Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 378. 02 : 37. 017. 924 Қолжазба құқығында

Дүйсенова Жамила Қалымбетқызы

Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру

13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшілері:

педагогика ғылымдарының докторы Керимов Л. К.

педагогика ғылымдарының докторы

Ибрагимов Р.

Ғылыми жетекшілері:: Ресми оппоненттері:
педагогика ғылымдарының докторы Керимов Л. К.педагогика ғылымдарының докторыИбрагимов Р.:

педагогика ғылымдарының докторы

Жолдасбекова С. А.

Ғылыми жетекшілері::
педагогика ғылымдарының докторы Керимов Л. К.педагогика ғылымдарының докторыИбрагимов Р.: педагогика ғылымдарының кандидаты Айтбаева М. А.
Ғылыми жетекшілері:: Жетекші ұйым:
педагогика ғылымдарының докторы Керимов Л. К.педагогика ғылымдарының докторыИбрагимов Р.: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қорғау 2010 жылы « 26 » қарашада сағат 10. 00-де Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2010 жылы «25» қазанда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: Мухамеджанов Б. Қ.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру» тұжырымдамасында» (1996ж. ) және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж. ) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты - адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді.

Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Гуманизмнің негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ. А. Ясауи және т. б. ағартушылар Ы. Алтынсариннің, Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.

Мектеп оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш. Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л. М. Божович, Л. С. Выготский, С. Т. Шацкий, С. Л. Рубинштейн, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Л. И. Рувинский, Ю. Азаров және т. б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.

Тәрбие бағыттары және тәрбие үдерісінде этнопедагогикалық оқу материалдарын пайдалануды негіздеу, жүзеге асыру жұмыстары Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Л. К. Керимов, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Ж. Р. Баширова, Ә. Табылдиев, Р. Дүйсембінова, А. Қаплиева, С. Байсарина, Ш. Майғаранова, Р. Ибрагимов және т. б. педагог-ғалымдар тарапынан жүзеге асырылды.

Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды және олардың болашақ кәсіби іс-әрекетінде тәрбие бағыттарына сәйкес оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыруға дайындау бойынша ғылыми жұмыстарды С. А. Ұзақбаева, Қ. Бөлеев, Л. А. Байсерке, Ж. Асанов, Е. О. Омар, А. С. Магауова, Л. С. Сманов, Ұ. Әбдіғаппарова, Қ. Ералин және т. б. орындады. Біздің зерттеу жұмысымыз үшін жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлаудың мәселесімен шұғылданған ғалымдардың еңбектері де қызығушылық тудырады. Олардың қатарына С. И. Архангельский, О. А. Абдуллина, Т. А. Ильина, Н. В. Кузьмина, Н. Д. Хмель, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, В. А. Ким, А. А. Калюжный, Ж. К. Оңалбек, А. А. Жолдасбеков, С. А. Жолдасбекова, К. М. Беркимбаев, Б. Қ. Мухамеджанов, С. С. Усенов, Р. С. Омарова, М. А. Айтбаева және т. б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Оқушыларда ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А. Бейсенбаева мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш. С. Ахимбекова мектеп өмірінде мектеп кеңесін ізгілендіру іс-әрекеттері, Х. Т. Наубаева балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемова оқушыларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы, В. П. Карибжанова орыс тілді мектептерде қазақ әдебиетін зерделеуде оқушылардың гумандық сенімін тәрбиелеу, М. Таубалдиева музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру, Л. К. Керімов қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, М. Ералиева жалпы білім беретін орта мектепте оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, Г. Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған.

Сонымен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері және негізгі ұғымдары мен оларды оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыруда толық мәнде пайдаланбауы; жоғары педагогикалық оқу орындарында «өзін-өзі тану», «педагогика және психология» курстарын оқытуда студенттердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың қажеттігі мен оның құрылымдық-мазмұндық моделінің жасалмауы және оның жоғары оқу орындарында әлі де толықтай жүзеге асырылмауы; «өзін-өзі тану - педагогикалық - психологиялық» пәндер арқылы болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың тиімді ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету қажеттілігі және оның практика жүзінде талапқа сай іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу мәселесін айқындауға және тақырыпты « Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру жүйесін жасау және аталған жүйені тиімді жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау.

Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер , болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделсе және құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталса, оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік кешені белгіленсе, оларды тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, қорытындысы шығарылып, ғылыми негізделген ұсыныстар берілсе, онда, болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру нәтижелі болар еді, өйткені болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру сәйкес әдістемелік даярлық барысында жүзеге асырылады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізін айқындау;

2. «Ізгілік», «ізгілік қасиеттер», «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттері» «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру» ұғымдарына анықтама беріп, олардың мамандар даярлау мазмұнына қоятын талаптар тұрғысынанда қалыптастыру жүйесін жасау;

3. Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау және оның педагогикалық шарттарын айқындау;

4. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың мазмұнын айқындау, әдістемесін жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы : жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісін адамгершілік құндылықтар негізінде ұйымдастыру болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың басты тетігі болып саналады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : философиялық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың, рухани-адамгершілік және өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық қағидалары, жоғары оқу орындарына енгізіліп отырған «Өзін-өзі тану», педагогикалық, психологиялық пәндер кешені арқылы тәжірибелік жұмыстарының тұжырымдамалары; жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.

Зерттеу көздері : философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, рухани-адамгершілік құндылық туралы шетелдік және отандық зерттеулер, білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиясы, Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамалары, «Қазақстан Республикасы жастар саясаты тұжырымдамасы», озық тәжірибелер, сондай-ақ, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогика-лық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, нормативтік құжаттарды, озық тәжірибелерді, педагогикалық басылымдарды зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, сауалнамалар, тестілеу, эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін статистикалық өңдеу, талдап қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2003-2005 жж. ) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталды, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге келтірілді. Рухани-адамгершілік құндылықтар, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану туралы теориялық, әдістемелік құжаттар, педагогтардың озық тәжірибелері сұрыпталып, жұмыстың алғашқы ғылыми аппараты анықталып, болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі және педагогикалық шарттары әзірленіп, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мазмұны құрылды.

Екінші кезеңде (2005-2007 жж. ) Республикалық эксперименттік сынақ алаңындағы «Өзін-өзі тану» пәні және біздің құрастырған «Болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу әдістемесі» элективті курсы бойынша тәжірибелік-эксперимент жалғастырылып, педагогикалық-психологиялық оқу пәндері негізінде болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерінің қалыптасу деңгейін көтеруге тиімді пайдаланылды. Болашақ мұғалімдердің «өзін-өзі тану», «педагогикалық-психологиялық» пәндер кешені арқылы ізгілік қасиеттерінің қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделі және педагогикалық шарттарының тиімділігі тексерілді. Оқу пәндері бойынша арнайы семинарлар, студенттің оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жасалды, оны оқу-тәрбие үдерісінде қолдану әдістемесі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Үшінші кезең (2007-2009 жж. ) тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланды және жүйеленді. Ғылыми-практикалық мәліметтер сұрыпталып, тұжырымдар жасалды, ұсыныстар берілді. Болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған зерттеу нәтижелері практикаға енгізілді. Зерттеу қорытындылары негізінде элективті курс, әдістемелік нұсқау, семинар сабақтары мен қосымша сабақтарға педагогикалық тапсырмалар әзірленді, диссертацияның рәсімделуі аяқталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

1. Болашақ мұғалімдерді даярлауда білім беру жүйесін ізгілендіру мақсатында тұлғалық-ізгілікті теорияның негізі айқындалды;

2. «Ізгілік», «ізгілік қасиеттер», «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттері» «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру» ұғымдарының нақтыланған анықтамасы; болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұнына қоятын қазіргі жаңа талаптар тұрғысынан олардың ізгілік қасиеттерін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру жүйесі жасалды;

3. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындауда ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды және педагогикалық шарттары айқындалды;

4. Болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудың мазмұны айқындалып, әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

1. Зерттеу жұмысының нәтижелілігін арттыру мақсатында «өзін-өзі тану» курсы бойынша («жағымды, жағымсыз қасиеттерді айқындау»; «жаныңда жүр жақсы адам» т. б. тақырыптарда) ізгілік қасиеттердің деңгейлік қалыптасуы үшін педагогикалық тапсырмалар дайындалды;

2. Болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін танып білу мақсатындағы даярлығын қалыптастыру үшін педагогикалық тапсырмалар жүйесі әзірленді;

3. Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде аудиториялық және аудиториядан тыс іс-әрекеттерде ізгілік қасиеттерді қалыптастыруға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды;

4. «Болашақ мұғалімдерді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу әдістемесі» тақырыбында элективті курс бағдарламасы және оның оқу-әдістемелік құралы әзірленді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары және орта арнаулы педагогикалық оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Тұлғалық-ізгілік теориясы негізінде «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттері» ұғымының нақтыланған анықтамасы: «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру деп, ізгілік қасиеттер тұрғысынан педагогикалық болмысты ұғынуға, түрлендіруге және оны ізгілік критерийлер бойынша бағалауға мүмкіндік беретін қатынастар жүйесінің, жинақталған әлеуметтік тәжірибенің тұлғаның жеке басының игілігіне айналуы және сол арқылы тұлғаның жеке басының қасиетінің қалыптануын түсінеміз».

2. Болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін мақсатты-мотивациялық, мазмұндық және мінез-құлықтық, іс-әрекеттік құрылым тұрғысынан қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері; педагогикалық шарттары (болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесін құраушылардың мақсат, міндеттері, мазмұны мен әдістері, нәтижесі және оған қатысушылардың өзара байланысын анықтаудың негізін қалайды) ;

3. Оқу-тәрбие үдерісінде болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемелік нұсқауы: оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері мазмұнында ізгілік қасиеттер жөніндегі оның тарихы, теориясы, т. б. оқу материалдарының бар болуын, оқу жұмыс түрлерінде ұйымдастыруды, тәрбие жұмыстарын жүргізуді, өзіндік білім алуға бағыттау іс-әрекеттерін ұйымдастыруды, ізгілік қасиеттерді танып-білу жұмыстарын арнайы талдау арқылы ұйымдастыруды қамтиды.

4. Оқу-әдістемелік кешен: пәндердің мазмұнына ұсынылып отырған оқу материалдары құрылымдық-мазмұндық модельді практикалық қамтамасыз етеді және анықталған педагогикалық шарттар мен педагогикалық үдерісті проблемалық талдауға негізделген әдістеме нұсқауы эксперимент барысындағы тиімділігі дәлелденген тәжірибеге негізделеді және болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми аппаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығымен және кезеңділігімен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сол сияқты зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексерумен және практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінде жүргізілді.

Жұмыс нәтижелерін сынақтан өткізу: Зерттеу жұмысының мазмұны ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық ғылыми теориялық, практикалық конференцияларда (Алматы 2006, 2007, 2008, 2009; ) Шымкент 2006, 2007, 2008, 2009; Тараз 2008, Шымкент-Москва 2009; «Бөбек» ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының-конференция- сында (Алматы, 2006), облыстық педагог кадрлар біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институты курсында (Шымкент, 2007), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен семинарларда (Шымкент, 2006, 2007) баяндалды.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, дерек көздері, зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

«Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық негізі» атты бірінші бөлімінде ізгілік педагогикасының болашақ мұғалімдерді дайындаудың теориялық негізіне сипаттама жасалған; болашақ педагог-психологты дайындауда жоғары оқу орындарында оқу пәндері: «өзін-өзі тану» курсы, педагогикалық-психологиялық оқу пәндері арқылы оларды қалыптастыру мүмкіндіктері талданады; ізгілік іс-әрекетке бағыттауға қойылатын педагогикалық талаптар нормативтік құжаттың негізінде кәсіптік білім стандарты деңгейінде қарастырылуы мазмұндалған; болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мазмұны жөніндегі ой-пікірлерге талдау жасалумен, ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленіп, оның барысында қалыптастыру нәтижелерін анықтайтын құраушылардың мазмұндық ерекшеліктері, деңгейлері сипатталған.

«Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары белгіленген; болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалынып, соның негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері баяндалған; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері шығарылып, ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұсыныстар сипатталған.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

Қосымшада зерттеудің практикалық материалдары, болашақ мұғалімдерге арналған сауалнамалар, тест тапсырмалары және т. б. берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мәдениетті, парасатты, білікті, көргенді, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру, ұлттық намысы жоғары ұлтжанды өкілдерді тәрбиелеу ісі ұстаздарымыздың еншісінде екендігі айқын десек те, бұл міндеттердің өмірлік практикада толық мәнді жүзеге асырылмай жататыны да белгілі. Олай дейтініміздің бір себебі, мектеп мұғалімдері мәртебесінің өз дәрежесінде қоғамдық ортадан көрініс таппауы.

Қазіргі кезде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың мәртебесі құнсызданып отырған жағдайда А. А. Бейсенбаева бұл гуманитарлық мәселені шешудегі негізгі тұлға - мұғалімге үлкен мән береді және «Себебі білім беруді гуманитарландыруда педагог маманның мәртебесін көтеру елімізді өркениетті мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз» - деп біледі. Педагог-ғалымның бұл пікірі құптарлық ой десек те, оның қамтама-сыз етілуі бірқатар зерттеулердің, жұмыстардың атқарылуын талап етеді.

Педагогикалық жүйеде педагогтың атқарар рөлі, алатын орны өте жоғары екендігі белгілі. Ол жөнінде қазақ ағартушылары және жазушы педагогтары Ы. Алтынсариннің, М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың және басқалардың айтқан пікірлерінің мәні өте зор. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.

Мұғалім және оның педагогикалық іс-әрекеті жөнінде кезінде көптеген ғұламалар, педагог ғалымдар өздерінің пікірлерін жазып қалдырған. Атап айтар болсақ: Ян Амос Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци т. б. Кеңес дәуірінің ірі педагогі А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский балалармен күнделікті қарым-қатынаста болу адамға деген сүйіспеншілікті, сенімділікті арттыратындығын жазған.

Мұғалім мамандығын даярлау - қашан да педагогиканың көкейкесті мәселесінің бірі және солай қала береді де. Оның себебінің бірі ретінде ғылым мен техниканың, ел экономикасының дамуы мен әлеуметтік өмір сүру жағдайының жоғарылауына және т. б. байланысты білім мен тәрбие ісінің өзгеруін, соған сәйкес жаңа тұрпатты мұғалімді даярлау ұдайы өзгерісте болуын айтуға болады.

Қазіргі кезде жоғары мектеп педагогикасы жоғары білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырумен айналысуда. Жоғары білімді мамандарды даярлау негізгі нормативтік құжат - стандарт шеңберінде жүзеге асырылатыны белгілі. Зерттеу міндеттеріне тән болашақ педагог-психологтарды дайындауда нормативтік құжаттар басшылыққа алынады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Гуманизм адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын адамгершілік қасиет» ретінде қарастырылады. Ал, «Гуманитарлық» ұғымы «. . халықтың мәдениеті мен тарихын терең зерттеуге бейім қоғамдық ғылымға қатысты ғылым» болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.А.Амонашвилидің педагогикалық көзқарастары
Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру
Педагогиканың жалпы мәселелері
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz