Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 1: «Білім беру әлеуметтануы» пәнінің объектісі мен пәні.

1. Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы. Пәннің міндеті мен мақсаты.

2. «Білім беру әлеуметтануы» пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы.

3. 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында батыс әлеуметтануында білім әлеуметтануының пайда болуы. Батыстық білім беру әлеуметтануының ерекшеліктері.

4. 20 ғасырдағы Ресейдегі білім беру әлеуметтануының ерекшелігі.

Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғам қызметі мен басқа институттармен байланысы) әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері мектеп, жоғары оқу орын т. б. Сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы сондай ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулермен зерттеледі. Мысалы, қоғамның өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны) оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынастар ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ мұндай мәселелер білім беру әлеуметтануының саласы ретінде педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.

Білім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:

- білім алудағы қажеттіліктерді зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін түсініп бағалау.

- Олардың әлекметтік маныздылық астарындағы білім саласын және деңгейін бағалау.

- қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтырын зерттеу.

- әсіресе мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету.

- рухани қажеттіліктер мен мүдделер әсер ету деңгейін анықтау.

Білім беру әлеуметтануының негізін М. Вебер, Э. Дюргейм қалаған. Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін оның экономикалық және саяси процестерімен байланысын қатар әлеуметтану қөзқарасы бойынша оқу орындары мен педагогикалық процестерді зерттеді, кейінірек Т. Парсонс білімді қазіргі қоғамда әлеуметтендіру институты ретінде зерттеді. Оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда мектептер, сыныптар әлеуметтік психологиялық орта топтың процестер, жанжалдың шығу тегі оқыту тәсілі. Әлеуметтік құрлымдарға ие болатын білім алушылардың бейресми топтары зерттелді.

Білім беру жүйесі - әлеуметтік институттардың ең маныздыларының бірі функционалды көзқарас бойынша білім жүйесі жеке адамдардың әлеуметтендірілуін қамтамасыз ететін институтционалды жұмыс істеу үшін өмір сүру арқылы сапасын дамыту процесі. Әлеуметтендіру мәдениеттің сабақтастығын оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Алғашқы әлеуметтендірудің (баланың әлеуметтендірілуі) алып жүруші агенттер болып отбасы табылады, әлеуметтендіруді көбінесе стихиялық сипатта болады. Осылармен қатар әлеуметтенуші агенттер қоғам құрлымдары болып табылады. Бұл жерде әлеуметтендіру басымдылығы бойынша мақсатты бағытталған сипатта болады.

Қазіргі қоғам саналы әлеуметтендірудің шешуші құралы білім жүйесі болып табылады. Олардың әрекет етуі процесінде сонымен қатар әлеуметтік процесінің екі жақты қызметі туындайды:

1. Мәдениетті жетілдіру.

2. Тұлғаның дамуы.

Мақсаты бағытталған әлеуметтану тарихи институтционалды құрылымы осы кезеңге дейін қоғамның азғана бөлігі қамтылады, және біртұтас саяси, діни, әскери және экономикалық элитаны қалыптастыру мақсатын көздеді. Қазіргі кезде білім беру жүйесі озінің маныздылығын, мазмұның, көлемі жағынан қоғам өткен ғасырларда жетістігі тарихи экономикалық табыссыз, бірақ элита тобының өкілдерінің мәртебелі құрамында болса, қазіргі кезде қоғам өңдіріс маманданған білімінің кен таралғанымен анықталады. Қазіргі демократиялық саяси жұенің басшы талабына бұқаралық білімнің шаралауы жатады.

Білім, толғаның дамуына өзін - өзі көрсетуіне көмектеседі . сонымен бірге білім тәжірибесін және нышандық сипаттағы маңызды міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етіп, қоғам үшін шешуші манызды орын алады .

Мәдиениетті жеткізу қызметі құндылықтарды арнайы емес тиісті білім беру жүесінде сақтау және оларды жоғалтып алуды толғандыратын тарихи бағыт алған сана сезім ашық көрінетін қоғамдарда көрініс береді . білімнің бұл қызметінің жүзеге асуы гуманитарлық жиынтық пәндерінің қоғам тарихының тілдік, әдиебиеттін, географияның, дің және философияның қолдануынан көрінеді.

Білім беру жүйесі қоғам бірігуіне маңызды үлес қосады. Қазіргі көптеген елдерде этникалық, діңи нәсілдік топтармен сипатталады. Білім тарихының тарихының тағдырын қауымдастық сезімін, осы бір тұтас қоғам қатарына жататының қалыптастыруға өзінің үлесін қосады және осындай топтардың ұлттық мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып мәдени ықпалдасу шеңберіндегі ортақ құндылықтарды, қалаларды, мұраттарды және ұмтылыстарды жасап шығаруға көмектеседі. Білім жүйесінің рухани өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады . Ол жастардың алған білімі негізінде өмірге дайындығын іске асырып, қалыптасқан қоғам институттарды іс- әрекетін қамтиды.

Бүгінгі күні жастардың көп бөлігі білім алуда (орта, жоғары) . Осы әлеуметтік институт білім беру социологиясын зерттейді, ол социологиялық білімнің білім беру жүйесінің әлеуметтік жүйе ретіңце қалыптасуының және дамуының, сондай-ақ оның қоғаммен өзара әрекеттестігінің заңдылықтарын зерттеу мәні болып табылатын саласын білдіреді.

Қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат қоғамының әр түрлі даму кезендеріңде нақты әлеуметтік-мәдени контекске негізделген білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған. Құл иеленушілік қоғам екі үлгімен көрінді: антикалық және римдік. Бұлар әртүрлі үлгілер болды, олар үшін білім берудің элитарлығы жалпы болып табылды, ғылыммен және өнермен айналысу еркін туғандардың артықшылығы болып саналды.

Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикалық қосымшасын лайықты емес сабақ деп қарастырған кезде әр түрлі өнер мен философияны оқуға басымдық берідді. Антикалық білім алуда білім алудың еріктілік және еркінділік принциптеріне ерекше мән берілді.

Білімнің римдік үлгісінің утилитарлық сипаты болды және өзіндік нормативтік-құндылық бағдарымен ерекшеленді. Римдік білім беру тәртіп сияқты әлеуметтік нысанға мәжбүрлеп оқыту басымдығын берді. Білім берудің басты мақсаты әскери басшылар мен мемлекеттік қайраткерлерді даярлауға байланысты болды.

Орта ғасыр, әсіресе проблеманы зерттеушілер атап көрсеткендей орта ғасырдан Жаңа уақытқа өту кезеңі білім беру институтын дамытуға қомақты үлес қосты. Бастапқыда монастырь ретінде пайда болған университеттерді құру осы уақыт жетістіктерінің бірі болды.

Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі XVIII ғасырдың соңында және XIX ғасырдың басында қалыптасты, ол классикалық деген атқа ие болды. Білім берудің классикалық парадигмасы еуропалық мәдениет пен өркениет жетістігінің кепілі болып табылды. Міндетті бастауыш және орта білім беру принципі әлемнің көптеген дамыған елдері үшін нақты факт болды. XX ғасырдың соңындағы әлем халқының 80 процентінің сауатты болуы факт болды.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзінің ішкі даму зандылықтарының әсерімен және сол сияқты білім беру жүйесінің әсерімен өзгерсе де білім беру қоғамды пайда қылмайтыны, ал қоғам білім беру жүйесін өзгертетіні негізгі объективті заңдылық болып табылады.

Мамандар білім беруде байқалған қазіргі заманғы үрдістердің бірқатарын атап өтеді: білім берудің негізіі парадигмасын ауыстыру (білім берудің классикалық үлгісі мен жүйесінің дағдарысы, білім беру философиясы мен социологиясының маңызды жаңа идеяларын әзірлеу, экспериментті және балама мектептер құру және т. б. ), білім беруді тереңдету, бұл оқытудың қарқынды әдістемелерін енгізуді жобалайтын ірі ақпарат массивінің өсуінің және жинақталуының салдары болып табылады; білім беру интернационализациясы (бірлескен халықаралық ғылыми зерттеулер, студенттер мен оқытушылардың алмасуы) ; үздіксіз білім беруді дамыту (ақпараттық шу, сондықтан жоғары оқу орнында 4-5 жыл оқытумен шектелмеу керек) . Тұтас алғанда білім беру адам өмірінің бөлігі сияқты оның ажырамас құқықтарының бірі ретінде танылады.

Адамдарға білім беру білім берудің басты функциясы; білім беру адамзат үшін мәдени және тәрбиелік сияқты маңызды функцияларды орындайды. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторларының бірі ретінде бола тұрып, білім беру қоғамның бір адамнан немесе топтан басқасына құндылықтарды, шеберлікгі және білімді өткізетін (коммуникативтік функция) процесгі білдіреді. Мәдени және таным институттары сияқты білім беру де белсенді және шығармашылық іс-қимылға икемді тұлғаның көпжақты дамуының қалыптасуына бағдарланған.

Жас ұрпақтың өнегелі, ойлау және дене даму процестеріне әлеуметтік бақылау жасау білім берудің әлеуметтік маңызды функцияларының бірі болып табылады. Осы функция әсіресе бастауыш білім беру кезеңінде пайда болады.

Адамдар алған білімді құжаттың (диплом, аттестат) көмегімен куәландырумен қатар білім адамды алған кәсіби даярлығына сәйкес әлеуметтік жүйедегі орнын қамтамасыз ете отырып әлеуметтік мәртебені қалыптастыруға белгілі түрде әсер етеді. Білім беру осылайша субъектінің қоғамдағы әлеуметтік қозғалысына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.

Орта мектеп өсіп келе жатқан қозғалмалық үшін тепе-тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, себебі бұл жерде оқудағы жетістіктер бойынша бағалайды.

XX ғасырда жоғары білім жоғары топтың артықшылығы болудан қалуы уақыттың белгісі болды. Дамыған елдерде орта мектепті бітіргендердің көпшілігі колледждер мен жоғары оқу орындарына барады. Статистикада жапон жұмысшыларының жұмысқа алғашқы орналасқандарының 93 процентінің толық орта және жоғары білімдері бар екенін қуаттайды және олардың 38 проценті жоғары оқу орнында білім алған. АҚШ-та барлық сатушылар мен жұмысшылардың 25 проценті жоғары білімді адамдар.

Кезінде КСРО білім бойынша әлемдегі жетекші орындардың бірінде болды (мысалы, бұл 60-жылдары әлемдегі 3-орын болды), 70-жылдары осы елде білім үшін мемлекетік бюджеттің 12 проценті жұмсалды, 80-жылдары білім беру екі есе қысқарды, ал ел 3-орыннан 53-орынға төмендеді. Ресейде 1995 жылы білім беруге мемлекеттік бюджеттің 2 проценті ғана кетті, бұл таңдаушылардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік емес жеке білім берудің пайда болуына да байланысты, яғни қазіргі білім беру жүйесі бұрынғы кеңестік мемлекеттің барлық елдеріндегідей елеулі өзгеріске ұшырады.

Бүгін транзиттік қоғам қажеттілігін сезе отырып жоғары оқу орындары бұрын дәстүрлі түрде «үнемдеген» мамандарды көбірек даярлай бастады: заңгерлер, экономистер, программистер, лингвист-аудармашылар. Контент-талдау ТМД елдерінде экономика және юриспруденция саласындағы жұмыс істеп тұрған құрылындар кадрлардың, әсіресе жаңа жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті кадрлардың тұрақты қажеттілігін бастан кешіруде. Мысалы, ресейлік баспасөз деректері бойынша, бүгінгі күні ең жақсы сатылатын кесіптердің тізіміне екі аса белгілі бос орын қызметтері қаржыгер және программист кіреді. Екінші орында менджерлер, сату жөніңдегі менеджерлер, сауда өкілдері және жарнама агенттері. Жыл сайын білімдірек бола бастанған және осы уақытта міндетгі түрде қандай да болмасын жоғары оқу орнын бітіруші болып табылатын және шетел тілін меңгерген және оргтехникамен жұмыс істей алатын хатшылар да менеджерлерден қалыспайды.

Отандық білім әлемдік мәдениетке бірігу проблемасын шешеді, бұл оны гуманитарландыруды, компьютерлендіруді, жоғары оқу орындарының дербестігін, мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес білім беру жүйесін дамытуды болжайды.

Тақырып 2 : Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың басқа салалары

және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер.

1. Білім беру әлеуметтануы және мәдениет әлеуметтануы, отбасы әлеуметтануы, жастар әлеуметтануы: олардың өзара байланысы, мәселенің орталықтығы.

2. Білім беру әлеуметтануы және педагогика, психология, философия, мәдениеттану, саясаттану, дінтану: өзара байланыс.

Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттеді. Білім беру әлеуметтану білім жүйесі әлеуметтік институты ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласынан бөлініп шығуы бөлімінің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербесшілігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алуы қабілеттілігіне негізделген.

Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғам қызметі мен басқа институттармен байланысы) әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері мектеп, жоғары оқу орын т. б. Сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы сондай ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулермен зерттеледі. Мысалы, қоғамның өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны) оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынастар ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ мұндай мәселелер білім беру әлеуметтануының саласы ретінде педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.

Білім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:

- білім алудағы қажеттіліктерді зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін түсініп бағалау.

- Олардың әлекметтік маныздылық астарындағы білім саласын және деңгейін бағалау.

- қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтырын зерттеу.

- әсіресе мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету.

- рухани қажеттіліктер мен мүдделер әсер ету деңгейін анықтау.

Отбасы әлеуметтануы -отбасының құрылуы, жетілуі нақты және әлеуметтік экономикалық жағдайларда с. с және т. б. некелік -отбасылық қарым қатынасты зерттейтін социологияның саласы. Отбасы дегеніміз- туыстық байланыстар, неке және құқық нормалары сияқты факторларға негізделген әлеуметтік қатынастар жиынтығы. Отбасы - адамдардың қандық, некелік немесе асырап алуға негізделген тұрмыстағы ортақтық пен бала тәрбиесіне өзара жауапкершілікте бірігуі. Қазіргі қоғамның белгісі болып саналатын - шағын отбасы. Бір еркектің бір әйелмен некесі- моногамия. Экзогамия- белгілі бір топқа жатпайтын адамдармен неке құруын талап ететін ереже. Отбасы мүшелері құрылымы деп әдетте отбасы мүшелері арасындағы қатынас жиынтығын ұғынады. Отбасы мынадай жағдай қажет болған жағдайда: отбасының өмір салты, оның қызметі қазіргі қоғам қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келуін анықтағанда ғана ғана әлеуметтік институт ретінде талданады. Эгалитарлы отбасы жүйесі -күйеуі мен әйелі арасында биліктің тең бөлінуі.

Отбасы нақты мәдени және әлеуметтік экономикалық жағдайларда отбасының, неке отбасылық қатынастардың қалыптасуы, дамуы және қызметін зерттейді. Неке дегеніміз ер мен әйел арасындағы қатынастың тарихи ауыспалы әлеуметтік формасы, сол арқылы қоғам олардың жыныстық өмірін реттестіреді, олардың жұбайлық және ата аналық құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады.

Кеңейтілген отбасы балалы жұбайлар жұбы және түрлі жастағы туысқандар. Отбасы құрамы- рухани, адамгершілік жүйесін, сондай ақ билік, беделді қоса алғандағы отбасы мүшелері арасындағы қатынастар жиынтығы. Отбасы мәні -отбасы қызметі, оның құрылымы және отбасы мүшелерінің ролдік қызметі. Патриархат дегеніміз- билік күйеуінде немесе әкесінде болатын отбасы жүйесі. Монополия бұл бір еркектің бір әйелмен некеде түруы. Фертильдік - әйелдердің бүкіл өмір бойында дүниеге әкелген балалар саны. «Когорта» ұғымы бір жылы немесе бірнеше жыл шеңберінде туылған барлық адамдарды білдіреді.

Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ болып табылады. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. Қоғамның негізгі мақсаты-адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы қажет. Некенің негізі-сүйіспеншілік (махаббат) . Махаббат -өмір көркі (Абай) .

Социологияда отбасы анықтамасы: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ оның жалпы белгілері адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.

Қысқасы, отбасы еркек пен әйелдің табиғи жыныстық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық т. б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол отбасындағы қатынастар, оның құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ болып табылады . Отбасы ұсақ, шағын (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады: репродуктивтік ( бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру) ; экономикалық (өндіру және тұтыну) ; қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктерімен қамтамасыз етуге, қауіп - қатерден қорғауға қамқорлық жасау) ; балаларды оқыту, тәрбиелеу; эмоциялық (ерлі- зайыптылардың бірін-бірі сүюі) ; әлеуметтендіру функциясы (балларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т. б. баулу) . Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады. Отбасының негізгі функциялары- репродуктивті, тәрбиелілік, шаруашылық тұрмыстық, моралды психологиялық қолдау, бақылаушы, өзара қамқорлық, бос уақытты ұйымдастыру мен пайдалану.

Отбасы функциясы сондай-ақ бос уақытты ұйымдастыру, бірлескен тұрмыс, шұғылданушылық. Некеаралық отбасы- ересек ата- аналар мен олардың бағуындағы балалардан түратын отбасылық құрылым.

Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің байланысының өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштерінің дамуына яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Қазіргі қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай- ақ құқықтық (праволық) институт та болып табылады. Құқықтық институт ретінде отбасы туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы, оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.

Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи шығуының ғылыми материалистік теориясын жасай отырып, Ф. Энгельс американдық ғалым Лиьюис Морганның (1818-1881) психологиялық зерттеулерін пайдаланды: Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған - үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Морганның және басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы синдиасмикалық отбасы және полигамдық отбасы кезеңдерінен өткен.

Бір қандастар отбасы группалық некеге негізделеді, ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа сіңлілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған.

Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар т. б)

Бұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцип экзогамдық принциппен, яғни ру аралық некелесу формасымен ауысады. Бұл формада бір рудың бір қыздары (апалы-сіңлері) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен тұратын отбасыға көшудің алғашқы қадамы болады.

Бір еркек пен әйелден тұратын моногамиялық отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды - ол жабайлықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ол полигамия (көп әйел алу формасында) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамды отбасының тууына жағдай жасады. Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру әлеуметтануы
Әлеуметтану обектісі
Құқық әлеуметтануы
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Мәдениеттің негізгі элементтері
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz