Этнопедагогика материалдары негізінде мектепалды балаларының шығармашылық әрекетін қалыптастыру
этнопедагогика материалдары негізінде мектепалды балаларының шығармашылық әрекетін қалыптастыру
Балабаева А.И. - п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ),
Төлтаева Д.А. - тәрбиеші (Сырдарья ауданы, №6 Ботагөз санаториялық балалар бақшасы)
Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез-келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы - ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке тұлғаның білім алуын қамтамасыз ету. Сол себептен де Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазақстандағы білім жүйесінің ұлттық ерекешеліктерін ескере отырып, әлемдік стандартқа сәйкестендіру қағидасы шығармашылықпен жұмыс істеуді бүгінгі күннің негізгі міндеттеріне айналдырып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау деп көрсетілген.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің үлгісін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті.
Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу екені айқын.
Тұлғаның шығармашылық әрекетін қалыптастыру - өте күрделі үдеріс. Сондықтан оны баланың жас кезінен бастаған дұрыс. Мұнда мектепалды даярлықтың маңызы зор.Мектепалды балалардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Мектепалды балалардың шығармашылық әрекетін этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастырудың маңызы ерекше. Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өзінің ұлттық салт-дәстүрін құрмет ететін ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.
Ұрпақ тәрбиесінде этнопедагогика материалдары баланы шығармашылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Этнопедагогика материалдарын мектепалды дайындығының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану және этнопедагогика материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық еңбектерде зерттелген.
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиедегі ең басты бағыт: Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Этнопедагогикалық білім беру - этнопедагогика материалдарын мектепке дейінгі балалардың меңгеруі, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас жүйсі мен нәтижесі болып табылады.
Мектепалды балаларды шығармашылыққа тәрбиелелуде этнопедагогикалық білім берудің мақсаты ұлттық сана-сезімді, өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас қалыптастыруға тиіс.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz