Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 371. 13 : 37. 03. 001/002 Қолжазба құқығында

ОРТАЕВ БАҚТИЯР ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың теориясы мен практикасы

13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми кеңесшісі:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қожахметова К. Ж.
Ғылыми кеңесшісі:: Ресми оппоненттері:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қожахметова К. Ж.:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Кенжебеков Б.

Ғылыми кеңесшісі::
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қожахметова К. Ж.:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Мусабеков О.

Ғылыми кеңесшісі::
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қожахметова К. Ж.:

педагогика ғылымдарының докторы

профессор Қозыбай А.

Ғылыми кеңесшісі:: Жетекші ұйым:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қожахметова К. Ж.: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 жылы « » сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2010 жылы «» таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: Мухамеджанов Б. Қ.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Ал, жоғары білімді педагог маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алады. Осы себепті, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқыны ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономи-каның қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» - деп атап көрсетілген.

Қазіргі адамзат баласының өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық технологиялық жетістіктердің қарқынды даму кезеңі болып табылады. Жаңа технологиялардың пайда болуының түбегейлі қайта құрумен үйлестірілуі тек көптеген өндіріс салаларын ғана емес, мәдениет саласын да өзгеріске ұшыратты. Жаңа технологиялардың кеңінен енуі мен пайдаланылуы адамзат әрекетінің «ауырлық нүктесінің» рухани және материалдық өндірісте орындаушылықтан шығармашылыққа ауысуын талап ететінін атап өту қажет. Мұндағы негізгі мәселе арқауына тек мәдениетте қалыптасатын шығармашылық мүмкіндіктер арқылы ауысуы туралы ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерді, «жаңа» мәдениетті жобалауда болуы керек. Сондай «жаңа» мәдениет ғалымдардың пайымдауынша технологиялық мәдениет болып табылады.

Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде (2007 ж. ) : “осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, . . . жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану . . . ” мәселелерін атап көрсетті. Ал, «Білім туралы» Заңда: «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» міндеті қойылған. Бұл міндеттің білім берудегі және кәсіптік дайындықтағы өз шешімін табуының көрінісі ретінде Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты «Технология» білім саласының басты мақсатында: оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әр түрлі материалдарды өңдеудің қазіргі заманғы технологиялық мәдениетіне және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру керектігі атап көрсетілді. Қазіргі заманауи өндірістің, технологиялық дәуірдің негізгі ерекшелігі-технологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаны мектеп қабырғасынан тәрбиелеуді қажет етуі.

Осының бәрі оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға жеткілікті зейін аударуға мүмкіндік беретін болашақ технология пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісін жетілдіре түсу керек екендігін негіздейді.

Болашақ технология (еңбек пәні) мұғалімдерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін басқа да бірқатар пән мұғалімдерін даярлаудың жалпы педагогикалық мәселелерінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, біз зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтауда С. И. Архангельскийдің, О. А. Абдуллинаның, Ф. Н. Гоноболиннің, Э. А. Гришиннің, Т. А. Ильинаның, Н. В. Кузьминаның, М. А. Құдайқұловтың, И. Т. Огородниковтың, В. А. Сластениннің, Н. Д. Хмельдің, А. И. Щербаковтың және де жоғары оқу орындарында түрлі бағыттағы болашақ мамандарды кәсіби даярлауды жетілдіру бойынша Б. А. Абдыкаримовтың, Ш. Әбдіраманның, А. Б. Абибуллаеваның, Г. Ж. Меңлібекованың, Ы. Набидің, Б. К. Момынбаевтың, В. В. Егоровтың, О. Сыздықовтың, Л. А. Шкутинаның, Б. Т. Кенжебековтің, Ж. Маусымбаевтың, Ж. Асановтың, Ж. Ж. Жаңабаевтың, С. Ж. Пірәлиевтің, М. Н. Сарыбековтің, Л. Смановтың, А. А. Жолдасбековтің, К. М. Беркимбаевтің, Ж. К. Оңалбектің, Б. А. Оспанованың, А. М. Абдыровтың, А. Қарақовтың, Б. Қ. Мухамеджановтың, С. Т. Каргиннің, М. С. Мәлібекованың, т. б. еңбектерін басшылыққа алдық. Сондай-ақ жоғары білімді мамандар даярлаудың ерекшеліктерін қарастырған ғалымдар С. Я. Батышевтың, А. П. Сейтешевтің, О. Мұсабековтың, Н. А. Шамельханованың, А. Қ. Қозыбай, Ю. К. Васильевтің, У. Н. Нишаналиевтің, В. И. Гусевтің, К. Ә. Дүйсенбаевтың, А. Н. Богатыревтің, Е. В. Романовтың, С. А. Жолдасбекованың, С. З. Қоқанбаев- тың, Г. Ш. Альназарованың, В. Г. Гончаренконың, В. А. Волковтың, Г. С. Шрайманованың және т. б. зерттеулері технология (еңбек пәні) мұғалімдерінің технологиялық дайындығының мазмұны мен әдістерін ғылыми-техникалық прогресс талаптарымен жетілдіру үшін маңызы жоғары. Педагог ғалымдар М. В. Зиннятулловтың, Н. А. Гаруляның, К. А. Заировтың, Е. Асылхановтың, Қ. Ералиннің, М. Қозыбақовтың, Н. Б. Рахметованың, А. Е. Байбатшаеваның, т. б. жұмыстары болашақ мұғалімдердің, оның ішінде жалпытехникалық пәндер және технология пәні мұғалімдерінің еңбекке дайындық бағыттары бойынша дайындығын жетілдіруге арналған және бұл еңбектерде болашақ мұғалімдерді кәсіптік шеберлікке баулуда материалдарды өңдеу, сәндік-қолданбалы өнер түрлерін арнайы пән арқылы меңгерту жолдары қарастырылған.

Болашақ мұғалімдердің мәдениетін қалыптастыру бойынша Ш. Т. Таубаеваның, В. А. Комелинаның, А. А. Молдажанованың, Н. Максимова-ның, сондай-ақ технология және кәсіпкерлік мұғалімдерінің технологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Д. А. Крыловтың, И. Ю. Башкирова-ның, т. б. еңбектері біздің зерттеуіміз үшін өте маңызды болды.

Мәдениет феноменінің теориялық-әдіснамалық негіздері А. И. Арнольдов, Л. П. Буева, Ю. Н. Давыдов, Т. Х. Ғабитов, М. С. Каган, Л. Н. Коган, Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов, Э. С. Маркарян, В. М. Межуев, Е. Омар, және т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Өндірістің сұранысын қанағаттандырудағы мектептің оқушыларды еңбекке дайындаудағы өзіндік даму тарихы бар. Мектепте еңбекке және кәсіпке баулу мазмұны ғылымның, техника мен технологияның, өндірістің жетістігіне сәйкес үнемі жаңарып отырады және бұл мазмұнды меңгерту, оқушылардың технологиялық дайындығын қалыптастыру тарихи кезеңдерде педагог ғалымдардың зерттеу нысанына алынды. Бұл мәселелер Н. К. Крупскаяның, А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің, С. Т. Шацкийдің, П. П. Блонскийдің, А. Г. Калашниковтың, М. Н. Скаткиннің, А. А. Шибановтың, С. Г. Шаповаленконың, Д. А. Эпштейннің және т. б. еңбектерінде де орын алған болатын. Ал, жалпы білім беретін орта мектепте политехникалық білім беру және еңбекке оқытудың теориясы мен практикасын, техникалық шығармашылық, технологиялық дайындық мәселелерін, Ю. П. Аверичев, П. Р. Атутов, Н. И. Бабкин, А. Т. Глазунов, Ш. И. Имашев, М. Қ. Қаламқалиев, К. Ж. Қожахметова, Ә. Мүсілімов, В. Д. Путилин, В. А. Поляков, В. В. Сериков, П. И. Ставский, А. Д. Тхоржевский, К. Өстеміров, және т. б. ғалымдар жан-жақты зерделеген. Сондай-ақ оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға И. А. Бажинаның, А. В. Муеваның, Р. М. Чудинскийдің, А. Д. Рахматуллаеваның ғылыми зерттеулері бағытталған.

Зерттеулерге сәйкес талдаулар көрсеткендей, қазіргі уақытқа дейін жеке тұлғаның технологиялық мәдениеті мазмұнының қандай да бір дәрежесін сипаттайтын ғылыми қор жинақталған. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың теориясы мен практикасын зерделеу жеткіліксіз қарастырылған және жалпы бұл тұрғыдағы дидактикалық мәселе отандық педагогика ғылымында жеткілікті зерттелмеген.

Осындай басты әлеуметтік міндеттерді шешу әдіснамалық және дидак-

тикалық сипаттағы төмендегідей қарама-қайшылықтарды шешумен байланысты: болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдение-тін қалыптастыруға даярлау қажеттілігі мен оны жүйелі жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде негізделмеуінің арасындағы; орта мектепте адамның еңбек іс-әрекет түрлеріне байланысты оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі және оны жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау деңгейінің төмендігі арасындағы; болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлау мазмұнының мүмкіндіктері мен оларды пайдалануға байланысты әдістеменің жеткіліксіздігі арасындағы айқындалған қарама-қайшылықтар зерттеудің мәселесін : болашақ мұғалімнің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы кәсіби даярлық жүйесін теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыдан кешенді қамтамасыз ету деп нақтылауға мүмкіндік берді.

Аталған проблемаларды шешу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың теориясы мен практикасы” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты - жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығын әдіснамалық-теориялық тұрғыдан негіздеу, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және оны педагогикалық эксперимент негізінде тексеру.

Зерттеу объектісі: жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісі.

Зерттеу пәні: болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлау жүйесі.

Зерттеу болжамы. егер , болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың теориялық-әдісна- малық тұғырлары айқындалып, тұжырымдамасы жасалса; оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау- дың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленсе; болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісі мектептің технология пәні бағдарламасы мен қазіргі өндірістік заманауи технологияның дамуына, сондай-ақ оны оқытуға сәйкес жүзеге асырылса, онда , өндіріс салалары үшін мектеп оқушыларының технологиялық мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау қамтамасыз етіледі, өйткені болашақ технология пәні мұғалімдерін кәсіби даярлауда «өндіріс↔︎мектеп↔︎жоғары оқу орны» жүйесінің өзгерісін қамтитын үдеріс жүзеге асырылады.

Зерттеу міндеттері :

1. Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги-

калық алғышарттарын айқындау.

2. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың әдіснамалық тұғырларын анықтау.

3. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздерін айқындау.

4. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың тұжырымдамасын дайындау.

5. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.

6. Болашақ мұғалімдерге арнап оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пәндер құрылымы мен мазмұнын әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

7. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлау әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: табиғат пен ғылымның, адамның ойлауының өндірістің, қоғамның дамуымен байланыстылығы негізінде білім беру жүйесін мемлекеттік тапсырысқа сәйкестікте жүйелілік тұғыр тұрғысынан зерттеу және жетілдіру іс-әрекеттері мектеп оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлауды толық мәнді жүзеге асырады.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін ғылыми-технология- лық прогресс (оның әрекет етуінің мәні, жіктеу әдістері), ғылымтану (ғылымды ұйымдастыру тәртібі, ғылыми-техникалық теорияның жұмыс жасау деңгейлері), жеке тұлғаның психологиялық теориясы (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, С. Жакупов және т. б. ), педагогикалық және этнопедагогикалық білім беру теориясы (А. М. Арсеньев, Е. П. Белозерцев, Ф. Н. Гоноболин, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, Н. Д. Хмель, А. И. Щербаков, М. Ә. Құдайқұлов, Ж. Ж. Наурызбай, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова және т. б. ) ; политехни- калық білім беру теориясы (П. Р. Атутов, Н. И. Бабкин, Ю. К. Васильев, В. А. Поляков, К. Ә. Дүйсенбаев және т. б. ) ; болашақ технология және кәсіпкерлік мұғалімдерінің жеке тұлғалық технологиялық мәдениетінің құрылымын әзірлеу үшін жеке тұлғаның кәсіби-педагогикалық мәдениеті тұжырымдамасы (А. В. Барабанщиков, Е. В. Бондаревская, О. С. Газман, И. Ф. Исаев, Л. С. Подымова, В. А. Сластенин, Н. Д. Хмель, Ш. Т. Таубаева және т. б. ) ; мәдениеттану (А. И. Арнольдов, М. С. Каган, Э. С. Маркарян, Т. Х. Ғабитов және т. б. ) ; технологиялық білім беру және технологиялық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасының негіздері (П. Р. Атутов, В. П. Овечкин, М. В. Ретивых, В. Д. Симоненко, Ю. Л. Хотунцев, К. Өстеміров және т. б. ) және психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша еңбектер құрайды.

Зерттеу көздері: философтардың, әлеуметтанушылардың, технологтар- дың, инженерлердің, психологтар мен педагогтардың еңбектері; Қазақстан Республикасының ресми материалдары (ҚР Конституциясы, “Білім туралы” Заңы, ҚР жоғары білімді дамыту стратегиясы) ; нормативті құжаттар (ҚР жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы, білімді ақпараттандыру тұжырымдамасы, мектеп оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы, кешенді бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, т. б. ), педагогиканың ғылыми жетістіктері, озық тәжірибелері, ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу жоспарлары; ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар; диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.

Зерттеудің негізгі әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерді, ресми құжаттарды талдау (нормативтік актілер, заңдар, тұжырымдамалар және т. б. ) ; оқу-әдістемелік құжаттарын зерделеу және салыстырмалы талдау; технология (еңбекке баулу) пәні мұғалімін даярлау жүйесіндегі стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын, озық тәжірибелерді талдау; студенттердің оқу іс-әрекеттерін бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :

1. Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагогикалық алғышарттары айқындалды.

2. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың әдіснамалық тұғырлары анықталды.

3. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздері айқындалды.

4. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың тұжырымдамасы дайындалды.

5. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

6. Болашақ мұғалімдерге арнап оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пәндер құрылымы мен мазмұны әдістемелік тұрғыдан негізделді.

7. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлау әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент барысында тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі : Зерттеудің нәтижелері 032040 - “Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі”, 050120 - “Кәсіптік оқыту” мамандықтары бойынша ҚР Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандартын жасауда пайдаланылды. Стандарттарға сәйкес бірқатар курстардың оқу бағдарламалары басылым көрді, студенттерге оқу құралдары ( «Оқушылардың техникалық шығармашылығы», ««Технология» пәнін оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері», «Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі» ), оқытушыларға арналған « Оқу шеберханасы» , «Педагогикалық тапсырмалар» оқу-әдістемелік құралдары жасалды.

Жалпы білім беретін мектептерде технология пәнін оқытуды жетілдіру мақсатында, еңбекке дайындық бағытына сәйкес « Металл өңдеу практикумы» , « Ағаш өңдеу практикумы», «Материалдарды өңдеу практикумы» оқу құралдары жарық көрді. Технологиялық дайындықты политехникалық бағыттылықта жүзеге асыру үшін “ Технология пәнін оқытудағы политехникалық бағыттылық ” атты оқу-әдістемелік құрал әзірленді.

Зерттеу нәтижелерін кадрлар даярлау және қайта даярлау білім жүйесінде де пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

1. Технологиялық білім беру - бұл ғылыми негізде түрлендіруші іс-әрекетке дайындықты көрсететін технологиялық мәдениетті қалыптастыру- дағы үдеріс және нәтиже болып табылады.

2. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың әдіснамасына (танымның диалектикалық әдісі, теория мен практиканың бірлігінің ұстанымы, қарама-қайшылықтың бірлігі мен шешілу заңы, сандық-өзгерістердің сапалық өзгерістерге көшу заңы және т. б. ) жүйелік, іс-әрекеттік, жеке тұлғалық және тұжырымдық тұғырлар мен мамандарды кәсіби даярлау тұжырымдары жатады.

3. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру - педагоги- калық үдеріс ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың теориялық негіздерін айқындайды және педагогикалық үдерісін сапалы ұйымдастыруға бағдар береді.

4. Жалпы ғылыми талаптардың негізінде құрылған тұжырымдамада мақсат-міндеттерді, еліміздегі кәсіби білім беру жүйесінің жай-күйін, жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптарды, кәсіби білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды, негізгі бағыттарды, құрылымдық-мазмұнды, кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін, қызмет ету және перспективалық жолдарды қарастырады. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлаудағы заманауи өзгерістерді және қазіргі біртұтас педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін ескереді.

5. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлауды қамтамасыз етудегі құрылымдық-мазмұндық модель, оның жүзеге асырылу механизмі мен педагогикалық шарттарының (болашақ мұғалімдерді даярлаудың барлық кезеңдерінде кәсіби білім беруді ізгілендіру парадигмаларын жүзеге асыру; болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың идеологиясы, мазмұны мен технологиясы арасындағы сабақтастықты сақтау; кәсіби білім беруді ізгілендіру; болашақ мұғалімдерді даярлаудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны мен әдістерінің арасындағы сабақтастықты орнату; болашақ мұғалімдерді даярлаудың барлық кезеңдерінде олардың өзара байланысын анықтау) негізін қалайды.

6. Дидактикалық жоспарға негізделген бірыңғай оқытудың түрлік технологиясы оқытуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, заңдылықтары мен ұстанымдарының; ақпаратты жинау мен өңдеудің әдістері мен құралдарының; тұлғаға тиімді ықпал жасау тәсілдерінің; бақылау жүйелерінің біртұтас жиынтығын қамтиды; кәсіптік-мамандандыру пәндер құрылымы мен мазмұны ұсынылып отырған тұжырымдаманың, модельдің жүзеге асырылуын практикалық қамтамасыз етеді және болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығы іс-әрекетінің бағдарлық негізін қалайды.

7. Оқу-әдістемелік кешендердің, пәндердің мазмұны ұсынылып отырған тұжырымдаманы, модельді практикалық қамтамасыз етеді және қазіргі заманғы дидактикалық жүйе мен педагогикалық үдерісті проблемалық талдауға негізделген әдістемесінің эксперимент барысындағы тиімділігі дәлелденген тәжірибеге негізделеді және болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға кәсіби даярлауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі оның мәселеге, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кешенді әдістерді қолданумен, таңдалған әдіснамалық тұғырды негіздеумен; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың ұзақтығы сипатын және тәуелсіз зерттеушілер алған нәтижелердің жеткілікті деңгейде байланыстылығымен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы ретінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүргізілді. Экспериментке 572 студент қатысты: оның 284-і эксперимент тобында, 288-і бақылау тобында болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы мектеп
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін арттыру арқылы болашақ педагог мамандарын даярлау
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі
Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері
Қазіргі қоғамдағы педагогикалық өзгерістер
Әлеуметтік жаңашылдықты еңгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz