Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЄОЖ. 371. 13:37. 034:39 Қолжазба құқығында

ДЖАЗДЫКБАЕВА МАРИЯ БОТАЕВНА

Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру

13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін

алу ‰шін дайындалѓан диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Ќазаќстан Республикасы

Т‰ркістан, 2010

Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Оңалбек Ж. К.

социология ғылымдарының кандидаты,

доцент Сейткулов Н. А.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Жолдасбекова С. А.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Айтбаева М. А.

Жетекші ұйым: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті

Қорғау 2010 жылы «___ » сағат ___ Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35. диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2010 жылы «» таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: Мухамеджанов Б. Қ.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының егеменді ел болуына байланысты қоғамымызда болып жатқан түбегейлі өзгерістер болашақ мамандарды даярлауға, оның ішінде, әсіресе келешегіміз - жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге білікті ұстаздарды қалыптастыруға өте жоғары талаптар қойып отыр. Өйткені қоғамның рухани және адамгершілік тұрғыда қайта өрлеуі, ұлттық мәдени құндылықтарды ой елегінен өткізіп, уақыт талабына қарай пайдалану, жеке тұлғаны әлемдік және ұлттық мәдениет деңгейіне көтеру, жеткіншек ұрпақты қалыптастыруда тиімді жағдайлар жасау көбіне тікелей мұғалімге байланысты. Сондықтан жоғары оқу орындарын бітірушілердің даярлық деңгейіне қарай қоғамның қоятын талаптарына сәйкес жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде, оқыту бағдарламаларын өзгертуді, сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын арттырып, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Демек, осының бәрі болашақ мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлаудың аса бір көкейкесті мәселесі екендігін дәлелдейді.

Педагогикалық білім беру теориясы кейінгі жылдары бірқатар ғалымдардың (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, Н. Д. Хмель, Ф. Н. Гоноболин, Р. Н. Хмелюк және т. б. ) еңбектерінде қарастырылады. Олар мектеп мұғалімдерінің жеке тұлғасын қалыптастырудың заңдылықтарын негіздейді. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге жоғары оқу орындары студенттерін даярлау мәселесінің кейбір салаларын М. И. Гей, А. А. Гобронидзе, Е. Б. Полевничая, Э. Р. Ашхаруа, В. П. Бездухов, А. А. Калюжный, Л. П. Илларионова және т. б. зерттесе, бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі И. С. Марьенко, О. С. Богданова, Н. И. Монахов, Р. М. Қоянбаев және т. б. еңбектерінің зерттеу объектісі болды.

Соңғы жылдары студенттерді педагогикалық қызметке халық педагогикасын пайдалану арқылы даярлауға арналған зерттеулер (Э. Р. Ашхаруа, Ш. М. Арсалиев, А. Алимбеков, У. Л. Матназоров, А. Р. Ерментаева және т. б. ) орындалды. Оқушыларға дәстүрлі педагогикалық мәдениет арқылы тәрбие беру проблемасы бойынша да бірқатар еңбектер (Т. Т. Мунзук, К. Б. Салчак, Г. Д. Сундуй және т. б. ) көрініс алды.

Халық педагогикасы дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын, балабақша бүлдіршіндерін адамгершілікке тәрбиелеуге тәрбиешілерді, болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелері бойынша да бірқатар еңбектер (А. Әлімбеков, К. Ф. Тешебаева, Ж. С. Хасанова, А. Манонов, А. С. Мағауова, Р. К. Төлеубекова, Ж. Сәдірмекова, Б. Мұқанова және т. б. ) орындалды. Халық педагогикасының мүмкіндіктеріне кейінгі жылдары жан-жақты назар аударылып зерттеле бастады. Бұл тұрғыда халық педагогикасына терең бойлаған Г. Н. Волков, А. Ш. Гашимов, А. Э. Измайлов, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай және т. б. еңбектерін атауға болады.

Осы үдерісті одан әрі дамыта отырып, бірқатар ғалымдар (Ы. Оршыбеков - адамгершілік, Е. Сағындықов - адамгершілік, дене тәрбиесі, Т. А. Қышқашбаев - музыкалық, Р. Қ. Дүйсембінова - музыкалық-эстетикалық, К. Сейсембаев - адамгершілік, А. Қ. Қисымова - адамгершілік-жыныстық, Ү. О. Асанова - адамгершілік-эстетикалық тәрбие және т. б. ) қазақ халық педагогикасы мұраларының құнды идеяларын тәрбие құралы ретінде қарастырған.

Халық педагогикасы материалдарын ұрпақ тәрбиесінде пайдалану туралы кезінде ұлы педагогтар да (Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б. ) айтып өткен, және өз тәжірибелерінде ұтымды пайдаланған. Бірқатар педагогтар (А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский) олардың құнды идеяларының әрекеттілігі мен қажеттілігін практика жүзінде дәлелдеген. 60-70-жылдары халық педагогикасы алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеле бастады (Г. Н. Волков, А. Х. Мұхамбаева, Ы. Оршыбеков және т. б. ) . Солардың ішінде Г. Н. Волков этнопедагогиканы жеке ғылым деп дәлелдеді және оның тәрбиедегі мәні мен мазмұнын жан-жақты ашып көрсетті.

Қазіргі таңда ТМД мемлекеттерінде де, Қазақстанда да этнопедагогика
саласында орындалған іргелі-қолданбалы зерттеу жұмыстары баршылық (Е. Л. Христова, А. Ханбиков, Э. Измайлов, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Р. Дүйсембінова, А. С. Мағауова, Г. Бахтиярова және т. б. ) .

Оларда халықтың адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой саласында қалыптасқан озық тәжірибелері (Р. Төлеубекова, С. Әбілдина, Т. Сламбекова және т. б. ) көрініс алады, ал әдепке тәрбиелеу мәселесі болса ішнара қарастырылады. Біздің жұмысымызға жақындау деген Т. Сламбекованың зерттеуінде қазақ халқының моральдық - этикалық дәстүрлерінде студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне назар аударылады.

Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісіне жасаған талдау зерттеу проблемасының педагогика ғылымында күні бүгінге дейін өзінің шешімін толық таппағанын айғақтайды. Демек, болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен жоғары мектептегі студенттердің адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі жағдайы арасында; қазақ халқының әдепке байланысты дәстүрлерінің тәрбиелік әлеуеті мен жоғары оқу орнының оған деген сұранысының шамалы болуы арасында; қазақ халық дәстүрлерін оны мектеп практикасында пайдалану қажеттігі мен оны жүзеге асыруға байланысты болашақ мұғалімдердің даярлық деңгейінің төмендігі арасында қайшылықтар бар екені анық байқалады.

Сондықтан студенттерді болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыруға қажетті тиімді педагогикалық шарттарды іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты « Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру » - деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, педагогикалық шарттарын анықтау және әдістемесін жасау.

Зерттеу объектісі: жоғары оқу орнында болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер , болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың мазмұндық, ұйымдастырушылық және әдістемелік шарттары жасалса, бұл олардың кәсіби даярлық үдерісінің тиімділігін арттырады, өйткені ол білім беру жүйесіне қойылып отырған қазіргі заман талаптарынан шығады.

Зерттеу міндеттері:

1. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;

2. Қазақ халық дәстүрлерінің мазмұнын анықтап, әдеп тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін айқындау;

3. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделін және педагогикалық шарттарын негіздеу;

4. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын нақты белгіленген педагогикалық шарттарды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптастыруға болады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: халықтың материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы, олардың берік бірлестігіндегі рөлін, ежелгі мәдени мұраға көзқарасын, қазақ этнопедагогикасын және оның жүйеленген компоненттерін зерттеуге бірыңғай көзқарасты білдіретін философиялық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этномәдениеттік, педагогикалық тұжырымдамалар; ұлттық мәдениеттің тәрбие жұмысындағы орны туралы ілімдер; жалпыадамзаттық құндылықтардың негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.

Зерттеудің көздері: қазақстандық және шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, фольклоршы, өнертанушы, әдебиетші) қазақ халқының рухани мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы еңбектері; бүгінгі күнде психология-педагогика саласындағы көкейкесті проблемаларды зерттеп жүрген белгілі ғалымдардың еңбектері; ресми материалдар (Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар, қаулы-қарарлар, баяндамалар және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің этнопедагогика, халық педагогикасы идеяларын, этномәдениетті тәрбие ісінде пайдалану жөніндегі тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары; болашақ мұғалімдерді даярлауда халық дәстүрлері негізінде көрініс тапқан материалдарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану тәжірибелері, сондай-ақ автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, тарихи-этнографиялық, этнопедагогикалық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге ілімдік талдаулар жасау, тәрбие жұмыстарына, тәрбие жұмысының бағдарламаларына, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралдарына, студенттердің шығармашылық жұмыстарына (курстық, дипломдық, бақылау жұмыстары, баяндама, т. б. ) талдау, студенттермен сауалнама жүргізу, олармен әңгімелесу, озық педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену, тәжірибелік-сынақ жұмысы, іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру, сұрыптау, оларды математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні :

1. «Әдеп», «адамгершілік», «мораль», «әдеп дәстүрлері» ұғымдарының мәні нақтыланып, мазмұндық сипаттама берілді;

2. Қазақ халық дәстүрлерінің мазмұны анықталып, әдеп тәрбиесіндегі мүмкіндіктері айқындалды;

3. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделі жасалып, педагогикалық шарттары негізделді;

4. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың әдістемесі жасалып, тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өтті.

Зерттеудің практикалық мәні: жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арнап: қазақ халық дәстүрлерінде болашақ мұғалімдерді әдепке тәрбиелеудің диагностикалық деңгейінің әдістемесі; педагогикалық пәндердің типтік оқу бағдарламаларына қосымшалар («Мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика») ; «Қазақ халық әдеп дәстүрлері» атты элективтік курс бағдарламасы; аудиториялық және аудиториядан тыс іс-әрекеттерде әдеп дәстүрлерін тәрбие ісінде пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды

Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнаулы орта педагогикалық оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда әдеп тәрбиесі бойынша білімін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады :

1. «Әдеп», «адамгершілік», «мораль», «әдеп дәстүрлері» ұғымдарының мәндік сипаты - зерттеудің ғылыми-теориялық негізі;

2. Қазақ халық дәстүрлерінің мазмұны және әдеп тәрбиесіндегі мүмкіндіктері;

3. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделі және оны жүзеге асыруды қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар жиынтығы;

4. Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру әдістемесінің мазмұны.

Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезеңде (2004-2005ж. ж. ) қарастырып отырған проблеманың зерттелу деңгейі қарастырылды, болашақ мұғалімдерді мектептің әдеп тәрбиесі жұмысын жүргізу даярлығын қалыптастыруға арналған зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық, философиялық, мәдениеттану еңбектеріне талдаулар жасалды, ғалымдардың еңбектері зерделенді, ғылыми аппараты айқындалды, болашақ мұғалімдердің қазақтың дәстүрлі әдебін терең оқып меңгеруінің мазмұны мен әдістерін жетілдіру жолдары қарастырылды, көркем мәдениет пен ұлттық әдеп бойынша материалдар жинақталып, қорытындыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.

Екінші кезеңде (2005-2007ж. ж. ) тәжірибелі-эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын қалыптастырудың моделі құрастырылды, педагогикалық шарттары анықталды, элективтік курс бағдарламасы даярланды, оларды пайдалану әдістемесі жасалды, тәрбие жұмыстарының іс-шаралары жаспарланды.

Үшінші кезеңде (2007-2009ж. ж. ) тәжірибелік-эксперимент жұмысы жалғасын тапты, зерттеу нәтижелері жүйеге келтіріліп, математикалық өңдеуден өтті, қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланған әдебиеттер жүйеге келтірілді.

Зерттеудің базасы: Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы ХКТУ-де, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткізілді. Экспериментке 502 студент қатысты, оның 252 студент эксперимент тобында, 250 студент бақылау тобында болды

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Тараз 2008-2009, Шымкент 2006-2009, Алматы 2008-2010, Түркістан 2008, 2009), мерзімді баспа беттерінде (Алматы 2006-2010), ғылыми еңбектерде жарияланды. Зерттеу жұмыстарының мазмұны 2 оқу-әдістемелік құралда, баспа беттерінде жарияланған 30 еңбекте көрініс тапты.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: жұмыс талапқа сай әдіснамалық және ғылыми қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштері нәтижелерінің қорытындылануымен, олардың тиімділігі жоғары оқу орындарының факультеттерінде тексерілуімен қамтамсыз етілді.

Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, теориялық және әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы мен жүзеге асырылуы баяндалады.

« Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптасты- рудың теориялық негіздері » атты бірінші бөлімде болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелеріне сипаттама берілді, қазақ халқының әдеп дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері және тәрбиелеудегі мүмкіндіктері, болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып моделі ұсынылды.

« Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптасты-рудың әдістемесі » атты екінші бөлімде болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру мазмұны анықталды, болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын оқу, оқудан тыс іс-әрекеттерде қалыптастырудың формалары мен әдістері берілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу және оның нәтижелеріне талдау жасалынды.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген ұсыныстар берілді.

Қосымшада болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсынылған сауалнамалар, сыныпта және сыныптан тыс жұмыс түрлері келтірілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, өркениетті мемлекеттердің санатына қосылуы жағдайында, гумандық, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.

Бұл проблема соңғы он жылдықтарда бірқатар педагог ғалымдардың да зерттеу объектілеріне айналды. Көптеген мәселелердің шешімі жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің алдына нақты талаптар қойды. Бұл заңды да, өйткені жас ұрпақтың болашағы мұғалімнің жоғары оқу орнында алған кәсіби даярлық деңгейіне байланысты. «Кәсіби даярлық» ұғымы психологиядағы көпшілікке мәлім «психологиялық даярлық» ұғымынан туындайды. Қазіргі психологиялық әдебиеттерде (Д. Н. Узнадзе, М. И. Дьяченко, Қ. Б. Жарықбаев және т. б. ) бұл ұғым екі түрлі бағытта түсіндіріледі. Бірінші көзқарасқа орай даярлық ұғымы, белгілі бір функционалды жағдай ретінде бағаланады. Екінші теориялық көзқарас бойынша психологиялық даярлық ретінде сипатталады.

Оқушылардың адамгершілік тәжірибесінің жетекші бір саласы - әдеп тәрбиесіне мұғалімдерді даярлау мәселесі бойынша орындалған еңбектерге жасаған талдау бұл проблеманың мына бағыттарда зерттелгендігін: бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге мұғалімдерді кәсіби даярлау (Е. А. Сурудина, Р. К. Төлеубекова, С. Әбілдина, А. Әлімбеков және т. б. ) ; мұғалімдерді адамгершілік тәрбиесіне даярлаудағы психологиялық-педагогикалық пәндердің мүмкіндіктерін пайдалану (А. А. Гобронидзе, М. М. Гей, Э. Хамраев және т. б. ) ; педагогикалық циклдегі пәндер мен педагогикалық практиканы оңтайлы қолданудың мүмкіндіктерін ескеру (В. В. Бездухов, Л. В. Макарская және т. б. ) ; оқушыларды адамгершілікке, әдепке тәрбиелеу ісіне болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін, ұлттық мәдениет шығармаларын пайдалану (Э. Р. Ашхаруа, А. Мағауова және т. б. ) ; оқушылардың адамгершілік моральдық-этикалық тәрбиесінде халық педагогикасының озық идеяларын пайдалануға студенттерді даярлаудың педагогикалық шарттарын айқындау (А. Манонов, Г. Бахтиярова, Т. Сламбекова және т. б. ) ; оқушылардың адамгершілік тәрбиесі аспектілеріне мұғалімдерді кәсіби даярлау (А. А. Сотников, А. А. Калюжный, И. П. Илларионова және т. б. ) және оларға бір - қатар анықтамалар берілгенін дәлелдейді.

Біз зерттеулерде берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, жан-жақты талдау береміз. Негізінен оларды қолдай отырып, зерттеу проблемамызға қарай « болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру дегеніміз, студентердің педагогикалық үдерісте бұл іс-әрекеттің мәнін терең жете түсінуімен анықталатын моральдық - психологиялық жай-күйі, моральдық - әдеп қасиетінің деңгейі, қажетті білімінің, іскерлік пен дағдыларының белгілі бір жиынтығы, болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуде нақты іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін кәсіби қасиеттері» деп өз анықтамамызды береміз.

Біздің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлауға байланысты берген анықтамамыз мұғалімдерден де, студенттерден де осы даярлықтың түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Сондықтан қазақ халқының этикалық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда білім мен іскерлік дағдыларын меңгерту жөнінде арнайы бағдарламаның және нақты бағыттың болуы аса маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары
Бейнелеу өнерін оқытудағы технологиялық қатынасты ұйымдастырудағы дидактикалық шарттардың бағыттаушы қызметі
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz