Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің неміс классикалық философиясындағы орны


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің неміс классикалық философиясындағы орны.
  2. Гегельдің философиялық көзқарасындағы «Абсолюттік идея» мәселесі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Гегель философиясы

Гегель, Георг Вильгельм Фридрих- неміс философы. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезі мен XIX ғасырдың басындағы неміс классиқалық философиясының аса көрнекті өкілі. Объективтік идеализм тұрғысынан диалектиқалық методты жүйелі түрде, жан-жақты зерттеуі арқасында Гегель философия саласында тарихи зор еңбек сіңірді. "Гегельдің материалистік жағынан ұғынылған диалектикасын Маркстің қалай қолданғандығына сүйеніп, біз осы диалектиканы барлық жағынан тексеріп шеше аламыз және тексеріп шешуге тиіспіз де . . . " деп жазған болатын В. И. Ленин.

Гегель 1770 ж. 27 тамызда Штутгартта, ірі чиновниктің семьясында дүниеге келді. Ол 1788 ж. Тюбингендегі теологиялық институтқа түсіп, оны 1763 ж. бітіріп шықты. Студенттік кезде ол Франциядағы ірі саяси өзгерістерге аса зейін қойып, оларды қуаттап отырды. Институтты бітіргеннен кейін Гегель бірнеше жылдар бойы Бернде, Майндағы Франкфуртте жеке адамдардың балаларын оқытып тәрбиелеумен айналысады. Осы жылдары жас оқымысты өзінің " Иисустың өмірі " (1795), "Христиандық діннің позитивтілігі " (1796), "Христиандықтың рухы және оның тағдыры" (1799) деген алғашқы шығармаларын жазады.

1801 жылдан кейін философ творчествосының иендегі дәуірі басталады. Иенде оның "Фихте мен Шеллингсің философиялық системаларының айырмашылығы" (1801), "Рух феноменологиясы"деген еңбектері жарық көреді. 1808 жылы Гегель Нюрнбергке ауысып, мұнда гимназия директоры қызметін атқарады. Осында ол атақты "Логика ғылымын " жазады. 1818 жылдан бастап ол Берлин университетінде философия кафедрасының профессоры, кейіннен бұған қоса университет ректоры болады. Бұл жылдары ол өзінің философиялық системасын құруды аяқтайды. Оның даңқы Германияда емес, одан тыс жерлерге де кеңінен тарайды. Гегель 1831 жылы дүниеден озады.

Философиялық ой-пікірі жағынан Гегель объективтік идеалист болды. Ол абсолюттік идеяны, абсолюттік рухты барлық дүниенің негізгі тірегі деп таныды. Идея, - деп көрсетті ол негізінде - белсенділіктің, іс-әрекеттің қайнар көзі, ол ұдайы өзгеріп, дамып отырады және осы даму процесінде бүкіл өмір сүріп отырған дүниені туғызады; сөйтіп идея шындықтың тіршілік беруші жаны болып табылады.

Гегельдің философиялық жүйесі үш бөлімнен тұрады:

«Абсолюттік идеяның» өзін өзі ашуының бірінші кезеңі. Логика, оның ойынша құдайлық ойлыақылмен сай келетін «таза ойлыақылдың» жүйесі. Логика, «абсолюттік идеяны» ғылыми - теориялық түрде ұғу.

Логика арқылы «Абсолюттік идея» категориялар жүйесі түрінде танымның қарапайым - болмыс, бейболмыс, нақтылы болмыс, сапа, сан, категорияларынан бастап әр алуан - химизм, биологизм сияқты анықтайтын ұғымдармен бүткіл жалпылық мазмұны ашылады. Гегель категорияларды ағымдағы, толассыз өздігінен пайда болатын қозғалыс күй-жағдайындағы таза ой деп сипаттады. Қандай түрде, немесе мазмұнына байланысты категориялар сезіммен қабылданатын материалға мұқтаж емес. Таза ақыл, ой және ойлардың даму сатылары ретінде олар өзінен өзі мазмұнды сол себептен заттардың мәнін құрайды.

Қисын (логика) абсолюттік ойлардың, мазмұнын беретін ұғымдардың (категориялардың) заңды қозғалысы, оның өздігінен дамуы кезеңдері. Бұл ойлардың қозғалысы неден басталады? Ұзақ талқынаудан кейін Гегель мынадай қорытындыға келеді, басталым таза болмыс категориясынан. Болмыс, оның пікірінше, мәңгі-бақи бар бола алмайды және пайда болуы тиісті. Бірақ неден? Негізінде, бейболмыстан, жоқтан. «Әзірге ешнәрсе жоқ және әйтеуір бірдеңе пайда болуы тиісті. Басталу таза ештеңенің өзі емес, түк те еместің сондай түрі, одан әйтеуір бір бірдеңе болу тиісті, демек о баста да болатын. Сондықтан оны да, басқаны да яғни болмысты да, бейболмысты да ұстанған; ол болмыс және бейболмыстың бірлігі немесе, басқаша айтсақ, ол болмыс, және сонымен қатар, бейболмыстағы болмыс». Егер ғылыми жаратылыстану мен себепті байланыстылықтың алғы шарттары тұрғысынан қарастырсақ Гегель ойларының тұспасы жасанды көрінуі мүмкін. Шын мәнінде дымсыз ештеңеден нақ-ты бірдеңе пайда бола қоймайды. Бірақ Гегельде нақты әлем туралы сөз болып жатқан жоқ, ол әлем бар болғанға дейінгі құдай ойлары.

Егер, әлемді құдай жоқтан жаратқан деген құдайшыл мистикалық мазмұнды көңілге алмасақ, философ ойларынан сөздердің тобықтай түйінін ұстауға болады. Болмыс және болмыссыздық қарама-қарсылықтардың бірлігі болып табылады. Бір категория келесісін теріске шығарады. Нәтижесінде екі алдынғыларды жинақтайтын (синтез) үшінші категория пайда болады. Гегель бұл жаңа категориясын қалыптасу деп атайды. «Қалыптасу болмыстың және болмыссыздықтың бөлінбестігі . . . басқаша айтқанда, болмыс та және болмыссыздықта бар бірлік».

Егер Гегельдің диалектикалық пайда болу үдірісі қалыптасу категориясы арқылы көрінуге тырысса, онда жоқ болып кету үдірісі алыну категориясы көрінеді. Әлемде ештеңе ізсіз жойылмайды, олар жаңаның көрінуінің алғашқы сатысына материал ретінде қызмет атқарады. Бұл заңдылық алыну категориясымен бейнеленеді, сонымен қатар, Гегель өзінің философиялық жүйесінде кең қолданған терістеу категориясы да жатады. Әрбір категория даму үдерісінің қандай болмасын бір кезеңін қамтиды және алдынғы категорияны терістей алатын келесі категорияның негізгі пункті ретінде қызмет етеді. Жаңа ескіні теріске шығарады, бірақ диалектиқалық теріске шығарады: құр босқа лақтырып тастамайды және құртып жоймайды, қайта сақтайды және өңделген түрде өмірге бейімді бөлшектерін жаңаны жасауға қолданады. Мұндай терістеуді Гегель нақтылы деп атайды.

Терістеу Гегель үшін бір актылы, шын мәнінде өмірі аяқталмайтын бақилық үдеріс. Және бұл үдерістен ол қандай жерінен болмасын әр уақытта үш бөлшекті буыннан тауып отырады: тезис - антитезис - синтез. Нәтижесінде қандай болмасын жайдың, терістеу ретінде қабылданған тезиске қарама-қарсы (антитезис) пайда болады. Соңғысы қажеттілікпен терістеуге душар болады. Екі реттік терістеу пайда болады, немесе терістеуді терістеу, ол өз кезегінде синтездің үшінші буынының пайда болуына әкеледі. Ол жоғары деңгейінде бірінші негізгі буынның кейбір сипаттарын өндіреді. Бұл конструкцияның барлығы үштік деп аталады.

Гегель философиясында үштік тек қана әдістемелік қызмет атқармайды, ол, сонымен қатар жүйе құрастырушы қызметін де атқарады, яғни, бұл жүйе жасайтын тәсіл, Барлық архитектоника, гегельдік философияның құрылымы осы үштіктік ырғаққа бағынады, сол үштіктің талаптарымен құрылады. Жоғарыда айтып өттік, бүтіндей алсақ Гегель философиясы үш бөлімге бөлінеді: - логикага, табиғат философиясына және рух философиясына. Бұл үштіктің әрқайсысы диалектикалық даму заңдылықтарының кезеңдеріне меңзейді. Қалай болса да Гегельдің өзі дәл осылай есептейді. Логиканы да ол үш бөлімге бөледі: болмыс туралы ілім, мән туралы ілім және ұғымдар туралы ілім. Әрбір көрсетілген бөлімдер үштіктер болып есептелінеді. Болмыс туралы ілім, мысалы, өзіне мыналарды қамтиды: 1) анықтық (caпa), 2) мөлшер (сан), 3) өлшем. Сапа үш бөліктен түзеледі: болмыс - нақты болмыс - өзіндік, өзі үшін болмыс. Болмыс та үштік: таза болмыс - дым емес - қалыптасу. Осы жердей әрі қарай категориялар үштікке бөліне алмайды үштіктің акыры.

Қалыптасудың нәтижесінде нақты болмыс көрінеді. Таза болмысқа қарағанда бұл болмыс айырмашылығы белгілі бір сапамен айқындалған. Сапа болмыстың тікелей бірінші анықтығы болады. Кез келген заттың басқалардан айырмашылығы өзіне тән сапаға ие болуында. Сапа категориясы Гегель логикасы бойынша сан категориясынан бұрын болады. Мұндай реттілік жалпы адамзат танымының тарихына сай. Жабайы адамдар (балалар сияқты) заттарды сапасының анықтығымен айырып таниды, бірақ есептеуді білмейді, яғни сандық арақатынастарды білмейді.

Сапалық және сандық анықтықтың синтезі ретінде өлшем жүреді. Әрбір зат, сапалық түрде анықталғандықтан ол өлшем болып табылады. Өлшемнің бұзылуы сапаны өзгертеді және зат басқаға айналады. Біртіндеушіліктің үзілісі болады, немесе сапалы секіріс.

Гегель бір сапаның бірте-бірте басқа күй-жағдайға ауысуды мойындайтын жалпақ эволюциялыққа батыл қарсы шығады. «Табиғатта секірулер болмайды . . . деп айтады. Бірақ біз, болмыстағы жалпы өзгеріс тек қана бір өлшемнің басқаға ауысуы емес сонымен қатар ол сапаның санға және керісінше біртіндеушіліктің үзілісі ретінде өзгеге қалыптасу, алдыңғы күй-жағдайдан басқа мәнге ие болатындығын көрсеттік». Су қатты салқындату арқылы бірте-бірте қатпайды, кейін қаттырақ қатаю үшін алдымен қоюланбайды, мұз консистенциясына жетуде ол, лезде қатады. Қату нүктелерінің температурасына жеткенмен егер ол тыныштықта болса, ол өзінің сүйық күй-жағдайын толық сақтай алады және болмашы шайқалыс оны қаттылық күй-жағдайға әкеледі.

Гегель және басқа да мысалдар келтіреді, бірақ енді адамгершілік жағдайларынан. Бұл жерде де санның сапаға ауысуларын көреміз және «сапа айырымы» мөлшер айырымдарына байланысты. Дәл осылайша, сан өзгерістеріне байланысты жеңіл ойлылық өлшемі -басымдырақ болады, нәтижесіңде өзгеше басқа нәрсе пайда болады, яғни қылмыс пайда болады. Сапалы секіріс құқықты әділетсіздікке, рақымшылдықты - кемістік. қатігездікке айналдыра алады. Ол тағыда мынадай қызық ойларға келеді: мемлекеттер өздерінің бірдей шарттық жағдайларында аумақтық мөлшеріне байла-нысты әр турлі сапалы сипаттарға ие болады алады. Мемлекет көлемі үлкейсе және азаматтардың саны өссе мемлекеттік құрылымдар, заңдар басқа бір нәрсеге айналады. Мемлекет өз мөлшер өлшемінде болады, олар өзгергенде сол мемлекеттік құрылымның өзінде-ақ тоқтатылмас ыдырауға ұшырайды, оның бақыты мен күші тіптен өзге өлшем арқылы болған болар еді.

Бұл санның сапаға ауысу заңы болып кейіннен аталса да Ге-гель оны нанарлықтай етіп дәлелдейді. Ғылымның дамуы және қоғамдық тәжірибе Гегельдің бұл диалектикалық заңының дұрыстығын растады.

«Қайшылықтар кез-келген қозғалыстың түп тамыры, және өміршендігі, өйткені ол тек өзіндік өзіндегі қайшылықтарга ие, ол қозғалыста күшке және қарекетке ие болады» Қайшылық алға жүргізеді, ол кез-келген өзіндік қозғатудың принципі. Тіптен қозғалыстың ең қарапайым түрі - денелердің кеңістіктегі орын ауыстыруларының өзінде тұрақты түрде қайшылықтарды шешу арқылы өткеріледі. Бірдеңенің қозғалыста болуы тек қана қазір осы мезетте, ал басқа кезеңде, сонымен қатар оның себебі, ол бір кезеңде осында және осында емес болады, яғни тап сол нүктесіндегі траекторияда болады да, болмайды да.

Ұғым туралы ілім - Гегель логикасының үшінші аяқталу бөлігі. Ол бұл жерде абсолютті идеализмнің тұрғысын басыңқы түрде айтады. Бұл тұрғыда философ ұғымды «бос және абстрактылы түр» деп қарайтын формалды логиканың тұрғыларын сынайды. «Шын мәнінде белгілі жағдайда бәрі де керісінше болып тұр: ұғым кез-келген өмірдің басы, ол бүтіндей нақтылы».

Ұғым және баска қисынды түрлер Гегель бойынша заттардың бейнеленуі емес. Керісінше, заттар екінші қатарда, олар ұғымдардың бейнесі және соларга сай болуы міндетті. Ал ұғымдардың шығуы құдайлық тегінен. Өйткені «Құдай әлемді жоқтан жасады, немесе, басқаша айтсак, . . . әлем және шектелген заттар құдайлық ойдан және құдайлық көрегендіктен шықты. Сонысымен, ойдың, немесе, дәлірек айтсақ, ұғым - сол шексіз түр, немесе азат творчестволық қарекет, сондықтан олар өзінің жүзеге асуы үшін сыртқы материалға мұқтаж болмайтындығын біз мойындаймыз». Не ұғымдар, не пікірлер, не ой қорытындылары тек қана біздің басымызда болмай-ды және тек біз арқылы құрылмайды. Ұғым деген сол, заттарда өмір сүретіндер, демек, заттарды түсіну олардың ұғымын ұғыну.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Гегельдің философиясы
Гегельдің диалектикалық концепциясы
Ф. Гегель және оның философиясы
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануил Кант
Гегель философиясы
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Классикалық неміс философиясы жайында
Гесиодтағы тарихи процестің регрессивтілігі
Неміс классикалық философиясының пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz