Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар


Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!







МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 8
І-ТАРАУ. Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері 10
1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі 14
1.2 Электронды оқулық және оның тиімділігі 16
1.3 Электронды оқулықтың құрылымы.. 18
1.4 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар. 20
1.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу. 23
1.6 Object Pascal тілі электрондық оқулықта қолданылуы.. 25
1.7 Delphi - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру. 30
1.8 Delphi ортасында жасалған электрондық оқулық. 31
2-ТАРАУ. Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар 35
2.1. Visual Basic тілінде жасалған электрондық оқулықты математика сабағында қолдану. 35
2.2 Delphi ортасында жасалған электрондық оқулықты информатика сабағында пайдалану. 39
Қорытынды.. 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 56
Қосымша. 58

Кіріспе
XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, 20 қазан 2003 жылы Астана қаласында Қазақстандағы мектептерді ақпараттандыру - XXI ғасырға жасалған қадам деп аталатын үлкен ғылыми форум болып өтті. Мұнда әрбір пән мұғалімі жаңа сабақта электрондық оқулықтарды тиімді қолдана алуы тиіс деген мәселе қаралды. Біз бұл дипломдық жұмыста математика сабағында Visual Basic бағдарламалау тілінде жасалған электрондық оқулықты және информатика сабағында Delphi бағдарламалау тілінде жасалған электрондық оқулықтарды пайдалануды қарастырдық. Математика сабағында Visual Basic бағдарламалау тілінде электрондық оқулықты жасау мәселесімен С.Қожабаев, Ә.Бүркіт, Қ.Мамаев, Р.Бекмолдаева, және т.б. педагогтардың еңбектерi, ал информатика сабағында Delphi бағдарламалау тілінде электрондық оқулықтарды жасаумен Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, Б.Хантер, И.В.Роберттің ғылыми-әдістемелік еңбектері арналған.
Ал О.Камардинов, О,Сейтқұлов зерттеулерiнде электрондық оқулықтарды пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Информатика курсында электрондық оқулықтарды пайдаланудың тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, оны тиімді пайдалану әдістемесi - Я.Ваграменский, С.Гримм және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген.
Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде информатика курсын оқытуда дельфи тілінде жасалған электрондық оқулықтарды пайдалану әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде информатика курсын оқытуда дельфи тілінде жасалған электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатынын байқауға болады.
Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта электрондық оқулықтарды тиімді пайдалана білуі тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі электрондық оқулықтарды пайдалану әдістеріне байланысты.
Зерттеудің мақсаты: Бағдарламалау тілдерінде электрондық оқулықтарды жасау және математика және информатика курсында оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: Бағдарламалау тілі мүмкіндіктері мен орта мектептердегі математика және информатика курсын оқыту процесi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

І-ТАРАУ. Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері

Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақгары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. ОКҚ-ны білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады [1].
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсиби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).
Сонымен ОКҚ-ның дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, ОКҚ-ны оқу процессінде пайдалану негізінде
:: окытудың сапасы артады;
:: оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
:: оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;
:: оқытудың мазмұны мен құрылымдарының өзгерістеріне қарай оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.
Осы айтылгандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарагаңца ОКҚ қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОКҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОКҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОКҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.
include
main( )'жай программа*
int num;
num = 1;

ОКҚ-ның сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады. Оның кемшіліктерінің көп болуы пайдаланушыларға ОКҚ туралы теріс пікір қалыптасуына алып келеді [2].
Қазіргі кезде көптеген ОКҚ-лардың түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Дегенмен, оларға жүйелі түрде талдау жүргізіліп, тиімділіктері мен кемшіліктері анықталып, олардың сапасына талаптар қойылуы, болашақ жасалатын ОКҚ-ларға ұсыныстар берілуі жеткіліксіз. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, даярланған ОКҚ-ларға талдаулар жасалынып, олардың кемшілікгері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде ОКҚ-ны жобалауда жіберілетін басты кемшілігі -оны дәстүрлі оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.
Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.
Әрине, ОКҚ үшін материалдарды дайындауда ақпараттық кұрылымдық принциптер, пайдаланушы интерфейсінің схемасы, білім мен іскерлікті бағалау критерийлері мен бақылау тәсілдері, интерактивті құралдармен жабдықталу сияқты аспектілерді ескерумен қатар, дидактикалық тәсілдер, компьютер мамандарына нұсқаулар болуы тиіс. Бұл шарттарды орындау, автордан жаңа компьютерлік дидактиканы игеруді талап етеді.
Демек, ОКҚ даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды қажет ететін өте күрделі іс, яғни, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.
Қазіргі кезде, ОКҚ даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:
- оқу материалының авторлары;
- компьютерлік әдіскерлер;
- ОКҚ жүйелік программалаушы;
- ОКҚ пайдаланушылар.
Мұндағы бірінші және төртінші категориялы мамандардың қызметі түсінікті. Қалған екі категориядағы мамандарға тоқталайық [3].
Компъютерлік әдіскер - ОКҚ-на арналған пәндік ауқымға бағдарланған, компьютерлік дидактиканы меңгерген маман. Оның атқаратын міндеттері:
- ОКҚ кұрылымын анықтау;
- психологиялық-педагогикалық стратегияны тандау;
- пайдаланылатын дидактикалық тәсілдерді нақтылау;
- бақылау формалары мен түрлерін анықтау;
- білім мен іскерлікті бағалау критерийлерін анықтау;
- оқу материалын кұрылымдауда авторға жәрдем беру, оны жеткізу формасы мен стиліне нүскаулар беру т.с.с.
Жүйелік программалаушы -- компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім берудің ақпараттық технологиясының маманы. Ол оқу материалының ақпараттық-логикалық моделі мен ОКҚ-ның арихитектурасын құрастырады, дидактикалық тәсілдерді формальдандырады, қолданылатын модельдер мен алгоритмдер класстарын анықтап, пайдаланушы интерфейсінің схемасын жасауға қатысады. Сондай-ақ, негізгі программалық-техникалық мәселелерді шешеді (инструментальды құралдарды, берілгендер форматын, программа интерфейсін тандау). Сонымен қатар, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқарады. Жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға қатысуының кажеттілігі, ОКҚ-ның пайдаланушыларға бағдарланған сыртқы сипаттамалары мен таңдалған программалық-техникалық ерекшеліктерді үйлестіру қажеттілігінен де туындайды.
Компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға катысуы оның сапасының артуына ықпал етеді. Сонымен, компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушы мамандар ОКҚ-ны жобалауда маңызды ролге ие 4.

1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі

Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр [4].
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсіддерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
* компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесш компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу кұралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мүғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мүғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуда арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің "алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бүл принциптің негізінде берілген материадцарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу кұралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын - ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау жөне тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналтан әдістемелер;
* әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін катарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- экранная берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компыотердің мультимедиалық мүмкіндігіне жөне сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу[5].
Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар кұрайды. Ол алдын -ала жоба бойынша анықталган компыотерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыгу-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесінс арналтан программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу кұралын даярлау көпжакты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет 5.

1.2 Электронды оқулық және оның тиімділігі

Білім берудің саласында " Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытка дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.
* Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылыт олыктырып отырса, онда
теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі үгымды болады.
Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық
принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электрондық практикум" берілген. Оқушы оқулықгы қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып-ақ үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Мүғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
* Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. Осыған байланысты
электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек секілді.
- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықгың сол пәннің типтік бағдарламасына сөйкес болуын;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертқаналық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықгама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақгарынан түратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдерібөлімдерін камтуын;
- электрондық оқулықгың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берілетін тақырыпісд қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
- белгілі бір тақырыпқа катысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын он жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықгарын электрондық оқулықгы пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді [6]. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен оңға -солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
- бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару кажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.
* оқулықты шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақгап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулықа кірістіру оқулықгың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады 6.
*
1.3 Электронды оқулықтың құрылымы

Енді электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін карастьірайык. Электронды оқулықтың кұндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с түрінде беріледі. Сонымен кодтар мұнда, кдрапайым оқулықга мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты Компьютерде тән элементтер орын алуы мүмкін [7].
2. Схемоқурс - оқулықгың мазмұнын қысқартылған мәтін график түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақгар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықгың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мұндай жүйе оқулықгың авторлары кұрған тестер қорынан тұрады. бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады [8].
Енді электронды оқулықтың кұрамы жөнінде айтып өтелік.
* Электронды оқулықгың құрамында: - титул беті;
- мазмұн;
- аннотация; -
- оқу материалының толық мазмұны (схемалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер);
- тапсырмалар жүйесі;
- бақылау тестік жүйесі;
- мәтін бөлігін іздеу жүйесі;
- авторлар жөнінде мәлімет;
- программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
Электронды оқулықгың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. мүнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықгың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.
Мазмұн электронды оқулықгың ең маңызды кұрылымдық элемент!. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде кұрылуы қажет.
Аннотация -- программа жөнінде қысқаша мәлімет болуы керек. Жақсы электронды оқулықгы кұрудың бастапқы шарты оқу материалының толық камтылуы керек, яғни мәтін, графиктер болуы тиіс.
Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақгар мен тапсырмалар береді. Егер тапсырмалар толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өте алмайды. бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалдарын мүқият қайталауға мәжбүр етеді.
* Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытынды білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақгар түрінде
беріледі. Тестік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықгы жазушылар тандап, құрастырып, текстік сүрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.
Авторлар жөнінде мәліметтер - оқулықгы кұрастырушылардың аты - жөндері, туылған жылдары, жүмыс орындары, телефоны, электрондық почта адресі т.с.с
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі падаланушыға оқулықгың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Әдетте қысқа әрі нақты подсказкалар түрінде болып келуі керек 7.

1.4 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар

Электрондық оқулықгың жай оқулықтан айырмашылығы қандай? Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны қамтитын, компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. программалардың жиынтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға тиімді қосымша мүмкіндікгер береді. Әсіресе:
кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз ету; жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатындықтан болғандықтан электронды оқулық қажетті оқулықгы табуға тез мүмкіндік береді; гипертекст! түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеу; жеке тұлғаға бағдарланған, яғни оның нақты бір бөлім бойынша білімді тексеру және қысқа текстпен кодтар оны көрсету, баяндау, модельдеу т.б. мүмкіндіктер тез орындалады;
* Жай оқулықпен салыстырғанда электрондық оқулықга кездесетін кемшіліктер: экранная текстік ақпаратты қабылдау ыңғайлылығы мен тиімділігінің төмендігі, пайдалану барысы кұнының жоғарылығында.
Компьютерлік өнімдер, оның ішінде оқыту программалары мен электронды оқулықтар саны жылдан-жылға көбеюде. Алайда, осы күнге дейін электронды оқулық кандай болу керек және қандай функциялар оның міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр [9].
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесідей талаптар қойылады:
-тандалған курс бойынша ақпарат жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
-текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе виде түрдегі ақпараттан түру керек ("жанды лекциялар"). "Жанды лекциялардың" міндетті интерфейс элемент! ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек; текстік ақпарат "Жанды лекциялардың" кейбір бөліктерін кайталауы мүмкін; күрделі модельдер мен қүрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болу керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны жөн; керекті ақпаратты іздеу уақытын қыскартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім камтамасыз етілуі тиіс. Бір пән аумағында арнайы түсіндірме сөздік енгізілген болу керек; материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені жөн. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға өзі көрмеген кейбір күбылыстарды (сарқырыма, өрт, т.б.) түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді [10].
Енді, электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді кұралдарын қарастырайық. Олар:
-дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
-жалпы мақсатгағы инструментальді кұралдар;
-мультимедиа құралдары;
-гипертекстік және гипермедиалық кұралдары;
Ал, электрондық оқулықгың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықгың негізгі үш жұмыс істеу режим! бар:
-бақылаусыз оқыту;
-бақылаумен оқыту
-тестік бақылау.
Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақгар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімді тексереді.
Қазіргі кезде оқулықтарға қойылатын талаптар: берілетін материалды кұрылымдандыру, пайдалану ыңғайлылығы, материалдың мазмұнының көрнекілігі. Жоғарыдағы айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипертекст технологиясын қолданған дұрыс. Оқытудағы негізгі мәселелердің бірі білімді бақылау болғандықтан, электронды оқулық кұрамында бақылау құралы қамтамасыз етілу міндетті.
* Қазіргі кезде тестілеудің әртүрлі әдістері қодталынады. Нақты пән аумағын игеру үшін теорияны игерумен қатар есептерді шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыру керек. Ол үшін зерттелінетін процестер мен кұбылыстардың математикалық моделін тұрғызуды үйрену керек. Оның алгоритмдік шешімін жобалау және оны программа түрінде жазу. Студенттердің интуициясы мен бейнелеп ойлануын дамытуға мүмкіндік берумен кодтар олардың түсіну деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін алгоритмдердің кұрылымы мен жұмысын
графикалық иллюстрациясын қамтамасыз ететін модельді программалар сериясы электрондық оқулық кұрамына жоғарыдағы мақсатқа жету үшін кіруі тиіс.

1.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу

Тест тапсырмасы көптеген өркениетті елдерде білім алудың бір сатысынан екінші сатысына көіпу барысында оқушы немесе талапкердің білім деңгейін анықтау үшін қолданылады. Тест (test) сөзі ағылшын тілінен аударғанда "Сынақтан өткізу", "тексеру" деген мағынаны білдіреді.
Белгілі ғалым И.Ропопарттың берген анықгамасына сүйенсек "тест белгілі бір ережеге сәйкес жасалынған, алдын ала эксперименттік тексеруден және дамытудың арнайы процедурасынан өткен өзінің тиімділігі жөнінде жеткілікті мінездемеге ие болған тексерушілерге арналған арнайы сұрақгары мен тапсырмалар жиынтығы" [11].
Ал педагог ғалым В.П.Беспалько білім стандарты туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе мынадай анықгама берген "Белгілі дәрежедегі іс-әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын камтитын білімді игеру сапасының мықгы бағасын анықтау кұралы тест болып табылады".
Өздеріңізге белгілі педогокикалық тәжрибеде білімдерді тексерудің алуан түрлі өдістері мен түрлері бар. Дегенмен казіргі қолданылып жүрген дәстүрлі әдістері оқу материалдарын меңгерудің сапалық жағынан анықгайды.
* Дәстүрлі бақылау жұмыстары есепті шығарудың әдістерін игеруге, есептерді шығару кезінде қиыншылыктарды көруге, жұмысты орындағанда, әдетте жіберілген кателерді айыра білуге септігін тигізеді. Бірақ олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материадцарының тек 30-50 процент! ғана тексерілуі мүмкін. Ал тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалық жағымен қатар сандық жағын бағалауга мүмкіндік береді. Демек тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін обьективті бағалуға мүмкіндік береді.
"Сонымен, тест сандық бағалауға, статистикалық өндеуге және салыстырмалы талдауға икемді обьективті стандартталған өлшеуі болып табылады" [12].
Бүгінгі танда компьютердің пайда болуымен тест тапсырмасын қолдану ауқымы да кеңейді. Себебі компьютерді пайдаланып студенттер мен оқушыларды семестр, тоқсан ішінде бірнеше рет сынақтау (тестілеу) -- олардың ағымдық білімін тексерудің негізгілерінің бірі. Тест тапсырманың нәтижесі арқылы өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және қосыміпа тапсырмалар беру арқылы олардың білім деңгейлерін көтеруге әсер етуге болады. Компьютер арқылы өткізілген тест нәтижесі жылдам, кағаз кажет етпейді, басқаша айтқанда арзан.
Жалпы тест күрделілігі жағынан кәдімгі бақылау жұмысынан төмен болғанымен, берілген материалды камту алқымы кең. Ал енді ауызша сұраумен салыстырсақ, онда оның ең негізгі артықшылығы, мұғалімнің әр оқушының (студенттің) үлгерімі туралы ақпаратты дер кезінде алу мүмкіндігінде.
Тестке әр әдебиетте әр түрлі анықгама беріледі. Мысал ретінде бірнешеуіне тоқталып өтейік:
Тест - жауап үлгісі берілген тапсырма;
Тест - белгілі бір уақыт аралығында орандауға тиісті әр түрлі тапсырмалар жиынтығы;
Тест - сыналушының ой-өрісін анықтау мақсатымен құрылған ықшам түрдегі тапсырмалар;
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылы толықгырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады [13].
Білім берудің саласында " Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес [14].
Кіріспеде көрсетілген дипломдық жұмыстың мақсатына сай электрондық оқулық жасау құрал ретінде HTML тілі тандап алынды. Себебі, электрондық оқулықгың теориялық материалдары гиперсілтеме арқылы ұйымдастырылуы тиіс, ал HTML тіліңце гиперсілтеме оңай жасалынады. Дипломдық жұмысты орындау барысында гиперсілтеме жасауды, gif-файлдарды кірістіруді, терезелерді безендірудің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды үйрендік. Безендіру үшін арнайы суреттер мен фондар интернет желісінен алынды [15]. Гиперсілтеме терендіктері 3-4 деңгейге жетті.

1.6 Object Pascal тілі электрондық оқулықта қолданылуы

Object Pascal тілі Delphi бағдарламалау тілі және стандартты Pascal тілінің объекті - ориентирленген кеңейтілуі болып келеді. Delphi жүйесі визуалды бағдарламалау мүмкіндігін VCL визуалды компонеттердің библиотекасы көмегімен қамтамасыз етеді.
Визуалды компоненттердің библиотекасы (Visual Component Library, VCL) қосымшаларды тез өңдеуге арналған көптеген кластарды
құрайды. Библиотеканың элементтері Object Pascal - да жазылған, сондықтан ол интегралданған Delphi қосымшасының өңдеу ортасымен тығыз байланысты. VCL де негізінен визуалды емес компоненттерден тұрады, және визуалды компоненттер, және де TObject абстракті кластан бастап басқа да кластар бар. Барлық компонентер - бұлар кластар, бірақ барлық кластар ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Е- learning электронды оқу жүйесі
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары
Бағдарлама кодының терезесі
Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін ұйымдастыру технологиясы
Бағдарламалау тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалау және бағдарлама құру
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Ms access-ті үйренуде компьютерді пайдаланудың алғышарттары
Пәндер