Бастауыш сыныптарда тест әдісін пайдалану. Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша пайдалынатын тест түрлері


Бастауыш сыныптарда тест әдісін пайдалану.
Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша пайдалынатын тест түрлері.
1. Бастауыш сыныптарда тест әдісіп пайдалану
Педагогикадағы диагностиканы іске асыруда бастауыш мектептің мүмкіндігі зор. Ол негізінен бастауыштағы оқыту және тәрбиелеу ерекшелігіне байланысты. Көптеген пәндерді бір мұғалімнің беруі, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін қалыптастырудағы ерекшеліктері. Бастауыш мектепке тән білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері. Соңғы жылдары дидактика төңірегінде оқушылардың танымдылық, белсенділік әрекетін және оқыту үрдісінде тест әдістерін пайдалану жөнінде бірнеше міні-мағынасы зор пікірлер айтылды.
Сабақ үстінде оқушылармен мүмкіншілігінше тестік жұмыстар жүргізіп, мұғалім тек осы жұмыстың үстінен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын-ала даярлап отыру керек. Тестілік әдіс негізінен оқушылардың білімділігін, біліктілігін және дағдысын өлшеуге арналган. Сондықтан оларды көбінесе педагогикалық немесе психологиялық тесттер деп атайды.
Тестер белгілі бір ережелер, талаптар бойынша құрастырылады. Әрбір тест обьектісі болып табылатын білім, біліктілік және дағды компоненттерінің сипаттамасын анықтайтын бір түрлі тапсырмалар жиынтығын айтады.
Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер мына схема бойынша жүргізілуі тиіс.
1-кезең :
-тест алдындағы талдау
-тестті жоспарлау
-құрастыру
-тест алдындағы жұмыстарды санау
-тест алдындағы нәтижелерді өңдеу
-тест алдындағы нәтижелерді сатылау
2-кезең :
-түпкілікті тестті жасау
-тест алдындағы қайта жоспарлау
-түпкілікті тест құрастырып өңдеу
-тест нәтижелерін сатылау
Тесттерді құрастыру және пайдалану кезінде ескерілетін ұйымдастырушылық талаптар:
1. Сыналушының ешқайсысына артықшылықтар берілмейді . Барлығы бірдей жағдайда, бірдей сұрақтарға жауап береді.
2. Алдын-ала дайындаған нәтижелерді бағалау шкаласы барлығына бірдей қолданылады.
3. Нәтижелердің бұрмалауын болдыртпау шаралары қолданылады.
4. Тест материалының мазмұны туралы хабарлардың алдын-ала таралуына жол бермеу.
Өкінішке орай бастауыш сыныптарда осы кезеңднрді ескермей жатады. Кез-келген мәтіннің ортасынан 2-3 сөйлем жазып, сұрақ белгісін қойып, тест сұрағы деп береді. Тест саналы да нәтижелі болу үшін тест сұрақтары дәл, анық, ұғымды, әрі қысқа болуы тиіс. Тест оқушылардың жас ерекшеліктеіне, шама-шарқына лайықты құрастырылуы тиіс.
Тестті қолдану басқа емтихандармен салыстырғанда мынадай бірқатар пайдалы артықшылықтары бар. Олардың қатарына: процедураның салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; нәтижелердің тікелей белгілі болуы; жекелей де, топтапта сынақ өткізу мүмкіндігі; көрсеткіштердің орташа математикалық, статистикалық қорытындыларын алу үшін нәтижелерді талдау ыңғайлы, стандарттар мен нормаларды дайындау мүмкіндігі; оқушылардың кез-келген саны үшін сынаққа кететін уақыттың аздығы жатады.
Оқушылардың білімін, біліктілігі мен дағдысын тексеруге және бақылауға қолданылатын тесттер жиындығы 7 түрге бөлінеді :
1. Толықтырмалы тест :тестте, сызбада, формуланың жазылуында қалдырылып кеткен сөзді, белгіні қосатын орын болады.
2 Еске алу тесті: тест сұрағына берілетін жауапқа белгілі бір факт, заңның, ереженің мағынасы келтіріледі. Бұл кезде тура сұраққа бір жақты жауап алу арқылы білімнің нақтылығы тексеріледі.
3. Баламалы жауабы бар тест :белгілі бір жағдайдың дұрыс не дұрыс еместігін шешуге мүмкіндік беріледі. Жауап “+”, “-” белгілері, “ия” не “жоқ”, “дұрыс” не “дұрыс емес” сөздері арқылы жазылады.
4. Таңдау тесті :бірнеше жауаптың ішінен жалғыз дұрыс жауапты таңдап алады. Мұндай тесттерде жауаптар саны 3-тен кем болмайды.
5. Сәйкестендіру тесті :екі бағанада орналасқан фактілерді бір-бірінің мағынасы, мазмұнына байланысты тауып топтастыру
6. Бірден-бір қатарлы тест :заттың аты, шамасы, және т. б. көрсеткіштері талапкерлерден тексеріліп отырған қандайда бір заңға, ережеге байланысты орналастыру қажет.
7 Комбинациялы тест . құрылуына байланысты мұнда жоғарыда көрсетілген әртүрлі тест типтерінің сұрақтары болуы мүмкін. Бұл тесттің сұрақтары: кесте, текст, формула, график, сызба, схема түрінде қажетті түсініктемелерімен бірге беріледі. Деңгейіне байланысты ауқымды және көп ауқымды болуы мүмкін.
Тесттерді негізінен 3 топқа бөлуге болады:
1 Адамның интеллектуалдық потенциалын анықтайтын тесттер;
2 Педагогикалық тесттер;
3 Адамның белгілі бір кәсіпке бейімділігін анықтайтын тесттер
Оқыту процесінде қолданылатын тесттердің өзі 2 түрге бөлінеді:
1 Өз бетінше жұмыс істеу үшін құрылған тесттер -әдетте тиісті материалдар оқытылып жатқанда немесе белгілі бір тақырыпты қайталау кезінде беріледі.
2 Бақылау жұмыстары үшін құралған тесттер -математикалық курстың барлық негізгі бөлімдерін қамтиды.
Тест сұрақтарының қиындық дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Демек мұның өзі бір жағдайдың өзінде сыныптағы үздік және зерек оқитын оқушыларды таңдап алуға мүмкіндік береді.
Кез-келген пәнді оқыту тиімділігі оқушылардың білімін бақылау мен есепке алуды меңзейді. Оқытудың нәтижелерін, оқушылардың алған білім деңгейін-тексеру, бағалау-пәнді оқытудың ең маңызды құрамды бөліктері болып табылады. Білімдегі оқылықтар өтілетін материалды игеруді қиындатады және материалды пәнаралық байланысты түсінбеушілікке әкеп соқтырады. Сондықтан оқушылардың пән бойынша даярлығын тақырыптық бақылау мен есепке алу оларды жүйелі түрде еңбек етуге үйрнтеді: сыныпта, үйде орындалатын бақылау және өзіндік жұмыстарына сын көзбен, жауапкершілік сезіммен қарауды қалыптастырады.
Оқушылардың білімін тесттік жүйе бойынша бағалаудың “кәдімгі бағалау” жұмыстарынан көптеген артықшылықтары бар, ең негізгісі-тест арқылы бақылау жұмысына қарағанда көп материалды аз уақыттың ішінде жылдам, тез арада тексеріп шығуына мүмкіндік береді. Тестің өхіне тән тағы бір ерекшелігі-оқушылардың қызығушылықпен ойын түрінде қабылдауында. Соның нәтижесінде олар тапсырманы орындау кезінде қорқыныш, үрейлену сияқты психологиялық мәселелер болмайды.
Төменде келтірілген әрбір тест қиындық дәрежесі бірдей 2варианттен тұрады. Оларды орындап шығу үшін 45 мин уақыт бөлінеді. Алайда мұғалім сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты тесттегі барлық тапсырмаларды немесе оның біраз бөлігін қолдануға болады.
Тестік жүйе бойынша бақылау жұмысын жүргізудің негізгі ережелерін ескерте кетейік:
1 Тест тапсырушыдан тест жауаптары толтырылған карточкадан басқа басқа ешқандай жазуды талап етпейді.
2 Тестті бастар алдында оқушыларға картаны қалай толтыру қажеттігі туралы толық түсініктеме берілуі тиіс.
3 Тест карталарын толтыру ережелерін түсіндіруге кеткен уақыт, тестті орындауға кеткен жалпы уақыттың құрамына енбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz