Білім беру - өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
"Білім" деген не ?

"Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы.
Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесіннегізінен үш ортадан көріп, біліп, түйісініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол- отбасы, қоршапжатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіпкеле жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байланвсты болып, балаға жүйелі ықпал етуге мүмкін. Керсінше, әрқайсы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісінікіне қайшы келуге де ықпал. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін оъект біреу. Ол - бала, жасөспірім, жас. Бала алдында ауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына,неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты.
Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады. Әсіресе еңбек технологиясының жетілдірілуі, экономикалық қатынастағы өзгерістер, жұмыссыздық, ересектердің өзінің білімін жетілдіру немесе қайта даярлық процесінен өту әрекеттерін болмай қоймайтын заңды құбылысқа айналдырды. Білім беру немесе білім алу тек арнайы білімс беретін мекемелер шеңберінен шығып кетті. Мүдделер өзалдына білімденуде, өз еркімен ізденісін жалғастырады. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда әр адамның тіршілігінің өзекті саласы - білімдену. "Білім беру" және "білімдену". Екеуінене ортақ және айырмашылығы неде? Жас ұрпаққа білім беру, яғни өмірлік тәжірибемен қаруландыру, отбасының, әлеуметтік ортаның және арнайы білім мекемелерінің ісі екенін айттық. Алұрпақ оны қалайша қабылдады: немқұрайды, ұшқары, терең ұғына отырып, өз тәжірибесінеайналдыру арқылы... Неге бір отбасынан әркелкі мінезді және қабілетті бала өседі, неге бір мұғалімнен оқығандардың білімі, көзқарастары мен қабілеті әртүрлі? Осының бәрі мәселенің білімнің берілуінен гөрі, тәрбиеленушінің өзінің білімденуінде екенін көрсетеді. Ата-ана үйретумен шектеліп қалмай, бала үйренді ме жоқ па, басты назар соған аударылмаса күткен нәтиже келе қоймады.

Білім беру - өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші

Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік мәртебесі, оның материалдық әлаукатының денгейі мен қоршаған ортадағы беделді көбінесе алған білімінің сапасына байланысты болып келеді. Өз кезегінді білім беру жүелерініңдәрежесіде өмірдің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бүгінгі таңда қоғамөмірінің барлық салаларында түбегейлі жаңару жүргізіліп жатқаны мәлім. Соған байланысты білім беру жұесінде де реформалар жүзеге асырылуда. Бұл жерде аталмыш мәселені қарастырмастан бұрын КСРО-ның құрамында болған кездегі Қазақстанның білім жүесінің жай-жапсарына тоқталғанымыз жөн болар. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда да білім берудің мектептік жүйесі оқытудың негізгі түрі болды. Одан өзге білім берудің институттар жүйесін қалыптастыру туралы мәселе де қойылмады. Дегенмен, КСРО-ның білім беру жүйесіндегі біржақтылыққа қарамастан Қазақстан халқының сауаттылығы, орта және кәсіптік білімді мамандардың саны тәрәзді көрсеткіштер бойынша өзге елдер қатарында лайықты орында болып келді. Әйткенмен, Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, біртұтас және зайырлы мемлекет құру жолында түскен кезеңде білім берудің ескі жүесінде қала деру тиімсіз болатын еді. Осымен байланысты өркениетті елдердің білім беру саласындағы бағыттыры мен технологияларын, тәжірибелерін ескере отыра, Қазақстан Республикасының ұлттық ерекшелігіне сайкелетін үлгіні негіздеу басты мәселе етіп қойылды. Соған орай қазіргі кезде Қазақстанда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалардың негізінде аталмыш салаға біршама игілікті өзгерістер енгізілді. Мәселен, бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде мемлекеттік емес (баламалы, қщғамдық, жеке) білім беру мекемелері қатар жұмыс істеуде. Яғни, бұл көрініс жас ұрпақ өкілдерінің өздірінің қалаған бағдары бойынша таңдау жасауына мүмкіндік береді. Аталған саладағы реформалардың саяси-әлеуметтік астары оқу-тәрбие процесінде өркениетті саяси бағыттарды қалыптастырудың шарттарын, білім беру ісінің әдәстері мен жолдарын, технологияларын жетілдіруді, мемлекеттің білім беру саясатындағы мұғалімнің, тәрбиешінің, оқытушының кәсіби біліктілігін үнемі арттыруда, соның негізінде балалар мен студенттердің саяси санасы мен мінез-құлқын орнықтырып, саяси әлеуметтену процесінің нақты институттық мәселелерін жолға қоюды көздейді. Мұнымен қоса, еліміздің білім беру жүесіндегі реофрмалардың нәтижесінде төмендегідей іс-шаралар көрініс табуда:
- білім беру саласын демократияландыру;
- білім бреу саласындағы жаңа құқтық нормативтік базаны қалыптастыру;
- жаңа мемелекеттік орта және жоғары білім стандарттарының жасалып енгізілуі;
- мемлекетттік бюджет қаржысынан тыс оқитын студеттер санының көбеюі;
- ұлттық және жалпы адамзаттық бағыт-бағдардыескере отыра, білім берудің Қазақстандық үлгісін жасауға ұмтылыстаржәне т.б.
"Қазаұстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасының негізгі принциптерінің бірі болып "кадрларды жалдау, даярлау және доғарлату жүйесін жақсарту" саналады. Осыған орай мемлекет аталмыш стратигиялықжоспардыжүзеге асыру жолында елдің қоғамдық өмірінің барлық салаларында кәсіби денгейі жоғары маман кадрларды дайындауды басты мақсат етіп қоюда. Жаңа ұрпақ өкілдерінен Қазақстан мен қазақстандық халқының мүддесін өз мақсат-мүддесінен жоғары қоятын білімді, саналы кәсіпқой мамандарды әзірлеу мемлекеттік маңызды мәселелердің бірі. Ал, мұндай бағыттағы мемлекеттіксаясаттың білім беру саласына да тікелей қатысы барлығы сөзсіз. Өз кезегінде білім беру жүйелері де мемлекетте іске асырылып жатқан саяси істерден тыс болуы мүмкін емес. Осымен байланысты білім беру саласы мен қоғамдық-саяси құрылым арасында үнемі байланыс болуы керек. Себебі көбінесе қоғамда жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістердің стратегиялық барысы нақ осы өсіп келе жатқан жастардың білімінің сапасымен, саяси санасы мен мінез-құлқының денгейімен, саяси сауаттылығымен жіне жоғары белсенділігінің дәрежесімен өлшенетіндігі белгілі.
Жеке тұлғанаң саяси-әлеуметтік көзқарасып дамытып, дуниетанымдық аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі-білім болып табылады.Қоғамдық-саяси жүйедегі азаматтардың жоғары білім денгейінің болуы, олардың саяси іс-шараларға саналы түрде ат салысуына қажетті шарт. Ал, сауаты төмен адамның көбінесе өзгелердің жетегімен жүріп, стихиялық әрекеттер жасауға бейім балатындығы белгілі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Әлеуметтену агенттері мен институттары
Саяси-әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру процесі
Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясы
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі
Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары туралы ақпарат
Біріншісі - дәстүрлі саяси теориядан бастау алатын институционалды талдау бағыты
Жастардың әлеуметтену механизмі
Саяси белсенділіктің рухани негізі - саяси мәдениет
Пәндер