Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
- Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе
- Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
1. 3 Экология ғылымының мақсаты, міндеттері, зерттеу объектісі
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
2. 2 Тұрақты даму түсінігі
2. 3 Экологияның қазіргі құрылымы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
"Экология" терминін (грек сөзі: ”oіkos” - ”үй”, ”тіршілік ету ортасы”; ”logos” - ”ғылым”) 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған.
Өзінің зерттеу объектісі мен мазмұнына байланысты экология бірнеше салаларға бөлінеді:
1. Организмдердің (особьтар, популяциялар, биоценоздар, т. б. ) өзара және қоршаған ортамен қарым - қатынасын зерттейтін биоэкология. Биоэкология - особьтар экологиясы (аутоэкология), популяциялар экологиясы (демэкология) және қауымдастықтар экологиясы (синэкология) болып бөлінеді.
2. Экология - әртүрлі иерархиялық деңгейдегі экожүйелердің тіршілік етуінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
3. Экология - барлық тірі организмдердің тіршілік ету ортасын зерттейтін комплексті ғылым.
4. Экология - адамның түр ретіндегі және қоғамның планета экосферасындағы орнын, оның экологиялық жүйелермен байланыстары мен оларға әсер ету жағдайларын зерттейді.
5. Экология - адамның шаруашылық тіршілік әрекетінде өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін биосфера ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын қарастыратын ғылым.
Осыған байланысты экология өзінің бастапқы, тірі организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы қарым-қатынастары туралы зерттейтін биология ғылымының бір саласы деген анықтама шеңберінен әлдеқайда кең, ауқымды бірнеше ғылыми салаларға бөлініп кетті. Дегенмен экологияның қазіргі таңдағы барлық салаларының негізі биоэкологияның фундаментальды идеялары болып саналады.
Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе
Қазіргі кездегі экология - бүл ағзалардың, оның ішінде адамның да ортамен арақатынастарын зерттеумен, адамзат қоғамның ортаға әсер ету маштабын және рұқсат етілетін шектерін анықтаумен, бүл әсерлерді азайту немесе оларды толық бейтарап ететін мүмкіншіліктерді зерттеумен айналысатын ғылым. Стратегиялық тұрғыдан бұл адамзаттың тірі қалуы туралы және бүкіл жер планетасында жаһандық масштабқа ие болып бара жатқан экологиялық дағдарыстан шығу туралы ғыльм.
Қазақстан Республикасының экологиялық және саяси тұрақтылығы, оның экологиялық және ұлттық қауіпсіздігін экологиялық мәселелерді шешпейінше мүмкін болмайды оны шешудің ең маңызды құрам бөлігі халыққа экологиялық білім беру. Табиғатпен қоғамның ара-қатынасының стихиялық дамуы адамзаттықты экологиялық апаттың шегіне жеткізді. Экологиялық тәрбиелеу мен білімнің жеткіліксіздігі көп деген өндірістік өрістердегі сияқты түзелмейтін қателіктерге, ғылымдарда және толык, барлық шаруашылық қызметтерде, сонымен қатар денсаулық қорғау өрістерінде де соқтырады. Соңдықтан экологиялық білімділік кез келген саладағы дәрігердің мамандық қызметіне де және қалыптасуда ажырамайтын сыңары болуы қажет.
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: "oikos” - үй, мекен, халық және "logos”- ғылым. Сонымен, Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда, экология-ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым.
Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш
« экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған.
«Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог, морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған.
- Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу».
- Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».
- Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.
- Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.
- Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.
Экология ғылымының мақсаты, міндеттері, зерттеу объектісі
Экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология және тұрақты даму пәнінің теориялық негізімен таныстыру, білім кешенін қалыптастыру, практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру.
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
- табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
- табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
- экологияның, коршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
- әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты
- дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы заманауй түсініктерді қалыртастыру.
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті - биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту. Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.
Қазіргі таңда түрлі ғылымдарды экологияландыру, яғни технологиялық, басқару, т. б. салаларда табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, сақтауға бағытталған жүйелерді енгізу процесі қарқындап дамып келе жатыр. Тіпті өндіріс технологияларын экологияландыру қажеттілігі туындап отыр деуге болады. Бұл өндірістік процестердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін болдырмау үшін жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы.
Зерттеу объектісінің көлеміне қарай экология тірі организмдер мен олардың қоршаған ортасы қатысында жүретін үлкен географиялық процестерді зерттейтін географиялық немесе ландшафтық экология; Жер биосферасы туралы ілім - глобалды экология болып бөлінеді.
Зерттеу объектісіне байланысты экология микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, адам, ауылшаруашылық, қолданбалы, инженерлік және жалпы экология болып бөлінеді.
Кез келген организмнің, не организмдер тобының тіршілік етуі экологиялық факторлар деп аталатын белгілі бір орта жағдайлары комплексіне байланысты. “Экологиялық фактор” дегеніміз тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер ететін ортаның кез келген элементі.
Организмдер үшін экологиялық факторлардың түрлі мөлшері, не деңгейі түрліше әсер етеді. Экологиялық факторлардың әсер ету сипаты және организмнің оған жауап реакциясы фактор әсерінің интенсивтілігімен немесе оның мөлшерімен анықталады.
Кез келген организмнің тіршілігі үшін қолайлы не қолайсыз болып саналатын факторлар әсерінің белгілі интервалы болады. Организмнің қажеттілігіне сәйкес келетін және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ететін фактордың сан мөлшері оптимум аймағы деп, ал организм үшін қолайсыз мөлшері пессимум аймағы деп аталады. Соңғы жағдайда организмнің тіршілік процестері басыңқы күйде болып, бұл оның дамуына кері әсерін тигізеді.
Оптимум және пессимум аймақтары мөлшерінің диапазоны организмнің сол экологиялық фактор әсеріне деген төзімділігін (толеранттылығын) анықтаушы критерий болып саналады да, экологиялық валенттілік не толеранттылық деп аталады.
Экологиялық фактордың оптимум және пессимум аймақтары мөлшерінің диапазоны кең мөлшерінде тіршілік ете алатын түрлер эврибионттар (грекше: “eurus” -кең, “stenos” - тар деген сөздерден алынған) деп, ал аз ғана диапазондағы мөлшеріне бейімделген түрлер стенобионттар деп аталады. Мысалы, ортадағы температураға байланыстыжоғарғы экологиялық валентті түрлер -эвритермиялық, ал төменгі - стенотермиялық деп, немесе ортаның тұздылық деңгейіне қатысты тұзды ортада тіршілік етуге бейімделген түрлер эвригалдар (грекше : “gals” - “тұз”) деп, ал тұз мөлшері аз ортада тіршілік ететіндер стеногалдар деп аталады.
Сонымен, кез келген тірі организм табиғи ортада толып жатқан факторлар әсеріне ұшырайды. Экология ғылымы осы факторлардың санын ғана жіктеп қоймай, сонымен бірге және ең маңыздысы олардың ішіндегі ең негізгі дегендерін танып, олардың зерттеліп отырған объектіге әсерінің сипатын үғынуға мүмкіндік береді.
Экологиядағы классикалық немесе әдеттегі классификация бойынша экологиялық факторлар екі топқа: абиотикалық және биотикалық болып бөлінеді. Абиотикалық факторларға климаттық факторлар (температура, жарық, ылғалдылық, қысым, т. с. с. ), топырақ пен судың физикалық қасиеттері жатады. Биотикалық факторларға қорек және особьтар мен түрлердің арасындағы қарым-қатынастардың түрлері (жыртқыштық, бәсекелестік, паразитизм, т. б) жатады.
Экологиялық факторлардың барлық классификацияларын қорытындылай келіп, оларды бір тұтас система бойынша топтауға болады.
Климаттық факторлар : 1) бірінші периодты факторлар (жарық, температура) ; 2) екінші периодты факторлар (ылғалдылық) ; 3) периодты емес факторлар (шквалды жел, өрттер, атмосфераның иондануы) .
Климаттық емес физикалық факторлар : 1) сулы ортаның факторлары (оттектің мөлшері, тұздылық, рН, қысым, тығыздық) ; 2) эдафикалық факторлар (рН, су; механикалық құрамы, тұздылығы, т. б. ) ;
Қоректік факторлар : 1) қорек саны; 2) қоректің сапасы.
Биотикалық факторлар: 1) түр ішілік қарым-қатынастар (гомотиптік реакциялар) ; 2) түр аралық қарым-қатынастар (гетеротиптік реакциялар) .
Организмдегі зат алмасу процестерінің интенсивтілігіне әсер ететін аса маңызды экологиялық факторлар - температура, жарық, су, ылғалдылық және минералды тұздар. Олар тірі организмдердің биосферада таралуына үнемі әсер етуші факторлар.
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезең
Бірінші кезеңде - экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдармен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың"құндыз - суда, құлан - қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы - бөгелек, жыланның жауы - дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.
Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.
Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б. з. д. 490-430 жж. ), Теофрасттың (б. з. д. 372-287 жж. ), Аристотельдің (б. з. д. 384-322 жж. ) еңбектерінде атап көрсетілген.
Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865-925 жж. ), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж. ), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037 жж. ) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.
Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т. б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.
Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің(1632-1723 жж. ) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628-1705 жж. ) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707-1778 жж. ) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707-1788 жж. ) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710-1784 жж. ) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731-1802 жж. ) "Табиғат ордасы" және т. б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж. ) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.
Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П. С. Паллас (1741-181 Іжж. ), И. И. Лепехин (1740-1802 жж. ), И. Г. Гмелин (1709-1755 жж. ), С. П. Крашенинников (1711-1755 ЖЖ<) және т. б. үлкен үлес қосты.
Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769-1859 жж. ) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.
XVII-XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж. Ламарк, Т. Мальтус және т. б. ) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.
Екінші кезең
Екінші кезеңде - экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814-1858 жж. ), Н. А. Северцов (1827-1885 жж. ) және В. В. Докучаев (1846-1903 жж. ) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.
К. Ф. Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.
Н. А. Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.
Топырақтану ғылымының негізін салғанВ. В. Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақарасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.
Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин(1809-1882 жж. ) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және " табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.
Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э. Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.
XX ғасырдың 30-40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли(1871-1955 жж. ) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В. Н. Сукачев (1880-1967 жж. ) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.
Атақты орыс ғалымы В. И. Вернадскийдің (1864-1945 жж. ) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.
Үшінші кезең
Үшінші кезең - XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстанужәне қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.
Тұрақты даму түсінігі
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан) .
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
Кедейлікпен күрес Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1, 1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі - қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5, 5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
- СПИД-пен күреске жұмылдыру;
- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
- бала өлімін кеміту;
- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz