Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларға патриоттық тәрбие беру 4-сынып



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларға
патриоттық тәрбие беру
4-сынып

Мазмұны
Кіріспе.
І тарау. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі.
1.1.Ерлік тарихының патриоттық тәрбиедегі алатын орны.
1.2.Патриоттық тәрбие бойынша шыққан әдебиеттерге шолу.
ІІ тарау. Оқушыларға математиканы оқыту процесінде патриоттық тәрбие беру әдістемесі.
2.1.Оқушылардың патриоттық тәрбиесінің жайы.
2.2.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
2.3. Оқушыларға сыныптан және мектептен тыс патриоттық тәрбиесін беру.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекеттік екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты мақсат – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды - отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігенше үлес қосуы тиіс. Мұны басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” Жолдауында “біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманға нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп нақты көрсеткен болатын.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, кіші жастағы мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарыту.
Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тәрбие үдерісінің барша жүйесіне әсер етуі және оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Тәрбие үдерісі, педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болуымен қатар үдеріс заңдылықтарына тәуелді келуі ол табиғи құбылыс. Бұдан шығатын қорытынды - тәрбие ісі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тәрбие нәтижесі үшін өте қажеттісі ол – тәрбие үдерісінің тиімділігі мен тәрбие саласын анықтайтын оның сипаттары және шарт – жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.
“Мектеп үшін емес - өмір үшін” – ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы қадамдрының өзінде-ақ адам тәрбиесімен шұғылданған тұлғалар өмір мен тұрмыстан ажыратылған тәрбиенің мағынасыз болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-әрекетімен, патриоттық елжандылық қатынастарға келуімен тікелей байланыста.
Жұмыстың басты мақсаты – кіші жастағы оқушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастырудағы әдістері мен тәсілдерін анықтау.
Жұмыстың зерттеу мәселелері:
-патриоттық тәрбиенің принциптері мен мәселелерін негіздеу;
-кіші жастағы мектеп оқушыларының бойындағы патриоттық тәрбиенің әдіс, тәсілдерін айқындау;
-бастауыш мектепте патриотты тәрбиелеудегі тиімді үлгісін көрсету.
Жұмыстың зерттеу объектісі-
Оқушылардың бойында патриотттық сезімді ояту.
Жұмыстың зерттеу тақырыбы-
Кіші жастағы оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятудың педагогиклық шарттары.
Жұмыстың зерттеу әдісі:
-патриоттық тәрбие бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысу;
-оқушылардың әрекетін байқау;
-жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Патриоттық тәрбие өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты оқу-тәрбие барысында Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-жігері мен қуатын, білімін Отан игілі мен мүддесіне жұмсау, жерін сүюге тәрбиелеу, бойына сіңіру – қазіргі заман мектебінің бүгінгі күннің бірден-бір маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың бойында өзінің Отанына деген сүйіспеншілікті бұлжытпай және біртіндеп қалыптастыру патриоттық тәрбие ұғымымен түсіндіріледі. Ол үшін оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алып, кіші жастағы мектеп жасында патриоттық сезімін тудыру, ояту болып табылады.
“Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту денегіміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімтетн, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді”.
Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және кіші жастағы мектеп оқушыларының патриоттық, азаматтық сезімін қалыптастыруға бағыттталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс болып табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Патриоттық тәрбиеде қолданылатын іс-әрекет түрлері тәрбие процесінің нақты мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс, ойын, еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға болады.
Кіші жастағы мектеп оқушысының патриоттық іс-әрекетке дайын болуы оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік таныту шегіне көтерілуімен де анықталады.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық сананы қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал, көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Бұл құптарлық жай, өйиткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұранын, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Кеңес халқының жауға тойтарыс беру жолындағы ерлік күресі майдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдары
Пәндер