Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктері туралы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктері

Қазіргі замандағы қоғамның әлемдік даму тенденциясына және ондағы Қазақстанның алатын орнының өзгеруіне байланысты, сол сияқты тәуелсіз мемлекетіміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде қоғамның көптеген салаларымен бірге халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты туындап отырған мәселелердің бірі — ол бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысы. Ол соңғы жылдары үлкен және жылдам өзгерістерге кез болды.
Өзінің жаңа бастауын 1980 жылдардың ортасынан бастап бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысын өз республикамыздың ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыру мөселесі 1990 жылдардың басында бұрынғы КСРО-да қалыптасқан саяси-өлеуметтік жағдайдың негізінде батыл қолға алына бастады. Тек қана республика азаматтарынан құралған, құрамында бастауыш мектеп мұғалімдері (Ерешева К., Қазгелдина Қ., Мұхамбетқызы С, Абраева Б.), арнаулы педагогикалық оқу орнының оқытушысы (Құрманалина Ш.), педагогикалық жоғары оқу орнының оқытушысы (Оспанов Т.) ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері (Өтеева Қ., Қайыңбаев Ж., Наурызбаева Ә., Сөтімбекова М.) бар екі авторлар тобы республика мектептері үшін дайындалған базалық оқу жоспарына сәйкес, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысын жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында қысқа мерзімде бастауыш математика курсының мақсаты, мазмұны, т.б. мәселелері мүмкін болған жаңа құндылықтар негізінде айқындалып, араға 70 жыл салып барып республиканың бастауыш мектептері үшін математикадан оқу-өдістемелік комплект дайындалды.
Еліміздің қазақ тіліндегі бастауыш мектептері 1992-93 оқу жылынан бастап, ал басқа тілдердегі (орыс және үйғыр) бастауыш мектептер 1993-94 оқу жылынан бастап бірте-бірте (бір оқу жылында бір сыныптан) өз авторларымыз дайындаған оқу-әдістемелік комплектісіне көше бастады.
Дегенмен, бастауыш сыньштарда математиканы оқытуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі және де соның негізінде салыстырмалы түрде тез арада оқу-өдістемелік комплектінің жарық көруі республикада аталған сала бойынша мамандардың бар екендігін және олардың қандай жүкті болса да мойнына ала-алатындығын көрсетті.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға бөлінген уақыт аударма оқу жоспары бойынша аптасына 20 сағат (төрт жылдық бастауыш мектептер үшін), яғни 1-сыныпта — 4 сағат (барлығы, 163 сағат), 2-сыныпта — 5 сағат (барлығы, 170 сағат), 3-сыныпта — 5 сағат (барлығы, 170 сағат), 4-сыныпта — 6 сағат (барлығы, 204 сағат) еді.
Демек, оқу жылы бойынша бастауыш мектепте математиканы оқытуға шамамен 680 сағат уақыт жұмсалатын.
Ал, біз тоқсаныншы жылдардан бері басшылыққа алъш келе жатқан оқу жоспарында да, қазіргі 1-4 сыныптарға арналған оқу жоспарында да (ҚР бастауыш білімнің мемлекетгік стандарты. Алматы — 1998, Ы Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті) бастауыш мектепте математиканы оқытуға аптасына 18 сағат, яғни, 1-сыныпта — 4 сағат, 2-сыныпта — 4 сағат, 3-сыныпта — 5 сағат, 4-сыныпта — 5 сағат уақыт бөлінген. Бұл дегеніміз, оқу жылы бойынша математиканы оқьпуға 612 сағат бөлінді деген сөз. Демек, бастауышта математиканы оқытуға бөлінген уақыт 68 сағатқа қысқарды. Қорыта айтқанда, бастауыш математиканы оқытуға бөлінген сағат санының қысқаруы басқа пәндерді оқытуға бөлінген сағат санының артуымен және әр сынып бойынша оқыту жүктемесінің шектеулілігімен түсіндіріледі.
Бастауыш математиканың білім мазмұны „... дүние жүзіндегі аса дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес" (Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (І-ІҮ сыныптар).
Екіншіден, дамыған елдерде орта білім беру саласы өр түрлі оқу құралдарымен, техникалық құралдармен жақсы жабдықталғанымен оның жалпы жүйесі бұрынғы КСРО-ның білім беру жүйесінен артық емес, тіпті көптеген көрсеткіштері бойынша кем. Осыны кейде ашық, кейде үнсіз мойындай отырып және бұрынғы КСРО-ның төжірибесін зерттей келе олардың келер ұрпаққа білім беру жайлы „XXI ғасырға арналған білім берудің моделі" (Жапония), „Үлт қауіптіжағдайда", „XXI ғасырда американдықтарға білім беру" (АҚШ), „Болашақта білім беру" (Франция), т.б. атты бағдарламалар қабылдағаны және де қабылданып жатыр.
Яғни, оларда мектеп барлық жағынан жақсы жабдықталғанымен мүғалім мен оқушының арасы, оқушы мен оқытушының арасы тек қана практикалық қажеттілікке негізделген. Ал біздің мектеппен, әсіресе, ауыл мектебі, ондағы адамдар арасындағы қатынаста, әрине, практикалық қажеттілік бар, бірақ негізінен, адамгершілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа бағытталған. Сол сияқты, балалардың, әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқуға деген энтузиазмы жоғары. Демек, мектептің жабдықталуы әзірше дамыған елдердегі сәйкес жағдайдан төмен болғанымен, барды дұрыс пайдалана алсақ, біздің ұрпақ олардан кем білім алмайды.
Қорыта айтқанда, біздің бастауыш мектептің әр сабағындағы оқушылардың білім деңгейінің барлық пәндер, оның ішінде математика пәні бойынша басқа елдердегі құрдастарынан төмен болмауы, біріншіден, практикалық қажеттілікке, екіншіден, өз балаларымыздың, мұғалімдеріміздің энтузиазмына негізделіп отыр.
Қазіргі қоғамның даму деңгейі, әсіресе, ел экономикасының нарықтық экономикаға көшуі кез келген қоғам мүшесіне деген бұрынғы көзқарасты өзгертіп отыр. Бұл күнде әр адам сан-салалы өзгерістерге тез бейімделгіш, стандартты немесе шаблонды емес шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет. Мұндай жағдай іс жүзіне асу үшін мектеп бітіргендерге арналған әр түрлі түсіндірме (радиодан, теледидардан, мерзімді баспасөзден, т.б.) жұмыстары жүргізілсе, жеткіншек ұрпақ үшін бұл аз. Бұған қосымша осы мақсатта мектепке келген күннен бастап жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл жағдай өз кезегінде қазіргі мектепте дамыта оқыту мәселесін альш келді деп ойлаймыз.
Дамыта оқыту — педагогиканын мәңгі проблемаларының бірі. Оны педагогика ғылымымен бірге жасасып келе жатқан іргелі мөселелердің біріне жатқызсақ, қателеспейміз. Бірақ ол заман талабына байланысты бірде күн тәртібіне шығып, бірде қандай да деңгейде „ұмыт" қалып отырған.
Жалпы, дамыта оқыту, өсіресе, жекелеген пәндердің білім мазмұнын іріктеуде, оны оқытудың өдістемесін, оқыту әдістерін, оқытудың мақсатын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Демек, басқа пәндер сияқты бастауыш мектептегі математика пөнінің білім мазмұнындағы, оны оқытудың әдістемесіндегі, оқытудың мақсаты мен әдісіндегі өзгерістердің басты себептерін дамыта оқыту идеяларын оның жүзеге асу жағдайлары деп түсінуіміз керек.
Тіпті, дамыта оқыту идеялары жүзеге асуының бір бағытына математиканың білім мазмұнын құрайтын бес блоктың біреуі түгелімен арналып отыр. Онда „... мазмүндық-логикалық есептер мен тапсырмалардың жүйесі..." құрастырылған және олар „... оқушы зейінін, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады" .
Бұған қосымша бастауыш математика курсының көптеген ұғымдарымен оқушыларды таныстыру, олар жайлы білім қалыптастырудың өзі дамыта оқыту идеяларына бағындырылған. Демек, қазіргі кезде бастауыш математика курсының білім мазмұнындағы және оны оқытудың әдістемесіндегі кейбір жағдайларды жекелеген мұғалімдердің жеткілікті дәрежеде түсінбеуі олардың дамыта оқыту мәселелері жайлы білімдерінің аздығынан деп топшылауға болады.
Қорыта айтқанда, бастауыш мектепте математиканы оқыту барысын дамыта оқыту мәселесі үлкен өзгерістерге ұшыратты және де оның мән-мағынасын терең түсіну үшін мұғалім қауымына дамыта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудың теориясылық негізі
СЫНЫПТАРДА АЛГЕБРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың жалпы мәселелері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Толық жүздіктерді қосу және азайту
Пәндер