Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

I. Кіріспе
1.1.Ұстаз - ұлы есім
1.2.Танымдық іс-әрекет туралы түсінік
1.3.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың кейбір мәселелері.

II. Негізгі бөлім
2.1.Математика сабағындағы оқушылардың танымдық іс-әрекеттері
2.2.Математика сабағында оқушылардың таным белсенділігін арттыру

III. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім алып , тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақ алдында “Қазақстан - 2030” бағдарламасындағы “Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы ” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы “Нені оқыту, қалай оқыту, оқушыны қалайда жетектеу” күрделеніп барады.
Білім саласы адам айтқысыз кеңейіп психология дамып , ақпаратты таңдап алуы алдыңғы қатарға шықты.
Қазіргі кезде оқушылардың жүйкесіне , денсаулығына, психологиясына күш түсірмей ғылыми жұмыстарға баулу заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді, салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметкерінің ең күрделі түріне жатады. Қай заманның болсын мұғалімі , алдымен Абайдың “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”- өсиетіне сай, тәлім- тәрбие ісінде жалықпайтын шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек. Өйткені баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі білімді болумен ғана шектелмей танымы мол , саяси экономикалық және педагогикалық-псмхологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен қатар балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.
Елбасымыз білім мен ғылым қызметкерлерінің II– съезінде Болашақта еңбек ететін, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтанда ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр - дегені жоғарыдағы сөзімізді айқындай түседі.Ендеше өз ісіне берілген , жаңалыкты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жолына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
1.2 Қазіргі педагогикада ,оқыту адамның танымдық іс-әрекетінің түрі ретінде сипатталады. Оқушы әрбір сабақта , кез келген сыныпта адамзаттың қоғамдық таричи тәжірибесін зерттейді.
Оқыту – арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет. Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасатын жеке дамуды қарқынды үдетеді.
Оқыту екі жақты сипатта жүретін мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті ретінде көрінеді. Мұғалім іс-әрекетіне сәйкес алға қойған мақсат, мазмұн және бағдарлама негізінде жүзеге асырылады, оқу белгіленген нәтижеге жеткізетін басқарылатын барысқа айналады.
Таным іс-әрекеті барысында бастауыш мектеп оқушылары ойдың нақтыдағы абстрактылыққа өту кезеңінде болады.
Таным теориясы (гносеолегия немесе эпистеминология) –– айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін , білімнің шындыққа қатынасын , қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным таным үрдісінің заңдылықтарын , оның түрлерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі –– рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім – таным теориясы деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырайырмашылықтары бар. Ол – білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары оның ақиқаттық жалпы шарттарының обьективтік қатынастарының қалыптасуы.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында кездесетін таным қабілеттіліктері –– білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күгделі үрдіс. Ол оқушылардың сыртқы дағды мен әрекеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу -оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Оқушылардың танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау , есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқушылардың өзіндік сезім танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы , әсерленуі) негізінде қабылдаған білім мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының идеясы мынадай: білім алу оқушылардың белгілі бір әрекеттер жүйесін орындауы нәтижесінде жүзеге асырылады. Ақыл-ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ал ойлауды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Мұғалімнің міндеті осы үрдісті басқара білу , тек ойлау іс-әрекеттерінің нәтмжелерін ғана емес, оны қалыптасу барысында бақылап отыру.
Ақыл-ой әрекеті сезімдік қабылдау негізінде алған жүйелі білімі арқылы қалыптасады. Оқу барысында әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындау кезінде мұғалімнің басқаруымен сезімдік қабылдау қабілеттілігін жетілдіріп отыру жүзеге асырылады. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері оқу әрекеттерінде жетекші қызмет атқарады. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігі мен құштарлығының қабілеттілігін арттырудың сан алуан түрлері бар.
Оқу тәрбиелеу үрдісі мұғалім мен оқып үйренушінің әртүрлі іс-әрекеттерінен тұрып, осы іс-әрекеттердің барлығы оқып үйренушінің білімінің мазмұнын меңгерту мақсатында орындалады. Дидактикада осы іс-әрекет түрлерінің сипатына, жинақтау тұтастығы мен орналасуына көп көңіл бөлу бөлінеді. Білім – мұғалімнен оқушыға беріліп қана қоймайды , оның шығармашылығын дамытуға жұмылдырылады. Өйткені, оқыту әдісі – белгілі білімді игерьу үрдісімен тікелей байланысты. Оқыту әдісі –– мұғалім қолындағы өзіндік педагогикалық құрал.
Педагогикалық үрдісте оқушы мен мұғалімнің арасында өзара әрекеттесу жүріп, ол әрекеттесу әртүрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерді анықтау мен классификациялауда көптеген жақтары бар.
В.Краевский: Оқыту әдісін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекет моделі, белгілі білім мазмұнын оқып үйренушілерге игеру үшін беретін нормативтік жоспары,, - деп түйіндесе, И.Лернер: Оқыту әдісі оқып үйренуші мен мұғалімнің сатысы әрекеттесу жүйесі, мазмұнын игеруді ұйымдастыруға болады ––деп тұжырымдайды.
Дидактик В.Оконьнің пікірінше, оқыту әдісі – сыналған оқып үйренушінің жеке өзгерістерін іске асыру мақсатында қолданылатын оқушы мен мұғалімнің біріккен қызметі. Сондықтан да біз оқыту әдісінің сипатына мақсаты, ұйымдасқан және игерілген әдіс , оқыту субьектілерінің әрекеттесу белгілерін жатқызамыз. Әдістерге технологиялық жағынан жақындау әдістің өнімділігін тиімді арттыру мақсатына бағытталған, яғни мұнда оқып үйренушінің танымдық мүмкіндігі , жеке адамның белсенді танымдық қабілеттілігі ескерілмейді.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп,одан әрі жетілдіре түсіруге даңғыл жол ашылды.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асырылады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады.
Баладағы осы өсіп жатқан өзгерістер педпгогтерден бүкіл оқыту тәрбиелеу жұмысн нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс-әрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау , зейін,ес, қиял, сөйлеу) дамиды.
Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы тұрақсыз болып келеді және ұйымдаспауымен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда білуге құмарлық, әуестікте байқалады. Олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып, отыратындықтан қоршаған ортаны қызығуымен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі неізінен зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінді жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму үрдісінде таным қабілеті арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге , адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.
Бала өмірінің негізгі мазмұны –– оқу. Оқу –– баланың негізгі іс-әрекеті, сондықтан ол бірінші кезекте қызықты болуы керек. Бұдан басқа бала еңбекпен, спортпен айналысады, мұражай, үйірме және басқа да мәдени мекемелерге брады. Баланың дәл бүгінгі өмірі саналы, парасатты, мазмұнды және қызықты болуы керек.
1.3. Бүгінгі таңдағы еліміздің жүріп жатқан экономикалық-әлеуметтік дамулар келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мазмұнын түбірімен жан-жақты қайта ойластырып, жаңа сапаға жету міндетін көздейді. Сондықтан да білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға , адамгершілік пен салауатты беріу ұстануға бағыттауға тиістіміз.
Алайда қазіргі практика көрсетіп отырғандай мектепті бітірген түлектердің оқу міндеттерін шеше білуге бейімділігі танымдық ізденімпаздығы, шығармашылық ойлау деңгейінің төмендігі байқалып отыр.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуда көзделетін мүдде –– білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігін ұғындыру. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі – оқушылардың алған білімдерін өмірде тәжірибеде нәтижелі пайдалануы болып табылады, яғни оқушының алған білімі өзіне қызмет етуі тиіс. Оқушы ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибе тағылымдары жөнінде оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді танымдық іс-әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды. Ғалымдардың ой тұжырымдары мен әдебиет беттеріне талдау танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтер, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналғандығын көрсетеді.
Ы.Алтынсарин: Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан-жақты, білімді, өз ісінің шеьері болуы керек, – дейді.
Ы.Алтынсарин оқытудың жеке әдіс-тәсілдеріне мыналарды жатқызады:
А) Оқыту әдісі – бұл оқушының білімге құштарлығын оятатын, алған білімдерін тереңдету мақсатында өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
Ә) Сабақта оқушының белсенді ой-әрекетін жаттықтыру. Маңыздысы – оқушының өз бетінше ойлана білуі...
С.Смайловтың пікірінше, танымдық іс-әрекет ынтаның пайда болуымен тығыз байланысты. Ынталылық белгісінің сипаты мыналар: оқу ісіне белсене кірісуі, материалдарды қызыға қабылдауы, зейінін сол объектіге шоғырландыруы, оқу үрдісінде сұрақтар қоюы. Демек, танымдық ынтасы оқушының түрлі құбылысты қамтып, білуіне көмектесетін, оны тақырыпты түсінуіне қозғаушы себеп ғана емес, шығармашыл ойлау жүйесін дамытушы бола алады.
Таным – объективтік шындықты адамның ойына бейнелейтін және қайта жаңартатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады ( анализ, синтез, дедукция, индукция, абстрактілік пен нақтылыққа және т.б) .
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен , мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындау тәсіл амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады.
Танымдық белсенділік –– оқушыынң оқуға, білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының еркеше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған, жаңа материалын түсіну үшін оқушының зейінін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде орын алуы қажет.
Дидактик, педагог Т.Сабыров оқыту процесінде оқушының белсенділігі негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы белсенділік және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз –– оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттер, мұғалімге зейін қойып қарауы т.б). Бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке тұлғаға тән маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Оқушының оқу – танымдық мотивтерін тудыруға ішкі сезімдеріне қозғау салуда мынадай тәсілдер тиімді:
а) оқуға жағымды психологиялық жағдай туғызу;
ә) жаңа материалды түсіндіруде әртүрлі мәліметтерді тебірентетіндей фактілер келтіріп, оқушыны қызықтыру, белсенділігін арттыратындай етіп ұсыну;
б ) өмірден алынған қызықты жағдайларды қазіргі ғылым мен техникалағы жаңа табыстарды сабақ мазмұнымен байланыстыру;
в) мұғалім мен балалар арасындағы қарым қатынас.
Сабаққа әртүрлі бейнелі көрнекіліктер мен логикалық сызбаларды, шартты графикалық құралдарды қолдану оқу үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін, іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгертуге төзімділігін арттырудың негізгі тәсілі болып табылады.
Әр пәннің жеке ерекшеліктеріне орай ізденіп, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының оқу белсенділігін арттыруда ой түйіндеп, жоспар, тезистер құруға, конспект жазып, баяндама, реферат жасауға оқушыларды үйрету керек.
Сабақ барысында оқушынығ бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
Оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті қажет етеді.
Оқу әрекеті –– балның дамуының басты шарты, оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі, оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділігін арттыру құралы.
Оқушының танымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін ұлғайту
Бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау
МАТЕМАТИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Пәндер