Экскурсияны дайындаудың негізгі кезеңдері



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Экскурсияны дайындаудың негізгі кезеңдері
2. Экскурсия ны дайын болғаннан соң тапсыру (тыңдау)
3. Объект карточкаларын жасау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе:
Экскурсия (латын сөзі Excyrsio - саяхат деген мағынаны білдіреді) - білікті маманның бақылауымен,алдын-ала таңдалған объектілер, тақырыптар және белгіленген жолдармен қоршаған ортаны бағытталған түрде тану процесі.
Экскурсияның қызметі
1. Ақпараттар.
2. Бос уақытты мәдени түрде өткізуді ұйымдастыру.
3. Қызығушылыққа ынталандыру.
4. Ғылыми ағарту.
5. Мәдени ой-өрісті кеңейту.

Экскурсияның жоғарғы дәрежеде сапалы өтуі тек қана жақсы дайындықтан, жеке текстің жақсы дайындалуынан, әдістемелік өнделуден, және әрбір экскурсоводтың жақсы өткізуі әсер етеді. Қазіргі кезде экскурсиялық мекемелерді бақылау системалары, орнатылған, олар әртүрлі қолданылыстағы формаларды бақылауға арналған. Әрине жұмыс ең басында текстерді дайындаудан басталады. Содан соң экскурсоводтардың маршруттарда сөйлеуі тыңдалады. Оның мақсаты - экскурсиялық іс- шаралардың сапасын жоғарлату экскурсоводтардың мастерлігін професионалдық деңгейде жоғарлату. Экскурсия-туристік қызметтер құрамына кіретін туристік өнім болып табылады. Экскурсиялық өнімді жасап шығару - күрделі, көпсатылы, кешендік жүйелік талдауды қажет ететін процесс болып табылады. Экскурсия- бұл екі маңызды процесстің нәтижесі: экскурсияны дайындау және өткізу. Экскурсияны дайындау процессіне объект, материал, жинау және оларды зерттеу. Экскурсияны дайындау негізгі екі бағыттан тұрады: а) экскурсия тақырыбын жасау; б) экскурсоводтың осы экскурсияны өткізуге дайындығы. Жаңа экскурсияны дайындауды әдіскерлер, экскурсоводтардан, кәсіби мамандардан құралған шығаршылық топ іске асырады. Әрқайсысы түрлі тақырыпша немесе бөлімдерді жауапкершілікке алады. Жаңа экскурсияны жасау жұмысы туристік мекеменің жетекшілігімен бекітіліп, тақырыптың аяқталуына уақыт бөлінеді. Жаңа экскурсияны жасау екі негізгі кезеңге бөлінеді. 1.Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: материалды табу, зерттеу, экскурсияда негіз болатын объектілерді жинау. 2.Экскурсияның тікелей жасалуы: экскурсия маршрутын жасау, фактілік материалды өңдеу, экскурсия мазмұнымен жұмыс жасау, құрамдас және негізгі бөліктерін анықтау, бақылау текстін жасау, әңгімелеу және көрсету әдістерін таңдау, экскурсия құжаттарын жасау. Тақырыбы мен өткізілетін орнына қарамастан экскурсиялардың барлығының схемасы бірдей: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім. Негізгі бөлімін экскурсия тақырыбын ашатын тақырыпшалар құрайды. Тақырыпшалар саны объектілер саны мен тақырыптың күрделелілігіне қарай 5-10 . Схема бойынша экскурсия құрылымы мынандай болады: кіріспе, логикалық ауысу, тақырыпша- негізгі сұрақтар, -қорытынды. Жаңа экскурсияны жасауда мынандай шартты кезеңдер болады: 1. Экскурсия мақсатын анықтау. 2. Тақырып таңдау. 3. Әдебиеттер таңдау. 4. Басқа да ақпарат көзін анықтау. 5. Әдеби, архивтік, статистикалық ақпараттарды зерттеу. 6.Мұражай экспозицияларымен және қорларымен танысу. 7. Экскурсиялық объектілерді теру мен зерттеу. 8. Экскурсия маршрутын жасау. 9. Маршрутты аралап шығу. 10. Экскурсияның бақылау текстін жасау. 11. Экскурсовод портфелін жасау. 12. Экскурсияның өткізу әдістемесін жасау. 13. Методикалық құрылым. 14. Экскурсияны тапсыру және қабылдау. Кез келген экскурсияны жасау оның мақсатын анықтаудан басталады. Мақсат дегеніміз- экскурсанттарға не үшін объектілерді көрсетуіміз. Экскурсия міндеттері экскурсоводтың кіріспе сөзінінің негізі болады. Мақсатты қою экскурсанттар тобының құрамына қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Экскурсия тақырыбы дегеніміз- экскурсияның және көрсетудің негізіне қаланған нәрсе. Тақырыптың құрастырылуы экскурсияның негізгі мазмұнын қысқа да анық етіп жеткізе алатындай болуы керек. Тақырып шеңберінің кеңдігі түрлі категориядағы сұраныстарды қанағаттандыруға , сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді. Тақырыптың дұрыс құралуы тыңдаушылар назарын бір арнаға, анық бір оқиға мен тақырып айналасына бұруға көмегін тигізеді. Тақырып атауының мақсаты- экскурсанттардың қызығуын тудыруға бағытталуы тиіс. Жаңа тақырыпты жасағанда тақырыптарды аша түсетін брошюралар, мақалалар, кітаптар тізімін жасап алу керек. Бұл экскурсоводтың теориялық және тәжірибелік материалдарды жеке текстіне қиналмай табуына көмектеседі. Түрлі публикациялардан бөлек мұражай, архив материалдары, оқиға куәгерлерінің естеліктері, фотоқұжаттар, кинофильмдер де қолданылады. Экскурсияның басты маңыздылығы оның фактілік жағында. Әңгімелеуде тек тексеріліп зерттелген мәліметтерді қолдану керек. Материал жинауда тыңдаудың нәтижелері арнайы дайындаған экскурсияны тыңдауға арналған карточкаға жазылады. Барлық бюроға арналған бірдей карточка әлі жоқ. Ал қазіргі қолданыста жүрген карточкалар мына мәліметерді құарастырады: - тыңдалу уақыты - Экскурсоводтың аты, әкесінің аты, фамилиясы. - Экскурсияның тақырыбы. - Экскурсияның созылу уақыты - Экскурсия түрі (қалалық, қала сырты, жаяу) - Транспорт қолданысы (автобус, теплоход, поезд т.б.) - Саяхатшылар, экскурсанттар саны және құрамы (студенттер, жасөспірімдер, үлкендер, жергіліктітұрғындар т.б.) - Экскурсия мазмұнының бағасы (дайындалған мақсатқа сай болу саяси-идеялық деңгейі, мәтіннің ішінде сәйкес келетін ғылыми, саланы, қолдану, экскурсияның негізгі бөлігінің бағасын беру, тақырыптың толықтайашылуы, тақырыптық талдауға келуі, экскурсанттарды белгілі бір шешімге келуге үйрету) - Экскурсияны өткізу әдістемесі (экскурсиялық объектті көрсеткенде методикалық әдістерді қолдану қабілеті, экскурсияға анализ жасау) - Экскурсоводтың сөйлеу мәдениеті (нақтылық, анықтылық, образдылық, мақал-мәтелдерді керек жерінде қолдана білу мәдениеті) - Экскурсияны өткізу техникасы (группасы тоқтайтын жерді анықтай білу, тоқтайтын жерден объекттің орналасу қашықтығы) Тыңдауға арналған карточкада мынадай сұрақтардың жауабы табылуы тиіс: уақыттың ұзақтығы, қай объект бөлінгенін көрсету, объекттен объектке жылжу уақыты, уақытты дұрыс бөлу, қозғалыс темпін ұстап құру, экскурсияның белгеілі бір бөлігінің құрылуы, құрамы және қорытындысы, таңдалған экскурсияның қорытындысы, жалпы тыңдалған экскурсияға баға беру экскурсоводқа ақыл беру, бюро рекомендациялары (ұзақтығы, маршрут құрылымы, объектті таңдау, тақырып мазмұны және негізгі сұрақтар және т.б.) кім тыңдады (фамилиясы, атақ дәрежесі) Қазіргі кезде тыңтаудың әр түрлі түрі бар. Көп қолданыста және қолданылып жүргендері: бір экскурсоводтыбасынан соңына дейін тыңдау, бірнеше экскурсоводтарды басынан аяғына дейін бір тақырыпты тыңдау, әртүрлі тақырыпты бірнеше экскурсоводтарға бөліп беру, дәл қазіргі кездегі экскурсияны тыңдау, бір объектті әртүрлі тақырыпта баяндау - тарихи тұрғыдан, әдеби тұрғадан, архитектуралық тұрғадан, әскери - тарихи тұрғыдан. Кей кездері маршруттарға алдын-ала баоып уақытты және көрсетілетін объекттерді аралап тексеріп қайтады. Ол өздерінің уақытын үнемдеуге және көрсететін объектті толықтай сипаттауға мүмкіндік береді. Кейбір экскурсиялық мекемелер маршруттың бір кесіндісіне дайындасып жиі-жиі практика жасайды. Мұндай анализ көбінесе қала шетелдегі экскурсияларға қолданылады. Экскурсиның сапасын бақылау бірнеше бір мақсатты қарастырады. Әбір экскурсиялық учреждениеде тоқсан сайын экскурсоводтарды тыңдауға Ерафиктер қояды. Жаңадан бастаған экскурсоводтар жылына 4-5 рет тыңдалса қалғандары ереже бойынша жылына бір рет тыңдалады. Тәжірибелі және квалификациялы мамандар қатты қажет болып жатпаса олар тіпті тыңдаудан өтпеседе болады. Экскурсоводтардытыңдаудан өткізу кезінде негізгі жұмысты бюроның әдіскерлері және тәжіриебелі экскурсоводтар өткізіледі. Тәжірибелі экскурсоводтар тоқсан сайын бір экскусоводты тыңдап тәжірибеден өткізуі қажет. Тыңдауға қатысу дегеніміз бұл жерде тек бақылау ғана емес, ол бір-біріне көмек беру, яғни бір-бірімен тәжірибе алмасу. Тыңдау кезінде тек тәжірибелі экскурсоводтарменәдіскерлерден бөлек музей, көрме ғылыми зерттеу орындарына және жоғарғы оқу орындарның жұмысшылары қатысады. Әрбір экскурсовод тыңдаудан өтек кезде өте мұқият дайындалуы керек. Бюрода жұмысшыларға қажетті барлық құрал жабдықтар, экскурсияны сапалы өтуіне қажетті барлық материалдар , тыңдаудың әдістемесі, барлық сұрақтар бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастырылған. Тоқсандық график бұл жерге басқарушының приказы мен ұйымдастырылады. Тыңдауға қатыспай жазылған графиктен бас тартып, берілген карточкадан бас тартса ол құқық бұзуы деп есептеледі. Тығңдау біткенен соң қорытынды жасайтын кезде әртүрлі формалар қолданылады: - әдістемелік секцияларға қатысқаны жөніндегі карточкаларға қорытынды жасау. - Әдіскерлермен тәжірибелі экскурсоводтар қатысқан жыналыстарға қатысу. - Әдіскердің экскурсовод группасымен әгімелсуі.
Экскурсияны топтастыру
Топтастыру дегеніміз заттарды, құбылыстарды немесе түсініктемелерді ортақ белгілеріне сүйене отырып бөлу. Экскурсияны топтастыру өткен ғасырдың 20-жылдарында пайда болды. Экскурсиялық қызмет көрсету - белгілі бір қызмет түрі (мысалы, демалыс үйлерінде, клубтарда, мектептерде) немесе туристік қызмет көрсету кешенінің (туристік фирмалардың) бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі таңда экскурсия топтастырылады:
а) мазмұны бойынша;
б) қатысушылар құрамы мен саны бойынша;
в) жүргізілетін орны бойынша;
г) қозғалу әдістері бойынша;
д) ұзақтығы бойынша;
е) жүргізу нысаны бойынша;

Экскурсиялар мазмұны бойынша шолу жасау (көп жоспарлы) және тақырыптық болып бөлінеді.

Шолу жасау экскурсиялары көбіне көп тақырыпты болады, осыған орай оларды көп жоспарлы деп те атайды. Оларда тарихи және соңғы материалдарды пайдаланады. Бұл қала, аймақ, облыс, республика, мемлекет туралы жалпы түсінік береді. Мұндай экскурсияның хронологиялық шектемесі - қаланың өмір сүру уақыты, ол туралы алғашқы айтылған сөзден бастап, қазіргі уақытына дейін, даму перспективалары.

Тақырыптық экскурсия тек қана бір тақырыпты ашуға арналған, егер де бұл тарихи экскурсия болса, оның негізіне бір тақырып немесе белгілі бір уақыт аралығы бойынша біріктірілген бір немесе бірнеше жағдайлар салынуы мүмкін. Егер бұл экскурсия архитектура тақырыбында болса, зерттеу пәні қала көшелерінде немесе алаңдарда орналасқан сәулет өнерінің қызықты шығармашылықтары, ал үлкен қалаларда өткен ғасырлардың архитектуралық ансамблі болу мүмкін. Тақырыптық экскурсиялар тарихи, өндірістік, табиғаттану (экологиялық), мәдениеттану, әдеби, құрылыс -архитектуралық деп бөлінеді.

Экскурсиялық объектілер топтастырылады.

Мазмұны бойынша: бір жоспарлы (өсімдіктер, жануарлар, бейнелеу туындылары және т.б.); көп
жоспарлы (тарихи ескерткіштер болып табылатын архитектура туындылары).
Қызметтік мәні бойынша: негізгі, қосымша, демонстрацияланатын және түсіндірмеленетін.
Сақтау дәрежесі бойынша: Алғашқы түрін сақтап қалған ғимараттар мен қайтадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экскурсияны дайындаудың әдістемесі
Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсант пен экскурсоводтың белсенділігі
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағын зерттеу
Экскурсия өткізу әдістері
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық
Пәндер