Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері.

Жоспар
Кіріспе

1. Этнопедагогика мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этноспихологияның өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
2. Этнопедагогика мен халықтық педагогикасының зерттелу тарихына қысқаша шолу жасау.
3. Этнопедагогика мен этнопсихологияның ғылыми педагогика, психологиямен өзара байланысы: халық педагогикасының мінез-құлықтық руханишылық, тәрбиелік, түсініктерінің ғылыми педагогиканың нормасымен ортақтастығы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Этнопедагогикалық білім беру- этнопедагогиканың ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдерді студенттердің меңгеру, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас процесі мен нәтижесі.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Халықтық тәрбиенің негіздерін оқытып, білдіріп меңгерту үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық - әдіснамалық танымдық негіздерін үйретіп білдіруге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады. Сондықтан этнопедагогика пәнін этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытып білдіруден бастауды жөн көрдік. Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық теорияларының өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.

1. Этнопедагогика мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этноспихологияның өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұндау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді.
Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға, тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен де зор болып табылады.
"Этнос" гректің - etnos - тайпа,халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда "халық" терминінің орнына "этнос" термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі - "тайпа", "ұлыс" ("народность"), "ұлт" ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, "халық" сөзінің "бір топ адам" (мәселен, "халық жиналды" десек) деген мағынасы бар екені белгілі. Сондықтан "этнос" терминін қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тіршілік етеді. Оған әлеуметтік бірлестік деп те,этностық бірлестік деп те қарауға болады.шындығында, әрбір адам, бір жағынан,белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, сонымен бірге ұлттың (этностың) мүшесі болып саналады. Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістерсе, этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дәстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайындауғы қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді.
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне тән әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қозғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік - эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілерімен танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға қызығушылығын акрттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын сыныптан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары сыныптар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.

Этнопедагогика мен халық педагогикасының зерттелу тарихы.
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу процесі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салаларымен қатар (мәселен, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік бағдар беру педагогикасы т.б.) оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласын белгілейтін тармағы дүниеге келді. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г.Н. Волков.
Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбие жөніндегі ұғым, түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын ғылым саласы ретінде жаңадан пайда болған этнопедагогика қалыптасу, даму үстінде.
Әсіресе, соңғы онжылдықтарда оның зерттеу пәні, әдістері, халықтың педагогикалық идеяларын бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге асырудың жолдарын қарастырған бірқатар зерттеулер жүргізілген.
Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы, дамуы, қазіргі жайы мәселелерін жан-жақты сөз етіп, оның теориялық-методикалық мәселелерін анықтауға бағытталған еңбектердің маңызы айтарлықтай.
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан іргелі зерттеулердің қатарында оның историографиялық негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан Э.Д.Днепров, Г.К.Искаков, А.Ш.Гашимов: Халықтық педагогикаң және Этнопедагогикаң ұғымдарының ара жігін ажыратып, зерттеу объектілерін анықтауға бағытталған Е.Л.Христова, Г.Н. Волков, Я.И.Калбиков, И.С.Кон, А.Э. Измаилов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі халық бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық қажеттілік талабынан туған құбылыс ретінде көресткен М.Ф.Шабаева, г.С. Виноградов еңбектерін атауға болады.
Соңғы уақыттарда қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен жетістікердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі - халықтық тәрбие тәжірибесі мен оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан этнопедагогика ғылымы үшін де қатысы бар екені даусыз.
Осы орайда этнопедагогика проблемаларының өзектілігіне баса назар аударылуда. Көптеген зерттеулерде бүгінгі тәрбие жағдайында озық педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, халықтық педагогика мен қазіргі тәрбие тәжірибесін байланыстыру мәселесін шешуде талпыныстар жасалған. Бұл тұрғыда Н.Тұрсынов (Тәжікстан), В.И.Элашнили (Грузия), Н.В.Павлова, С.Темурова, А.Минаваров (Өзбекстан), З.Кусейнова, Ж.Бешимов, Б.Анышев, Т.Максутов (Қырғызстан), А.Ф.Ильшентаев (Башқұртстан) және т.б. зерттеулері аса көңіл аудартады.
Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде (Битиева Н.Б., Қыдырәлиев К.Н., Насруллаева Н.Н., Байман Ф.Е. т.б.) халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл-ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды.
Қазақстан жағдайында да халықтық педагогикалық ойларын бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ.Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Ал бірқатар ғалымдар (А.Көбесов, С.Қалиев, С.Ұзақбаева және т.б.) еңбектерінің нәтижелері тарихи-педагогикалық проблеманың бүгінгі міндеттерін шешуде халық даналығын басшылыққа алуды жүктейді.
Көрнекті тұлғалар (Әл-Фараби, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар, ЫАлтынсарин, А.Құнанбев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев) шығармашылықтарының тәлім-тәрбиелік астарлары сөз болған бірқатар зерттеу мен мақалалар ерте замандардан-ақ өмір қажеттілігінен туып, үнемі дамып келген халқымыз тәрбиесінің өзіндік бітімі мен болмысын, дербестігін түсінуге көмектеседі. Бүгінгі таңдағы білім беру жағдайында ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерінің есепке алыну қажеттігін ескертеді.
Алайда халықтық тәрбиенің зерттелу тарихына шолу халық шығармашылығына арналған зерттеулер мен жарияланымдарда оның ежелгі заманнан келе жатқан тарихи құбылыс екендігі айтылғанмен, балалар мен жастарды тәрбиелеуде оның ролі жайлы ойлар айтылғанмен көптеген ғылыми еңбектердің әлсіз тұсы халық педагогикасын оқып үйренудің теориялық мәселелері қамтылмайтындығын байқатады. Мәселен, осыған байланысты М.Ф.Шабаева кешенді көзқарастың жоқтығы, жеке топшылаулардың басымдылығы халық педагогикасының шын өміршең және рухани фактор ретіндегі орнын бұрмалап түсіндіру қаупіне алып келетіндігін орынды ескертеді.
Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымы мен сан-салалалы ғылымның басын қосатын аса күрделі білім саласы.
Әсіресе халық педагогикасын зерттеудің теориялық негізін анықтауда өз саласындағы жетістіктермен қатар онымен сабақтас тамырлас ғылым тарауларындағы жаңалықтардың орны өзгеше.
Соңғы жылдардағы философия, этнография тарауларындағы халықтық мәдениет, дәстүрлі мәдениет , руханилықтың имманенттік өзіне тән формалары жөніндегі көзқарастар тәрбие қызметін халықтық мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыруға ықпалдылығымен құнды. Бұл тұрғыдан келгенде тәлім-тәрбие халық өмірінің барлық саласынан көрініс табатын материалдық және рухани мәдениетпен астасып жатқан күрделі тарихи қоғамдық құбылыс.
Ал халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандықтан, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.
Демек, қай халықтың болмасын тәрбие дәстүрлерінің пайда болып, жетілуі, атқаратын қызметі уақыт пен кеңістіктен тыс құбылыс емес, қайта бұл процестер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, тарихи өзгерістермен, ғылым мен мәдениеттің өркендеуімен, өзге де қызмет түрлерінің дамуымен тығыз байланысты.
Осы орайда халқымыздың тарихи жолында жинақтаған тәрбие тәжірибесімен педагогикалық ойлары көрініс беретін салт-дәстүр, халық шығармашылығының түрлі жанрлары, шаруашылық кәсібі, қоғамдық өмірі, материалдық мәдениет ескерткіштері этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісінің нысанына айналуы аса қажет.
Тұрмыстық - мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Этнопедагогика пәні.
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні
Көпбұрыштар ауданын оқытудың теориялық негіздері
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар жайлы
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
Этнопедагогиканың оку пәні ретіндегі негізгі міндеттері
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Пәндер