Элементарлы сенсорлық психиканың жоғарғы деңгейіне жалпы сипаттама


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Элементарлы сенсорлық психиканың жоғарғы деңгейіне жалпы сипаттама

Бұл деңгейге төменгі көпклеткалы омыртқасыздар - тікен-терілілер (иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақиналылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Көпклеткалы жануарларда алғаш рет әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген, түрлі қызметтер атқаратын арнайы клеткалар пайда болады. Алғаш рет примитивті нервтік жүйе - жеке мүшелердің, жүйелер мен организмдердің іс-әрекеттерінің тұтастай координаторы пайда болады. Төменгі көпклеткалы организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық (гидралар) ; шеңберлік (медузалар) ; радиальды (теңіз жүлдызшалары) ; билатеральды (жалпақ құрттар) және "нервтік баспалдақ" (сақиналы құрттар) түрінде кезедеседі. Бұл деңгейде сонымен қатар бас (цефализация үрдісі) және бас миы пайда болады - яғни нервтік элементтердің жинақталуы өтеді.

Қозғалыстар. Сақиналы құрттар негізінен теңіздерде және тұщы су суаттарында өмір сүреді, бірақ олардың кейбіреулері, жауын құрты сияқтылар топырақта өмір сүреді. Көптеген түрлерге конструктивті іс-әрекетке қабілеттілік тән және олар өздері жасаған түтікшелерде - өздігінше "үйшіктерде" өмір сүреді, үнемі сол жерден жем табу үшін "шабуылға" шығады. Құрылыс материалы ретінде ерекше бездерден бөлінген сөлдермен бекітілетін құмдар мен басқа да ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.

Жабайы түрлер (көптікенділер) басқа құрттарға, моллюскаларға, шаянтәрізділерге және тіпті салыстырмалы түрде ірі жануарларға да шабуыл жасай алады. Кейбір түрлердің рационын балдырлар немесе түптің үстіңгі жағындағы органикалық қалдықтары құрайды. Сүліктер жақсы жүзеді, жорғалайды, жұмсақ жерлерде жол қазады, кейбіреулері құрлықта жүре алады және өз жемдерін - сүтқоректілерді және адамдарды құрлықтан табады. Сүліктердің қозғалыстарында олардың сорғыштары үлкен рөл атқарады. Алғаш рет өсінділер түріндегі жұп аяқ-қолдар - параподиялар пайда болады, олардан тактильдік және химиялық сезімталдықтың қармалауыштық мүшелері шығады. Ауыз қуысында жақтар пайда болады.

Сезім мүшелері және сенсорлық кабілеттіліктер. Осы деңгейдегі омыртқасыздарда сезім мүшелері олі әлсіз дифференциацияланған, сондықтан сипап сезудің, химиялык, сезімталдықтың және т. б. арнайы мүшелерін бөлу қиын болып табылады. Бұл жерде алғашқы сезім мүшелерінің плюромодалдылығы туралы, яғни жалпы, барлық тірі материяға тән сезімталдық жайлы айтылуда. Бірақ специализациясы энергияның жеке түрлері бойынша эволюция үрдісінде энергияның бір арнайы түріне специализацияланған унимодальды рецепторлық құрылғылардың пайда болуына алып келе алатын жоғарғы деңгейде болады. Сонымен термо-, хемо-, механо-, фото-, және басқа да рецепторлар пайда болады.

Бұл болжамға сәйкес көпклеткалы жануарлардың барлық, сезім мүшелері сипап сезу мүшелерінен - біршама аз дифференциацияланған рецепторлардан дамиды. Ішекқуыстылардың өзінде бұл мүшелер иіс сезу қызметін де атқарады. Бұнда алғашқы плюромодальдықтың қалдықтарын байқау қиын емес. Көз сияқты күрделі сезім мүшелерінің өзі эволюция үрдісінде төменгі қатардағы сезім мүшелерінен - сипап сезу мүшелерінен - "сенсиллдерден" пайда бола алады. Әйгілі отандық зоолог, омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы бойынша маман В. А. Догель айтқандай, басқа жағдайларда кері құбылыс та жиі орын алады, онда - омыртқасыздардың қандай да бір рецепторлары жоғалып кетеді және кейін бірнеше уақыт өткеннен кейін бірнеше өзгерген формада қайтадан пайда болады. Гидра мен жауын құрты жарықты денесінің бүкіл үстіңгі қабатымен қабылдайды. Көру мүшесінің эволюциясын медузалардың әртүрлі формаларының мысалында жақсы зерттеуге болады. Кейбір формаларда көздік дақ түріндегі жарықтық сезімталдық мүшесі болады, ол - жылтыр эпителилік қыртыстың астындағы көру және пигменттік клеткалардың жинақталуы. Басқаларда көздік дақ көздік шұңқыр қалыптастыра отырып, көру клеткаларын зақымданудан жақсырақ қорғау үшін тереңдікке кетеді. Және жоғары дифференциацияланған көру мүшесі аналогы - хрустальды көздік көпіршік пайда болады. Бірақ көру әлі де болса фотоскопиялық болып қала береді, заттық қабылдауға қабілеттілік жоқ болып табылады.

Сезім мүшелерінің симметриялық орналасуының арқасында примитивті таксистермен қатар жоғарғы таксистердің де бірнеше формалары бар. Неміс ғалымы А. Кюн мынадай түрлерден тұратын жоғарғы таксистердің классификациясын өткізді: 1 - тропотаксистер - симметриялық орналасқан ре-цепторлардағы қозудың интенсивтілігін теңдестірудің нәтижесінде қалыптасқан, бірдей әрекет ететін қозғалыс; 2 -телотаксистер - тітіркендіргіштің бір бастауын таңдау жөне соған қарайғы бағытта қозғалу; 3 - менотаксистер - симметриялық емес тітіркендіруде симметриялық орналасқан рецепторларда бұрышта тітіркендіргіштің бастауына қарай қозғалыс жасалады. 4 - мнемотаксистер - бейімделулерді индивидуалды есте сақтау, ол тек есі дамыған жоғарғы жануарларда ғана кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психиканың эволюциясы
Психика эволюциясы
Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Зоопсихология ғылымы
Элементарлы сенсорлы психика сатысы
Үйрену әдеттену деңгейінде
Зоопсихология пәні
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Қабілеттің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz