Этнопсихология туралы жалпы түсінік туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Этнопсихология туралы жалпы түсінік

Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні - этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы - ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.

Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

В. Г. Крысько б/ша этнопсихология пәні- әр-түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы - күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтық - сәтті түрде талданатын анықтамаларға жатады, - дейді Г. М. Андреева.

Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология кіреді.

Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтері жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т. б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді. Бұл екі тенденция да өте күрделі.

Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.

«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні - этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

XIX ғасырда этнопсихологияның идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вундт болды.

Этнопсихологиялық идеялар дамуының тарихи аспектісі. Ресейдегі этнопсихологияның пайда болуы. Кеңес уақытындағы этнопсихологиялық зерттеулер. Этнопсихология аймағындағы қазіргі уақыттағы зерттеулер. Батыстағы этнопсихологияның ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдері. 60-80 жылдардағы кеңес уақытындағы ұлттық психология мәселелері. Ұлттық психологиялық қойма ерекшеліктерінің қалыптасу жағдайлары. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез ұлт психикасының маңызды құрамдас бөліктері ретінде. Әлеуметтік және ұлттық мінез. Ұлттық сана-сезімнің көріну формалары, құрылымы және функциялары. Ұлттық мінез бен ұлттық темперамент ұғымдарының ара-қатынасы. Ұлттық темперамент этностың психикалық сипаттамаларының бірі. Мінез-құлықтағы ұлттық темперамент рөлі. Тұлғааралық өзара әрекет құрылымы.

Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар

Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг - тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта - аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925. ) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ. Қарашев, М. Ж. Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде-ақ қалам тартуы - осы айтылғандардың жақсы айғағы.

Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері қазақ университетінде логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.

Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е. Суфиев, М. Мұқанов, Т. Темірбековтар диссертация қорғады.

Республикада алғаш рет диссертация қорғаған - Е. Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ университетінің кеңесінде «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» деген тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағынан И. П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей түсіндіріледі, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т. б. ) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс - кеңестер береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Этнопсихология туралы түсінік
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы
Этнопсихологиядағы эксперименттік зерттеулерге анкета құрастыру, зерттеу әдістерін дайындау
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Тұлға проблемасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz