу арқылы жетіледі, ол құбырдың коррозиясын азайтып, оттегіні байлайды. Натрий силикатының коррозияға қарсы дозасы 2,3 мгл, оның ШРЕК-і 30 мгл. Суды коррозияға қарсы өңдеудің аталған әдістерінен басқа, коррозияға қарсы шараларға құбырдың ішкі бетін мырышпен қаптау әдісі жатады.
2. Қазіргі уақытта суды қаққа (накип) қарсы өңдеу үшін ыстық суды дайындау пункттерінде суды магнитпен өңдеу әдісі қолданылады. Бұл әдісте су кернеулігі 2000 В магнит өрісі арқылы жіберіледі. Судағы темірдің концентрациясы 0,5 мгл жоғары болатын болса аэрация жолымен судан алдын-ала темірді шығарып алу және соңынан механикалық сульфакөмір сүзгіштері арқылы сүзу қарастырылады.
Орталықтанған ыстық сумен қамтамасыздандыру жүйелерін жобалау және қолдану тәртіптері.
Ыстық сумен қамтамасыздандырудың ашық жүйесінде жылыту желісін жобалауына және салуына жоғары талаптар қойылады, атап айтқанда:
-жылыту желісі зираттардың, свалкалардың және мал өлекселерін көметін территориялары, сұйық ластарды төгу шұңқырлары арқылы өтпеуі керек. Олардың шекараларына дейінгі қашықтығы ең кемінде 10м, ал жерасты су ағындары болатын болса ең кемінде 30м болуы керек.
-жылыту желісін тұрмыстық және өнеркәсіптік канализациялармен қоса бір тоннельге салуға рұқсат етілмейді.
- ыстық сумен қамтамасыздандыру желісін өнеркәсіптік кәсіпорындарды өндірістік сумен қамтамасыздандыру жүйесімен қосуға тиым салынады
-трассаны салу территориясы алдын-ала тазартылуы, сұйық ластарды төгу шұңқырлары жойылып, тазартылып, дезинфекциялануы керек.
- іске қосар алдында желіні жуынды суы толық мөлдірленгенге дейін судың қатты ағынымен (ең кемінде 0,5 мсек жылдамдықпен) гидропневматикалық әдіспен жуу керек. Соңынан 15 мин бойы тек сумен шайылады.
-жуудан кейін жаңа желіні 75 - 100 мгл дозада белсенді хлордың ерітіндісімен 6 сағат бойы дезинфекциялайды. Жуу және дезинфекциялау нәтижелері актімен толтырылады.
Сонымен қатар, ыстық сумен қамтамасыздандыруына тұрақты бақылау жүргізіледі. Ыстық судың сапасына бақылау оны дайындаудың, өңдеудің, жеткізудің және пайдаланудың барлық этаптарында жүргізілуі керек.
Судың сапасының нашарлануымен күрес шаралары келесідей:
1. Су көздеріндегі, ЖЭО, әсіресе ыстық сумен қамтамасыздандырудың ашық жүйелерін қолдануда судың сапасына бақылау және реттеу.
2. Су тарату желісінің жағдайына әрдайым бақылау және судың сапасына зертханалық тексеру жүргізу.
3. Жаңа үйлер мен аудандарды іске қосуда барлық жылыту жүйесін және ыстық сумен қамтамасыздандыру желісін ыстық сумен ең кемінде 2-3 сағат жуу.
4. Әрбір жыл сайын барлық жылыту желісін судың кері ағынымен жуу.
Төтенше жағдайларда сумен қамтамасыздандыру сұрақтары
Біздің елде халықты қоныстандыру табиғи жағдайларына, жердің рельефіне, климатына байланыссыз әртүрлі территорияларда жүргізіледі.
Тұрғындар үшін жағымды санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау табиғи ортаның жағдайына байланыссыз, тұрғындардың тіршілігінің қалыпты жағдайын қамтамасыз ету міндеттерінің бірі болып келеді..
Тіпті кішігірім елді мекендерді ұйымдастырда бірінші кезекті міндет болып тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету саналады.
1.Сейсмикалық аудандарда су құбыры желісін және қондырғыларын салу
Күші 8 және 9 балл сейсмикалық аудандарда, тұрғындарының саны 25 мың адамдардан асатын елді мекендерді, сондай-ақ суды беруді мүлдем тоқтатуға болмайтын өнеркәсіптік кәсіпорындарын сумен қамтамасыздандыру жүйелерін жобалауда бір су көзінен, бір-бірінен алшақ орналасқан, ең кемінде 2 дербес су алу орындарын қарастыру керек. Сейсмикалық аудандарда жер сілкіністерінен пайда болуы мүмкін өрттерді сөндіру үшін, сондай-ақ өндірістердің авариялық қажеттері үшін ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігі туады.
Су көзінен суды алуда тек бір су алу орында ғана резервуарларда өртке қарсы екі еселік су қорын, сондай-ақ тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін қосымша су қорын жасау керек. Күші 9 балл сейсмикалық аудандарда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін 12 сағатқа жететін, ал 8 баллды сейсмикалық аудандарда-8 сағаттық су қоры жасалуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz