Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың
ғылыми-педагогикалық негіздері

КІРІСПЕ
Зерттеудіњ кµкейкестілігі. ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады.
Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.
Еліміздегі жоғары білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Қазақстан - 2030 жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.
Бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.
Жоғары мектептің маңызды міндеттерінің бірі – кәсіби мамандарды дайындаудағы фундаментальды ғылымның орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осыған байланысты дайындықты меңгеріп шыққан жоғары мектеп түлегі заманауи ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.
Біздің зерттеу бағытымызға байланысты жоғары мектептің негізгі бағыттарының маңыздысы арнайы жоғары кәсіби білім беру, сондықтан кәсіби білім беру болашақ дене мәдениеті мамандарын даярлау жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алатын бірден-бір фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың, технологиялардың өркендеп дамуы болашақ мамандарда кәсіби технологиялық білім мен іскерліктердің дамуына баса назар аударады. Болашақ мамандардың бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау, қызмет орнында, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Жоғары оқу орнының басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелілік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін даярлау. Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.
Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады.
Жоғары кәсіби білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – дене мәдениеті студенттердің жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, интеллегент маман ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.
Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан адам ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.
Демек, дене мәдениеті жєне спорт саласында кейбір мәселелерді кешенді т‰рде зерделеу осы салада кәсіби мамандарды дайындау ќазіргі кезде зерттеу ж±мысыныњ кµкейкесті талабы болып отырѓанын айта кету керек.
Жоғары оқу орындарында болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда ашып кµрсететін тиісті деректерсіз зерттеу м‰мкін емес. Сондыќтан да, мынадай авторлар мәселені жан-жақты саралауда д±рыс баѓыт ±стауымызѓа арқау болды: Мұнда Б.Қаражановтың, Қ.И.Адамбековтың, Б.М.Досќараевтыњ, М.Сапарбаевтың, Ж.Бекбатчаевтың, Б.А.Тойлыбаевтың, Ж.К.Оңалбектің, Ж.Егізбаевтың, А.С.Иманғалиевтің, М.Таникеевтің, Е.Уақбаевтың, А.Қ.Қарақовтың, Е.Мұхитдиновтың еңбектері дене мәдениеті және спорт саласында мамандар даярлау үдерісіне арналған.
Ал, болашақ маманды даярлау, кәсіби даярлау үдерісі, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі туралы ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады. Олар: Б.Әбдікаримов, Г.Ж.Мелдібекова, Сыздық О.С., Молдабекова М.С., Саипов А.А., Шаутина Л., Кенжебеков Б.Т., Таубаева Ш.Т., Жолдасбеков А.А., Маусымбаев С., Абибуллаева А.Б., Жарасбеков А.А., Кеңесбаев С.М., Жанабаев Ж.Ж., Беркимбаев К.М. Бұл ғалымдардың докторлық диссертация қорғау үшін даярлаған зерттеу жұмыстары болашақ әртүрлі маман иелерін кәсіби даярлау мәселесіне арналған.
Жоғары оқу орындарында білім беруді жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері А.А.Саиповтың, М.Ә.Құдайқұловтың, С.Ж.Пірәлиевтің, А.Г.Қазмағанбетовтың, Қ.Б.Сейталиевтің, Ы.Набидің, Т.С.Садықовтың, Л.К.Керимовтың, Е.Омардың, Б.К.Момынбаевтың, С.А.Ұзақбаеваның, В.А.Кимнің, Л.А.Байсеркенің, М.Н.Сарыбековтың, Қ.Закирьяновтың, Ж.Ж.Жаңабаевтың, Ж.Асановтың, О.С.Сәлімбаевтың, Т.Т.Галиевтің, Г.К.Нургалиеваның, Ж.И.Намазбаеваның, А.Б.Нұрлыбекованың, Р.К.Дүйсенбінованың, И.Смановтың, О.Мұсабековтың, А.М.Абдыровтың, К.Е.Ералиннің, Б.А.Оспанованың, К.М.Беркімбаевтың, К.Ыбырайымжановтың және т.б. еңбектерінде әр қырынан талданған.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасында болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану (Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, Қ.Б.Бөлеев, Ш.И.Жанұзақова, Ж.Т.Төлегенов, Т.Ш.Қуанышев және т.б.), мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыруды (О.Аяшeв, Ә.Бүркітбаев, Ж.Оңалбек, С.А.Жолдасбекова, Е.Сағындықов, Т.Ж.Бекбатчаев), ғылыми-педагогикалық жағынан негіздеу туралы бірқатар ғылыми еңбектер орындалған.
Зерттеу жұмысы тікелей дене мәдениеті мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталғандықтан таќырыпќа байланысты жекелеген жалпы теориялыќ ережелерді наќтылауѓа м‰мкіндік беретін дене тєрбиесі және спорттық теориясы мен єдісі жµніндегі зерттеу ж±мыстарын ерекше атап өтуге болады. Олар: Б.Қаражанов, Г.Д.Иванов, С.И.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, А.Қарақов, А.Аралбаевтардың дене мәдениеті, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған еңбектері.
Зерттеуімізде дене мәдениеті мамандарының µзара ќатынасыныњ пайда болу мәселелеріне, оның єлеуметтік тєжірибе жинаќтауѓа ќалай єсер ететіндігін, сол тєжірибені кµп±лтты спорттыќ ортада пайдаланѓанда ќандай нєтиже беретіндігін білу маќсатымен жалпы психология, спорт психологиясы, әлеуметтік және спорт педагогикасы жµніндегі ѓылыми єдебиеттерде кењінен талқыланды.
Нәтижеде болашақ дене мәдениеті мамандарын теориялық, әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда даярлау мәселесі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі анықталды.
Осылайша, болашақ дене мәдениеті мамандарының кәсіби білімін жетілдіруге қоғамның сұранысы мен бұл бағытта кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделмеуі арасында; болашақ дене мәдениеті мамандарына жоғары оқу орындарында кәсіби білім беру қажеттігі мен оны жүзеге асырудағы бірыңғай жүйелі әдістердің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі анық байқалады. Осы қайшылықтар, зерттеу тақырыбын “Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негіздеп, эксперименттен өткізу.
Зерттеудің объектісі. Болашақ дене мәдениеті мамандарын жоғары оқу орнында кәсіби даярлау үдерісі.
Зерттеудің пәні. Жоғары оқу орындарында дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау жүйесі.
Зерттеудің болжамы: егер, жоғары оқу орнында дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталып, тұжырымдамасы жасалса, арнайы кәсіби пәндерді оқыту арқылы дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлау әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негізделсе, онда олардың кәсіби даярлық үдерісінің тиімділігі артады, өйткені дене мәдениеті мамандарының кәсіби даярлығы күрделі жүйе болып табылады.
Зерттеудің міндеттері.
1. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау.
2. Дене мәдениеті мамандарын жоғары оқу орындарында дайындау мазмұнының қазіргі күй-жайын анықтау.
3. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау мәселесін зерттеудің тұғырлары мен ұстанымдарын айқындау.
4. Жоғары оқу орындарында болашақ дене мәдениеті мамандарының кәсіби дайындығын жетілдірудің тұжырымдамасын жасау.
5. Дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау.
6. Дене мәдениеті мамандарының кәсіби дайындығын қалыптастыруды тәжірибелік-эксперименттен өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орнында дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлау жүйесін теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, ќазіргі білім беру проблемалары, кєсіби педагогика, кєсіпќойлыќ психологиясы мен жеке т±лѓаны дамыту саласындаѓы отандыќ жєне шетелдік ѓалымдардыњ тұжырымдары ќ±райды.
Диссертациялыќ зерттеудіњ єдіснамалыќ, теориялыќ, єдістемелік жєне эксперименттік ќаѓидаларын жасауда кєсіби оќыту үдерісін зерттеудегі ж‰йелілік, т±лѓалыќ жєне іс-єрекет т±рѓысынан ќараудыњ жалпы ѓылыми ұстанымдары, сонымен бірге кєсіпќойлыќ, оныњ бєсекеге ќабілетті жєне кєсіби толысќан маман болып ќалыптасуындаѓы рөлі туралы; іс-єрекеттіњ философиялыќ, психологиялыќ, педагогикалыќ жєне профессиографиялыќ теориясы туралы; проблемалыќ оќытудыњ теориялары мен әдістемелері ќолданылды.
Зерттеудіњ кµздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардыњ, психологтардыњ, педагогтардыњ, дене тәрбиесі бойынша мамандардың ењбектері; ЌР ‡кіметініњ ресми материалдары; ... білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы, Білім жєне ѓылым министрлігініњ жоѓары мектептіњ білім беру мєселелеріне ќатысты нормативті ќ±жаттары мен оќу-єдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оќу баѓдарламалары, оќулыќтар, оќу-әдістемелік ќ±ралдары жєне т.б.); Қазақстан Республикасы жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары; тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардыњ ѓылыми жетістіктері мен озыќ тєжірибелері; ғылыми еңбектері.
Автордыњ жоғары оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, дене тәрбиесі факультетінің деканы, институт директоры қызметтеріндегі көп жылдық педагогикалыќ жєне зерттеушілік іс-әрекет тєжірибесі.
Зерттеу єдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (талдау-біріктіру, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (тест, сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер); дене тәрбиесі, спорт, дене мәдениетінен білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеудіњ негізгі кезењдері.
Бірінші кезењ (1999-2002 жж.) – тєжірибелік–ізденіс жұмыстары; педагогикалыќ зерттеулер єдіснамасы мен теориясыныњ жалпы жєне арнайы мєселелері бойынша отандыќ және шетелдік єдебиеттерді маќсатты зерттеу және талдау; дене мәдениеті мамандарын даярлау тєжірибесін талдау ж±мысы ±йымдастырылды. Маманды даярлаудыњ мемлекеттік стандарттары, Дене мәдениеті бойынша білім беру саласындаѓы баѓдарламалар жєне бірќатар жоѓары оќу орындарында, оқу жылдарындағы негізге алынып ж‰рген мамандарды даярлау оќу жоспарлары зерделенді. Зерттеудіњ басты ќаѓидалары аныќталды, тєжірибелік-эксперимент ж±мысыныњ теориялық және єдіснамалық жүйесі ќалыптасты. Жоѓары оќу орнында “Дене шынықтыру және спорт” мамандыѓы студенттеріне арнайы кәсіби пєндерді оќытудыњ ғылыми-єдістемесін ќалыптастырудыњ қазіргі проблемаларыныњ зерттеу дењгейі аныќталды, аныќтау экспериментініњ нєтижелері µњделді.
Екінші кезењ (2002-2004 жж.) – теориялыќ–єдістемелік т±рѓыдағы жұмыстар; студенттерге арнайы кәсіби білім берудіњ кµп сатылы ќ±рылымыныњ теориялық, тұжырымдамалық, әдістемелік ерекшеліктері негізделді. Арнайы кәсіби пєндер негізінде білім берудіњ мєні мен мазм±ны жєне ќ±рылымы т±жырымдалды. Болашақ дене мәдениеті мамандарына арналған арнайы кәсіби пєндердің құрылымы және мазмұны жетілдірілді. Дене мәдениеті және спорт мамандығы шењберінде жалпы кєсіби маман даярлау тиімділігін арттыруѓа баѓытталѓан оќу үдерісініњ ќ±рылымы жетілдірілді. Ќалыптастыру эксперименті ж‰зеге асырылды.
‡шінші кезењ (2004-2008 жж.) – эксперименталды–ќорытындылау – жұмыстары; дене мәдениеті мамандыѓы студенттеріне арнайы кәсіби пєндерді оќытудыњ баѓдарламасын, кәсіби маман дайындау формаларын және єдістемелік ќамтамасыздандыруын жетілдіру ‰стіндегі ж±мыстары жалѓасты. Дене мәдениеті мамандыѓы студенттеріне арнайы кәсіби пєндерден білім берудіњ формалары мен әдістерін жасау ұстанымдары негізделіп, оќу-тәрбие ‰дерісіне ендірілді. Дене мәдениеті және спорт мамандарына заманауи оќыту технологиясы бойынша оќытудыњ єдістемесі жетілдіріліп тєжірибелік-экспериментте тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, деректер статистикалық өңдеуден өтті. Пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді. Диссертациялыќ ж±мыс талап бойынша дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды.
2. Жоғары оқу орындарында дене мәдениеті мамандарын дайындау мазмұнының қазіргі күй-жайы анықталды.
3. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау мәселесін зерттеудің тұғырлары мен ұстанымдары қазіргі жоғары оқу орындары тұрғысында айқындалды.
4. Болашақ кәсіби маман дайындаған жоғары оқу орындарында жетілдіре түсуге тұжырымдамалық бағыт-бағдарлары жасалды.
5. Жоғары оқу орнында дене мәдениеті мамандарының кәсіби даярлығының сапасын жетілдіруде арнайы кәсіби пәндердің мәні, мазмұны және құрылымы анықталды.
6. Дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындауды оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыруда ғылыми-әдістемелік жүйесі негізделді.
7. Дене мәдениеті мамандарының кәсіби дайындығын қалыптастырудағы тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеруден өткізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- жоғары оқу орындары дене мәдениеті оқытушылары мен болашақ дене мәдениеті мамандарына кәсіби білімдерін жетілдіру, дене шынықтыру, ұйымдастыру, жаттықтыру, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік материалдар берілді;
- жоғары оқу орындары оқытушыларға және спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларға, болашақ дене мәдениеті мамандарына, мектеп мұғалімдеріне дене шынықтыру, жаттықтыру, ұйымдастыру, сауықтыру жұмыстары жөнінде ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік материалдар ұсынылды;
- зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында, орта және арнайы мектептер мен колледждерде, спорттық ұйымдарда оқытушылар мен мұғалімдердің, жаттықтырушылардың, ұйымдастырушылардың, қызметкерлер- дің білімін, кәсіби біліктіліктерін жетілдіру институттары қызметінде пайдалануға болады;
- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, дене мәдениеті саласының жұмыстарының жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының, жаттықтырушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру сияқты жоғары мектеп реформасы аясындағы маңызды, көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.
Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне арналған “Студент:әлеуметтік бітімі, жай-күйі, құндылықтық-көзқарастық бағдарлары” атты монография басылым көрді. Сонымен қатар, студенттерге арналған “Дене мәдениеті”, “Олимпиадалық білім” оқу құралдары, “Дене мәдениеті мамандығына кіріспе”, “Народные подвижные игры как важнейшее средство физвоспитания студентов” атты оқу-әдістемелік құралдары даярланған.
Ќорѓауѓа мынадай ќаѓидалар ±сынылады.
- болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудағы арнайы кәсіби пәндерді оқыту үдерісінің теориялық-әдіснамалық негізіне қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы философиялық қағидалар, диалектика, таным теориясы, жеке тұлғалық, әдістемелік, іс-әрекеттік теориялар, психологиялық-педагогикалық теориялар мен кәсіби маман даярлау тұжырымдамалары жатады;
- жоғары оқу орнында дене мәдениеті мамандарының кәсіби даярлығының сапасын жетілдіруде арнайы кәсіби пәндердің мәні, мазмұны және құрылымы;
- арнайы кәсіби пәндерді оқыту арқылы дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлау нақты шарттар арқылы (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік) жүзеге асырылуы: мазмұндық – тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалуы; ұйымдастырушылық – оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды пайдаланумен айқындалуы; әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негізделген жұмыстармен анықталуы;
- дене мәдениеті мамандарын арнайы кәсіби пәндерді оқыту үдерісінде кәсіби даярлаудың ғылыми-әдістемелік жүйесі.
- болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудағы арнайы кәсіби пәндерді оқыту әдістемесі, оқу материалдары мен кешенді түрде (оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар) қамтамасыздандырылып, студенттердің кәсіби білімін, дағдысын, біліктілігін арттыруы.
Зерттеу нєтижелерініњ дєлелділігі мен негізділігі әдіснамалық жєне теориялыќ кµзќарастармен; практикалыќ ж±мыс мазм±ныныњ ѓылыми аппаратќа сєйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне сәйкес єдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерініњ дєлелділігімен; тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және іс-жүзінде практикаға ендірілуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу базасы. Тєжірибелік-эксперимент ж±мысы Ќ.А.Ясауи атындаѓы Халыќаралыќ ќазаќ-т‰рік университетінде; М.Єуезов атындаѓы Оњт‰стік Ќазаќстан мемлекеттік университетінде; Қазақ туризм және спорт академиясында; Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жүргізілді.
Зерттеу нєтижелерін сынаќтан µткізу жєне практикаѓа ендіру эксперимент барысында ж‰зеге асты жєне халыќаралыќ (Шымкент, 2002; 2003; 2005; Ақтөбе, 2007; Орал, 2007; Атырау, 2007; Көкшетау, 2008; Тараз 2008; Ташкент, 2005; 2007; 2008; Алматы, 2001, 2005; 2007), республикалыќ ѓылыми-практикалыќ (Түркістан 2006) ѓылыми-теориялыќ конференцияларда; республикалыќ педагогикалыќ оќуларда (Шымкент, Алматы, Т‰ркістан 1999-2006) жєне Ќ.А.Ясауи атындаѓы Халыќаралыќ ќазаќ-т‰рік университетініњ, М.Єуезов атындаѓы Оњт‰стік Ќазаќстан мемлекеттік университетініњ жыл сайынѓы µтетін конференцияларында, ѓылыми-єдістемелік семинарларында, сонымен ќатар Оњт‰стік Ќазаќстан облыстыќ, аймаќтыќ, ќалалыќ білім беру басќармаларында баяндалды; мерзімді ѓылыми-педагогикалыќ басылымдарда жєне жинаќтарда кµрініс тапты. Зерттеу нєтижелері Ќ.А.Ясауи атындаѓы Халыќаралыќ ќазаќ-т‰рік университетінде; М.Єуезов атындаѓы Оњт‰стік Ќазаќстан мемлекеттік университетінде; Қазақ туризм және спорт академиясында; Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оќу-тәрбие ‰дерісіне жєне т.б. мамандарды даярлау практикасына ендірілді.
Зерттеу материалдары бойынша 48 ењбек жарияланды, соныњ ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 2 оќу-єдістемелік ќ±ралдары, 43 ѓылыми-єдістемелік маќалалар мен баяндамалардыњ материалдары баспадан шығарылды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, нәтижелердің дәлелдігі мен негізділігі ашып көрсетілген.
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың әдіснамалық негіздері атты бірінші бөлімде болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлаудың теориялық және әдіснамалық негіздері, дене мәдениеті мамандарын даярлаудың қазіргі кездегі күй-жайы және осы болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау мәселесін зерттеудің негізгі тұғырлары мен ұстанымдары қарастырылады.
Дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау жүйесінің теориялық негіздері атты екінші бөлімде болашақ дене мәдениеті мамандарын дайындау жүйесіндегі дене мәдениеті мәні мен құрылымы, дене мәдениеті мамандарын жоғары оқу орындарында кәсіби дайындау жүйесінің ғылыми-теориялық негіздері мен арнайы тұжырымдамалық бағыт-бағдарлары айқындалады.
Дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері атты үшінші бөлімде жоғары оқу орындарында дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындау үдерісінің ерекшеліктері, дайындықты жетілдіру формалары мен әдістері және жалпы кәсіби дайындау мазмұны сипатталады.
Болашақ дене мәдениеті мамандарының кәсіби дайындығын қалыптастырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар атты төртінші бөлімде жоғары оқу орны жағдайында дене мәдениеті мамандарының кәсіби дайындығын жетілдіру технологиясы, осы бағыттағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мазмұны мен кезеңдері, эксперимент нәтижелері беріледі.
Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері талданып, тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта жетілдіру, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Жаңа тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуда жоғары мектептің алатын орны -ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Заман талабына сай жоғарғы мектептің алдына қойған мақсаттың ең маңыздысы - қоғамға қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау.
ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана оның мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ дене мәдениеті саласындағы мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.
Назар аударып қарасақ, Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылдардағы Жолдауларының арасында өте тығыз байланыс бар. 2004 жылғы Жолдауында: ... ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады, - десе, 2005 жылғы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел ХХІ ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал. 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі, - деп қадап айтса, 2007, 2008 жылдардағы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі - деп атап көрсетті.
Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындары жаңа міндеттер мен уақыт талабына сай түбегейлі өзгерістерде болашақ мамандар даярлауда.
Бұл талаптардың зерттелуін алдымен әдіснамалық тұрғыда қарастырдық. "Әдіснама" деген термин сөзді пайдаланып, оған: “3ерттелетін объектіні ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге, немесе жаңартуға бағытталған істі ұйымдастырудың принциптерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы” деп анықтама бердік.
Әдіснамалыќ негізде табиғат, қоғам және ойлау (таным үдерісі) дамуының жалпы заңдары зерттелетіндігі мәлім. Ғылыми танымның ерекшелік табиғаты логика мен әдіснама және әдіс деген ±ғымдардың мән-мағынасын ашуды ќажет етеді. Ғылым логикасы - материалистік диалектикаға сүйенеді, өйткені, ғылыми таным ќарама-ќайшылықта және өзара байланыста болатын күрделі әлеуметтік үдеріс. Ғылыми танымның әдіснамасы - адамның танымдыќ және кәсіби қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Ал, әдіс деп танымдық мәселелерді шешудің тәсілін түсінеміз. Ендеше, әдіс адамның танымдық және практикалык іс-әрекетінде реттеушілік қызмет атќарады. Демек, қорыта келгенде, дамудың жалпы философиялық теориясы (таным теориясы) және логика мен әдіснамасы материалистік диалектика негізінде дұрыс түсіндіріледі. Ол адамның жаңаша ойлануының да және әлеуметтік шығармашылығының да логикасы болып саналады.
Дене мәдениеті саласы мамандарын кєсіби даярлауды ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі туындайды. Олар:
1. Ѓылыми-техникалық прогресс пен дене мәдениеті және спорт маманының іс-єрекетінің ерекшеліктері;
2. Дене мәдениетіне байланысты ұғымдар;
3. Дене мәдениеті маманының дара т±лғалық іс-єрекеті мен ќабілеті, кәсіби ойлауы мен шығармашылық іс-әрекеті;
4. Дене мәдениеті және спорт мамандарыныњ кєсіби білімі, іскерлігі, дағдысы, шеберлігі;
5. Кәсіби білімдері мен біліктіліктерінің жүйесі;
6. Жоѓары білім беруде дене мәдениеті және спорт мамандыѓы студенттерін оќытудыњ єдістемелік ж‰йесін ќалыптастырудыњ заманауи проблемаларыныњ зерттеу дењгейін аныќтау қажеттігі туындайды. Б±л мәселелер осы диссертациямыздың тармақтарында әр қырынан біршама талданады.
Білгір мамандар даярлау мәселесі адамның жеке басының ќабілеттілігін жетілдіріп, оның еңбек ебдейлігі мен дағдысын ќалыптастырумен тығыз байланысты. Адамның қабілеті іс-әрекет үстінде дамитыны мәлім, ал ебдейлік пен дағдының нәтижесінде ол жетіле түседі.
Біз аныќтаѓалы отырѓан дене мәдениеті және спорт- маманыныњ іс-єрекеттері мен білім салаларыныњ тізімі кәсіби дене мәдениеті маманыныњ кәсіби шеберлігініњ негізі бола алады.
Жеке адамныњ қоғамнан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Демек, оның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Ендеше, адамның психологиялық ерекшеліктерін, өзіне тән қасиеттерін оның әлеуметтік жағдайына, нақтылы кәсібіне, іс-әрекетіне, білім қабілетіне байланысты аныќтайды. Жеке адамның психологиясы айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық тәрбие мен білім алу, кәсіптік қызмет істеу арқылы қалыптасады. Адам әрекет жасау үстінде ғана өсіп жетіледі. Қызмет ету барысында оның ќабілеті артады, ебдейлігі мен дағдысы дамиды, кәсіптік іскерлігі молаяды, өмірлік белсенді позициясы қалыптасады жєне жетіле т‰седі.
Еліміздіњ жоѓары оќу орындары ќоѓамда болып жатќан µзгерістерді ой елегінен µткізіп, сол ќоѓамдаѓы ќозѓаушы, жасампаз к‰ш болуы ‰шін жєне интеграциялыќ ‰дерістерді, яѓни бµлшектелген д‰ниені біріктіру, бір маќсатќа ж±мыс істеу ‰шін біршама шараларды ж‰зеге асыруда. Ќазаќстандаѓы жоѓары оќу орындар сатылы білім беру ж‰йесіне өтіп, кезењдік-модульдік оќыту технологиясы мен білімді баѓалаудыњ рейтингтілік ж‰йесін енгізді. Себебі, єлемдік білім беру кењестігінде µмір с‰ріп отырѓан білім беру ж‰йелерініњ арасында кµп сатылы білім беру ж‰йесі µз артыќшылыѓын кµрсетті жєне біздіњ жастарымыздыњ дамыѓан елдерде кедергісіз білімін жетілдіруге м‰мкіндік беретін бірден-бір ж‰йе болып табылады. Б±л ж‰йеніњ Лиссабон келісіміне сай жоѓары білім туралы ќ±жаттардыњ танылуына жаѓдай жасалып жатқаны белгілі.
¤ткен ХХ ѓасыр єрбір ±лттыњ даму дењгейі мынадай мєселелерге байланысты екендігін кµрсетті: жања ѓылыми жањалыќтар, мамандардыњ сапасы жєне кєсіптік білімніњ дењгейіне байланысты. Ал, енді б±л мєселелер де білім берудіњ ѓылыммен, ѓылымныњ µндіріспен интеграциясын талап етеді.
Қазақстандағы жоѓары кәсіби білім берудің көп деңгейлі ќ±рылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шыѓармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу ‰дерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
Дене мәдениеті ғылымына және дене мәдениеті және спорт маманына деген көзқарас қазіргі күнге дейін толық қалыптаспаған. Бірақ, кєсіби білікті дене мәдениеті мамандарын даярлауды ертеңге қалдыруға болмайды. Сол себептен, ѓылыми-єдістемелік зерттеулер тұрғысынан дене мәдениеті мамандарын даярлауға қажетті мәліметтерді жинаќтап жетілдіріле т‰су ќажет.
Негізгі мақсат – жоғары оқу орындарында дене мәдениеті мамандарын даярлау кезінде оќытудыњ єдістемелік ж‰йесін жетілдіру.
Демек, заманауи дене мәдениеті саласы маманыныњ кәсіби іс-єрекеті экономикамен, эргономикамен, психологиямен, жалпы және спорттық психологиямен, кәсіпкерлікпен байланысты түрде дамытылуы тиіс.
Ќазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік кабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, информатика ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ±рпағын қалыптастыру болып табылады.
Ал, енді жоѓары кєсіби білім берудіњ алдында т±рѓан неѓ±рлым мањызды, мєнді міндеттерге келсек, мыналарды бµле-жара атаѓан жµн:
біріншіден, – білім ж‰йесін жетілдіру;
екіншіден, оны ‰здіксіз єрі кµпсатылы ќ±рылым ретінде енгізу;
‰шіншіден, халыќаралыќ біліми кењістікке кіру.
Ќазаќстан Республикасында жоѓары білімді реформалаудыњ басты баѓыты болашаќ мамандардыњ кєсіби білімініњ баѓдарын жетілдіру екені аныќталды.
Б‰гінгі тањда б±рынѓы жоѓары білім беру ж‰йелерін осы заманѓы єлеуметтік, экономикалыќ даму т±рѓысынан жетілдіру талап етіледі. Ењ басты мєселе – білімді жетілдіру, жања ж‰йеге кµшу болып табылады.
Еліміздегі жоѓары оќу орындарында білім мен ѓылымдаѓы ењ алуан т‰рлі жєне болашаѓы зор ќазіргі заманѓы білім беру технологиялары ендірілуде. Оќытудыњ кредиттік ж‰йесін, ќашыќтан оќыту формасын енгізуді, маман даярлаудыњ кµпсатылы ќ±рылымына кµшуді, оќу ‰дерісінде ќазіргі заманѓы білім беру технологиялары мен сабаќ берудіњ озыќ єдістерін ќолдануды атап айтуѓа болады.
Білім беру ж‰йесініњ бєсекеге ќабілеттілігін арттыру ‰шін оны халыќаралыќ стандарттар дењгейіне шыѓару ќажет, б±л б‰гінгі к‰нніњ µзекті мєселесі болып табылады.
Ќазіргі уаќытта маман даярлау мен ќайта даярлаудаѓы жањаша кµзќарасќа, білім берудіњ ќазіргі заманѓы білім беру технологиялары мен стандарттарына жањаша талап ќойып отыр.
Дүние жүзі елдерінде жоғары білімді реформалау кашан да өте баяу және қиындықпен өткен. Дүние жүзі аймақтарындағы жоғары білімнің жағдайы мен оның даму тенденциясын тарихи және салыстырмалы перспективада ќарастырған жөн, өйткені жоғары білімнің заманауи жүйелерінде олар пайда болып, дамыған әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлардың ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлердің таңбалары саќталған.
Қазіргі адам дамуының элементі болып табылатын дене мәдениеті білімінің маңыздылығымен анықталатын, оның оқу-тәрбие үрдісіндегі үлесін, онымен қоса, қалыптаса бастаған білім беру философиясының шеңберіндегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының жаңа мақсаттарын және оны меңгеруде қалыптасқан жүйенің жоқтығын ескере отырып, болашақ мамандарды даярлауды жеке мәселе ретінде тек практикалық қана емес, теориялық тұрғыдан да айырып көрсету керек.
Білім мазм±нын, оќыту процесін, оќу баѓдарламалары мен жоспарларын жєне оќу ќ±рылымын тиімділеу республика бойынша жоѓары оќу орындарында мамандыќ бойынша жоѓары кєсіптік білім жањаша кµзќарасќа ие болды.
Ќорыта келгенде, республикамыздаѓы дене мәдениет саласы бойынша жоѓары білімді мамандар даярлауда, жоѓары кєсіби білімін реформалауда ќаржыландырудыњ кµпсалалы ж‰йесін ќалыптастыру, аймаќтыќ оќу-ѓылыми-µндірістік кешенін ќ±ру, д‰ниеж‰зілік білім беру ж‰йесіне ену, оќытудыњ дєст‰рлі технологиясын жетілдіре отырып, заманауи аќпаратты оќыту технологиясын енгізу жєне ѓылыми ж±мысты ж‰ргізуге жаѓдай туѓызу сияќты өзекті мєселелерді шешуді талап етеді.
Білім берудің басты сипаттары - оның тұтастығы, оқытудың мазм±ны мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптардың бірегейлігі, икемдігі мен көпсатылылыѓы, мазм±нын жақсарту мен білім жүйесін басќаруды демократияландыру болуға тиіс.
Дене мәдениеті мамандарын даярлау мазмұнының күй-жайын әр түрлі оқу орындарында, әр қилы мамандандыруларда талқылай келе, қазіргі күні салауатты өмір салты мен оның студенттердің кәсіби даярлануына әсері туралы мағлұматтарды әңгімелесу, интервью, сауалнама сұрақтары арқылы жинап, болашақ дене мәдениеті мамандарын даярлауда арнайы кәсіби пәндерді оқыту жеткілікті дәрежеде жүргізілмей жатқандығына көз жеткізіп, бұл шешімін таппай жатқан проблемалы мәселе екенін дәлелдей түстік.
Сонымен мәдениет дегеніміз - бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі.
Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан, қоғамның материалдық және рухани мәдениеті, мәдениеттің ажырамас, міндетті кұрамдас бір бөлігі болып табылады.
Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен кимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде қызметтік (саналық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік құрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.
Біздің қоғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу - қоғамның әрбір саналы да зерделі азаматтарының міндеті мен құқығы.
Дене мәдениеті саласында ерекше және жалпы мәдени мұрат-мақсаттары бірге орындала береді. Солардың ішінде, мысалыға, халықты мәдени кұндылықтар өндірісі ортасына (қатысушы, жасаушы) тарту, білімді, білікті мамандарды дайындау мен тәрбиелеу, белгілі бір көпшілік пен қауымды білімге, ептілікке, дағдыға, кажеттілікті дамытуға, өзін жеке тұлға ретінде танытуға және көрсетуге, шығармашылықты, тарихты, ұлтаралық қарым-қатынасты және т.б. көрсету үшін, әртүрлі шарттарды, әдістерді, жолдар мен амалдарды пайдалануға жұмылдыру сияқтылар бар.
Сонымен бірге, дене мәдениеті қызметінде тәжірибенің жинақталуы мен оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердің, амалдар мен тәсілдердің жарыққа шығып пайдаланылып жүзеге асырылуы, адамдардың ақыл-ойына, психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.
Жеке тұлғаның рухани дамып жетілуі, оның жұмыс уақытындағы кызмет түрінде ғана емес, сол сияқты бос уақытында да анықталады. Адамның мәдени деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметтер жүйесінде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Дене мәдениетінің адам қызметтерінің әртүрлі саласымен күрделі, әрі жан-жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара тәуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.
Адам қоғамының тарихында тіршілік етіп өмір сүрген халықтар мен мемлекеттердің қайсыбірін алсақ та, дене мәденетінің ең қарапайым түріне болса да, қатысы болған. Дене мәдениетінің даму деңгейі мен оның қалыпты деңгейі қай кезде болғанда да географиялық ортаға, еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарттары мен жағдайына, өндірістік күш пен мәдениеттің, әлеуметтік экономикалық және әртүрлі қозғаушы күштердің даму мен жетілу дәрежесіне байланысты болып келген.
Дене мәдениеті материалдық қарым-қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады және дамиды.
Дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесінің негізгі ұғымдары болып мыналар саналады: дене мәдениеті, дене тәрбиесі, спорт. Бұлардың арасындағы өзара байланыстар мен айырмашылықтарды ұғу үшін мына кескіндемеге назар аударайық (Сурет 1).
Суретте барынша жалпы ұғым дене мәдениеті болып табылады. Ал дене тәрбиесі оның бірнеше кәсіби бағыттағы қызмет аясының бөлімдеріне кіреді (жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дене дайындығы және спорттық дайындық, дене мәдениеті аясында көрінетін өндірістік, медициналық, тұрмыстық т.б.). Спорт - дене мәдениетінің бөлімі, ал педагогикалық, яғни спорттық дайындығы жағынан дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде көрінеді. Дене мәдениеті деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.
Дене мәдениетінің басқа қоғамдық құбылыстар сияқты, өзінің әлеуметтік қызметі бар. Біздің қоғамда бұл қызметтер адамның жан-жақты рухани және денесінің үйлесімді дамуының жетілуіне көмек береді.
1. Қоғамдық құбылыстар сияқты дене мәдениетінің ең басты әлеуметтік қызметі - барлық Қазақстан халықтарының тәрбиесіне ықпал ету болып табылады. Әрине, тәрбиелеу қызметі тек бір дене мәдениетіне тән деп айтуға болмайды. Адамды өмірдің өзі, әртүрлі қарым-қатынастар арқылы, яғни мектеп, жоғары оқу орны, кәсіподақ, жастар ұйымдары және т.б. тәрбиелейді.
Дене мәдениеті жеке тұлғаның дүниеге көзқарасын, саяси тәрбиесін және идеологиялық дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді. Дене мәдениеті және спорт ортасында, адамдар үнемі әртүрлі өзара қарым-қатынастар мен байланыстарда болады. Бұл өзара қарым-қатынастар мен байланыстар бірдей, бір реттегі, тәртіппен ұйымдасқан түрде немесе қарама-қайшы ретсіз, тәртіпсіз күйде болады. Осыдан барып тәрбиенің оңды жақтарының ықпалының тиімді немесе кері әсер етілуін байқауға, яғни дене мәдениетінің тәрбиелік ықпалының оңды жақтарының бағыттары көбінесе кәсіби

Сурет 1 - Дене мәдениеті туралы негізгі ұғымдардың арақатынасы

мамандардың (педагогтар, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар, жетекшілер) педагогикалық және саяси жетілуіне байланысты болады.
Дене мәдениеті адамдардың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, себебі ол ғылым мен техниканың әртүрлі саласында терең білімді талап етеді. Осыдан барып жеке тұлғаға қажетті дене мәдениетінен білім алу, дене дайындығын жетілдіру, денсаулығын нығайту, спорттық жетістіктерге қол жеткізу сияқты мүдделер мен құндылықтарды қалыптастырады.
2. Адамдарды жоғары өнімді шығармашылық еңбекке және Отанды қорғауға дайындау дене мәдениеті және спорттың әлеуметтік қызметіне жатады. Сондықтан, тек қана дене сапаларын емес, сонымен бірге, қимылдық және кәсіби-қолданбалы дағдыларды дамытудың әртүрлі амалдары мен әдістері пайдаланылады.
3. Ең маңызды әлеуметтік қажеттілік, қатынастық қызмет– адамдармен қарым-қатынас қажеттілігін қамтиды.
Дене мәдениеті, біздің қоғамымыздың мәдениеті ретінде, өзінің табиғи болмысынан адамдардың бір-бірінің мүддесі негізінде, көпшілікпен кең ауқымда байланыста болу сияқты, қарым-қатынас қасиеттері мен сапаларын дамытуға мүмкіндіктер туғызады. Көпшілікпен қатысу процесінде адам тек өзінің рухани және дене қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге, адамдарды бір-бірімен біріктіріп, ұйымдастыратын жарыстастыққа тарту, көмек беру, жеке тұлғаның ұжым алдындағы, ұжымның жеке тұлға алдындағы жауапкершіліктерін дамыту, бір-біріне сену және бір-біріне көмек беру, қол жеткізген тамаша жетістіктерінен бірлесе отырып, қуанып ләззат алу сияқты, қоғамдық мүдделер, құндылықтар мен арман-мұраттар пайда болады және қалыптасады. Жеке, тұлғаның мәдени дамуының ең қажетті түрі-қатынас болса, ол жеке тұлға арқылы-барлық қоғамға қатысты болады.
4. Адамдардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, шын мәніндегі қоғамның мүддесі, сол сияқты, жеке тұлға мүддесі, сонымен бірге жоғары тіршілік әрекеті мен өмірге икемділік негізінде жатқан білім, сенім, мықты денсаулық, жақсы дамыған дене дайындығы мен қозғалыстық дағды қызметіне шығармашылық қатынас пен барлық уақыттағы әлеуметтік-психологиялық дайындық қажет.
Көпшілік бұқара халықтың әлеуметтік белсенділігін көтеру осы заманға тән құнды қасиеттердің бірі болып табылады, яғни күнделікті еңбекте, танымда, қоғамдық қатынас ортасында, дене мәдениеті мен спортта байқалады. Еліміздің дене мәдениеті қозғалысын дамытудағы нәтижелі еңбегінің арқасында көптеген Республика тұрғындары, осы қызмет түрінде өздерінің қабілетін ашуға, мемлекет мүддесі мен мақсаттарын, міндеттерін шешуге белсене араласып ат салысуға көптеген мүмкіндіктер алды.
Дене шынықтырушылар мен спортшылар қоғамдық-саяси жұмыстардың науқанына белсенді түрде қатысады. Олар Отанды қорғаудағы әскери істерде ерлік жасайды, адамгершілікте, сонымен бірге, дене шынықтыру және спорт дайындығында, еңбекте және өмір кезеңдерінде басқаларға үлгі болады.
Мысалы, спорттағы әлеуметтік белсенділіктерді, бұқаралық спорттан, рекордтардың, спорттық жетістіктердің өсуінен, сондай-ақ жеке адамдардың, яғни, жаттықтырушылар мен ғалымдардың, ұйымдастырушылар мен дәрігерлердің күш салып, тырысып атқарған еңбектерінен байқауға болады. Спортта ғана адам өз мүмкіндігінің шегіне жетеді немесе шегіне жақын жағдайда мүмкіндік күші ашылып көрінеді. Мысалы, рекорд жасау бұл тек бір емес бірнеше адамның, сонымен бірге, тұтас ұжымның, айта берсек қоғамның, адамзаттың нақты мүмкіндігінің көрінуі болып табылады.
Сонымен бірге, белсенділік дене мәдениеті мен спорт ортасынан бөлек дүние емес. Ол қоғамдық-саяси және еңбек белсенділігімен тығыз байланысты.
5. Адамдардың туғаннан бойына біткен қимылдық-қозғалыс қызметінің күштері жинағының өз өмірінде толық пайдаланбаған мүмкіндігін дене мәдениеті мен спорт ашуға мүмкіндік жасайды және толығымен дамытады, сонымен бірге, қимылдық сапасы мен шыдамдылығы, күші, мен жылдамдығының яғни дене сапаларының шегіне жету мүмкіндігінен мәліметтерді кеңейтеді.
Дене мәдениеті – адамдарды тәрбиелеу, сауықтыру және дамыту аясындағы басымырақ жаңа құндылықтарды жасау және бұрынғыларын жетілдіріп, меңгеру бойынша шығармашылық қызметі болып табылып, жалпы қоғамдық мәдениеттің бір бөлігін құрайды.
Дене мәдениеті адамды дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында жеке тұлға мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, ғылымның адам туралы жетістіктерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның, педагогиканың, әскери істердің және т.б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.
Дене мәдениеті адамдардың кәсіби-өндірістік, экономикалық, қоғамдық қарым-қатынастарында түбірлі бірлестікте ұйысып, олардың адамгершілік және мәдени-шығармашылық міндеттерін атқара отырып, оларға елеулі әсер етеді. Бүгінгі таңдағы жоғары оқу орындары жұмыстарын реформалау кезеңінде және алдыңғы концепцияның мәнін қайта қарауда бұл ерекше құнды және мағыналы.
Кез-келген оқыту түрініњ, оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тыѓыз байланысты болады:
оќытуды ±йымдастыру технологиясы;
оќытудыњ материалдық-техникалық базасы;
жасалған әдістемелік материалдардыњ тиімділігі.
Жоѓары білім беру ортасын әлеуметтік ортаның бір түрі ретінде философиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық тұрғылардан қарастыру болып табылады .
Жоѓары білім беру кеңістігі мен ортасының қиылысу жазықтыќтарында әр білімгердіњ жеке білім алу саласы қалыптасады. Жоѓары білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
Студенттерді спорттық жарыстарға дайындаудың педагогикалық негіздері
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер