Негізгі құралдардың шығыс есебі


Негізгі құралдардың шығыс есебі
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзак уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалган жүмысқа, корсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым молшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, ягни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарга» қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, олшеуіш және реттеуіш аспаптары мен қүралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары жэне олардың бағдарламалық қүралдары, коліктасымалдау қүралдары, аспаптар, өндірістікжэне шаруашылық қүрал-саймандары, өнім және жүмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылыктың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын ондіріс күралдары негізгі қүралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі қүралдардың қүрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бүйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі қүрылыс қүрамында есептелетін монтаждауды (қүрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей түрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ күрылыс-монтаж жүмысының өзіндік қүнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық «негізгі құралдар» оздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, кұрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру білім беру әэне мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркэсіп, ауыл шаруашылығы, ормап (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, кұрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек корсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған онімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен кызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге альшады.
Егер кэсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтің болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Мысалы: онеркәсіптік үйымындағы онеркәсіп онімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі қүралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер ксіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерініц сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Кәсіпорынның балансындағы түрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұргын үй шаруашылығы және халыққа түрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.
Негізгі құралдар алдына қойган мақсатына және атқаратын кызметіне қарай мынадай топтарга бөлінеді:
а) үйлер (түрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалары) ;
э) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары) ;
б) өткізгіш тетіктер (жүмыс машиналары, энергия бөлетін
тетіктер, құбырлар және тагы басқалары) ;в) машиналар (бумен жүмыс істейтін двигательдер, іштен
жанатын двигательдер, элекгроаппараттық трансформаторлар,
экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластыргыш ма-
шиалар, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш
құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы
да басқалары) ;г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын
көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракгорлар
және тағы басқалары;ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контей-нерлер және тағы да басқа негізгі құралдар) ;
д) шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, креслолар,
кілемдер, сейфтер және тагы да басқалары) ;е) жұмыс және өнім малдары;
ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з) жер (ұйымның сатып алган жер көлемінің құны) ;
и) жерді жақсартуға (өндеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары) ;
Негізгі қуралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алган негізгі құралдарды баланс сыртындагы «Жалга алынган негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа болінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни колданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жүмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылган, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шыгатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:
а) негізгі құралдар;
э) тауарлық-материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынган көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынган көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, үзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алынған жер учаскілері мен үйлері қаржылык инвести-циялар ретінде есептелінеді.
Негізгі құралдардың ұйымдастырылуы . Негізгі құралдардыц есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдык (жойылу) құнымен және келісілген кұнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, кұрылысты салу ксзінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардыц жиынтығынан тұрады (құралады) . Негізгі құрал-дарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдагы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құ. ралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесініц бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін толем және ол үшін төленетін салықтар айналымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастаганда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шыгындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі) .
ә) құрал-жабдықтардыц бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылыгын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі) .
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезіндс болған бүліну нәтижесін жөңдеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарга жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төлснген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Ескерту: салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынган несиеге есептелген пайыз (процент) сомасы бұған жатпайды. Сатып алынған үйлер мен ғимараттардың бастапқы кұнына шот бойынша сатып алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың қүжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.
Кәсіпорынның негізгі салган үйлер мен ғимаратгардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кетксн шыгындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, қүрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатьп алса, онда осы объектілердің бастапқы күнын бухгалтерлік есепте эрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі жэне олар тозады, ал жердіц пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бүл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп болінбейді. Бүл жағдайда тек кана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапкы кұны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бүзуға кеткен барлык объекгілердің (жердің жэне ол жердегі объектілерді коса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы аныкталады.
Мысалы: кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 5 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бүп жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынныц оларды сатып алу барысында толенген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы) . Үйді бүзуға кеткен шығын 4 (қырық мың) теңге. Бұзганнан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 2 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы қүны 56 (бес жүз алпыс мың) теңгені қүрайды (5+25000+4-2+15000=56 теңге) . Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:
- үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны қүрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
- үйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды басқа занды түлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу акгісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz