Экстремальдық жағдайдағы адам өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі
Экстремальдық жағдайдағы адам өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі.
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Табиғат аясында болатын эктремальдық жағдайлар және оның түрлері.
2.2 Қаладағы экстремальды жағдайлар және оның түрлері.
2.3 Қаладағы көлікпен байланысты туындайтын экстремальдық жағдайлар.
2.4 Қылмыстық экстремальдық жағдай.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Табиғатта болып тұратын қауіп-қатерлер тұрақты, жан-жақты және қуатты, сондықтан Жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды, тіпті ойламайды да, сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады.
Сондықтан қауіпсіздіктің идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды, тәртіпті құру үшін, осы Тіршілік қауіпсіздігі оқу бағдарламасы қажет. Сонымен, Тіршілік қауіпсіздігі- адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с.).
Осы мәселелерге байланысты Тіршілік кауіпсіздігі курсының теориялық негізін жасауға болады:
- адам Жерде пайда болғаннан бастап, ылғи да өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, яғни адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте;
- қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім), яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады;
- толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті үйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде болуы керек.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылы-ғы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс- әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

Экстремальдық жағдай (ситуация) дегеніміз не? Адам өміріне, денсаулығына немесе оның дүние-мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдайды экстремальдық деп атайды. Бұл жағдайда мынадай белгілер тән:
oo кенеттен немесе ойламаған жерден пайда болуы;
oo адамның зорлану, шиеленісу жағдайында болуы;
oo алғашқы секунд пен минуттағы денсаулыққа залалын тигізетін қатердің мүмкіндігі;
oo жедел істелетін белсенді іс-әрекеттің қажеттілігі.
Экстремальдық жағдайлар адамдардың табиғат аясында болған кезінде де (шөлде, орманда, тегісте, өзенде және т.с.с.), қала ішінде де (ауданда, ауылда), тіпті күнделікті жағдайда да пайда болуы мүмкін.
Табиғатта болған экстремальдық жағдай бірнеше жай-күймен анықталады:
1. Ниет ету. Экстремальды жағдайға, көбінесе, қауіпті жұмысты істеуге немесе демалуға ниеттенген адамдар душар болады. Дегенмен, оған дайындалуға, оны ескеруге адамның мүмкіншілігі жеткілікті. Алдына ондай мақсат қоймаған адамдар экстремальды жағдайға түсе бермейді, бірақ ондай жағдайға тап болғанда өзіне-өзі сенімділік көрсете алмайды.
2. Дайындық ережесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде жол таба алмай қалады. Мұндай жағдайда менімен ештеңе болмайды дейтін кісінің өзі қиын кездерде мамандарға, дайындығы жоғары адамдарға жүгінуге мәжбүр болады.
3. Экстремальдықтың дәрежесі. Материалдық жарақтанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, экстремальдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Экстремальдықтың дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді әрі тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды.
Осыдан барып, экстремальдық жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әр түрлі болады деген тұжырымға келуге болады.
Адамның жападан жалғыз экстремальдық жағдайда қалуы, ерекше талдауды қажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы сасқалақтау, стрес жағдайымен күресуі қажет. Бұған адамның мінез-құлқы, жігерлігі немесе бозкүйектігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен ең бастысы - адамның бұндай жағдайдағы істейтін өз іс-әрекеті. Біріншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың (аптап ыстық, боран, суырған жел және т.б.) әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды (киімі, баспанасы, құрал-жабдықтары) дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың (аш, жалаңаш, ауру және т.с.с.) - бәрінің маңызы өте зор.
Шешім қабылдағанда мына қажеттіліктерді қатты ескеру қажет:
oo дәрігерлік көмек көрсетуді (егер қажет болса);
oo сыртқы дүниемен байланыс орнатуға қам жасауды;
oo баспана ұйымдастыруды;
oo су мен тағам табуды;
oo айналаны бағдарлап, зерттеп, жүретін бағытты анықтап алу керек.
Адам стрестік жағдайдан неғұрлым тез арада шыға алса, соғұрлым оның сабырлы, ойлы іс-әрекеті оң нәтижесін береді.
Байланыс орнатуға және белгі беруге әрекет ету. Экстремальдық жағдайға душар болған адам бірінші ретте сырт ортамен байланыс жасауға шара қолдануы керек. Оның құралдары: белгі зымырандары, от, факель жағу, қолдағы бар басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану, айқайлау, ысқыру және т.с.с.
Өндіріс орындарында төтенше жағдайға арналған арнайы белгі беру құралдары болады.
Бұндай белгі беру құралдары шахталарда, кемелерде, су асты кемелерінде, ұшқыштарда және т.с.с. болады. Сол сияқты, төтенше жағдайда дабыл беретін 01, 02, 03, 04 деген телефон нөмірлері бар.
Мысал ретінде жол жүріп келе жатқандағы ұшыраған экстремальдық жағдайдағы дабылдар ыңғайы келген әдіспен беріледі:
oo айқаймен (ысқырықпен);
oo жарықпен (фонарь);
oo қараңғы жерде ашық түсті (немесе керісінше) затты бұлғаумен;
oo ашық күнде ақ түтін жіберу (отқа жасыл бұталарды, мүктерді тастаумен ақ түтінге қол жеткізуге болады);
oo бұлтты, бұлыңғыр күні - қара түтін жіберу.
Тік ұшақтағы құтқарушыларға халықаралық кодты пайдалана отырып, дабыл белгілерін берген жөн. Мысалы, жоғарыдан анық көрінетін жерге қолда бар заттармен - матаның кесіндісімен, киіммен, бұтақтармен, қарды таптап із салу арқылы, оттың күлін пайлаланып - белгі беруге болады.
Дабыл берудің басқа да әдістері бар. Соның бірі айнаны пайдалану. Айнадан түсетін күннің жарығы электроника мен пиротехниканың нәтижесінен кем емес. Айнаның сәулдесін биіктіктегі ұшақтан 1,5 км-ден 24 км-ге дейін қашықтықтан көруге болады.
Ендігі бір әдіс - ол радиобайланыс.
Радиобайланыс арқылы өзің туралы, апаттың түрі және дәрежесі жөнінде толық мәлімен бере аласың. Апатқа ұшырау дабылын спутниктер жер шарының кез-келген нүктесінен қабылдап, жақын арадағы құтқару станцияларына қас-қағым сәтте жеткізіп бере алады.
Баспана тұрғызу. Апат болғандығы жөнінде дабылды берген соң немесе оған дайындық жасап болған соң, паналайтын баспана тұрғызуды ойластыру қажет. Бірінші ретте, оны тұрғызуға қолда бар заттарды (парашют, мата кесіндісі, қаптайтын заттар) пайдаланады. Болмаса табиғи заттардан тұрғызады. Экстремальды жағдайға тап болған кездегі баспана тұрғызудың қажеттігі жаңбырдан, күшті желден, суықтан, қайнаған ыстықтан қорғанумен айқындалады.
Баспана тұрғызуға пайдаланатын әмбебап заттардың бірі - тент. Жерге белгілі бір бұрышпен орнатылған тент жаңбырдан ,ана қорғап қоймайды, сонымен бірге оттың жылуын да сақтауға көмектеседі.
Суық уақытта жатын орынды от жанып, қызуы қалған жерге салған жөн. Астына майда бұтақтармен құрғақ жапырақтар төсеген абзал. Егерде жерде түнеу қауіпті болса, жатын орынды ағаш басында орнатуға болады. Бүйрекке суық тигізбес үшін сыз жерде, қар үстінде жатуға мәжбүр болғанда, белді жылы киіммен орап тастаған жөн.
Қажет болғанда қауіпсіз баспана тұрғызған дұрыс. Ол үшін ыңғайлы орын табу керек. Біріншіден, орын құрғақ, жан-жағы ашық болуы керек, су көзіне де жақын болғаны тәуір. Егер уақытша баспананы табиғи орыннан тапса (ағаштың қуысы, үңгір т.с.с.), уақыт жағынан да, әл-күшті сақтауға да үлкен көмегі тиер еді. Үлкен ағаштағы қуыста баспана бала алады.
От жағу. Баспана тұрғызылған соң, от жағуды ойлану керек. Сапарға шыққанда, табиғат аясында дем алу үшін қыдырысқа шыққанда, қажет болса, өзіңізбен бірге сіріңке алып жүргеніңіңз абзал. Әрине сіріңке полиэтилен пакетіне салынған болса, немесе оралған болса, онда сіріңке су болмай құрғақ күйінде сақталады. Егер де сіріңкеңіз су болған болса, отты басқа жолмен (үйкеумен) алуға тура келеді.
Оттың жануына құрғақ бұтақтар керек. Алдымен тұтанғыш үстіне, тығыздамай, жіңішке бұтақтар, немесе құрғақ шөп, мүк салып тұтандырған жөн.От жаққанда өрт шығып кетпеудің қамын ойлаған абзал.
Тамақ пен суды табу. Экстремальды жағдай кезінде тамақ пен су табу аса маңызды мәселенің бірі болып есептеледі. Егер адам жападан жалғыз қалуға мойын ұсынып, дайындалған болса, онда ол осы мәселені ертерек ескергені жөн, яғни соған сәйкес дайындық жасауы қажет. Ал егер бұндай жағдайға ойда жоқ жерден душар болған болса, онда су мен тамақты табудың жолын, мүмкіндіктерін іздестіреді.
Адамдардың аштықта, шөлде өзін-өзі ұстауы, іс-әрекеті туралы талай рет ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан осы зерттеулердің нәтижесін дайындық кезінде толық ескерген жөн.
Егер адам толық сусыз, тамақсыз қалған жағдайда, алғашқы 10 күн ішінде қазаға ұшырайтындығы белгілі.
Ал арнайы дайындалған адамдардың тәжірибесі, мысалы, иогтардың өз бойын толық меңгеріп сусыз, тамақсыз 40 күнге дейін тірі бола алады екен.
Аштықтың алғашқы 2-3 күнінде адамда тағам қозуы (қарыны ашады) болады. Бұл кезде адам қанында қант бірден төмендеп кетеді. Аштық қинап, іші гүрілдеп, сілекейі ағып, мазасызданады. Бір тәуліктің ішінде адам салмағы 1 кг азаяды. Қан қысымы көтерілмегенімен тамыр соғысы жиілейді.
Организмде көміртегінің азаюы майдың қорытылмауына, метоболизмнің (май қышқылы, ацетон) қышқыл өнімдерінің жиналуына әкеліп соғады. Ацидоз дами бастайды. Синил қышқылымен уланған кездегідей , аш адам ацидоздан өледі.
Жападан жалғыз қалғанда аштан өлмес үшін, адам бәрін де жей алатындығын ұмытпауы керек. Мысалы, кесірткені де, жыланды да, құрбақаны да, шегірткені де, құрт-құмырсқаны да, құсты да, балапандарды да, оның жұмыртқаларын да - бәрін де жеуге болатындығын білген дұрыс. Құрт-құмырсқалардың кеудесі мен іш жағын жейді. Әрине тамақ ретінде жүнді құртты, көбелек, қоңызды, раковинасы жоқ құрлық молюскаларын пайдалануға болмайтынын білу керек т.с.с.
Тамақ болатын жемістер, дәндер, тамырлар, жапырақтар өсімдік әлемінде де жеткілікті. Негізінен, тамырды, бадананы, түйнекті тамаққа пайдалану үшін, азпаздық өңдеуден өткізу керек. Ал өсімдіктердің ішінде тамаққа өзіңе бұрыннан белгілерін пайдаланған дұрыс.
Егер бөтен өсімдіктерді пайдалануға тура келетіндей болса, онда оны шағындап, бір адамға 3-5 гр. көлемінде, пайдалануы керек, егер 1-2 сағат ішінде іш ауырып, лоқсып, құспаса немесе іші өтпесе, онда оны тамақ ретінде пайдлануға болады.
Экстремальдық жағдайда ас тұзының жетіспеушілігінен адам организмінде ауыр өзгерістер болады. Тұз бен сіріңке - сапарға шыққандағы ең қажетті заттар екенін ұмытпау керек.
Осындай табиғи және өсімдік дәмдерін пайдалана отырып, топ немесе жалғыз адам қиын-қыстаудан шыға алады.
Ересек адамның организмінің 80 % судан тұрады, оның 23 бөлігі клеткалардың ішінде юолса, тек (14) клеткадан тыс сұйық ретінде қанның плазмсын құрайды. Біздің организміміз сусыз өмір сүре алмайтын ашық жүйені құрайды. Су соншалықты қажет болғанымен, адам организмінде судың қоры шектелген, оның тек 10 %-ға азаюының өзі үлкен келеңсіз, адам өліміне себеп болатын өзгерістерге ұшырауына әкеліп соғады. Организм судан үлкен қор жасай алмайды. Судың көп болуы дененің ісінуіне, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан ұзақ уақытқа, алдын ала ішіп, суға қанып алу мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарды бағалай отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: судың адам организміне қажеттілігі соншама, денеден судың кетуі су қоры табылмаса, өте ауыр жағдайға ұшыратады. Алғашқы 3-5 тәуліктің ішінде адам өліміне әкелуі мүмкін. Яғни тамақтан гөрі, су тапшылығы адам өміріне аса қауіпті.
Алдымен су көзін іздеу керек. Балшықты-орманды жерде бұл жағынан мәселе тумайды: бұлақтар, көл, өзен, балшық және шалшықтар көптеп табылады. Таулы жерде де солай: бұлақтар, көлдер, мұздар және қар жеткілікті. Ал шөл далада су көзін табу қиындау, бірақ түк табылмайды деуге болмас. Шағылдардың сайында өсімдік бар болса, онда су табылуы мүмкін. Шөлдегі өзендер, көбінесе, тұзды болады. Дегенмен шөлде суды күн конденсаттары арқылы жинауға болады: ол үшін диаметрі 1 метрдей тереңдігі 60 см, шұқыр қазып, түбіне су жинау үшін мөлдір пленка төсеп, шетін топырақпен жабады, пленканың ортасын төмендетіп, шағын тас салып қояды. Бір сөткеде осындай әдіспен 1,5 литр су жинауға болады.

Қоғамның дамуы адамның өмір-тіршілігін жеңілдетуге бағытталған айрықша жасанды орта туғызды. Бұл ыңғайлылық пен жеңілділік адамдардың мамандануынан туып отыр. Қалалықтар өз шаруашылықтарынан құтылуға қол жеткізеді, қызмет көрсету саласы дамып, жақсы ұйымдастырылған өнеркәсіп саласына айналды.
Қол жеткізген жетістіктер қалаларда жаңа күрделі мәселелер туғызуда, олардың көбісі қаладағы адамдардың өмір-тіршілігіне тікелей немесе жанай қауіп тудырады.
Солардың ішінде:
А. Әлеуметтік-психологиялық мәселелер. Шағын елді-мекенде тұрғындары бірін-бірі таниды, көбісі бір-біріне туысқан да болып келеді, ал үлкен қалаларда тіпті көршілер бірін-бірі танымайды. Осы жағдай қала тұрғындарында жалғыздық сезімін туғызады. Сонда адам соншама көп адамдардың ортасында өмір сүріп жүріп, басына қатер туғанда, қиындыққа ұшырағанда көмек те ала алмауы мүмкін.
Ә. Қала тұрғындары өз үй-тұрмыс мәселелерін шешуге дайын емес. Өз жеке шаруашылығын жүргізіп отырған адамның қолынан бәрі де келеді, жан-жақты істей алады. Ал қала тұрғына көбіесе бағытталған мамандықтың иесі, үй-тұрмысы тіршілігіне қамы жоқ, сондықтан құбырдан судың ағуы, электр жүйесінің бұзылуының өзі қалалықтарды қиын жағдайға душар етеді.
Б. Қала көлікпен қамтамасыз етудің технологиялық аймағына айналды. Бұл қалаларда адамдардың үлкен тобының жұмысқа, демалыс және басқа орындарға баруымен және қайтуымен байланысты болып отыр.
В. Қала криминогенді қауіпті аймаққа айналды. Адамдардың үлкен тобының қалада жинақталуының өзі қылмысты қауіпті аймақтың пайда болуына әкеліп соғады. Осындай жағдайды қылмыс топтары өз қылмыстарын жасауға және жауап беруден құтылуға пайдаланады екен.
Г. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. Қалаларда өндірістің әр түрлерінің орналасуы, көліктің көбеюі атмосфераның ластануына әкеліп соғады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған.
Сонымен, қалаларды қауіп-қатердің, экстремальдық жағдайдың көзі ретінде қарастыра отырып, экстремальды жағдайды баспанада және баспанадан тыс болады деп, екіге бөлуге болады.
Баспанада болатын экстремальдық жағдайлар. Үлкен қалаларда баспананың негізгі түрі болып, көп қабатты үйлердегі пәтерлер саналады. Бұндай пәтерлер сумен, жылумен, электр қуатымен, өмір-тіршілік өнімдерін әкету жүйесімен, байланыс және ақпарат жүйесімен қамтамасыз етілген. Әрине, тұрғындардың өмірі және оның қауіпсіздігі осы жүйелердің қызметіне де байланысты. Қазіргі заманғы құрылысты көптеп салу жүйесі баспананың сапасын ылғи да қамтамасыз ете бермейді: панелдердің, есіктер мен терезелердің қиылысында жылу кететін, кеміргіштер кіретін саңылалар болуы мүмкін. Пәтерлер бір-бірімен ұштасып жатқандықтан бір жерден шыққан өрт екінші жерге таралып кету қаупі әр уақытта да бар. Улы түтін желдеткіштер арқылы көп қабатты үйдің көбіне тарап кетуі де ғажап емес және т.с.с. Сондықтан кішкене төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйдің мәселесіне айналып, зардап шегушілердің қатары көбеюі мүмкін.
Баспана үшін зардабы зор ең қауіптісі - өрт.
Баспанадағы өрт. Өрт өндіріс орындарына қарағанда үйлерде жиі болады. Өрттің себебі барлық уақытта бірдей-ақ:
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz