Кәсіпорынның негізгі құралдары



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тарау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындағы негізгі құралдарды қолданудың теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Негізгі капиталдың мәні және өндірістік қызмет үшін маңызы ... ... ... ... 6
1.2 Негізгі құралдарды пайдалануды талдаудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... .19
2 Тарау. «Меркур Строй Сервис» ЖШС.де негізгі құралдарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 «Меркур Строй Сервис» ЖШС.нің технико.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2 «Меркур Строй Сервис» ЖШС.де негізгі құралдардың пайдалануын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3 Тарау. Негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары ... .53
3.1.Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
3.2 «Меркур Строй Сервис» ЖШС.де негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77
Негізгі өндірістік құралдар мемлекеттің маңызды экономикалық потенциалы болып табылады. Олардың жағдайы отандық өндірістің бәсеке-қабілеттігі деңгейі мен нарықтық экономиканың өсу қабілеттігін анықтайды. Осы жағдайда негізгі құралдарды қолданумен байланысты болатын қиыншылықты нүктерлерді анықтай алатын талдаудың маңызы зор болады.
Нарықты экономикаға өту кезінде мемлекетіміздің көптеген кәсіпорындарында негізгі құралдар моральды және физикалық тозған болып шықты. Ондай кәсіпорындардың маңызды мәселесі болып ескірген негізгі құралдарды бөлшекті немесе толық емес етіп ауыстыру, сондықтан оларға қолда бар негізгі құралдарды мүмкіндігінше тиімді қолдану керек, себебі олар өндіріс жұмысының тиімділігіне, сапасына және кәсіпорынның барлық шаруашылық-қаржылық қызметіне тікелей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатын қалыптастыратын 2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму стратегиясы экономика салаларын диверсификациялау және шикізатқа бағыттылықтан арылу арқылы тұрақты даму жолына жетуге бағдар береді. Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету ауқымында бәсекеқабілеттілікті және экспортқа бағытталған тауарларды шығару, жұмыстар мен қызмет көрсету мемлекеттің индустриалды-инновациялық саясатының басты тақырыбы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар өнеркәсіптегі негізгі құралдарды өндіру процестерінің жалпы заңдылықтарға бағынады. Қазіргі кезде негізгі өндірістік құралдарды тиімді пайдалану кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің соңғы нәтижелеріне тікелей әсерін тигізеді. Кәсіпорындағы негізгі құралдар мен өндірістік қызметті рационалды пайдалану барлық технико-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына оның ішінде өнімді шығаруды ұлғайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, табыс пен өндіріс рентабельділігінің өсуіне ықпалын тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорындар негізгі құралдармен жарақталмайды, олар өзіндік, тартылған және қарыздық
1. Назарбаев Н.А. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.
2. Денисов А.П. Эффективность производства в новых условиях хозяйствования. – М. Недра, 1990.-222с.
3. Омаров А. М. Повышение эффективности производства – М: Советская Россия, 1990г.
4. Қазақстанның 2005-2015 жылға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясы.
5. Силин А.Н. Живой и овеществленный труд в механизме экономических процессов. – М. Наука, 1990. – 207с.
6. Механизм эффективности производства – М: Мысль 1990 г.
7. Тальмина П.В. Финансовые рычаги повышения фондоотдачи. – М. Финансы и статистика, 1990. – 207с.
8. Ашимбаев Т.А. Экономический потенциал и эффективность его использования. – Алма-ата. Наука, 1990. – 360с.
9. Каренов Р.С. Цикл воспроизводства основных фондов угольной промышленности: (в условиях рынка). – Алматы: Гылым, 1993. – 248с.
10. Спицын А.Т. Накопление и инвестиции: новые тенденции использования. – Алма-ата: Казахстан, 1990, - 208с.
11. Шокаманов Ю.К. Движение основных средств // Қаржы-Қаражат – Финансы Казахстана. – 2000. - №1 -2. – С. 75 – 86.
12. Президентінің Қазақстан. халқына жолдауы. Астана, 2004 жыл, 19 наурыз. – Егеменді Қазақстан 20 наурыз, 2004 жыл.
13. Салық кодексі – Официальная газета 26(27)
14. Бромвич М. Анализ экономической эффективности капиталовложений: Пер. с англ. – М.: Инфра-М, 1996. – 432с.
15. Леонтьев В.В. Межотраслевая экономика: Пер. с англ. – М.: ОАО «Издательсво «Экономика», 1997. – 479с.
16. Тодаро М.П. Экономическое развитие: Учебник / Пер.с англ. – М.: Экономическая факультет МГУ, ЮНИТИ, 1997. – 671с.
17. Хейне Пол. Экономический образ мышления: Пер. с англ. – М: Издательство «Дело», 1992. – 704с.
18. Шарп У., Александер Г., Бейли Дж. Инвестиции: Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М, 1998. – 1028с.
19. Аникин Б.А. Высший менеджмент для руководителей: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2000. – 136с.
20. Брэддик У. Менеджмент в организации: Пер. с англ. – М.: Издательство «Новости», 1993.- 224с.
21. Вейл Питер. Искусство менеджмента: Пер. с англ. – М: ИНФРА-М, 1997. – 344с.
22. Виссема Х. Менеджмен в подразделениях фирмы (предпринимательство и координация в децентрализованной компании): Пер.с англ. – М. ИНФРА-М, 1996. – 228с.
23. Гроув Эндрю С. Высокоэффективный менеджмент: Пер.с англ. – М.: Информационно-издательский дом «Филинь», 1996. – 280с.
24. Друкер П. Эффективное управлениен. Экономические задачи и оптимальные решения: Пер.с англ. – М. ФАИР-ПРЕСС, 1998. – 228с.
25. Лэнд Питер Э. Менеджмен – искусство управлять: Пер.с англ. – М. : ИНФРА-М, 1995. – 144с.
26. Назарбаев Н.А. Рынок и социально-экономическое развитие. – М.: Экономика, 1994. – 495с.
27. Сабден О. Что делать для восстановления экономики Казахстана? – Алматы: Общественно-политическое издательство «Санат», 1999. – 600с.
28. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: Казахстанская модель. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. – 432с.
29. Амосов А. Повышение производительности общественного трдуа // Экономист. – 2000. – 1. – С.35 – 40
30. Кардашевский В,. Бондаренко А. Повышение производительности: европейский подход // Экономист. – 2000. – 11.- С.35 – 40
31. Гордановская В. Нормативные методы управления себестоимостью // Плановое хозяйство. – 1991. – 6. – С.44 – 52
32. Трусов А. Необходимость переориентации на снижение себестоимости // Экономист. – 1992. – 5 –С.92 – 94.
33. Умирзаков С. Ы., Абилов Е.К. Себестоимость продукции: формирование и направления снижения в промышленности. – Алматы: ЧП «ЮАТ», 2001. – 135с.
34. Бабо А. Прибыль: Пер.с франц. – М: АО «Издательская группа «Прогресс», «Универс», 1993. – 176с.
35. Шамхалов Ф.И. Прибыль – основной показатель результатов деятельности организации // Финансы. – 2000. – 6. – С.19.
36. Пронский Л.М. Три источника прибыли: (введение в общую теорию прибылие, рынка и денег). – М: Финансы и статистика, 1995. – 40с.
37. Темиргалиев Ж. Сущность и измерение внутренней нормы рентабельности инвестиций // Экономист. – 2002. – 7. – С.76 – 80
38. Морозова Т.Г., Пикулькин А.В., Тихонов В.Ф. и др. Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учебное пособие, -. – М. ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 318с.
39. Новицкий Н. Выбор инвестиционной стратегии на новом этапе реформ // Экономист. – 201. – 6. – с.27-34.
40. «Меркур Строй Сервис» ЖШС-нің 2002-2003 жылға бухгалтерлік және есеп беру мәліметтері.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тарау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындағы негізгі құралдарды
қолданудың теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Негізгі капиталдың мәні және өндірістік қызмет үшін маңызы ... ... ... ... 6
1.2 Негізгі құралдарды пайдалануды талдаудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... 19
2 Тарау. Меркур Строй Сервис ЖШС-де негізгі құралдарды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Меркур Строй Сервис ЖШС-нің технико-экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 29
2.2 Меркур Строй Сервис ЖШС-де негізгі құралдардың пайдалануын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..41
3 Тарау. Негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары ... .53
3.1.Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттырудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
3.2 Меркур Строй Сервис ЖШС-де негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 74
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .77
Кіріспе
Негізгі өндірістік құралдар мемлекеттің маңызды экономикалық потенциалы
болып табылады. Олардың жағдайы отандық өндірістің бәсеке-қабілеттігі
деңгейі мен нарықтық экономиканың өсу қабілеттігін анықтайды. Осы жағдайда
негізгі құралдарды қолданумен байланысты болатын қиыншылықты нүктерлерді
анықтай алатын талдаудың маңызы зор болады.
Нарықты экономикаға өту кезінде мемлекетіміздің көптеген
кәсіпорындарында негізгі құралдар моральды және физикалық тозған болып
шықты. Ондай кәсіпорындардың маңызды мәселесі болып ескірген негізгі
құралдарды бөлшекті немесе толық емес етіп ауыстыру, сондықтан оларға қолда
бар негізгі құралдарды мүмкіндігінше тиімді қолдану керек, себебі олар
өндіріс жұмысының тиімділігіне, сапасына және кәсіпорынның барлық
шаруашылық-қаржылық қызметіне тікелей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатын қалыптастыратын 2003-
2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму стратегиясы экономика салаларын
диверсификациялау және шикізатқа бағыттылықтан арылу арқылы тұрақты даму
жолына жетуге бағдар береді. Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету
ауқымында бәсекеқабілеттілікті және экспортқа бағытталған тауарларды
шығару, жұмыстар мен қызмет көрсету мемлекеттің индустриалды-инновациялық
саясатының басты тақырыбы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар өнеркәсіптегі негізгі
құралдарды өндіру процестерінің жалпы заңдылықтарға бағынады. Қазіргі кезде
негізгі өндірістік құралдарды тиімді пайдалану кәсіпорындардың шаруашылық
қызметтерінің соңғы нәтижелеріне тікелей әсерін тигізеді. Кәсіпорындағы
негізгі құралдар мен өндірістік қызметті рационалды пайдалану барлық
технико-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына оның ішінде өнімді шығаруды
ұлғайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, табыс пен өндіріс
рентабельділігінің өсуіне ықпалын тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорындар негізгі құралдармен
жарақталмайды, олар өзіндік, тартылған және қарыздық қаражаттар есебінен
алынады. Сондықтан негізгі құралдар кәсіпорын экономикасын және
бәсекеқабілеттілікті арттырудағы ролі едәуір болып келеді. Өзгеріп жатқан
нарықта көп еңбек құралдарының болуы кәсіпорынның экономикасының
бейімділік қабілеттерін азайтады. Нәтижесінде кәсіпорындарда жоғары
фиксацияланған шығындар пайда болады да, өзгеріп жатқан сұранысқа тез
бейімделе алмайды. Нарықта монопольді орын алу үшін өздерінің өнімдеріне
фиксацияланған сұранысты туғызуға ұмтылады. Сонымен қатар негізгі
өндірістік құралдардың бөліне алмауы олардың бүтіндік сипатымен (олардың
құрылымы өндірілетін өнім түрімен анықталады, негізгі өндірістік
құралдардың бір бөлігін алып тастасақ өнімді өндіре алмаймыз), және олардың
ликвидтігі жоғарылығымен (орнатылған жабдықтарды сату қиынға соғады)
анықталады, бұл капитал салудағы кез-келген қате түзетіле алмайтындықтан
кәсіпорынның жұмыс істеу тұрақтылығы бұзылады.
Ол қателерді болдырмау үшін негізгі құралдарды құрастыру саясатын
жүргізу керек. Ол саясаттың негізінде бір жағынан кәсіпорын өнім өндіргенде
нарық талаптарын ескеру, екінші жағынан негізгі өндірістік құралдардың
саладағы ерекшеліктерін ескеру.
Шаруашылық қызметінің тиімділігін көтеру көп жағдайда қабылданатын
басқарушылық шешімдердің дұрыстығына, уақытылығына байланысты. Осының бәрі
талдау процесінде іске асуы мүмкін. Алайда шаруашылық қызметінің
нәтижелерін тек қана дұрыс жүргізілген аналитикалық зерттеу, оның
тиімділігі мен іскерлігін қамтамасыз етіп шаруашылық процестердің
қозғалысына маңызды ықпал ете алады. Cондықтан да кәсіпорындарда талдау бен
басқару есебін ұйымдастыру бірқатар талаптарға сәйкес болуы керек. Оның
ішінде атап өтетініміз талдаудың ғылыми тұрғыдағы сипаты. Ол дегеніміз
талдау ғылымның жаңа жетістіктері мен алдыңғы, озат тәжірибеге негізделуі
керек, сонымен қатар белгілі бір кәсіпорындағы экономикалық заңдардың әсер
етуімен және де ғылыми негізделген методикаларда қолданумен қатар жүруі
керек.
Талдауды жүргізу басқарушылық шешімдерге қатысы бар әрбір маманның,
шаруашылықтың әртүрлі деңгейіндегі басшылардың, барлық жұмысшылардың
қызметтік міндетінің бір бөлігі болуы керек. Осы жерде талдауды
ұйымдастырудың тағы бір маңызды принципі – шаруашылық операцияларға талдау
жүргізуде орындаушылар арасында міндеттерді профессионалдық деңгейлеріне
байланысты бөлу. Осы бөліністің қаншалықты рационалды болуына байланысты
талдау объектілерін қамту толықтығы ғана емес әртүрлі мамандардың бір
зерттеуді бірнеше рет жүргізу мүмкіндгі де шығарып тасталады. Бұл
мамандардың жұмыс уақытын тиімді қолданылуын және талдаудың жинақтылығын
қамтамасыз етеді.
Аналитикалық зерттеу тиімді болуы керек, ол дегеніміз оны
жүргізгендегі шығындар талдаудың оптималды тереңдігі мен жинақтылығы
жағдайында аз болуы. Бұл мақсатта талдаудың жүргізілуі кезінде аналитикалық
жұмысты жеңілдететін озат методикалар, құралдар кең қолданылуы керек. Бұл
ең біріншіден мәліметтерді рационалды жинау мен сақтау, талдау практикасына
компьютерлер мен басқа да техникалық құралдарды енгізу.
Дипломдық жұмыста негізгі өндірістік құралдарды пайдалану тиімділігін
арттыру туралы теоретикалық аспектілер мен әдістемелік ұсыныстар
қарастырылады. Осының аясындағы ғылыми зерттеулер нәтижесінде Қазақстандық
ғалымдардың көп еңбектері басылып шықты, негізгі өндірістік құралдар
экономикасының теоретикалық мәселелері бойынша көптеген пайдалы жұмыстар
жүргізілді.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезінде мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру жағдайында кәсіпорындар тәуелсіздікке
ұмтылды, тұтынушы нарығы дами бастады, әртүрлі меншік формасындағы
кәсіпорындар арасында бәсекелік өсті. Осының бәрі негізгі өндірістік
қорларды пайдалану тиімділігін арттыру мәселесіне қызығушылықтың пайда
болуына себеп болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайында негізгі
өндірістік құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша теоретикалық,
әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін дипломдық жұмыста келесідей міндеттер
қойылды:
- нарықтық экономика жағдайында негізгі өндірістік құралдарды пайдалану
тиімділігін арттырудың теоретикалық және тәжірибелік аспектілерін
қарастыру;
- экономикалық өзгерістер кезіндегі негізгі өндірістік құралдарды
пайдалану тиімділігін арттырудағы әртүрлі факторлардың ықпалын
зерттеу;
- көпфакторлы әдістемелер негізінде қорқайтарымдылығы динамикасына
талдау жүргізу;
- Меркур Строй Сервис ЖШС-де негізгі өндірістік құралдарды пайдалану
тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды жасау;
Дипломдық жұмыста Қазақстан үкіметінің экономиканы нарықтық
реформалаудың бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасының
нормативтік және заңды актілері, Меркур Строй Сервис ЖШС-нің мәліметтері,
мемлекеттік статистикалық ұйымдардың ақпараттары, монографиялық және
периодикалық әдебиеттер қолданылды. Дипломдық жұмыста экономикалық
зерттеулердің әртүрлі әдістері: салыстыру, компьютерді қолдану арқылы
есепті-аналитикалық әдістер, экспертік және экономико-статистикалық әдістер
және т.б. қолданылды.

1Тарау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындағы негізгі құралдарды
қолданудың теориялық аспектілері
1.1.Негізгі капиталдың мәні және өндірістік қызмет үшін маңызы
Негізгі құралдарды көптеген белгілеріне қарай ажыратады алайда ең
бастысы олардың материалдық өндіріс сферасындағы қатысу деңгейіне қарап
ажырата аламыз.
- өндірістік негізгі құралдар өндірістік процеске тұрақты қатысып
отырады, біртіндеп тозады да өзінің құнын дайын өнімге ауыстырып капиталдық
төлемдер арқылы толықтырылады
- өндірістік емес негізгі құралдар өндіріс процесін қамтамасыз етіп
отырады сондықтан да өндірістік процеске тікелей қатыспайды және де өз
құнын дайын өнімге ауыстырмайды өйткені ол өндірілмейді, ұлттық табыс
арқылы толықтырылады
Өндірістік емес негізгі құралдар өндіріс көлеміне, енбек
өнімділігінің артуына тікелей әсерін тигезбесе де осы құралдардың тұрақты
артып отыруы кәсіпорындағы жұмысшылардың жағдайларының жақсаруына олардың
өмірінің материалдық және мәдени деңгейлерінің көтерілуіне және де ең
соңында кәсіпорын қызметінің нәтижелерінде өз көрінісін табады.
Өндірістік негізгі құралдар кәсіпорын өндірістің қай саласына
қатыстылығына қарай, мысалы өндірістік кәсіпорындағы негізгі құралдар
өндірістік және өндрістік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде өндірістік емес
негізгі құралдар өндірістік (ауыл шаруашылығы, құрылыс т.б.) және
өндірістік емес (үй шаруашылығы, денсаулық сақтау т.б.) болып бөлінуі
мүмкін. Пайдалану дәрежесіне қарай негізгі құралдар келесідей бөлінеді:
• Эксплуатациядағы
• Резервтегі
• Реконструкция, бөлшекті ликвидация, монтаж кезеңіндегі
• Консервациядағы

Өнімді өндіру процесі көптеген бір-бірінен ерекшеленетін кезендерден
тұрады, белгілі бір әрекеттерді қажет етеді сондықтан да өндірістік
белгідегі негізгі құралдардың топтастырылуы олардың өндірістегі
функцияларына байланысты болады. Қазіргі кезде өндірістегі негізгі
құралдарды келесідей топтар бойынша қарастырады:
1. Құрылымдар:
Бұл топқа негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші цехтардың
құрылымдары және де кәсіпорынның әкімшілік құрылымдары кіреді.
2. Құрылыстар:
Бұл топқа жер асты және ашық түрдегі таулы өндірістер, мұнай және газ
скважиналары, гидротехникалық және басқа да құрылыстар кіреді.
3. Тапсырысты құралдар:
Бұл құралдар арқылы электр және басқа да энергия түрлерін олардың
қамтылу жерлеріне қарай аударып отырады.
4. Машиналар мен жабдықтар:
Бұл топқа технологиялық жабдықтардың барлық түрлері және де алғашқы,
қосымша двигательдер кіреді. Бұл топ өз кезегінде топтарға бөлінеді:
а) машиналар мен жабдықтар (пар және гидравликалық турбиналар,
трансформаторлар, жел двигательдері, электромоторлар, ішкі жану
двигательдері мен басқа да алғашқы және қосымша двигательдер кіреді)
б) жұмыс жасайтын машиналар мен жабдықтар (станоктар, пресс, молот,
химиялық құрылғылар, доменді және мартен пештері, прокатты стандар мен
басқа да машиналар мен жабдықтар)
с) өлшемді және реттеуші бұйымдар
д) өлшеуіш техника
е) басқалары
5. Транспорттық құрылғылар:
Олардың құрамын барлық транспорт түрлері кіреді оның ішінде цех
ішіндегі, зауыт және цех аралық транспорт, су арқылы өтетін транспорт,
магистральды транспорт пен трубалар бар.
6. Құрал-саймандар:
Бұл жерге кесуші, басушы және ұрушы құрал-саймандар кіреді.
7. Өндірістік және шаруашылық мүліктер:
Өндірістік және шаруашылық мүлік енбектің жағымды жағдайларын
қамтамасыз етіп отырады (кенселерді жабдықтау, верстактар, контейнерлер,
инвентарлы тара, өрт сөндіруші бұйымдар және т.б.)
8. Көпжылдық отырғызулар
9. Репродуктивті малдар.
10. Жерлер мен негізгі құралдарды жақсартуға жұмсалатын капиталдық
төлемдер.
Есептің қарапайымдылығын қарастыру үшін негізгі құралдардың 6 және 7
топтарына өндірістік және шаруашылық инвентарь қызмет ету мерзімі 1 жылдан
астам болатын құралдар кіреді. Ал қалған құралдар теориялық жағынан
экономикалық белгілеріне қарай негізгі құралдарға жатса да оларды
шаруашылық практикада ауыспалы құралдарға жатқызады.
Өндіріс процесінде негізгі құралдардың барлық элементтері бірдей роль
атқармайды. Өндіріс процесіне тікелей қатысуына байланысты өндірістік
негізгі құралдар келесідей болады:
• Активті – машиналар мен жабдықтар, құралдар, өлшеуші және реттеуші
приборлар мен құрылғылар, техникалық құрылыстар (шахталар мен
разрездердің тау өндірілімдері, мұнай және газ скважиналары) өндірістік
процеске тікелей қатысады да өнімді өндіруді ұлғайтуға әсерін тигізеді.
• Пассивті – негізгі құралдардың басқадай элементтері (өндірістік үйлер,
инвентарь) өнімді өндіруге тікелей әсерін тигізбейді.
Өндірістік негізгі құралдардың массасы кәсіпкерлікте көбінесе активті
бөлігінде тұйындалған.
Негізгі құралдардың құрылымдық түрі өнеркәсіптің салаларында әртүрлі
болып келеді. Мысалы негізгі құралдардың жалпы құнында үйлердің үлесі
тамақ өнеркәсібінде (44%), құрылыста – отын өнеркәсібінде (17%), машиналар
мен жабдықтар – машина жасаушы кәсіпорындарда (45% және жоғары).

1-Кесте Өнеркәсіптегі негізгі құралдардың құрылымдық түрі
Негізгі құралдардың элементтері %
Негізгі құралдар – барлығы 100
Оның ішінде негізгі өндірістік құралдар 94,8
Оның ішінде:
Ғимараттар 28,1
Құрылстар 21,1
Тасымалдаушы құрылғылар 5,9
Машиналар мен жабдықтар 27,9
Оның ішінде:
жұмыс машиналары мен жабдықтары 26,2
өлшеуші және реттеуші құралдар 1,1
өлшеуіш техника 0,5
Көлік құралдары 14
Инструменттер мен инвентарь 1
Басқа да негізгі құралдар 2

Негізгі құралдардың құрылымы саланың мамандану ерекшеліктеріне,
өндірістің технлогиясына, техникалық жабдықталуына байланысты болады.
Негізгі құралдардың құрылымы өнеркәсіп салаларында және әр саланың ішінде
де ерекше болуы мүмкін жоғарыдағы себептерге байланысты.
Негізгі өндірістік құралдардың прогрессивті құрылымы болып саналады,
егер де онда активті бөлігі артып отыратын болса.
Өнеркәсіптегі негізгі құралдардың есебі мен жоспарлану практикасында
ақшалай және натуралды көрсеткіштер қолданылады, өйткені өндірістік
процесте негізгі құралдар тек қана құндылық тұрғыда емес сонымен қатар
белгілі бір енбек құралдарының жиынтығы болып та табылады.
Негізгі құралдардың ақшалай бағалануы оның динамикасын есептеу үшін,
ұлғайтылған өндірісті жоспарлау үшін, тозымдылықты бағалау үшін,
амортизацияны есептеу үшін, кәсіпорынның рентабельділігін және өнімнің
өзіндік құнын анықтау үшін, сонымен қатар шаруашылық есепті жүргізу үшін
қолданылады.
Негізгі құралдардың өндіріс процесіндегі ұзақ мерзім қатысуына,
олардың біртіндеп тозуына, және де белгілі бір мерзімдегі өндіріс
жағдайларының өзгеруіне байланысты негізгі құралдарды бағалаудың бірнеше
түрлері бар:
1. Бастапқы құны
2. Қалдық құны
3. Қалпына келтіруші құны
4. Жойылу құны
Бастапқы құны – жабдықты сатып алғандағы немесе негізгі құралдарды
құрудағы нақтылы құны (жабдықтарды әкелінуі мен монтажға кеткен шығындарды
қосқанда).
Әр уақыттағы жасалынған негізгі құралдардың обьектілерін сатып алуға
кеткен шығындар көрсететіні қасиеттері жағынан бірдей обьектілердің
бастапқы құны ерекшелінеді, сондықтан да бұндай бағалау негізгі
құралдардың көлемінің динамикасына сенімді талдау жасауға мүмкіндік
бермейді.
Қалдық құны – бастапқы құнға сәйкес келеді одан осы уақыт мерзімінде
қалыптасқан тозу сомасын шегергенде. Әлі дайын өнімге ауыспаған негізгі
құралдардың құнын көрсетеді.
Осы ақшалай бағалаудың екі түрі негізгі құралдардың динамикасын
сәйкестіруге қиындық туғызады, өйткені жабдықтардың бағалары мен құрылыс
құны өзгеріп отырады, сондықтан әр жылдағы сатып алынған негізгі құралдар
қосылған бағалармен ерекшеленеді.
Әр жылдағы жасалынған негізгі құралдардың бірдей элементтерінің
сәйкестірілуі оларды қалпына келтіру құны арқылы бағалағанда іске асады.
Қалпына келтіру құны – жаңа өндіріс жағдайындағы негізгі құралдардың
өндірістік құны, ол қайта бағалау процесінде жүзеге асады. Негізгі
құралдарды қайта бағалау үздіксіз түрде жүргізіліп отырады. Негізі
құралдарды қайта бағалау келесідей екі әдіс бойынша анықталады:
1) баланстық құнын индексациялау арқылы
2) келесі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бағалар бойынша баланстық
құнды тікелей қайта санау арқылы
Бұл екі әдіс арқылы өнеркәсіптегі негізгі құралдардың бірегей құнын
қалыптастыруға болады, бұл өндіріс құралдарына жалпылама бағаларды
белгілеуге және капиталдық салымдарды кредиттеуге мүмкіндік береді.
Ликвидациялық құны – бұл баға белгілі бір капитал бөлігінің оның
қызмет ету мерзімі аяқталғандағы кәсіпорынның алатын бағасы. Қызмет ету
мерзімі деп кәсіпорын белгілі бір капитал бөлігін қаншалықты уақыт жұмсап
отыратын мерзімді көрсетеді.
Кәсіпорындағы бар негізгі құралдар біртіндеп тозады. Негізгі
құралдардың физикалық тозуы өндірістік процессте жұмсағанда және де олардың
жұмыс істелмеген кезенде болып отырады. Жұмыс істеп тұрмаған негізгі
құралдар тозады, егер табиғи процесстер ықпал еткенде (атмосфералық
құбылыстар, ішкі процестер металл және басқа материал құрамындағы
өзгерістер). Осындай тозу нәтижесінде қоғамға зор шығындар тиеді. Ал жұмыс
істеп тұрған негізгі құралдардың физикалық тозуына келетін болсақ бірнеше
факторлар әсерінен болады соның ішінде негізгі құралдардың сапасынан
(оларды дайындалған материалдардан, конструкциялардың техникалық сапасымен,
құрылыс сапасы мен монтаж сапасынан болады), жүктеу дәрежесінен (бір
күндегі ауысым саны мен жұмыс уақытына байланысты, бір жылдағы жұмыстар
ұзақтығына, әрбір жұмыс уақыт бірлігіндегі қолдану интенсивтігі),
технологиялық процесс ерекшелігі мен негізгі құралдардың сыртқы орта
ықпалынан қорғаныс деңгейінен оның ішінде агрессивті орталар (температура,
ылғалдылық, және т.б.), күту сапасынан (уақытылы тазалау, смазка, жөндеудің
уақытылығы және сапасалығы), жұмысшылардың квалификациясы мен олардың
негізгі құралдарды күте білуіне байланысты.
Негізгі құралдар өндірістік процесс кезінде физикалық тозып жыл сайын
өз құнының бір бөлігін жоғалтып отырады. Оның шамасы осы жыл бойы
өндірілген өнім құнына тең. Мысалы машина 8 жыл жұмыс істесе екінші жылдан
кейін оның тозу шамасы 25 процент болады. Бұл шама келесідей формула
бойынша анықталады:

(1)
бұл жерде:
И – процентпен келтірілген негізгі құралдардың тозуы
С – негізгі құралдардың нақтылы жұмыс істеу мерзімі (жыл)
А – негізгі құралдардың (амортизациялық период) нормативті қызмет ету
мерзімі (жыл)
Кәсіпорындағы бар негізгі құралдар тек қана физикалық тозумен қатар
моральдық жағынан да тозады. Моральдық тозу екі формада болады.
Моральдық тозудың бірінші формасының мағынасы жаңа машиналардың
енгізілуімен, техника мен технология, енбек пен өндірісті ұйымдастыруды
жетілдірумен машиналар мен жабдықтарды жасау құны, егер де олар өзінің
конструктивтік қасиеттері мен эксплуатациялық көрсеткіштерін сақтап
қалғанда үздіксіз төмендеп отырады. Бұл үйлерге де қатысы бар олардың құны
құрылыстың индустриализациясы нәтижесінде төмендейді. Олай болса бұл
моральдық тозу формасы машиналар мен жабдықтардың арзандауы олардың
өндірісінің арзандауынан екенін көрсетеді. Машиналар мен жабдықтардың және
де негізгі құралдардың басқа да элементтерінің құнының төмендеуі әсерінен
оларға қойылатын бағалар да қайта қаралады.
Моральдық тозудың екінші формасы жаңа машиналардың эксплуатациялық
көрсеткіштері мен конструкциясы өзгергенде болады. Оларды қолдану өндіріс
көлемін ұлғайтуға, енбек өнімділігін үлкейтуге, эксплуатациялық
материалдардың шығындарын азайтуға (отын, электроэнергия, майлағыш
материалдар және т.б.), ал кейбір жағдайларда негізгі материалдарды, өнім
бірлігіне кететін шығындарды азайтуға және де өңдеудің жоғары сапасын
қамтамасыз етеді. Осы жағдайда моральдық тозудың екінші формасы машиналар
техникалық ескіргенде және де жетілген машинамен ауыстырылғанда орын алады.
Бұл жағдайда қоғам ескі техниканы қолдану арқылы бірдей өнім көлемін өндіру
үшін көп жұмыс уақытын жұмсайды.
Моральдық тозу проблемасын бірегей шаруашылық-ұйымдастырушылық
шаралар жүргізу арқылы шешуге болады. Біріншіден машиналар мен механизмдер
максималды жүктеумен жұмыс істеу керек ол олардың ескіру уақытына дейінгі
пайдалы эффектісін тездету үшін болады. Сондықтан да маңызды мәселе болып
жаңа обьектілерді салу мерзімін қысқарту және машиналар мен жабдықтардың
эксплуатациялық мерзімін қысқарту жатады. Шығарылған машиналар складтарда
немесе монтажда тұрып қалмауы керек.
Белгілі жайт негізгі құралдарды қолдану кезінде оларды жөндеу,
жетілдіру немесе жаңасымен ауыстыру қажет ететін уақыт келеді. Ескіні
жөндеу немесе жаңа машинаны сатып алу үшін ақша құралдары керек. Ол
қаржылар машина эксплуатациясы кезінде құрылады және көбейтіліп отырады
өйткені енбек процессі кезінде оның құнының бір бөлігі жаңа жасалған өнімге
ауысып отырады. Көрсетілген машина құнының бөлігі өнім өндірісінің
шығындарына амортизация түрінде кіреді.
Тозу және амортизация бірдей түсініктер болып келмейді. Ақшалай
түрдегі амортизация негізгі құралдардың тозуын көрсетеді. Жылдың кейбір
кезендерінде ол тозу көлемімен сәйкес келмеуі мүмкін өйткені негізгі
құралдардың тозуы бірқалыпта болмайды ал амортизация бір жыл бойы бірдей
бөліктермен есептеліп отырады.
Өнеркәсіптегі амортизация – негізгі құралдардың құнын (олардың тозуы
бойынша) жасалынатын өнімге ауыстыру арқылы жоспарлы өтеу болып табылады.
Ол келесідей негізгі мәселелерді шешеді:
1) өндірістің қоғамдық шығындарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл
тұрғыда амортизация мемлекеттегі ұлттық табыстың көлемі мен динамикасын
есептеу үшін қажет.
2) жалпы формада негізгі құралдардың тозу дәрежесін көрсетеді, ол
негізгі құралдардың өндіріс процесін жоспарлау үшін қажет.
3) тозған енбек құралдарын ауыстыру үшін және капиталды жөндеу үшін
ақшалай қор құрады.
Осы жерде көрініп тұрғаны амортизация өткен уақытқа да (ол арқылы
өнімнің өзіндік құны анықталады және негізгі құралдардың тозу дәрежесі)
болашаққа да (қайтару қорын құрады) бағытталған. Оның бірінші жағы есепті,
пассивті, ал екінші жағы – активті техникалық базанының өндіріс процесіне
әсер етеді.
Осы себепті айтып өтетініміз амортизация ғылыми-техникалық
прогресстің жүріп отыруымен тығыз байланысты, негізгі құралдардың ғылыми
негізделген амортизация нормаларын белгілеу арқылы. Сондықтан да ғылыми-
техникалық прогресстің бір мәселесі болып өндірістік жабдықтардың
амортизациясының біртінде жаңаша және қысқаша мерзімдерін енгізу, моральды
ескірген және тозған жабдықтарға бөлінетін тиімділігі аз капиталды жөндеу
көлемін шектеп және амортизациялық төлемдердің үлесін арттыру керек.
Амортизация арқылы өдіріс шығындарына косылатын құн мөлшері
амортизациялық төлемдер болып табылады.
Амортизациялық төлемдер амортизация нормалары негізінде жүргізіліп
негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша құрылады. Ол жылдық амортизациялық
төлемдер сомасын негізгі құралдардың құнына бөлу арқылы табылады және
процентпен көрсетіледі формуладан көрініп тұрғанадай:
Негізгі құралдардың үйлер, құрылыстар және тасымалдағыш құрылғылар
қызмет ету мерзімі ұзақ түрлері үшін амортизация нормасы негізгі
құралдардың активті бөлігі болып табылатын машиналар мен жабдықтар,
транспорттық құралдарға қарағанда төмен болып табылады. Өнеркәсіптің
негізгі құралдарының жалпы амортизациялық нормасында капиталды жөндеуге
бағытталатын (27%) амортизациялық төлемдердің үлесі жоғары болып келеді.
Негізгі құралдардың басқа түрлері бойынша ( үйлер, жұмыс машиналары мен
жабдықтар, транспорттық құрылғылар) ол 50-54% жетеді.
Негізгі құралдарды капиталды жөндеуге бағытталған амортизациялық
төлемдер кәсіпорынның еркінде болады да өздерінің шешімдері бойынша
қабылданған жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша іске асырылады.
Кәсіпорын жұмыстарының нәтижелері көрсетіп отырғандай олардың көбісі
өндірісті дамыту қорының құралдарын пайдалану арқылы олардың ішіндегі
амортизацияға кеткен қаржы жоғары, ескірген жабдықтарды ауыстырады, жаңа
техниканы енгізіп өндіріс және енбек ұйымдастыруды жетілдіріп енбек
өнімділігінің жоғарылауында, өнімнің сапасын және өзіндік құнын төмендетуде
және өндіріс рентабельділігінде салмақты жетістіктерге жетеді.
Кейбір өндірістерде (көбінесе шағын кәсіпорындарда) тездетілген
амортизация әдісін қолданады. Оның мағынасы екі есе ұлғайтылған амортизация
нормасы белгіленеді және де шағын кәсіпорындар негізгі құралдардың бірінші
жыл эксплуатациясы кезінде қызмет ету мерзімі үш жыл болатын негізгі
құралдардың бастапқы құнын 50% дейін сызып тастайды, сонымен қатар негізгі
өндірістік құралдардың активті бөлігіне тездетілген амортизацияны
қолданады.
Амортизацияны есептеудің келесі түрлері бар:
1) сызықтық әдіс
2) қалдықты азайту әдісі
3) пайдалы қызмет ету мезіму сомасы бойынша әдісі
4) өнім көлеміне пропорционалды құнды азайту әдісі
Қалдықты азайту әдісінде оны қолдану тездетілген амортизация әдісімен
байланысты болуы керек. Бұл өз кезегінде эксплуатацияның бірінші жылдары
амортизация нормасын үлкейтуге мүмкіндік береді.
Барлық амортизация тәсілдері үшін сақталатыны: амортизация негізгі
құралдарды эксплуатацияға енгізген кездегі айдың келесі айынан бастап
есептелінеді.
Тездетілген амортизация болуы мүмкін:
1. бірқалыпты-түзусызықты
2. регрессивті
3. прогрессивті
4. прогрессивті-регрессивті
Регрессивті әдісті тағы да азайтылған қалдық әдісіне және кумулятивті
әдіске бөлуге болады. Кумулятивті әдістің мәні жыл сайынғы амортизациялық
төлемдердің сомасы тұрақты азайып тұратын амортизацияланбаған құнымен
анықталады және де қызмет ету мерзімі артқан сайын азайып отырады.
Кумулятивті әдіс бойынша алғашқы үш жылда өз құнының 80% есептен алынады
және нормативті мерзім кезіндегі баланстық құн толықтай есептен алынады.
Прогрессивті әдіс негізінде орташа амортизация деңгейі жылдан жылға өсіп
отырады ол негізгі құралдардың алғашқы құнына қатысты есептеледі.
Прогрессивті-регрессивті әдісті қолданған кезде жаңа техниканы игерудің
алғашқы екі жылы төмендетілген амортизация нормасы қолданылады, бірақ та
кейіннен ол тез өседі де келесі жылдары регрессивті шкала бойыша
есептеледі.
Негізгі құралдарды қолданудың барлық көрсеткіштері үш топқа бірігуі
мүмкін:
1. негізгі құралдарды экстенсивті қолдану көрсеткіштері ол уақыт бойынша
қолдану деңгейін көрсетеді
2. негізгі құралдарды интенсивті қолдану көрсеткіштері ол өндірістік
қуаты бойынша қолдану деңгейін көрсетеді
3. интегралды қолдану көрсеткіштері ол барлық факторларды ескереді соның
ішінде экстенсивті және интенсивті факторларды
Бірінші көрсеткіш (Кэкст) негізгі құралдардың нақтылы қолданылған
уақытты оның жоспарланған қолдану уақытына бөлу арқылы табамыз. Екінші
көрсеткіш (Кинт) бір бірлік уақыттағы жабдықтың нақтылы өнімнің санын осы
өнімнің жоспарланған санына бөлу арқылы табамыз. Үшінші көрсеткіш (Кинтегр)
алғашқы екі көрсеткіштерді көбейту арқылы табамыз.
Кәсіпорындағы негізгі құралдарды экстенсивті қолдану көрсеткіштеріне
кіреді:
• Ауысым коэффиценті:
Ол орнатылған жабдықтың жалпы ауысым бойынша қолдану уақытын көрсетеді.
Ауысым коэффиценті жабдықтардың әртүрлі топтары бойынша, кәсіпорынның
әртүрлі өндірістік бөлімшелері бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша бір күн
бойындағы жұмыс істеген жабдықтарды ең көп жұмыс істеген станоктардың
санына бөлу арқылы табамыз. Осы коэффиценттің көрсететіні орнатылған
жабдықтың жалпы бір күндегі орташа қаншалықты ауысым істегенін көрсетеді.
• Жүктеу коэффиценті:
Негізгі өндірісте бар барлық машиналар паркі бойынша есептеледі. Белгілі
бір жабдықта бұйымдардың барлық түрлерін өндірудегі енбексиымдылығын оның
жұмыс істеу уақыты қорына қатынасы арқылы табамыз.
• Жабдықтың ауысым бойынша жұмыс істеу коэффиценті:
Осы уақыт мерзіміндегі жетілген ауысым коэффицентін кәсіпорында орнатылған
ауысым ұзақтығына қатынасы арқылы табамыз.
Негізгі құралдарды уақыт бойынша (экстенсивті жүктеу коэффиценті)
қолдану оңай түрде анықталады. Ал бір бірлік уақыттағы негізгі құралдарды
қолдану (интенсивті жүктеу коэффиценті) көрсеткішін тек біртекті өнім
өндірілетін салаларды ғана анақтау қиынға соқпайды өйткені оның өндірісінің
көлемі натуралды бірліктермен көрсетілуі мүмкін. Егер де кәсіпорын және
оның бөлімшелері әртүрлі номенклатуралы өнімді өндіретін болса онда бір
бірлік уақыттағы негізгі құралдарды қолдану көрсеткішін есептеу қиынға
түседі. Негізгі құралдарды қолданудың жалпыланған көрсеткішін қолдану
кейбір дәрежеде өндірістік аумақтың бірлігіндегі өнімді шығару көрсеткіші
ретінде болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш натуралды бірліктермен көрсетіледі.
ндірістік қуатты пайдаланудағы ең бір жалпыланған көрсеткіш болып оның
фактілі қолдану коэффиценті болып табылады, ол белгілі бір мерзімдегі
(көбінесе бір жылда) жасалынған өнімді өндірістік қуаттың шамасына қатысы
арқылы табамыз. Жаңадан эксплуатацияға енгізілген кәсіпорындар үшін
көбінесе жоспарланған қуатты қолдану көрсеткіші анықталады, ол нақтылы
өндірілген өнім көлемін кәсіпорынның жоспар бойынша қуат шамасына қатысы
арқылы табамыз. Бұл көрсеткіш жоспарланған қуатты игеру деңгейін көрсетеді.

1-Сурет Қор қайтарымдылығының өсу факторлары

Шаруашылық қызметтің талдауы үшін, капиталды салымдарды жоспарлау
үшін, жаңа негізгі құралдар мен өндірістік қуаттарды енгізу үшін өндірістік
тиімділіктің көрсеткіші қор қайтарымдылығы зор мәнге ие болуда. Ол негізгі
құралдардың бір бірлігіне өнімді өндіруді көрсетеді. Сонымен қатар қор
қайтарымдылығына қарама қарсы – қор симдылығы мен қор қарулану
көрсеткіштері қолданылады. Қор қайтарымдылығы көрсеткішін анықтағанда
құндылық және де натуралды есептеу бірліктері қолданылады.
Қор қайтарымдылығының натуралды көрсеткіштері құндылық
көрсеткіштермен қатар электроэнергетикалық, металлургиялық және өндіруші
өнеркәсіптің бірнеше салаларында қолданылады. Мысалы қара металлургияда
ондай көрсеткіш болып негізгі өндірістік құралдардың бір бірлігіне қанша
чугун игерілгендігін көрсетеді.
Қор қайтарымдылығы көрсеткіші өнімді негізгі құралдардың ортажылдық
құнына қатысы арқылы табамыз. Бұл жерде өнім өзгеріссіз бағалар бойынша ал
негізгі құралдар бастапқы толық бағасы бойынша (немесе қалпына келтіру
құны) есептеледі.

1.2 Негізгі құралдарды пайдалануды талдаудың әдістемесі
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндірістің тиімділігін арттырудың ең
негізгі факторы болып кәсіпорындардың негізгі құралдармен жеткілікті
мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етілуі және олардың толық
қолданылуы.
Талдау міндеті – кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі
құралдармен қамтамасыз етілуі және олардың жалпыланған және бөлшекті
көрсеткіштер арқылы қолдану деңгейін анықтау, сонымен қатар олардың өзгеру
себептерін анықтау: негізгі құралдарды қолданудың өнімнің өндіріс көлеміне
және басқа көрсеткіштерге ықпалын есептеу, жабдықтардың және кәсіпорынның
өндірістік қуатын пайдалану дәрежесін есептеу, негізгі құралдарды
қолданудың тиімділігін арттыру резервтерін анықтау болып табылады.
Талдау негізгі құралдардың көлемін оның динамикасы мен құрылымын
анықтаудан басталады. Кәсіпорынның құралдары өнеркәсіптік-өндірістік және
өндірістік емес құралдар болып бөлінеді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын
өнеркәсіптік-өндірістік құралдар анықтайды. Сонымен қатар құралдардың
активті бөлігін (машиналар мен жабдықтар) және пассивті бөлігін және бөлек
топтарды (өндірістік мақсаттағы үйлер, складтар, жұмыс машиналары,
жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құрылғылар, көлік құралдары және т.б.)
олардың функционалдық мақсаттарына қарай анықтап көрсету керек. Бұндай
детализация өндірістік резервтерді анықтау үшін құрылымды оптимизациялау
негізінде олардың қолдану тиімділігін арттыру үшін керек.
Негізгі өндірістік құралдардың техникалық жағдайы мен қозғалысын
анықтау маңызды болып келеді, ол үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі:

Келіп түскен НӨҚ құны
Кн= ----------------------------------- ----------
(2)
НӨҚ период соңындағы құны

Шығып кеткен НӨҚ құны
Кв= ----------------------------------- ---------
(3)
НӨҚ период басындағы құны

Өсім коэффициенті (Кпр)

НӨҚ өсім сомасы
Кпр= ----------------------------------- -----
(4)
НӨҚ период басындағы құны

Осы көрсеткіштер арқылы жаңа техниканы енгізу, жаңа обьектілерді
енгізу, негізгі құралдарды жөндеу жоспарларының іске асырылуы көрініс
табады. Машиналар мен жабдықтардың әрбір тобы бойынша және жалпы саны
бойынша, сонымен қатар автоматтандырылған жабдықтар бойынша прогрессивті
жабдықтың үлесі анықталады.
Жұмыс машиналары, жабдықтар, құралдардың жағдайын сипаттау үшін
техникалық жарамдылығы бойынша анықталады: жарамды жабдық, капиталды
жөндеуді қажет ететін жабдық, жойылуы қажет жарамсыз жабдық.
Талдаудың келесі кезеңі – кәсіпорынның негізгі өндірістік құралдармен
қамтамасыз етілуін анықтау. Машиналардың бөлек түрлерімен, механизмдермен,
жабдықтармен, бөлмелермен қамтамасыз етілу олардың өнімді өндіру жоспарын
іске асыру үшін қажетті жоспарлы қажеттілігімен нақтылы қолда барымен
салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік құралдармен
қамтылуын сипаттайтын жалпылы көрсеткіш болып енбектің қор қарулануы мен
енбектің техникалық қарулануы жатады. Енбектің қор қарулануының жалпылы
көрсеткіші өнеркәсіпті-өндірістік құралдардың ортажылдық құнын айдағы
жұмысшылардың орташа санына қатынасы арқылы табылады.
Енбектің техникалық қарулану деңгейі өндірістік жабдықтың құнын
айдағы жұмысшылардың орташа санына қатынасы арқылы табылады. Осы
көрсеткіштің өсу қарқыны енбек өнімділігінің өсу қарқынымен сәйкестіріледі.
Егер де енбек өнімділігінің өсу қарқыны енбектің техникалық қарулануының
өсу қарқынынан артып отырса онда кәсіпорын жетістікті істеп тұрғандығын
көрсетеді.
Кәсіпорынның материалды техникалық базасының деңгейінен, оның
өндірістік потенциалын пайдалану дәрежесінен шаруашылықтың барлық түпкі
нәтижелері тәуелді болып келеді. Атап айтқанда өнімді өндіру көлемі, оның
өзіндік құны деңгейі, пайда, рентабельділік және қаржылық жағдай. Егер де
кәсіпорынның өндірістік қуаты жеткіліксіз толық пайдаланылмаса бұл тұрақты
шығындардың үлесінің артуына, өзіндік құнның өсуіне сол себепті пайданың
төмендеуіне әкеледі. Сондықтан да талдау процесінде кәсіпорынның өндірістік
қуатында қандай өзгерістер болғанын, қаншалықты дәрежеде толық пайдаланылып
жатқандығын анықтау және оның өзіндік құнға, пайдаға, рентабельділікке,
шығынсыз өнім көлеміне, кәсіпорынның қауіпсіздік аймағына және басқа да
көрсеткіштерге қалай әсер ететіндігін анықтау керек.
Бұл талдаудың ақпарат көдері болып Өндірістік қуат балансы, Өнім
бойынша есеп, Шығын бойынша есеп, Пайда мен шығындар бойынша есеп және
т.б. жатады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты болып қолда бар техника, технология
және енбекті ұйымдастыру деңгейі мен қолда бар өндірістік құралдар
жағдайында максималды мүмкін өнім өндірісін айтамыз. Ол адам-сағат, машина-
сағат, немесе өнімді өндіру көлемінің натуралды не құндылық көрсетілуімен
көрінуі мүмкін. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тұрақты бола алмайды. Ол
техниканың, технологияның, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның
стратегиясымен бірге өзгеріп отырады.

Өнім өндіру көлемі
Жалпы коэффицент = ----------------------------------- -----------------
------- (5)
Кәсіпорынның құны 1ж.орт. өндірістік құаты

Бір күндегі орташа өнім
өндірісі
Интенсивті жүктеу коэффиценті = ----------------------------------- -------
------- (6)
Бір күндегі орташа өндірістік қуат

Жұмыс мерзімінің нақтылы не
жоспарлы құны
Экстенсивті жүктеу коэффиценті = ----------------------------------- --------
---------------- (7)
Жұмыс мерзімінің есепті қоры

Құралдардың пассивті бөлігінің қолдану дәрежесін сипаттау үшін 1
шаршы м. өндірістік алаңға өнімді өндіру көрсеткіші есептеледі. Бұл
көрсеткіш кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануда қосымша сипат береді.
Осы көрсеткіштің өсуі өнімнің өндірісінің ұлғаюына және оның өзіндік
құнының азаюына ықпал етеді.
Негізгі құралдарды пайдалану тәжірибесінде еңбек құралдарының
техникалық жағдайын түбегейлі зерттеу, қолда бар резервтер туралы қажетті
ақпараттарды жинаумен жоспарды іске асырудағы тәртіпті регламенттейтін
бағдарларды алуды қажет етеді. Жөндеу тәжірибесінде жөндеу жұмыстарының
тұрақсыздық пен өзгерімділігі сипатында ол талаптар өзекті болуы керек.
Негізгі құралдарды пайдалану ауқымында ғылыми-ұйымдастырудың әдістемесі
келесідей сұрақтар жинынын шешуді көрсетеді:
1) жоспардың есепті базасын күшейту оның ішінде.
а) еңбек құралдарын қолданумен техникалық жабдықтаумен және жөндеумен
байланысты барлық процестер мен операциялар бойынша ережелер мен
нормативтер жүйесін қалыптастыру;
б) жоспарлы экономикалық көрсеткіштердің репрезентативтілігі мен
іскерлігін дамыту
в) жүйенің топтамаларында қатынастар мен байланыстарды дамыту
2) жүйенің ішіндегі және сыртында жоспарлардың толық келісімділігін
және жоспарлаудың жинақтылығын қамтамасыз ету;
3)жоспарды жасау мерзімн және жоспарлы кезен мен есепті база арасындағы
ажырауын қысқарту;
4)жоспарлаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету оған істелген жұмыстардың
сипаты мен көлеміндегі пайда болатын ауытқуларды ескеріп тұрақты түрде
перспективті жоспарды нақтылап отыру; нәтижелерді алуды қамтамасыз
ететін реконструкция жоспарының, модернизацияның, техникалық
қамсыздандыру мен жөндеудің ең тиімді вариантын іздестіру жатады.
7)оптималды жоспарларды жасауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін
еңбек құралдары мен жөндеуші өндірістің есебі мен талдау жүйесін
жетілдіу;
Негізгі құралдарды дамыту жоспарларын жасаудың негізгі кезендеріне
жатады:
- міндеттің жалпы сипаты, негізгі құралдарды өндіру және қолдану
аясындағы қалыптасқан жағдаймен танысу, жоспарды жасауда қолдану үшін
бастапқы мәліметтерді талдау;
- жағдайды талдау (диспропорциялар мен ұйқасыздықтарды, тар жерлерді
анықтау); жүйені ұйымдастыру формаларының ескірген әдістерін оның
ішінде жұмыстың қате стилін анықтау;
- қабылданған шешімді орындаудың анықталған қателіктер мен шектеулерді
ескере отырып, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдану
негізінде рационалды суретті құру;
- басқаруды ұйымдаструдың шарттық міндеттемелерін жүйе аясында жасау;
Жоспардың жетістікті орындалуы үшін (оның ішінде негізгі қорлардың даму
жоспары) міндеттер мен оларды шешетін жұмысшылардың тиімді тәсілін табу. Ол
үшін үйлесімділікті келесі функция – ұйымдастыруды қолдану керек.
Ұйымдастыру негізгі құралдар мен оның топтарының рационалды құрылымын
қалыптастыруға және резервтерді, ресурстарды анықтауға қызмет етеді.
Бақылау мақсаты (есеп пен анализ) бір жағынан, басқару және өндіріс
процесіндегі қателер мен әлсіз жақтарды анықтау, олардың уақытылы түзету
мен жоспар арасында сәйкестікті қамтамасыз ету. Басқарушылық циклінде
талдау үшжақты роль атқарады: бір жағынан, ол жоспарлаудың алдында болады
қалыптасқан жағдай мен өзіндік мүмкіндігін бағалауға қызмет етсе, екінші
жағынан, жоспарды орындау кезіндегі пайда болатын ауытқулардың себебін
анықтайды, үшінші жағынан ол қорытынды бақылаудан кейін басқарушылық циклді
аяқтайды және жетістіктерді бағалауға қызмет етеді.
Негізгі құралдарды қолданудың есебі жоспардағы көрсеткіштермен
жүргізіледі. Оперативтік бақылау мен есеп: негізгі құралдарды қолдану
жағдайын талдау мен резервтерді іздеу, жөндеудің, техникалық қызмет
көрсетудің, эксплуатациялық кемшіліктерін анықтау; негізгі құралдар құнының
қозғалысы мен өзгерісі туралы мәліметтерді жалпылау.
Негізгі құралдарды талдаудың негізгі бағыттары және әрбір бағыт шегіндегі
шешілетін сәйкес міндеттері келесі кестеде көрсетілген.
Талдау бағыттарын және шешілетін аналитикалық есептерін таңдау
басқарушылық қажеттіліктерімен анықталады. Негізгі құрылымдық динамикасын
талдау, инвестициялық талдау қаржылық анализдің мазмұнын құрайды. Негізгі
құралдарды қолдану тиімділігін және оны пайдалану шығындарын бағалау
басқарушылық талдауға жатады, алайда бұл талдау түрлері арасында нақты
шектері жоқ.
Едәуір аналитикалық құндылық негізгі құралдарды пайдалану тиімділігінің
арттырудың екінші бағыты – оларды қолдану тиімділігі болып табылады.
Жабдықты күту мен қолдану шығындары өнімнің өзіндік құнын талдаудың құрама
бөлігі болып табылады.
Негізгі құралдарға талдау жүргізу әдістемесі оларды қолданудың ең
тиімді вариантын таңдауға бағытталған. Сондықтан да талдаудың басты
ерекшеліктері: 1) негізгі құралдарды пайдалану шешімдерінің варианттылығы;
2) перспективке бағыттылығы болып табылады;
Перспективті талдау – инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оның
алдында баланстағы негізгі құралдар және оны қолдану тиімділігінің талдауы
болу керек.Талдау сапасы мәліметтердің сенімділігіне байланысты, ол
дегеніміз бухгалтерлік есеп сапасы, негізгі құралдар объектілерімен
операциялардың қалыптасқан жүйесі, объектілердің есептік квалификалық
топтарға жатқызылуының нақтылығы, аналитикалық есеп регистрлерін енгізу мен
жасаудың тереңдігі.
Талдаудың ақпарат көздері:
-ф.11 негізгі құралдар қозғалысы туралы есеп;
- ф. ҚБ өндірістік қуат балансы;
- ф. №7 орнатылмаған жабдықтардың қорлары туралы есеп;
- НҚ есепке алудың инвентарлы карточкалары;
2-Кесте Негізгі құралдарды талдаудың негізгі міндеттері мен бағыттары
Талдаудың негізгі бағыттары Талдау міндеттері
НҚ құрылымдық динамикасын талдау НҚ салынатын капитал мөлшері мен
құрылымын бағалау. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен баланс
құрылымына НҚ құнының өзгерісінің
ықпалдың сипаты мен мөлшерін анықтау
НҚ пайдалану тиімділігін талдау НҚ қозғалысын талдау. НҚ пайдалану
тиімділігі көрсеткіштерін талдау.
Жабдықтың жұмыс істеу уақытын
пайдалануын талдау. Жабдықты
қолдануды интегралды бағалау.
Жабдықтарды қолдануға бағытталған Капиталды жөндеу шығындарын талдау.
шығындар тиімділігі Ағымдағы жөндеу шығындарын талдау.
Өндіріс көлемінің жабдықты қолдану
шығындары мен табыс байланысын
талдау.
НҚ инвестициялардың тиімділігін Капиталдық салымдар тиімділігін
талдау бағалау. Инвестициялау үшін
қарыздарды тарту тиімділігін
бағалау,

Кәсіпорындағы негізгі құралдарды қолданудың басқарушылық есебінің
квалификалаудың функциялар бойынша кесіндісі төменде берілген.Негізгі
құралдардың айналым кезеңі бойынша есептерді топтау жағдайды талдауға және
негізгі құралдар қозғалысының әрбір бағытталған шешімдерін қабылдауға,
салық негізінде ерекше ұйымдастырушылық блоктар (қызмет, цех) проектілеу
(модельдеу) істелінетін жұмыстардың жалпы сипатына және қолдану бағытына
енбек құралдарының өндірісіне, бұл жерде комплексті басқаруды қамтамасыз
етуге мүмкіндік беру. Осы процестердің жүруіне активті араласудың
мүмкіндіктері мен бағыттарына байланысты келесіні ажырата білу керек:
объективті процестер негізгі құралдар қозғалысы негізінде болады (негізгі
құралдар өзінің тұтынушылық құнын жоғалтуы); ұйымдаса алатын прцоестер,
өндірістегі негізгі құралдар айналымының объективті заңдылықтарын ескеріп,
басқарушы мамандардың активті қатысу арқылы бағытталатын негізгі құралдар
өндірісінің барлық формалары. Басқару процесінде көптеген әртүрлі әдістер,
жолдар қолданылады. Олар басқару функциялардың орындалуын тиімді
ұйымдастыруға және бағыттауға мүмкіндік береді; шешімдерді қабылдау үшін
кезендер шаралар мен операциялар жиыны.
3-Кесте Негізгі құралдарды қолданудың басқарушылық есебі классификациясының
функциялар бойынша кесіндісі (машиналар тобы)
Басқару Басқару объектісі
субъектісі
Жоспарлау Бақылау мен есеп Ұйымдастыру
Эксплуатация Машиналар, Машиналарды қолданудыңЖабдықтардың
техникалық және жабдықтар паркі экстенсивті
қамтамасыз ету есебі мен талдау, қолданылу
жоспары, цехтар мен аймақтардыңрезервтерін
машиналарды қолдануқуаттарын есептеу, анықтау, қор
суреті т.б. факторлар бойынша қайтарымдылығын
шығындарды есептеу өсіру резервтері
т.б. т.б.
Техникалық Қызмет көрсету Техникалық Қызмет көрсету
қызмет схемасын, майлау диагностика, бригадаларын
көрсету графигі, жұмыстар прогностика, дайындау,
тексерісі мен нақтылыққа кадрларды
қараулар графигі тексерістерді жүргізу,дайындау,
мен варинаттарын қызмет көрсетуші техникалық
жасау т.б. бөліктердің жұмысын қамсыздандыруды
бақылау, техникалық ұйымдастыру
қызмет көрсету бша
шығындар т.б.
Жөндеу ЖӨЖ Жөндеу жұмыстарын Жөндеу
жұмыстары жоспар-графигін, жүргізу есебінің бригадаларын
жөндеу өндірісі жоспары, бөлшектер ұйымдастыру
цехтің, ауқымның, паркі есебі және жұмыстары
бригада жұмыстарын талдау, жөндеудегі техникалық қамту,
ұйымдастыру жабдық тоқтауларын жөндеуші
жоспарын, талдау, жөндеуші бөлімшелердің
материалды-техникалтопшалардың құндылық пропорционалды
ық қамтамасыз ету, көрсеткіштерін есептеужұмысын қамтамасыз
жөндеу аясының тобыт.б. ету
технико-экон-қ
жоспарларды құру
РеконструкцияЦехтар мен Реконструкция, Жұмыстарды
,модернизацияаймақтардың модернизация және ұйымдастыру
және техникалық қайта жаңалаудың басқа проектісін
жаңалаудың қаруландыру және түрлері жоспарының дайындау,
басқа реконструкция жүзеге асу есебі және кадрларды
үлгілері жоспарын жасау, таладу, жұмыстар дайындау,
(реструктуризжаңа машиналарды кезегін бақылау, топтардың құрылымы
ация) енгізу, ескірген құндылық мен ұйымдастыруды
машиналарды көрсеткіштерді талдау,қамтамасыз ету
ауыстыру және Эк-қ тиімділік
модернизация, есептері және т.б.
техникалық
комплекстердің
өнімділігін арттыру
т.
Техникалық Орнатылған Инновациялық Іздеу жұмыстары,
жүйелердегі критерилер бойынша бағдарламаларды жүзегетехникалық
жаңалықтар инновациялық асыруды талдау, жаңалықтарды
бағдарламаны жасау,функционалды құндылық классификациялау
техникалық жүйенің әдісімен жаңалықтардыңт.б.
элементтерінің ең тиімді вариантын
санын арртыру, таңдау т.б.
байланыстарды қайта
топтау, жаңа
жағдайларға сәйкес
элементтерді
құрастыру, дәстүрлі
техникалық жүйенің
параметрлерін
жақсарту т.б.

Талдау процесінде әдістемелер ерекше орын алады өйткені олардың
негізінде теория мен тәжірибенің сәйкес байытылуы жүреді. Әдістемелер
тәжірибесінің басқару мақсаттарына қызмет етеді. Бұл әдістердің жүейсін
қолданумен бірге басқарудың жаңа қиыншылықты мәселелерін зерттегенде ол
туралы білімді ұлғайтады және заңдылықтарды түсінуге мүмкіндік береді.

Тарау2. Меркур Строй Сервис ЖШС-де негізгі құралдарды пайдалануын
талдау
2.1 Меркур Строй Сервис ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Меркур-Строй Сервис өз қызметін
18.06.00 ж. әділет министрлігіне №40669-1910-ЖШС болып тіркелгеннен бастап
жүргізіп келеді. Негізгі мақсаты табыс табу және қызмет көрсету саласын
кеңейту. Серіктестік жұмысының негізгі пәні коммерциялық операцияларды
жүргізу, көтерме және бөлшек саудасымен тауарларды өндіру және оларды
өткізу болып табылады.
Заңды мекен-жайы Алматы қаласы Майлина көшесі 79 үйде орналасқан.
Жіктелуі:
1. Меншік нысанына байланысты ЖШС Меркур Строй-Сервис жеке меншік болып
табылады.
2. Ұйымдастырушылық құқықтық нысаны бойынша жауапкершілігі шектеулі
серіктестік.
3. Саласы бойынша аралас деп айтуға болады, себебі кәсіпорын тек қана
өнім өндіріп қана қоймай, коммерциялық мәселелермен де айналысады.
4. Көлемі бойынша шағын кәсіпорын.
5. Мерзімдік сипаты бойынша үздіксіз жұмыс істейді.
6. Капиталды қолдануы бойынша ұлттық кәсіпорын.
ЖШС Меркур Строй-Сервис-ке шағын кәсіпкерлікке тән икемділік қасиетін
игерген, өз өнімдері бойынша сұранысқа жауап бере алады және жоғарыда айтып
кеткендей коммерциялық ісі оның негізгі артықшылығының бірі.
2-Сурет Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы

ЖШС Меркур Строй-Сервис үйлер мен ғимараттарға қажетті құрылыс
материалдарын шығарады. Оған мысал ретінде пластиктен және ағаштан
жасалатын есіктер мен терезелерді айтуға болады. Кәсіпорынның өндірістік
технологиясын айтқанда өнімнің бір түрін пластикалық терезені алайық.
Пластикалық терезені жасау үшін профильдер германиядан алынады. Олар
арнайы сұраныстар бойынша, яғни тапсырыс берілген терезенің көлеміне қарай
немесе кәсіпорынның стандарттарына сай өлшеніп әртүрлі ұзындықта кесімді.
Осы профильді мықты сақтап тұру үшін оның ішіне мықтағыш темір салынады.
Одан кейін профильдің ішіне кіргізілетін темір мықтағыштар мен топсаларды,
құлыптар мен тұтқаларды орнату үшін тесіліп, жонылады. Содан кейін темір
мықтағыштар кіргізіліп орнатылады. Әрі арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Кәсіпорынның айналымнан тыс актив түзу мен пайдаланудағы қаржылық қарым- қатынастар зерттеу
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Ағымдағы активтердің айналысы
Кәсіпорынның айналым қорларын басқару
Айналым капиталының экономикалық мазмұны
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы мәлімет
Айналым активтері
Айналым қаражаты
Айналыс қорлары
Пәндер