Эстетика туралы
Этномәдени тәрбие берудің негізіне бағдар жасауға қозғаушы күштер
Бүгінгі таңда қазақ халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің ұлттық сананы қалыптастыруға, эстетикалық тұрғыдан кәмалатқа жетілуінің басымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Ұлттық сананың бір құрамы этномәдени тәрбие беру бүгінгі таңда қайта жаңғырту үдерісінен өтіп отыр. Сөйтіп, әлеуметтік-мәдени бағыттағы өзгерістерге сәйкес жоғары сынып оқушыларын эстетикалық талғамға тәрбиелеудің және этномәдени білімдендірудің концептуалдық негізіне байланысты бірнеше педагогикалық тірек, субстанция болатын ұғымдардың мәні айқындалды: теория, генезис, прагматика, мәдениет, өнер, білімдендіру, оқыту, тәрбиелеу, эстетикалық талғам, парадигма, принцип, заңдылық, стратегия.
Теория грек сөзінен алынған tyecorio (энциклопедиялық, философиялық сөздіктерде) байқау, зерттеу, сонымен қатар ұлттық сана-сезімді, эстетикалық талғамды айқындайтын, жинақтайтын дүниетаным, мұраттар жүйесі деп көрсетіледі.
Генезис - сал-серілік өнердің шығу тарихы.
Прагматика - сал-серіліктің ізгілікті өнегесін іс-әрекетке қосу.
Мәдениет - оқушылардың сал-серілік өнерінен үлгі алуы.
Өнер - сал-серілікке қатысты нысандарды іріктеу.
Қағида - сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудегі жүйеленген, сабақтастық принциптерді қолдану.
Жоғарыдағы ұғымдар этномәдени тәрбие берудің негізіне бағдар жасауға қозғаушы күш.
Заңдылық - стандарттағы талаптардың мектептен тыс жұмыстарда ұтымды пайдалану.
Стратегия - бұл әр ұлттың этномәдениетінің тәрбиелілік деңгейін шетел кеңістігіне байланыстыра алу іскерлігі.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан Республикасы мәдениет саласында күрделі тарихи бетбұрыстар мен түбірлі қоғамдық жаңарулар мен жаңғырулар тұсында өмір сүріп отыр. Осы ретте қазақ халқының мәдени мұрасының өнер саласындағы дамудың тарихи сипатын айқындап берерлік бірқатар ғылыми еңбектер жарық көрді.
Мәдени мұраның бір құрамы салдық-серілік дәстүрдің қоғамдағы алатын белгілері, тәрбиелік мүмкіндіктері ашылып, жаңа әдіснамалық бағытпен мектептен тыс жұмыстардың белсенділік ұстанымда ұйымдасуына жаңа жағдай жасалып отыр. Осының негізінде өнер саласынан жасөспірімдердің біліктілігін оятудың инновациялық технологиялық негіздердің туу себептерін айқындап алу және оны зерттеушілерімізде эстетикалық ұтымды тәрбие үдерісіне жаңа ғылыми-педагогикалық дүниетаныммен қарауды ойластырдық.
Этикалық тәлімге әл-Фараби адам баласының өмірде кездесетін жамандығы мен жақсылығының айырмашылығын ажырата алуға мүмкіндік береді деген тұжырым жасаған. Өнер иелерін түсіну, оның жалпы құнын ұғыну адамды мейірбандыққа бөлейді дегені - жұмысымыздың басымдығы. Сөйтіп, әл-Фарабидің өнер туралы трактатында мейірбандық ұғым басымдық орында болып келеді. Данышпанның бұл еңбегінде этика үш бірлікте ұсынылады:
1. Білім. 2. Мейірбандық. 3. Сұлулық.
Эстетика туралы әл-Фарабидің теориялық ой-тұжырымдары Риторика, Поэзия өнерінің каноны туралы трактат, Поэзия өнері туралы т.б. Әсіресе, әл-Фараби өзінің Музыка туралы үлкен кітап атты сүбелі еңбегінде Музыка ғылымының мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. Музыка - әуез құдіретімен адамның көңіл-хошын жоғары деңгейге көтеріп, оның дімкәс, ауру халін салауатты өмірге ауыстыруға көмегінің барлығын баса көрсетеді. Адам баласының музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әртүрлі сатысын көрсетіп береді, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін музыкалық жанрларға тоқталады. Өнерді әл-Фараби көркемдік адамның денесі, жаны, рухани жан дүниесінің адамгершілік сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Көркемдікті түсінуді данышпан адам баласы өзінің жасампаз еңбексүйгіштік қасиетімен қолы жетеді деп есептейді. Мұнымен бірге әл-Фараби қайырымды, мейірбан жандардың жәрдеміне сүйену арқылы сондай көркемдік қабілетке ынталанады дегенді ұсынады. Жалпы өнерге қол жеткізудің өзі - іске, қимылға, белсенділікке ұмтылып, қиыншылықты, өмір жолындағы бөгеттерді жеңе білу деп түсіндіреді. Өнердің өзі тек рухы биік тұлғаға жетілдіріп қоймай, оның заттық мәселелерде де молшылыққа ие болатыны жайлы да атап өтеді. Өнер жасау іс-әрекетінде халықтар достығының, интеграциялық одақтардың берер жемісі ерекше екеніне де тоқталады. Өнер ілімін зердесімен саралап зерттеген әл-Фараби Бақытқа, Құтқа, Дәулетке, Берекеге жетудің төте жолы деп пайымдаған.
Қорыта айтсақ, әл - Фараби өзінің ғылыми еңбектерінде өнерге жан-жақты анықтама беріп, оның құрылысына талдау жасап, өнерлі адамның ұтары не дегенге жоғарыдағыдай баға береді.
Абай Құнанбаев өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде өнер туралы соны пікірлер айтқан. Мәселен: Құр айғай бақырған, Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған, Кісіге сән бе екен? - деген өлең жолдарын қара сөзге аударудың жөні жоқ қой дей отырып, өнер туралы данышпандық ішкі ой-пікірін түсіну қиын емес. Сол секілді: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар Жас балаша көңілді жақсы уатар Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушысының құлағын кесері бар деген жолдардан барлық әннің өнер кеңістігінен орын ала бермейтініне тоқталады. Абай Құнанбаев аталған өнерге қатысты талап пен оның белгілі бір шарттарының бар екенін айқын аңғарта отырып, осы аталған ой-тұжырымдарының қорытындысын мына түзілімде ұсынады: Ақылдының сөзіндей ойлы, күйлі Тыңдағанда көңілдің өсері бар. Анықтап айтсақ, адамның көңілі өнермен өседі дегенді ұсынған дана ақынның бұл ой өрілімінен өнер сүйер қауымның өзіне күш-қуат рухани нәр алары белгілі болады. Сол себепті кешегі Жанботалар Біржан салдарды үйіне шақырып, бүкіл ауыл алдында беделі артады. Осындай көріністен Азнабайдың күндестігі, бақастығы туып, өнер иесіне қол жұмсау арсыз іске дейін ұласады. Бұл арада өнерді құрал ретінде пайдаланған адамдардың образы шығады. Бұл тұжырымды данышпан өзінің қара сөздерінде дамыта түседі: Талапты ескермесе, ол жоғалып кетеді. Өнерді күнде тексеру керек. Өнерге қаскүнемдік келтірер залалды мінез-құлық: мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық. Өнердің ең биіктігін қамтамасыз ететін сезім деген пайымды ұстанады.
Халқымыз барша күйкі тіршіліктің бұғауынан бір сәт өзін ажыратып, көңіл-күйге, рухани медеу, сүйеніш әкелер жоғары әуезді, пафосты жырлармен еңсе көтерер сал-серілер келгенде жұбаныш табар күндерді тосатын. Өйткені, өнер арқылы жігер-қуат, нұрын себер арқалы өлең - жырлар кейбір қасиетті сәттерге жарық сәуле шапағатын себеді. Сондықтан қазақ халқы сал-серілерге өздерінің ең дәмді тағамдарын, сыйға тартар жоралғыларын сақтап, жол түсіп, келе қалғанда сол рәсімдерін орнымен атқаруға жанын салатын.
Тәуелсіздікке ие болғаннан бергі уақытта мәдени мұрадан Қазақстан мемлекеті жаңа белеске, сапалық деңгейге жетілді. Алайда бұл белес өткен уақыттағы өнермен анықталады, соның ішінде зерттелмеген нысан сал-серіліктің қоғам өзгерістеріне ықпалының болғанын анық байқауға болады. Мұнымен бірге сал-серілік өнерге В.В.Радловтың берген бағасы мен түсінігіне қосыла беруге бола ма? - деген сауалға жауап іздестіруді орынды деп есептедік. Біріншіден, В.В.Радлов: Сал шор тілінде жерошақ, от орны мәнінде, сағай тілінде шу, дауыстау, дабырлау мәнінде, қазақ тілінде жүрген жерін у-шу, думан қылып, көп сөйлеуші, оғаш киім киюші адам мәнінде қолданылады.
Сол секілді Ильминскийдің берген түсінігінше Сал деген сөзге тұлабойым сал-сал басып түсіп барады деген анықтама береді. Мұнымен бірге еліктеме мағынасында қолданылады дегенді қоса дәйектейді. Біздің байқауымызша, қазақта ән айт дегеннен гөрі, белсенді лексикалық қорда ән салдеген тіркес көбірек қолданылады. Бұдан сал деген ұғымның бірнеше мәнде қолданылатыны байқалды. Ақындық өнер мен ән салу қатарынан дамытылып, тыңдармандарын баурап алу басымдық рөлде болған. Нәтижесінде, әншілік өнері әсерлі болып келген. Сөйтіп, сал-серілерге тән әрекет өлең жырлаймын делінбей, ән шырқаймын деген мәнде қолданылады. Зерделеу барысында сал-серілердің өздеріне тән стильдік ерекшеліктері аңғарылды. Мәселен, Біржан сал: Атадан Біржан сал боп тудым артық Аққумен аспандағы ән қосамын десе, Шашубай: Ал гармоным, гармоным, ал Кертай ақын: ән шырқа, жез тіл, сырнай, алдым қолға секілді жоғары ырғақ пен қарқынды лебізбен өріліп беріледі. Жасыратыны жоқ, сал-серілік өнерге ХІХ ғасырдан бүгінгі күнге дейін дұрыс ақиқатқа сыйымды баға берілмей келгені баршамызға да белгілі. Ал сері деген сөз арабтың сир (сейір) - қыдыру, кезу деген сөзінен туып, серуен, сайран салу мағынасына айналып, сонан сері деген келтірінді ұғымға ие болуы мүмкін. Қыпшақ тілінің ХІІІ ғасырдағы ескерткіші Кодекс Куманиксте сері (шері) әскер мағынасында қолданылғандығы айтылады. Бұл пікірді С.Е.Малов анықтап берген.
Көне дәуірдегі ақындық дәстүрде сал-сері деген айтылмыш тарихи деректер болмағанымен өнердің бұл түрінің генезисі сонау тұрмыс-салт жырларының бір құрамды бөлігі екендігі, оның және өнер тармағына бертін бөлініп шыққанына ешкім шүбә келтірмесе керек. Керісіншe, Орта Азия, орыс, Сібір, орта ғасырдағы Европа, көне шығыс тарихында сал, серіге ұқсас ақындық салт болғандығы мәлім.
Сал-серілік өнердің тәрбиелілік мүмкіндігін зерделеуге жол жабық болғаны кешегі тоталитарлық жүйеде оған, төмендегідей пікірлердің қалыптасуына байланысты. Осыған орай мына бір түйінді қорытынды пайымдауларды ұсынамыз:
Қазақтың сал, серілерін түгелінен халықтық ақын, әншілер деуге болмайды. Шыққан тегі, таптық ортасы жағынан алсақ, Ақан сері мен Жаяу Мұса бірдей емес. Жаяу Мұса - үстем феодал қауымынан қуғын-сүргін көрген нағыз еңбекші, халық ортасынан шыққан сері ақын. Ал, Ақан сері болса лирикаларында өз дәуірінің күрделі қоғамдық мәселелерін, өмір шындығын кең қамтып жырлай алмады. Кейде діншілдікке де салынады. Тек жастардың бас бостандығын, махаббатын ғана лирикалы көлемде шебер жырлай алады. Міне, осындай идеялық творчестволық қайшылықтары бола тұрса да, Ақан - халыққа ұнамды, лирикалы өлең, ән шығарып таратқан әнші, ақын.
Қарап отырғанымыздай, сыныптан тыс оқыту үдерісінде жасөспірімдердің мектеп көлеміндегі алған біліктілігін кешегі өткен мәдени мұра қорымен толықтыруға аталғандай бағалар, сал-серілікке кешегі кеңестік дәуірде өнердің біліми-ғылыми сипатын төмендетуге бірден-бір қырсықты тұжырым қалыптасып қалған көзқарас кедергі келтіріп отыр. Ойымызды одан әрі дәлелдеу үшін тағы да мынандай таптауырын болған түйіндерге көз жүгіртіп қарайық:
- Қазақтың бірқатар салдары, байлардың мырзалары болған Иманжан айтқан Башен сал да ірі бай. Он түрлі ат міну, өзінің саяхат жасайтын аралы бар, көл иемдену дәулетті салдың қолынан келетін салт. Бірақ мұндай сал, серілер қоғамдық мәні бар өлең, ән-күй шығарып айта алмаған. Сөзі, ән өнері, көпке ұнаған сал, серілер қалың бұқараның тілегіне, ой сезіміне қонымды, қызықты салттарды қолданған әнші ақындардың творчестволық, өнерпаздық дәстүрінде қаладағы базар, жәрмеңкедегі орыс, татар және басқа халықтардың өнер үлгісі де бар екені даусыз. Кемпірбай, Шолақ, Ағашаяқ, Шашубайлардың спорт, цирк өнеріне берілуі, Жаяу Мұса, Біржан, әсет әндеріне орыс, Украина музыкасы әсер етуі, Ақан сері мен Шашубай өлеңдерінде айқын сезіледі. Мәселен, Ақан сері: Көптен көп поклон айттым, скажия... немесе Шашубай: Он екі звод гармонмен ән салғанда, қасыма қыз-келіншек үймелеген деп жырлауы әнші-ақындардың негізгі көпшілігі феодалдық қоғамдық ортаға да, патша үкіметінің заң ережесіне үнемі наразы болып қуғынға ұшырауы - бәрі халықтар прогресінің ықпалына байланысты ерекшеліктер.
- Сал, серілерде ақындық пен өнерпаздығы, әншілігі қатар келеді дерлік. Бұлардың өлеңі әндері нәзік, сезімді толқытарлық лирикалы, көбінесе махаббат тақырыбына арналып айтылады... Бұл ретінде Ақан серінің Торыны таңға байлап, мінген қандай деген лирикасын мысалға алуға болады. Мұнда торы атты әсемдеп жаратып мініп, қызды ауылдың тұсында ән шырқап, сұлу қызға жеңгесі арқылы сөз айтып, ишаратпен әзілдесіп, іштей бірін-бірі ұғысқан, біріне-бірі ынтық болған ақын сыры баяндалады;
- Сал, серілердің әрбір лирикалы ән, өлеңдері, белгілі бір поэмалық сюжетке құрылған аңыз әңгімелері бірге айтылып отырады. Мәселен: Ақан серінің Құлагер әні, өлеңі оның Құлагері байлардың қыспағынан өлгенде жоқтау ретінде шығарған. Сырымбет ақынның ғашығына арналған. Біржан салдың Жанботасы өзін Азнабай болыстың поштабайы сабап, домбырасын тартып алғанда ыза болып, өз елінің болысы Жанботаға күйік пен шағым етіп шығарылған. Жаяу Мұсаның Ақсисасы Шорман тұқымдары өзін қудалап, тұтқындап, жаяу айдап жер аударғанда айтқан кекті өлеңі, Шолақтың Ғалиясы, Шашубайдың Аққайыңы, Естайдың Қорланы да осындай мотивпен жырланған.
Қазақтың сал, серілерінің ақындық, өнерпаздық қызметінде күлкі, қалжың, сықақ сөздер де көп кездеседі. Сал-серілер үнемі ақындардың айтысына қатысқан... Сал, серілік жағдайында әсіресе, XVIII-ХІХ ғасырда ең дамыған ақындық өнер. Ол этномәдени тәрбие берудің бір құралы болған және ақындыққа жаңа мазмұн, ажар берген.
Жоғарыда келтірілген түйіндер - Ахмет Жұбановтың сонау кеңестік дәуірдегі тегеурінді заңдылықтардан қаймыға отырып жасаған тұжырымдары. Антогонистік тап қайшылығын бетке ұстау тактикасымен сал, серіліктің өнеріндегі тәлімділік қуатын айту іс-әрекеті аңғарылады. Өкінішке орай, Ақан сері және тағы да басқа серілер мен салдардың өлеңдері тек лирикадан тұрады дегенде, зерттеушінің әдейі негізгі ойдан ауытқушылық сақтығын байқаймыз.
Сал-серілік дәстүрлердің шығу тегін зерттеулердің өзі педагогика саласында айрықша қиындық туғызады. Әрине, Біржан сал мен Ақан серілерге дейінгі дәуірлерде де серілер мен салдардың болғаны анық. Біздің зерттеу еңбегіміздегі алға қойған мақсатымыз барлық сал-серілік құрған тұлғаларды табу мен шұғылданудан гөрі, аты мәшһүр өнер иелерінің әлемін жаңа дүниетаным тұрғысында зерттеу. Олай болса, Біржан сал шығармаларындағы ел мәселесі, қоғам, адам тағдырындағы нелер бір қым-қуыт тауқыметтер мәселелері көтерілмеді деген тұжырымдарға қарсы пікір айтуды жөн көріп отырмыз. Нақтылап айтсақ, бірқатар өлеңдеріндегі заманаға қатысты ой-пікірлерін жіктеп өтейік:
Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?
Қара су есік алды ылайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Камзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды.
Теміртас, Асыл, Ақық - екі қарғам,
Байлаулы арқандағы қолымды шеш.
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Бұл күнде қойды құдай шалықтатып.
Біржан салдың қоғам жайлы ондағы адамдар туралы ой-тұжырымдарын берілген үзінділер арқылы пайымдау қиын емес. Арқаның ерке де бұла әншісі, салы Біржанның өмірі қорлық қақпағында қапас ғұмыр кешті. Біржанның салдық дәстүріне түсінбеушілікпен қараған өз ортасы, отбасы оның зарлы ән шығаруына қозғаушы күш болады. Қай заманда болмасын сал-серілік өнердің тағылымдық қуатынан, салдық өнерден халық театрға барғандай тұшымды әсер алып, күнделікті күйкі тіршілік тауқыметінен мойындары босап, әжептәуір эстетикалық тәлім алады. Өнермен тәрбиелеудің негізгі мақсаты тарихта қалыптасқан бірнеше ғасырлар бойы озық тәрбиелік құндылығын арттырып келе жатқан сал-серілік дәстүріне сүйене отырып, оған берілген жаңсақ пікірлердің дұрыс еместігін аңғарып, сал-серілікке жаңа философиялық тұжырым беру бүгінгі талаптың бір саласы болып табылды. Біржан салдың өнермен тәрбиелеуге және білім меңгертуге қосқан құндылығы мынадай: біріншіден, Біржан салдың еңбектеріне талдау жасалу барысында оның дүниетанымының тірегі-шындықты тайсалмай айтуы; екіншіден, салдық дәстүрді еліне кең ауқымда тұңғыш таратушы, оның эстетикалық қуатын айқындап, халқына жеткізуші; үшіншіден, барлық өлеңдерінде адамға деген сүйіспеншілік идеясын негіз етіп алғаны; төртіншіден, өлеңдерінде адамның қоғамға қатыстылығын айқындағаны. Халқының сүйікті сал-серілері әуезді, сазды әндер шығарып, халқын сүйсіндіргені. Дала сахарасында нотамен үйрететін музыка мектебі болмағанмен, думанды, әнді, сазды әуезді сүйетін еліне әсерлі орындаушысы көңілге қондырып, қуаныш әкеліп отырғаны.
Ақан сері жастайынан білім алуға құштар болған. Ақанның творчестволық жолы алтыбақан, ойын-той, беташар және т.б. басталған. Мұнымен бірге ол - дала өмірінің қызықтайтын жүйрік атын, қыран құсын, алғыр тазысын ұстап, олардың бәріне дерлік өз өлеңдерін арнап, сәнді де салтанатты өнерімен елін баураған тұлға.
Қоғамдық өмір келбетін дала тағдырымен шебер ұштастыра білген Ақан серінің өмірнамасы мен шығармашылығы Біржан салдан гөрі басқашалау. Отбасының пенделерге арналған бақыты үйленіп үй болу мәресіне жете алмаған Ақан серінің көңіліне медеу тұтары - астындағы жалғыз аты. Құлагер Ақанның өзімен қатар танылады. Кешегі бір-бірімен хабар алысу қиын заманның өзінде, сонау кіші жүзге Құлагер Құлашолақ болып жайылады. Атығай, Қарауылды Құлашолақтың елі деп жүрген. Құлагердің аты тағы бір шыққан тұсы Алтай, Аққошқар - Сайдалының бес болысқа сауын айтқан асы болатын болып, Орта жүзден небір сәйгүліктер дайындалған. Бұл атжарыс- бәйгеге Ақан өзінің Құлагерін даярлайды. Үш жүз ат шапқан сол астағы бәйгеде Құлагер жалғыз келеді. Бұл Ақанның мәртебесін биіктетіп, отбасындағы қайғысын (Фатима мен Ұрқияны) ұмыттырады.
Құлагер кешегі Қобыландының Тайбурылы секілді халық санасында арғымақ кейпін орнықтырып, ел аузында ол туралы көптеген мәліметтер тараған. Атқа сын айтушылардың бағасына ден қойсақ, Құлагердің жарауы түскенде ілбіп қана жүреді екен де, тек айқай шыққанда ғана қызып шаба жөнеледі екен, ал бәйгі алдында қыдыртып жүргенде оны шабатын ат деп ойлау қиын екен деседі. Ақан осы атшабыстан кейін Құлагердің маң-маң басқанын қызықтап, Маңмаңгер өлеңін шығарады. Халық Маңмаңгер әнін барлық көңілімен, ниетімен айтатын дәстүрге айналған. Ахмет Жұбанов бұл әнді өте жоғары бағалаған. Әннің жай, сазды, нәзік, жұмсақ мелодиялы, кербез ырғақпен айтылатынына тоқталып өткен. Екпіні жай болғанымен ол қайғылы, жабыраңқы көңілмен айтылмайтынына мән берген. Табиғат, қоғам, адам арасындағы диалектикалық тұтастықты сақтай білген сал-серілердің әрқайсысы өзін дүние әлемнің бір бөлшегімін деу ұстанымы бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін жол ретінде іс-әрекетке қолданым табуда.
Адам баласының рухының ізгілікті бағдарда болуы табиғаттағы сұлулыққа сүйсіне де өзіне рахат табуы дер едік. Біржан да, Ақан да жақсы әндерін жүйрік аттарына, алғыр құстарына, ұшқыр тазыларына арнай отырып, адамдардың ішкі көңіл-күйлерінің жоғары пафоста болуына бағдар жасап отырған. Бүгінгі тілмен айтсақ, Біржан, Ақандар, жалпы сал-серілер заттық дүниенің қызығын жалған деген ұғымға айналдырып, рухы мен жанын дамытарлық, оған шипа әкелерлік табиғат аясынан өздеріне медеу және тағат іздеген. Өнер иелерінің творчествосымен тәрбиелеуде олардың дала заңына қатысты белгілі қалыптасып қалған тұғырлы, шеңбер кеңістігіне өзінің ерік-жігерін бағындыратын қатал қағидалары жоқтың қасы. Мұның өзінен басқа зерттеу еңбектеріндегідей белгілі бір тәлім мен білімді өнер арқылы меңгерудің санамалап айтар заңдылықтары мен ережелерінің бізге дейін сақталмауы өркениеттіліктің белгісі дер едік. Себебі әр тұлғаға өзінің тәрбиесі мен біліктілігін өнер көрсеткіштерімен бағалауға іштей талпынысы түрткі болады. Сал-серілердің аталмыш рухани өнері мен қоғамға деген эстетикалық, этикалық көзқарастарының өзі - басқа қауымның тұжырым-түйіндеріне тәуелді болып келмейтіні таңқаларлық құбылыс. Қоғамдық пікірге өзінің кең даласындай диапозоны кең құлашты өнерін құрбандыққа шалмай, ХІХ ғасырда оның шарықтау шегіне жетуіне қайсарлықпен қарап тұра білген Ақан сері перінің қызымен көңіл қосқан, ал Біржан салды шалыққанды деген атауға қалдырған дүбаралық төменгідеңгейге құлдырап кеткен сол кездегі қазақтың іштарлық кейпі бүгінгі таңда айдан-анық белгілі болып отыр. Табиғатты Жерұйық, Жер-Ана сапасында қабылдаған данагөй даналардың легі ХІХ ғасырда азайып, табиғат жұмағынан жанға ем табарлық азын-аулақ саны осындай заман тудырған бұлбұлдарын бағалай алмайтын амалға көшкен еді.
Тамырын үңгілеп тереңге жіберген халықтық педагогика тұрғысында таразыласақ, Қазақстандағы сал-серілердің өнері бүкіл халықты тұшымсыз, қауқарсыз, жұтаң өмірден бір сәт болса да ажыратып, пәс болған кірбің көңілдері мен болашығына құлып салған үмітсіз жүректеріне өнер сәулесімен қуаныш нұрын сыйға тартқанын бүгінгі ұрпаққа жеткізу - біздің зерттеуіміздің басымдық ұстанымы. Қарап отырсақ, сал-серілердің ғашықтық өлеңдерінен, әлеуметтік - мәдени ортаға риза еместігін білдіретін лирикаларынан, астамшыл адамдардың тоғышарлық мәнсіз өміріне арналған жырларынан қазақтың сол кездердегі психологиясы, тәлім-тәрбиесі, білімділік деңгейі байқалады. Мұның өзі өнермен тәрбиелеу, білім берудің сал-серілікке дейінгі және одан кейінгі уақыты мен кеңістігіне үңіліп зердемен, тарихи қағидамен қарауымызға мүмкіндік беріп отыр. Өнерді бағалай алмайтын адамдардың құрған торына, айналасына, амалдарына қасқая сұңқардай, дауылпаздай қарсы тұра білген сал-серілер пақырлық, ұсақ-түйек күйкі тіршілікті өздеріне лайық санамай, азаматтық, ізгілікті болмыстарын үлгі ретінде мәңгілікке қалдыра білді. Міне, біздер бұл қасиеттерді өнер арқылы қазақстандық патриоттық сезімге баулу тұрғысында зерделедік. Ахмет Жұбанов сал-серілік дәстүрдің әлеуметтік және қоғамдық мәнін компартия идеологиясының құрсауынан қаймығып, ақиқатты тұрғыда ағынан жарылып жаза алмауының себептері бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде белгілі болды. Тоталитарлық басқару жүйесінде империя өзінің қарамағындағы (мейлі патшалық Ресей болсын, мейлі Кеңес мемлекеті болсын) бұратана халықтардың, кіші мемлекеттердің өнері, ғылымы, білімі көзге түсерлік дәрежеде дегенге ауызы бармады. Мұның өзі кейбір татымсыз мұғалімнің деңгей мөлшерінің шектеулілігіне байланысты өзінен озық шәкіртін тұқыртуымен бара-бар. Жоғарыда берілген ой-пайымдардан түбірлі тұрғыда қазақ елінің бұрынғы мәдениет саласындағы дәстүрлері мүлдем өзгерістерге ұшырауы да басқару саясатынан еді. Десек те, озықтық мәдениет түрлеріне, соның ішінде, сал-серілікке Ахмет Жұбановтың зерттеуінше Омбының генерел-губернаторы Тәттімбеттің бүгінгі ұғымда циркке тән қойылымын ерекше бағалағанын атап өткенін ескергеніміз дұрыс болмақ. Нақтылап айтсақ, жалпы генералдың берген бағасы мен Тәттімбеттің өнер тұғырының түзілімі төмендегідей болып келеді:
- Тыңдаушыларының назарына іліккен Тәттімбет, оларға тағы бір өнер көрсеткелі жолдасына атын көрсетіп, ымдады. Ол түсіне қойып, күйшінің жетегінде келген Бозжорғаны Тәттімбет құлын күнінен бастап баулып, оған көп нәрсе үйреткен-ді. Ауыл адамдарын таң қалдырған Бозжорғаның күйге билейтіні. Иесі күй тартып кеткенде Бозжорға оны айнала билей жөнеледі. Біресе аяңдап, біресе тездетіп жорғалап, тағы баяулап, музыканың ырғағынан тыс кетпеді. Нанымның кейбір кертартпа ағымына ұйыған ауыл адамдарына Тәттімбеттің бұл ісі бір шайтанмен байланысты адал дүние емес болып көрінсе, генералдың айналасы үшін бұл өнердің шыңы болып бағаланады.
- Генералдың айналасындағы топтан жай киімді бір адам бөлініп шықты да, Тәттімбеттің қасына келіп, тілмаш арқылы сөйлесіп кетті. Ол күйшіден өзінің орындайтын шығармаларын тағы қайталауын сұраса керек. Ол адам нотадан сауатты көрінеді. Тәттімбет күйлерін қайтадан орындап беруге және нотаға түсіруге келісім береді. Генерал болса, ол тек күйшінің қолын қысып риза болғанның белгісі деп өзінің жібек зонтигін сыйлайды.
Міне, бұл жолдардан Ахмет Жұбанов: Тәттімбеттің тек күйшілігі ғана емес, бір жағынан ақын, шешен адам болған. Тәттімбет жасынан сері аталған деп, бағалайды. Мұнымен бірге Ахмет Жұбанов алғаш рет сері деген ұғымға салиқалы баға беріп, ұғымдық мәнін анықтаған: сері шын мәнісінде тек әдемі киінуші, ала-құла ер-тұрманды ат мінуші, тек осылар арқылы көзге түсуші емес, - бір жағынан үлкен өнер иесі, адамдарға жақсылық, жазба указсыз берген Құрметті өнерге еңбегі сіңген деген атағы да бар деген. Бұл арада айта кететін бір нәрсе - Құрманғазы да, Сейтек те, Түркеш те, басқалары да әдемі киініп, әсем ат мінуден қашпас еді. Бірақ олардың Тәттімбеттей мүмкіншілігі болған да жоқ. Бұл жағынан, қазақтың халық композиторлары ішінде Дәулеткерей мен Тәттімбеттің өмір жолдары басқарақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz