Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері



Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Экологиялық тәрбиелеу және білім беру
2. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
3. Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
4. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер
5. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Экология -- 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды.
Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %).
Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды.
Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары "Қышқылдық жаңбыр" деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстың шекарасында орналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен "Азғыр", "Капустин Яр" белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді.

Экологиялық білім мен тәрбие беру
Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі.
Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.
Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.
Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.
Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.
Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.
Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек.Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаттары:
:: қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
:: жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
:: қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
:: экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
:: өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
:: табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
:: мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.

Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.

Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады.
Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер
Біріккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы Орта Жөніндегі Бағдарламасы (ЮНЕП) -- Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы. БҰҰ-ның 1972 ж. 5 -- 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары -- Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері -- Найробиде. Басқару Кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметі мен үйлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым тыйымдардың тәрбиелік мәні
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Экологиялық тәрбие
Оқушыларға экологиялық мәдениетті оқыту
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мазмұндық сипаты
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер