Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Қожа Ахмет Яасауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік универсеті
Педагогика факультеті
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту
барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Орындаған: Жаңабаева Гүлжанат
Ғылыми жетекшілер: п. ғ. к. доцент Ыбраймжанов Қалібек
Рысбекова Айман
ТҮРКІСТАН-2006ж
М а з м ұ н ыКіріспе. 3-5.
І тарау Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық мәселелері
1. 1 Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педогогикалық - психологиялық ерекшеліктері6-15.
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларында экологиялық тәрбиені қалыптастырудың жолдары. 16-25.
ІІ тарау Дүниетану пәнін оқыту барысында оқушыларға экологиялық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері.
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс уақытта экологиялық тәрбиені қалыптастыру жұмыстары26-35
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану пәнін (2 сынып) оқыту үрдісінде экологиялық тәрбиені жетілдіруде қолданатын әдіс-тәсілдер (сабақ жоспарының үлгісі) . 36-51
Қорытынды. 52
Әдебиеттер тізімі53-54
КіріспеМәселенің көкейтестілігі. Қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуы табиғатқа кері әсерін тигізіп отыр. Осыған орай жас ұрпақтардың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезім қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру, оны ғылыми түрде талдап шешу - көкейтестігі мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігі екендігі, олардың мемлекет қарауында болатынын мәлімдейді.
Елімізді «Білім туралы» Заңында : «Бала тәрбиесіндегі басты міндет - жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үрдісін келтіріп, жүзеге асыру» деп көрсетілген.
Қазіргі әсемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жайында жас ұрпаққа экологиялық тәрбие мен білім беру бүгінгі күн тәртібінде бірден-бір қажетті мәселе екені 1991 жылы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында көрсетілген.
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім беру - адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу маңызды орын алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу мәселесі табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерімен айналысқан ғалымдар В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевский, Б. Куров, Э. Ильенков, А. Бекетов, К. Темирязов тағы басқа табиғатты және қоршаған ортаны қорғау және зерттеу туралы мәселені көтерді. (14-21)
Ал психологтар Л. С. Выготский, С. А. Рубинштейн, И. С. Кон, Е. М. Кудрявцева, Қ. Жарықбаев тағы басқалар өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы қоршаған орта мен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген тұжырым айтты. (5-34)
Экологияны оқыту әдістемесіне келер болсақ республика бойынша авторлық әдіскерлердің еңбектері жарық көрді. Бұл орайда педагогтар Байсенова, Г. Байсеев, Ф. Қозыбаева, Б. Қазыханова, Шілдебаев, Б. Мұқатова, Л. Пурсова, Л. Сащенко тағы басқалар 1-11 сыныптарға оқулықтар жазды.
Осыған байланысты мектепте бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру мәселесі оқу-тәрбие үрдісінде тереңірек зерттеуді қажет етеді. Бұл тақырыпты қанша ғалымдар қарастырып келгенімен, көптеген бастауыш мектептерді қолға алынбай келеді, әлі де толық зерттелмеген.
Осыған орай диплом жұмысының тақырыбын былай деп алдық: Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары (2сынып)
Диплом жұмысының ғылыми зерттеу объектісі : Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие барысы.
Зерттеу пәні : 2 сынып “Дүниетану” пәні бойынша оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Зерттеу мақсаты : Бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие үрдісінде дүниетану пәнін оқыту арқылы экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау.
Алға қойған мақсатқа жету барысында туындаған міндеттер :
1. Педогогикалық-психологиялық әдебиеттердегі осы мәселелерді талдау және зерттеу.
2. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде озық тәжірібелерді жинақтау.
Зерттеу әдістері : педагогикалық-психологиялық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге талдау жасау, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сұрыптау, сұрақ-жауап
Диплом жұмысы --- кіріспе, төрт парагрофтан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
Кіріспеде тақырыптың көкейтестілігі, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері қарастырылған.
I тарауда бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық, педагогикалық-психологиялық мәселелері көрсетілген
II тарау Дүниетану пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері қарастырылды.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық мәселелері
1. 1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми - техникалық прогрестердің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті.
Табиғат әлемі - адамның тірішілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себептен табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып тұр.
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші - адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, қоғамымызда алға қарай өрлеу болмайтынын түсіндіру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе болмақ. (5-34бет)
Ғылымда “экология” деген ұғымды алғаш айтқан неміс биологы Эрнест Геккель. Ол “экология” деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Э. Геккельдің өмірге енгізген “экология” сөзін дәлме-дәл аударғанда “үй туралы ілім, тұрақ, мекен туралы ғылым” деген грек сөзінен шыққан.
Келесі бір экологиялық сөздікте “ экология” (гректің ойкос-үй, тұрақ, мекен және логос-білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарының, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым” деп сипаттаған. (5-34)
Қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Сол кездердегі ежелгі египет, үнді, тибет т. б. елдердің мәдени ескерткіштерінде экологиялық элементтері кездеседі. Мәселен, үнділердің “Махабхарата” жырында (б. д. д. VI -IІ ғ. ғ) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны, жер сілкінісі туралы деректер келтірілген.
Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Гераклиттің (б. д. д. 530-470ж. ж. ), Гипократтың (б. д. д. 460-370ж. ж. ), Аристотельдің (б. д. д. 384-322ж. ж. ) еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар қозғалып, талданады. Мәселен, Аристотель өзінің “Жануарлардың тарихы” деп аталатын еңбегінде 500-ден астам жануарларды түсін түстеп талдау жасайды. (3-6)
Я. А. Коменский: “Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам - табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы”, -дейді.
Француз ағартушысы Ж. Ж. . Руссо өзінің педогогикалық еңбегінде “Баланы табиғатпен байланысты тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды” деп жазды. (5-34)
Көрнекті педагог К. Д. Ушинский бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойы мен тілін дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделуі керек деп есептеді. Табиғат туралы оқығандарын түсініп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дұрыс ұғып, олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін байқай білуге үйрету. Оқытуда табиғат объектілерімен құбылыстарын пайдалану қажеттілігін атап көрсетті. Мұғалім оқушыларды алдымен бақылауға, одан соң өз бақылауларын жинақтап, ой қорытуға, үйретуге міндетті деп есептеді.
“Табиғатпен ерегісу, оған зейін келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды” деді ұлы ғалым Ушинский.
Ал психологтар Л. С. Выготский, С. А. Рубинштейн, И. С. Кон, Е. М. Қудиявцева, Қ. Жарықбаев тағы басқа ғалымдар өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады” деген тұжырым айтты.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің негізі, жас ұрпақ үшін маңыздылығын, табиғат сұлулығына қатысты эстетикалық қатынас, экологияның аспектідегі адамгершілік қатынас қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі ғалым-эколог И. Д. Зверев “Педагогикалық практиканың негізгі жағдайларында барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелінген жұмыстар қажет”, -дейді. Сондай-ақ, ол пәндерді экологияландыру басты мәселе деп қойды. Ол экологиялық мақсаты ғылыми білім жүйелері көзқарастар мен икемдерді мораль нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның хал жағдайына азаматтық белсенді қатысуды қамтамасыз ету болып табылады, дей отырып, экологиялық білім мен тәрбие оқушының табиғат сұлулығына ықыластығы, табиғатты эстетикалық түсіну, осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік, азаматтық борышты ұғыну сияқты дамытушылықты қалыптастырады деп атап көрсетеді. (5-34)
Экологиялық білім мен тәрбие беру маңыздылығы қазақ даласында ІХ-ХV ғ. ғ. Әл Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари, С. Бақырғали тағы басқа шығыс ғұламаларының тіл, этика, психология, метофизика ғылымдарындағы жазбаларында көрініс тапқан. Сонымен қатар халқымыздың ұлы ағартушылары, ғұламалары, жазушылары Ы. Алтынсарин, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде де табиғатқа деген сүйіспеншілік көшпелі елдің өмірімен, ұлттық әдет-ғұрпымен тығыз байланыстырып жазған.
Әл Фараби “Тиянақты білім алам десең, табиғаттың ұлы кітабын оқы” деген табиғаттың құдіреттілігін білдіретін сөз бүгінге дейін сақталып отыр.
М. Жұмабаев, Табиғат адам баласын дүниеге келтіріліп, бойында бар махаббатын мейірі мен шұғылалы шуағы жүрегімізде ұялатқан “Ана” деп табиғат ана жайлы өзінің терең толғанысын білдіреді.
А. Байтұрсынов “Біздің көріп, сезіп, тұрған аймағымыздағы нәрселердің бәріне табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе” дей келе, өзін қоршаған ортадағы тіршілікті сақтау адам баласының қолында екенін сендірді.
Ш. Уалиханов “О табиғат! Өзіңіз айтыңызшы, тршілікте одан ғажап, одан құпия не бар? деп табиғат сұлулығына кереметтілігіне және оның түсінікті, түсініксіз жұмбақ құбылыстарына таңданысын байқаймыз.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевский есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов т. б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді. Ал экологиялыыық тәрбие беру мәселесін соңғы жылдары зерттеп жүрген біздің қазақстандық ғалымдар аз емес, олар: Ә. А. Тұрдықұов, Д. И. Джангелдина, Г. М. Сабеналиева, А. К. Сатынская, Ж. С. Балтағұлова, А. Ш. Икрамовалардың ғылыми еңбектерінің қайталанбас өзіндік ерекшелігі аз емес, олардың педагогика саласында алатын орны ерекше. Сонда біз бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруді экологиялық материалдарға сүйеніп отырып жүзеге асырамыз.
Экологиялық тәрбие беруде шетелдік және отандық тәжірибелерді ескере отырып, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруде мол тәжірибелер жинақталады.
Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негіздері: “экологиялық білім”, “экологиялық сауаттылық”, “экологиялық мәдениет”, “экологиялық этика” т. б.
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардң табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығушылығы артады.
Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің сенімінің, және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау - табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну, жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді. (Арал, Балқаш)
Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ол экологиялық этика- үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауды қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдар негізінде қалыптасқан.
Экологиялық мәдениет - экологиялық білім мен тәрбиенің жемісін көру, адамның жоғарыдағы экологиялық ұғымдарды түсіну мен ұғу деңгейінің өміршеңдігін көрсетеді.
Экологиялық тәрбие - жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті өмірлік мәселеге айналып отыр.
Мұның мәні - адамдардың бойында табиғатты қорғау белсенділігі қалыптастырып қажетті білім және икемділіктерімен қаруландыру деген сөз.
Қазіргі кездегі мектептегі экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты- оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді падаланудың орасан маңызды мәселе екенін ұғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі біліммен және дағдылармен қаруландыру. Табиғатқа ұқыпты қарауға жеке және жауапкершілік сезмі сәбилік кезден бастап тәрбиеленуі тиіс. Бұл жұмыс неғұрлым ерте басталса, онда педагогикалық тиімділігі соғұрлым жоғары болмақ.
Біздің елімізде “Әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті” деген талаптар, барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырылмағаны мәлім. Тоқырау жылдары еліміздің табиғатын қорғауға зор кеселді зардаптарын тигізді. Бірыңғай экономикалық өндірістік мүдделер басшылыққа алынып, экологиялық талаптар ескерілмегендіктен, еліміздің табиғаты үлкен зиян шекті.
Біздің байқағанымыз экологияны оқытудың басқа пәндерге қарағанда көптеген өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтуымыз керек. Өйткені, экология қазіргі кезде барлық ғылымдар саласы мен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналды.
Эклогиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы -- сабақ. Сабақ арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы барлық оқу -тәрбие жұмыстары әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Экологияны оқыту барысында оқушыларға берілетін оқу-тәрбиелік жұмыстарының ең маңызды мақсаттары мен міндеттерін басшылыққа алу керек.
Олар :
-- оқушырардың қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру;
-- ой -өрістің шығармашылық белсенділігін дамыту ;
-- зерттеушілік қабілетін дамыту, экологиялық мәселелерді түсіндіру және өз бетінше шешуді дағдыландыру;
-- оқушылардың практикалық іс-қабілетін дамыту және оны өміршең етуге баулу;
-- оқушылардың жергілікті жердің экологиялық проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру .
Мектеп реформасында да, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесә. Айрықша атап көрсетілген: Мектеп ұқыпты қожайынның қасиеттерін қоғамдық байлық пен туған табиғатқа қамқор да ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға тиіс” - делінген. Онда экологиялық тәрбие жұмыстарының балабақшадан бастап мектепке дейін үздіксіз жүргізіліп отыруды қарастырылған. Сондықтан да, бастауыш сынып мұғалімдеріне жасөспірімге экологиялық тәрбие беруде зор міндеттер жүктеледі. (21-38)
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртінішден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру қажет. (19-5)
Экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттілікті мектеп жасынан қалыптастыру кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтары мен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыруды қажет етеді.
Бастауыш және орта мектеп оқу бағдарламасына жалпы және басты идеялар біріктірілген экологиялық білімнің теориялық негізі тақырыптары, экологиялық даму заңдылықтары туралы білім кіреді. Экологиялық біліктілікті тереңдетуге, жаңа сапалық деңгейде экологиялық тапсырмаларды күрделендіре беруге негізделеді.
Бастауыш мектептердегі оқушылардың экологиялық білім деңгейі әр түрлі оған себеп кейбір бастауыш мектептерде қосымша пән ретінде экология пәні оқытылады, ал кейбір мектептерде экологиялық бағдарламалар өте мардымсыз беріледі.
Осыдан шығатын түйін жалпы білім беретін бастауыш мектептерде және орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие беру жайын ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдап, үздіксіз экологиялық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, дидактикалық негіздерін жолға қою қажет, әсіресе бастауыш мектептерде эколгияны оқытудың үздіксіз білім беру ұстанымының негізі қалануы керек. Оқушылардың үздіксіз, бағдарлы, сапалы білім жүйелерінің бір-бірімен сабақтастығы қаралуы тиіс.
Оқушылардың экологиялық сауаттылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыруға оқытушының білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал етеді. Қарапайымнан күрделіге көшу - оқу үрдісінің сабақтастығының негізгі ұстанымдарына жататындықтан оқу бағдарламалары да күрделене түседі.
Жоғары аграрлық мектептерде жан-жақты білімді, кәсіби мамандығын жете игеретін, қазіргі нарықтық заман талабына сай сұраныстарға қабілетті, іскер мамандар даярлау - негізгі міндет.
Экологиялық сабақтың негізгі мақсаттарының бірі- оқушылардың экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту, теориялық білімін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету. Осы мақсатта бағдарлы білім беру жүйесі, арнайы оқулықтар, бағдарламалар, әдістемелік құралдар даярланады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көңіл бөлінді.
Эколгиялық білім мен тәрбие беру - “Табиғат -адам -қоғам” жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың білім игеру кезінде қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты- жастардың экологиялық көзқарасын, санасын табиғатқа үлкен парасаттық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Экологиялық мәдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады.
Экологиялық тәрбие мен білім беру - көп сатылы үрдіс, ол кешенді тұрғыда да қарастыруды қажет етеді. біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу, үшіншіден, сарамандық іс-әрекетті білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жеке тұлғаның эмоциялық - сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін өсіреді.
Бастауыш мектеп оқушыларына экология бойынша деректер беріп қана қоймай, табиғатқа деген қарым-қатынастық жаңа көзқарасын, санасын мәдениетін қалыптастыру басты мақсат болу керек. Сондықтан, экологиялық білім берудің белгілі бір әдістемелік жүйесі жасалу қажет.
Қоршаған ортаны қорғау ( ауа, су, топырақ) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу үрдістері де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді.
Экологиялық тәрбие функция оқушыларды табиғатқа деген жанашырлық, жауапкершілікті сезінуге баулиды. Экологиялық сапа экологиялық білімнен тұрады. Ол оқушылардың дүниетанымының маңызды құрамдас бөлігі ретінді экологиялық тәрбие беру үрдісінде дамиды.
Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру - Қазақстанда білім бердің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасау, оларды қаржыландыру, экологиялық білі беретін ұстаздарға қамқорлық жасау, мектеп алдындағы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері кезек күттірмейді.
Көп жағдайда экологиялық оқу-тәрбие жұмысының төмендегі, мұғалімдердің кәсіби мамандығының нашарлығы жайлы көп айтылады. Оның үстіне, ауылдағы мектептердің көбі өте ауыр қалді бастан өткеріп отыр. Осындай мектептен келген балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру - үлкен міндет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz