Кеден органдарының қызметінде бақылау функциясы
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Нарықтық экономикадағы кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты ... ... ... ..8
1.2 Кеден бақылауының зонасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КЕДЕН РәСІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.1 Қазақстан Республикасының Астана қаласының кеден рәсімдеу орталығының негізгі сипаттамасы және іс әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.2 Қазақстан Республикасының Кеден бақылауында техникалық құралдарды қолданудың жолдары және негiзгi туындайтын мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
2.3.Кеден бақылауы саласындағы өзгерістеpі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
3 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАНДА КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...№ ... ... ... ... ... ... ... ...75
3.1 Халықаралық қатынастағы кеден бақылауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
3.2 Тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау процедураларын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...85
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .88
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...90

Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгiне оңайлықпен жете қойған жоқ. Бұл мәселе мені әрқашан , әркезде ойландырады. Себебi, ең бiрiншi - тарих алдындағы парыз, екiншi - елдiң азаматы ретiндегi мiндет. Дипломдық жұмысымның кеден бақылауы деп аталуы да тұңғиық тарих топырағына жетелейдi. Көздi Шыңғысхан дәуiрiне жүгiртсек кеден бақылауына ұқсас шекарадан тауарлар алып өту кезiнде алынатын барымта мен тамгалар еске түсерi анық. Кеңес Өкiметi билiк құрған тұста елдiң кедндiк жүйесi тiкелей Мәскеуге бағынды. Сондықтан бұл Қазақстан кеденiнiң тарихындағы "ақ дақ" ретiнде бейнелендi. Бұдан бiз еш ұтпағанымыз айтпаса да түсiнiктi.
XX ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдiк сахнада болған үлкен өзгерiске Кеңес одағының құлауы жатады. Соның нәтижесiнде 15 жаңа тәуелсiз мемлекет пайда болды. Солардың бiрi - Қазақстан Республикасы 14 жыл iшiнде өзiн барша әлемге тәуелсiз, демократиялық мемлекет ретiнде танытты. Өзiнiң толық тұрақты дамуы үшiн Қазақстан бiр жағынан өнеркәсiбi дамыған мемлекеттермен, екiншi жағынан ТМД бойынша әдеттегi серiктестермен белсендi сыртқы сауда саясатын жүргiзуi қажет. Сонымен қатар, Қазақстан өзiнiң транспорттық жүйесiн, яғни теңiз, өзен, темiр жол, автомобиль және құбыр сияқты көлiк түрлерiн, транспорттық инфрақұрылымдарында дамытуы керек.
Таңдалған дипломдық жұмысының өзектілігі:белсендi сыртқы сауда саясатын жүргiзумен байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларының көлемiнiң өсуi, кеден бақылауының қатаңдылығына әкелiп соғуымен негізделеді.
Кеден бақылауы дегенiмiз - кедендiк заңдылықтарды бұзылудан сақтау мақсатымен жүргiзiлетiн мемлекеттiң кедендiк шекарадан өткiзiлетiн тауарларды, көлiк құралдарын, жеке тұлғаларды тексеру арқылы жүзеге асырылатын кедендiк лауазымды тұлғалардың қызметi.

1. Қазақстан Республикасының Кеден кодексi. Астана 5 сәуiр 2003 жыл. № 401-11 ҚРЗ "Егемендi Қазақстан" 11.04.03 жыл. № 102-104 (24042-24044);
2. Қазақстан Республикасының Кеден бақылауы: нормативтiк актiлер жиынтығы. Алматы: ЮРИСТ 2002 жыл;
3. Казахстан в цифрах. Статистический сборник. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттiгi. Алматы; 2006 жыл;
4. Н.А.Голощапов "Таможенный контроль" Москва 2000 жыл;
5. М.А.Сәрсенбаев "Қазақстан Республикасының кеден iсi құқығы" Алматы: Данекер 2001 жыл;
6. Кедендiк ресiмдеу. Нормативтiк актiлер жиынтығы. 2002 жыл;
7. Кеден iсiнiң сөздiгi;
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. 1997 жыл;
9. С.Р.Ушурова "Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң негiздерi" Алматы 1998 жыл;
10. 01.01.2005 - 11.10.2005 жылдың Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң анализi. "Азия-экономика и жизнь" 2005 жыл, № 11, 03-13 беттер;
11. 2004-2006 жылға Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң дамуы бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 3 қазан 2003 жыл, №1019;
12. Н.Ш.Шеримова "Таможенное право (в схемах)" Алматы: Данекер 2003 жыл;
13. Д.Серко "Импорттың тәжiрибесi және халықаралық сауда". Нью-Йорк 1985 жыл;
14. Р.Б.Жакупова "Казахстан и ВТО" 1-2 том, Алматы: Данекер 2002 жыл;
15. ҚР КМ КК "ҚР кеден шекарасы арқылы автомобиль құралдарымен тауар алып өту кезiндегi кеден нарядының бақылау жүргiзу ережесi туралы" бұйрығы. 2001 жыл 15 ақпан № 50;
16. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 981 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi туралы ереже";
17. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен АҚШ Үкiметi арасындағы "Орталық-Азиядағы қауiпсiздiк инициативасы шеңберiндегi " бағдарламалар. 1992 жыл 20 мамыр;
18. "Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты пленумының 1997 жылғы 18 шiлдедегi № 10 қаулысы;
19. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау туралы" заңы. 1996 жыл 18 маусым. № 9-1;
20. "Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы" заңы. 1996 жыл 24 желтоқсан. № 54;
21. Таможенный вестник - журнал. №2 2005 жыл;
22. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз;
23. С.Т.Алибеков "Кеден құқығы" Алматы 1999 жыл;
24. Кедендiк режимдер. Нормативтiк актiлер жиынтығы 2002 жыл;
25. В.Г.Драганов "Кеден iсiнiң негiздерi" Мәскеу: Экономика 1998 жыл;
26. Е.Вибол "Кедендiк тексерiстiң органдары" Алматы 1999 жыл;
27. Д.М.Мадиярова "Кеден iсiн ұйымдастыру және басқару" Алматы: Экономика 2001 жыл;
28. . Таможенный вестник - журнал. №7 2006 жыл;
29. Д.С.Жақашев "Кеден органдарының құқықтық мәртебесi: теориясы мен практикасының мәселелерi" Алматы 2004 жыл;
Таможенный вестник - журнал. №1 2004 жыл.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Менеджмент кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кеден органдарының қызметінде бақылау
функциясын жетілдіру жолдары
Мамандығы: 522630 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
АСТАНА – 2007 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Менеджмент кафедрасы
Қорғауға жіберіледі
_____________2007 ж.
Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., Анафияева Ж.А.
_________________

Орындаған: ГМУ-41к
тобының студенті
Айтбаева В.М.
Ғылыми жетекші, э.ғ.д.
Анафияева Ж.А.
АСТАНА – 2007 ж.
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ
ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Нарықтық экономикадағы кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты
... ... ... ..8
1.2 Кеден бақылауының зонасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен
тәртiбi ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН БАҚЫЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫ (АСТАНА
ҚАЛАСЫНЫҢ КЕДЕН РәСІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ
МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...33
2.1 Қазақстан Республикасының Астана қаласының кеден рәсімдеу орталығының
негізгі сипаттамасы және іс
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.2 Қазақстан Республикасының Кеден бақылауында техникалық құралдарды
қолданудың жолдары және негiзгi туындайтын
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
2.3.Кеден бақылауы саласындағы өзгерістеpі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
3 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАНДА КЕДЕНДІК
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .№ ... ... ... ... ... ... ... ...75
3.1 Халықаралық қатынастағы кеден бақылауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
3.2 Тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау
процедураларын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 80
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .85
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
8
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .90
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгiне оңайлықпен жете қойған жоқ. Бұл
мәселе мені әрқашан , әркезде ойландырады. Себебi, ең бiрiншi - тарих
алдындағы парыз, екiншi - елдiң азаматы ретiндегi мiндет. Дипломдық
жұмысымның кеден бақылауы деп аталуы да тұңғиық тарих топырағына жетелейдi.
Көздi Шыңғысхан дәуiрiне жүгiртсек кеден бақылауына ұқсас шекарадан
тауарлар алып өту кезiнде алынатын барымта мен тамгалар еске түсерi анық.
Кеңес Өкiметi билiк құрған тұста елдiң кедндiк жүйесi тiкелей Мәскеуге
бағынды. Сондықтан бұл Қазақстан кеденiнiң тарихындағы "ақ дақ" ретiнде
бейнелендi. Бұдан бiз еш ұтпағанымыз айтпаса да түсiнiктi.
XX ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдiк сахнада болған үлкен өзгерiске Кеңес
одағының құлауы жатады. Соның нәтижесiнде 15 жаңа тәуелсiз мемлекет пайда
болды. Солардың бiрi - Қазақстан Республикасы 14 жыл iшiнде өзiн барша
әлемге тәуелсiз, демократиялық мемлекет ретiнде танытты. Өзiнiң толық
тұрақты дамуы үшiн Қазақстан бiр жағынан өнеркәсiбi дамыған мемлекеттермен,
екiншi жағынан ТМД бойынша әдеттегi серiктестермен белсендi сыртқы сауда
саясатын жүргiзуi қажет. Сонымен қатар, Қазақстан өзiнiң транспорттық
жүйесiн, яғни теңiз, өзен, темiр жол, автомобиль және құбыр сияқты көлiк
түрлерiн, транспорттық инфрақұрылымдарында дамытуы керек.
Таңдалған дипломдық жұмысының өзектілігі:белсендi сыртқы сауда саясатын
жүргiзумен байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық
операцияларының көлемiнiң өсуi, кеден бақылауының қатаңдылығына әкелiп
соғуымен негізделеді.
Кеден бақылауы дегенiмiз - кедендiк заңдылықтарды бұзылудан сақтау
мақсатымен жүргiзiлетiн мемлекеттiң кедендiк шекарадан өткiзiлетiн
тауарларды, көлiк құралдарын, жеке тұлғаларды тексеру арқылы жүзеге
асырылатын кедендiк лауазымды тұлғалардың қызметi.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары:
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен
көлiк құралдарына; оларды тапсыру тауарлдар мен көлiк құралдары туралы
кеден декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге; кеден брокерi, кедендiк
тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген
кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден
қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың
қызметiне қатысты; тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге
белгiленген шектеулердiң сақталуына; кедендiк төлемдердi және салықтарды
есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Кеден қызметi саласы жаңадан аяғына тұрып, көптеген өзгерiстерге ұшырап
жатыр. Елiмiз тәуелсiздiк алғалы берi кеден қызметiн түрлi министрлiктер
мен ведомствалар басқарып келдi. Осының өзi кеден қызметiне көптеген
қиыншылықтар тигiздi
Сыртқы сауда операцияларын кедендiк бақылау әлемдiк экономикада маңызды
орынға ие, өйткенi түрлi елдердiң тауарлары мен қызметтерi арқылы экспорты
мен импортының азаюына да, өсуiне де нақты әсер етуге болады.
Қазақстан кеденi 1995 жылдың 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар жарлығынан жаңа өмiр бастауын алады.
ХХ ғасыр соңы мен ХХI ғасырда дүние жүзiнде глобализациялану процесi
жүруде. Глобализация өз кезегiнде дүние жүзiлiк экономикаға, яғни дүние
жүзiлiк тауар айналымына өте үлкен ықпалын тигiзуде. Қазақстан Республикасы
еркiн экономика бағытын ұстанғаннан кейiн, дүние жүзiлiк тауар айналымының
ажырамас бiр бөлiгi болды.
Осының нәтижесiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары өз
қызметтерiн, соның iшiнде кеден бақылауын артырды. Негiзi, түпкiлiктi кеден
бақылауы Қазақстан Республикасына маңызы өте зор:
- әуелi ел шекарасын қадағалау,
- елiмiздiң бюджетiне түсiмдердi толық түрiнде әкелу.
Қазiргi таңда сыртқы сауданың кең етек жаюына байланысты Қазақстан
Республикасының кеден қызметiндегi кеден бақылауы кәсiпкерлер, өндiрiс
басшылары және Сыртқы экономикалық қатынас қатысушыларының арасында үлкен
қызығушылық тудырып жатыр. Өйткенi осы субьектiлер өз қызметтерiн жүзеге
асыру барысында кеден бақылауымен бетпе-бет кездеседi. Осыдан келе бiзде
кеден бақылауы кезiнде бәрi ойдағыдай, тез арада, еш кедергiсiз өте ме-
сұрақ туындайды. Сондықтан, осы жағдайлардың маңыздылығы мен тәжiрибе
жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдауға себеп болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары:
- кеден бақылауының нарықтық экономикадағы қажеттілігін ашу;
- Қазақстан республикасындағы кеден бақылауын ұйымдастыру барысын
талдау;
-кеден бақылауындағы халықаралық қатынастарға сәйкес Қазақстанда
кедендік бақылау жұмыстарын жетілдіру.
Бұл мақсаттарға жету үшiн келесi мiндеттер қойылып отыр:
- нарықтық экономикадағы кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты;
- кеден бақылауының зонасы;
- кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi;
- Қазақстан Республикасының Астана қаласының кеден рәсімдеу орталығы-
ның негізгі сипаттамасы және іс әрекеті;
- Қазақстан Республикасының Кеден бақылауында техникалық құралдарды
қолданудың жолдары және негiзгi туындайтын мәселері;
- кеден бақылауы саласындағы өзгерістер ;
- халықаралық қатынастағы кеден бақылауы;
- тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау
процедураларын жетілдіру.
Дипломдық жұмысты орындау кезiнде заңдық, нормативтiк актiлер,
әдiстемелiк сiлтемелер мен нұсқаулар, отандық және шетел ғалымдарының
ғылыми еңбектерi қолданылды.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
1. Нарықтық экономикада кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты

Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 12 бөлiмiнiң 56, 57, 58, 59,
60, 61 және Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 13 бөлiм 62, 63
тарауларында кеден бақылауы толық көрiнiс табады.
Кеден бақылауы мынандай қағидаларға сүйенедi:
1. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн
негiзге алады және Қазақстан Республикасының заңдарын сақталуын қамтамасыз
ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi
2. Мемлекеттiк шекарада радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi
уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiнде
уәкiлеттi орган белгiлейдi

көлiк құралдарына; оларды тапсыру тауарлар мен көлiк құралдары туралы
кедендік декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге; кеден брокерi, кедендiк

Кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан кейiн кеден
iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кедендiк
бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Кедендiк бақылау кедендiк бақылау
аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтер,
оның iшiнде электронды нысандағы мәлiметтер бар құжаттар орналасқан, кеден
органдары айқыдайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады [1].
Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдары Қазақстан Республикасы
заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын
қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын кедендiк бақылауының
нысандарын пайдаланады. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы
тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына
жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi
құжаттар мен мәлiметтердi ауызша немесе жазбаша және электронды нысанда
кеден органдарына беруге мiндеттi. Кеден органы кедендiк бақылауы үшiн
қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша немесе электронды нысанда сұратып
алуға құқылы. Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан
Республикасы заңдарына сәйкес банкткер мен банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және
импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен
анықтамалар алуға құқылы. Тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн
кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен
және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға
қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар
мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен
жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды,
бухгалтерлік есеп пен есептіліктің құжаттарын және басқа да ақапаратты,
оның ішінде электронды нысандағы ақпаратты деклораннтан немесе тауарлар мен
және көлік құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе
көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез-келген тұлғадан
сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық органдары, салық қызметi органдары және
өзге де бақылаушы органдар, банктер мен банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын
органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және
тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы
хабарлауға мiндеттi [2].
Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылауы үшiн қажеттi құжаттарды
тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден
бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк
бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де
тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген
жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кедендiк ресiмдеу, алдын-ала операциялар және өзге де кедендiк рәсiмдер
кезiнде кеден органдары кедендiк декларацияның ресiмделуiнiң дұрыстылығына
және ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарында
белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi iс-әрекет жасайды.
Кедендiк декларацияны, құжаттарды тексерудi және тауарлар мен көлiк
құралдарын кедендiк тексерiп қарауды, ал тауарларды алдын-ала, уақытша
декларациялау кезiнде жүктiң кедендiк декларациясы мен құжаттарды тексерудi
кедендiк органдары тауарларды шығару үшiн қажеттi барлық құжаттар табыс
етiлген жағдайда, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күннен бастап
екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады. Аталған мерзiмдi - жүктiң
кедендiк декларациясын қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнiне дейiн, ал
тауарларды теңiз, iшкi су көлiгiмен тасымалдау кезiнде жиырма жұмыс күнiне
дейiн ұзартуға декларантқа тапсырылатын кеден органы басшысының ұзарту
себептерi көрсетiлген жазбаша рұқсатымен жол берiледi [3]. Тауарлар
шығарылғанға дейiн кеден органдары тауарлардың атауының, шыққан жерiнiң,
саны мен құнының жүктiң кедендiк декларациясында және кедендiк мақсаттар
үшiн пайдаланылатын құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн анықтау
үшiн қажеттi операциялар жүргiзедi. Егер кеден органдарына тауарлардың олар
туралы мәлiметтерге сәйкестiгiн анықтау үшiн қажеттi операцияларды
жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн бiр тауар легiнде түрi мен атауы әртүрлi
тауарлар ұсынылса және мұндай тауарларға қатысты оларды жеке орап-түю
орындарына бөлу жүргiзiлмесе, тауарлардың орамаларына таңбалау жасалмаса
және тауарлардың iлеспе құжаттарында орап-түю және таңбалау туралы
мәлiметтер жазылмаса, мұндай тауарларды кедендiк тексерiп қарау мерзiмi
қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 478-
бабының талаптарын ескере отырып, кеден органының басшысының жазбаша
рұқсатымен тауарлар легiн жекелеген тауарларға бөлу үшiн қажеттi уақытқа
ұзартылады [4(. Басқа мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын тауарларға
кедендiк бақылау жүргiзген кезде кеден органдары мұндай iс-әрекеттердi
үйлестiрудi және бiр мезгiлде жүргiзудi қамтамасыз етедi. Кедендiк
бақылаудың негiзгi салдарына келесiлердi жатқызамыз:
1. Кедендiк құралдар мен тауарларды кедендiк тексеру .
2. Қажеттiлiк туындаған жағдайда жеке тұлғаны тексеру.
3. Тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу.
4. Еркiн қойма,кеден қоймаларын, уақытша сақтау қоймасын және тағы басқа
кеден қызметi аясындағы объектiлердi тексеру [5].
Заңдар мен басқа да кедендiк бақылаудың түрлерi айқындалуы мүмкiн.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексеру басқа да кедендiк бақылау
нысандары сияқты тек тауарлар мен көлiк құралдарын тексерумен шектелмейдi.
Сонымен қатар, кедендiк құжаттарда, онда берiлген мәлiметтердi,
құжаттардағы жазулардың дұрыстығын, аталған тауар мен берiлген
мәлiметтердiң арасындағы сәйкестiктi де тексередi. Қажет болған жағдайда
кеден органдарының жеке банктiк операцияларды жүзеге асыратын банктер
менмекемелерден кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын
өткiзушi тұлғалардан есеп шоттарының жағдай туралы мәлiметтердi алуға
құқысы бар. Құқық қорғау, салық және басқа да мемлекеттiк органдар кедендiк
бақылауды неғұрлым зерек жүргiзуге қажеттi мәлiметтердi кеден органдарына
беруге мiндеттi.
1.2 Кеден бақылауының зонасы
Қазақстан Республикасының кеден органдарының орналасқан, кедендiк
рәсiмдеу орындарында кедендiк бақылау мақсатын жүзеге асыру кезiнде кеден
бақылауының зонасы құрылады. 2002 жылғы 15 ақпандағы № 50 Қазақстан
Республикасының Кiрiс Министiрлiгiнiң Кеден Комитетiнiң бұйрығымен
бекiтiлген кедендiк бақылау зонасын құру және белгiлеу тәртiбi туралы
ережеде: "кедендiк бақылау зонасын тануға негiз болып- еркiн қойма,
кедендiк қойма, уақытша сақтау орнын тану туралы шешiм; кеден органының
орналасқан орны туралы регистрациялық құжаттар, кеден органының кедендiк
рәсiмдеу орындау белгiлеу туралы шешiм, сонымен қатар аэропорт, порт, темiр
жол станцияларында құру туралы шешiм, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
халықаралық өткiзу пунктерiнiң ашылу туралы шешiмi табылады " [2].
Кедендiк бақылау зонасын құру кедендiк бақылауды жүргiзудiң басты
себебi. Кедендiк бақылау зонасын құру туралы басты шешiмi Қазақстан
Республикасының кеден органының бұйрығы негiзiнде рәсiмделедi. Кедендiк
бақылау зонасы арнайы белгiлермен белгiленедi. Ондай белгiлерге мыналарды
жатқызамыз:
– автомагистральда- жалпы техникалық шарттарға сәйкес ақпараттық
белгiлер;
– жол белгiлерiнiң рәсiмделуi ГОСТ 10807-78;
– биiктiгi- 50 см, енi- 100 см, белгiнiң көк жиегiнде ақ
әрiптермен, үш тiлде (қазақша, орысша, ағылшынша), үш жолда
"кедендiк бақылау зонасы" деп жазылуы қажет; әрiптердiң биiктiгi
мынадай болу керек- 10 см, енi -3,7 см болуы керек;
– суда қызыл түстi бояумен "кедендiк бақылау зонасы" деп жазылуы
тиiс.
Кедендiк бақылау зонасына ену режимi.
Кедендiк бақылау зонасына ену Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау
агенттiгiнiң кедендiк бақылау зонасын құру туралы шешiмiмен белгiленген
орындарында жүзеге асырылады. Мұндай орындарға тексеру, рұқсат ету
пункттерi, олар арнайы белгiлермен белгiленедi. Тұлғалардың кеден зонасына
енуi және орын ауыстыруы Қазақстан Республикасының кеден органдарының
рұқсатымен және бақылауымен жүзеге асырылады. Тек басқа мемлекеттiк
органдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдылық
актiлерiне сәйкес кеден бақылау зонасына Қазақстан Республикасының кеден
органдарына алдын-ала хабарлау арқылы ене алады [1].
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiнiң шекара қызметi
мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн пункттердi ену режимiнiң технологиялық
сызба нұсқасына сәйкес өте алады [4].
Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден бақылау зонасы аумағында жүргiзу,
сонымен қатар өндiрiстiк және басқа да кәсiптiк қызметпен айналысу
Қазақстан Республикасының кеден органдарына рұқсатымен жүзеге асырылады.
Оған кедендiк режиммен қарастырылатын тауарлармен белгiлi бiр операцияларды
жүзеге асыру кезеңi кiрмейдi. Тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауы
зонасында, мемлекеттiк шекарамен сәйкес келмейтiн оның шекарасы арқылы
кеден бақылау зонасында орналасқан субъектiлер, онда тұратын жеке тұлғалар
көлiк құралдарына арналған арнайы өткiзушi қағаздар және жеке тұлғаны
танитын құжаттармен өткiзе алады. Арнайы өткiзушi қағаздар Қазақстан
Республикасының кеден органдарының шекаралық, фитосанитарлық және басқа да
кеден бақылауының түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсуi
арқылы берiледi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу, өндiрiстiк және басқа да
коммерциялық қызметтi жүзеге асыру, егер кеден бақылау зонасының кедендiк
жұмысының белгiленуi мен режимiне сәйкес келмесе жүзеге асырылмайды.
Тауарлар мен көлiк құралдары, тұлғалар мен мемлекеттiк органдардың
лауазымды тұлғалары (кеденнен басқа) кеден бақылау зонасы арқылы өткiзу,
сонымен қатар өндiрiстiк және басқа да коммерциялық қызметтi Қазақстан
Республикасының кеден орпгандарының рұқсатынсыз жүзеге асыру, немесе кеден
бақылауы зонасының режимiн бұзатын iс-әрекеттер жасалса, қылмыстық қасиет
жоқ болғанда - ескерту жасалады немесе он айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiндегi айыппұл төленедi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп
қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк
қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу
орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп
қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк
құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында арнайы
экономикалық аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден
органдары орналасқан орындарында кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аумақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар
ұдайы болған жағдайда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк
тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды
жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ
кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi
уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының
рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы
қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша
рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен
көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде
өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылаумен ғана жол
берiледi.
Тауарлар кедендiк бақылау аймағына жұмыс уақытынан тыс келген кезде
кеден органының рұқсатымен кедендiк бақылау зонасында орналастырылуы қажет.
Кедендiк бақылау басталғанша тауарлар сақталып жатқан қоймалар арнайы
тағайындалған жағдайда болуы қажет. Қойманың иесi мынадай iс-әрекеттердi
жүзеге асыруға мiндеттi (6(:
– кедендiк бақылауға жататын тауарлардың толық түрде мүлтiксiз
сақталуын қамтамасыз етуi
– кедендiк бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасау және оған
кедергi жасамау
– лицензиядағы ережелерге сәйкес өз қызметiн толық түрде атқару
және тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының кеден
органдарының талаптарын мүлтiксiз орындау
– тауарларға қатысты есеп жүргiзу және Қазақстан Республикасының
кеден органдарына тауарларға қатысты толық есеп берiп отыру [7].
Кедендiк бақылау зонасында мынандай iс-әрекеттер жүзеге асырылады:
- тауарларды еркiн айналысқа шығару - бұл кеден режимiнiң бiр түрi болып
табылады, яғни Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн
тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған кедендiк режим.
Тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне тауарларды
орналастырудың мынадай шарттары бар:
- кедендiк баждар және салықтар төленгенде;
- тарифтiк емес шаралары сақталғанда;
- Қазақстан Республикасының кеден кодексiнде және өзге де заң
актiлерiнде көзделген басқа да талаптар орындалғанда;
- кедендiк ресiмдеу аяқталғанда:
- тауарлардың реимпорты- бұрын Қазақстан Республикасының кедендiк
аумағынан тауарлар экспортының кедендiк режимiне сәйкес әкетiлген тауарлар
Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 122-бабында көрсетiлген
мерзiдерде, тарифтiк емес шараларын қолданбай, тауарлардың қауiпсiздiгi
жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды
қоспағанда, кедендiк баждардан және салықтардан босатыла отырып, керi
әкелiнетiн кезедегi кедендiк режим.
Тауарлардың керi импортының кедендiк режимiне тауарларды орналастырудың
мынадай шарттары бар:
- Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлуi кезiнде
Қазақстандық тауарлардың мәртебесi болуы;
- әкету сәтiнен бастап үш жылдың iшiнде тауарлардың керi импортының
кедендiк режимiне мәлiмденуi;
- тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты
жағдайлары кезiнде табиғи тозудың немесе табиғи кемудiң салдарынан өзгерудi
қоспағанда, олар өзгерiссiз жағдайда болуы тиiс (8(.
Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсiпкерлiк
мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын,
техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшiн қажеттi басқа
да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн
қажеттi операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың
әкетiлген сәттегi құнымен салыстырғанда тауарлар құнының өсуiне әкелетiн
жағдайларды қоспағанда, тауарларды тауарлардың керi импортының кедендiк
режимiне орналастыруға кедергi келтiрмейдi. Бұл ретте әкетiлген күнгi құн
мен әкелiнген күнгi құнның ара-қатынасы тауарлардың кедендiк
декларациясында көрсетiлетiн статистикалық құнының негiзiнде айқындалады.
Тауарлар экспортының кедендiк режимiне сәйкес әкетiлген, тауарлардың керi
импортының кедендiк режимiне орналастырылатын тауарлар жағдайынын
тұрақтылығы, олардың әкетiлу фактiсi, әкетiлген күнi құжаттамамен расталуы
тиiс. Тауарлардың керi импортының кедендік режимiне тауарларды
орналастыруға кеден кодексiнiң 122- бабының 1-тармағының талаптары
сақталған кезде және, егер әкетiлген тауарлардың бөлiгi ғана әкелiнетiн
жағдайда жол берiледi.
Тауарлар транзитi - шетелдiк тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк
аумағы бойынша кедендiк бақылауымен олардың Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағына келген жерi мен олардың осы аумақтан әкетiлген жерiнiң
арасында тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық
бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтiк емес шараларды
қолданбастан, кедендiк баждарды және салықтарды төлеместен өткiзiлетiн және
Қазақстандық тауарлардың шет мемлекеттiң аумағы бойынша олардың Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына келген жерiнiң арасында, тауарлардың
қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы
шараларды қоспағанда, кедендiк баждарды төлеместен және тарифтiк емес
реттеу шараларын қолданбастан өткiзiлетiн кедендiк режим.
Кеден қоймасын ұйымдастыру - кеден қоймасы тауарлардың қауiпсiздiгi
жөнiндегi талаптарды қоспағанда, әкелiнген тауарларды кедендiк баждар,
салықтар алмай және тарифтiк емес шараларды қолданбай, кеден қоймасы
мәртебесi бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендiк бақылауда
сақтауда арналған кедендiк режим. Кеден қоймасының кедендiк режимiне,
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тауарларды
қоспағанда, кез-келген тауарлар орналастыруы мүмкiн. Басқа тауарларға зиян
келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлар
мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден
қоймаларына орналастырылуы тиiс. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың
мерзiмiн тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлға белгiлейдi, бiрақ
ол тауарлар кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастырылған күнiнен
бастап үш жылдан аспауы тиiс. Сақтау, тұтыну және сату үшiн шектеулi
жарамдылық мерзiмi бар тауарлар өзге кедендiк режимге мәлiмделуi және
аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiнгi күнтiзбелiк алпыс күннен
кешiктiрiлмей кеден қоймасынан алып кетiлуi тиiс. Кеден қоймасының кедендiк
режимi тауарларды өзге кедендiк режимге орналастырумен аяқталады. Кеден
қоймасының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар өзге кедендiк режимге
толық немесе iшiнара мәлiмделiне алады. Тауарлар өзге кедендiк режимге
орналастырылған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде кеден қоймасынан әкетiлуге
жатады (9(.
Бажсыз сауда дүкенi - тауарлардың кейiн Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан әкетiлуi жағдайында, тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi
талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендiк баждар, салықтар
алынбай және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатың режим.
Бажсыз сауда дүкенiң кедендiк режимiне Қазақстан Республикасына әкелiнуге
және Қазақстан Республикасынан әкетуге тиым салынған, Қазақстан
Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де тауарларды
қоспағанда, кез-келген тауар орналастыруы мүмкiн. Қазақстан Республикасының
аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз сауда дүкенiң кедендiк
режимiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар
сақталған жағдайда сатылады. Бажсыз сауда дүкеннiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз
ету үшiн пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкеннiң кедендiк режимiне
орналастыруға жатпайды.
Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу- тарифтiк емес реттеу шараларын
қолданбай және кедендiк баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу
өнiмдерiн кейiннен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс
жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында
шетелдiк тауарларды қайта өңдеу үшiн пайдалануға арналған кедендiк режим.
Осындай жағдайларда кедендiк аумақта тауарларды кедендiк қайта өңдеу
режимiне орналастырылған шетел тауарларын Қазақстандық тауарлармен
ауыстыруға жол берiледi.
Тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеу - қайта өңдеу өнiмдерiн
тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне кейiннен
орналастыра отырып, кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк емес
реттеу шаралары қолданылмай, кедендiк бақылаумен кедендiк аумақта шетел
тауарлары қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырайтвн кедендiк режим.
Еркiн айналыс үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимi еркiн айналыс
үшiн тауарларды шығарудың кедендiк режимiне қайта өңдеу өнiмдерiн
орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнiмдерiн еркiн айналыс үшiн шығару
кезiнде кедендiк баждар және салықтар қайта өңдеу өнiмдерiне қолданылатын
ставкаларды негiзге ала отырып есептеледi. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң құны мен
мөлшерi оларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне өтiнiш берген
күнге қарай белгiленедi.
Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу- экспорттық бақылау
шараларын қоспағанда, Қазақстандық тауарларды тарифтiк емес реттеу
шараларын қолданбай, кедендiк баждардан және салықтардан толық немесе
iшiнара босата отырып, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта
өңдеу өнiмдерiн өңдеу және оларды кейiннен әкелу мақсатында Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағынан тыс әкетуге және пайдалануға арналған
кедендiк режим. Осы жағдайларда тауарларды кедендiк аумақтан тыс кедендiк
қайта өңдеу режимiне орналастырылған Қазақстандық тауарлардың қайта өңдеу
өнiмдерiн шетелдiк тауарлармен ауыстыруға жол берiледi. Қайта өңдеу
өнiмдерi Қазақстан Республикасы кеден кодексiнiң 176-бабына сәйкес
белгiленген тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталу
күнiнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнуге
немес тауарлар экспортының кедендiк режимiне орналастырылуға тиiс. Кедендiк
ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi орган айқындайды.
Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеудiң кедендiк режимiн өзгертуге
тауарларды немесе қайта өңдеу өнiмдерiн кеден органына нақты табыс етпестен
дол берiледi.
Тауарлар мен көлiк құралдырын уақытша әкелу - шетелдiк тауарлар мен
көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында, тауарлар
қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу
шараларын қолданбастан, кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеуден
толық немесе iшiнара босатыла отырып пайдаланылатын, тауарлар мен көлiк
құралдары кейiнен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге
әкетiлетiн кездегi кедендiк режим.
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету - Қазақстандық тауарлар мен
көлiк құралдары кедендiк әкету баждарын төлеуден толық немесе iшiнара
босатыла отырып, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан, Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын кейiнен
әкеле отырып Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тыс жерлерде
пайдаланылатын режим (10(.
Тауарлар экспорты - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары
жерлерге осы аумақтан тыс жерлерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында
тауарлар әкетiлетiн кедендiк режим. Тауарлар экспорты:
- Кедендiк әкету баждары төленген;
- Тарифтiк емес шаралары сақталған;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар мен
жағдайлар орындалған жағдайда жүзеге асырылады;
Экспорт үшiн шығарылған тауарлар Қазақстан Ресупбликасының кедендiк
аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетiлуi тиiс. Бұл орайда олар тасымалдау
мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозу немесе табиғи кему
салдарынан болатын өзгерiстердi қоспағанда, кедендiк декларация қабылданған
күнгi қалпында болуы тиiс. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс
жерлерге экспорттау үшiн шығарылған тауарлар әкетiлмеген кезде тауарларды
өткiзушi тұлға жауапты болады.
Тауарлардың керi экспорты - бұрын Қазақстан Республикасының аумағына
әкелiнген тауарлар кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеместен
немесе төленген сомаларды қайтара отырып, экспорттық бақылау саласындағы
шараларды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан осы
аумақтан әкетiлетiң кедендiк режим. Тауарлардың керi экспорты (11(:
- Уақытша сақтау орындарындағы тауарлар белгiлi бiр кедендiк режимге
орналастырғанға дейiн әкетiлген;
- Бұрын еркiн айналыс үшiн тауар шығарудың кедендiк режимiнде
ресiмделген тауарлар кеден кодексiнiң 211-бабында көзделген жағдайларды
сақтай отырып әкетiлген;
- Бұрын кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң және еркiн айналыс
үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимдерiне орналастырылған, қайта
өңдеу жөнiндегi операцияларды болмаған шетелдiк тауарлар әкетiлген;
- Бұрын кеден қоймасының, еркiн қойманың, еркiн кеден аймағының кедендiк
режимдерiнде орналастырылған шетелдiк тауарлар әкетiлген жағдайда жүзеге
асырылады.
Керi экспортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi
мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. Акцизделетiн тауарлардың
керi экспорты кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеу не кедендiк
алып жүру қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылады. Кедендiк әкелу
баждарын және салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлуiн қайтару тауарлдардың
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге нақты
әкетiлуi расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Тауарларды жою- кедендiк баждарды және салықтарды төлеместен, сондай-ақ
тарифтiк емес реттеу шарларын қолданбастан шетелдiк тауарлар кедендiк
бақылаумен жойылатын, оның iшiнде пайдалану үшiн жарамсыз қалыпқа
келтiрiлетiн кедендiк режим. Тауарларды жою:
- Нәтижесiнде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық,
механикалықне өзге де ықпалету (өртеу, бұзу, көму және тағы басқа) жолымен
жою. Тауарды жою тәсiлi оларды мақсаты бойынша пайдалану үшiн қалпына
келтiру, бастапқы жай-күйiне келтiрумүмкiндiктерiн болдырмауды қамтамасыз
етуге тиiс;
- Мұндай бүлдiрулер тауарларды кейiннен қалпына келтiрудi және оларды
пайдалану мүмкiндiгiн болдырмау шартымен, тесiп тастауды, жарықтар салуды,
өзге де тәсiлдермен бүлдiрудi қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық
бүлдiру жолымен жүргiзiледi.
Сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн, технологиялық себептерге
байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкiн болмайтын
тауарларды жою тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды сақталу
орындарынан алудың және оларды одан әрi пайдаланудың мүмкiн еместiгi туралы
қорытындысы негiзiнде жүргiзiлген болып саналады. Тауарларды жою
нәтижесiнде пайда болған қалдықтар оларды одан әрi пайдалану мүмкiн болатын
жағдайда кедендiк бақылаудағы шетелдiк тауарлар ретiнде тиiстi кедендiк
режимге орналастырылуы тиiс. Жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды
кедендiк ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тауарларды жою тәртiбiн Қазақстан Респуликасының Үкiметi айқындайды.
Тауарларды жоюдың кедендiк режимi тауарларды iс жүзiнде жоюмен аяқталады.
Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту - тауарлардың қауiпсiздiгi
жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк тауарлар кедендiк баждарды,
салықтарды төлеместен және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан
мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлетiн кедендiк режим. Тауардан мемлекет
пайдасына бас тартудың кедендiк режимi кеден кодексiнде айқындалған
тәртiппен және жағдайларда кедендiк ресiмдеумен аяқталады, бұл ретте
кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн көрсетiлген кедендiк режимдi
өзгертуге жол берiлмейдi. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кедендiк
режимге орналастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу аяқталғаннанкейiн
мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 64-тарауына
сәйкес мемлекеттiк меншiкке айналады. Тауардан мемлекет пайдасына бас
тартудың кедендiк режимiне орналастырылған тауарларға қатысты кедендiк
баждардың және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету кедендiк баждардың және
тауарлар шығарылған соң өзiнiң қолдануын тоқтатады (12(.
Еркiн кеден аймағы - бұл тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардан
басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар,
салықтар алынбастан, тарифтiк емес шараларды қолданбастан шетелдiк және
Қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиiстi аумақтық
шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендiк режим. Еркiн кеден
аймағының кедендiк режимi:
- Тауарларды өзге кедендiк режимде кедендiк ресiмдеумен;
- Тауарлар мен қайта өңдеу жөнiндегi операциялар жасалған және алынған
тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткiзу үшiн
пайдаланылған жағдайда аяқталады.
Еркiн қойма- бұл тауарлар қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда,
шетелдiк және Қазақстандық тауарлар еркiн қойма ретiнде танылған тиiстi үй-
жайларда (орындарда) кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк
емес реттеу шараларын қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендiк
режим. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша:
- Лицензия қайтарып алынған;
- Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еркiн қойма иесiнiң
жазбаша өтiнiш беруiмен еркiн қойманың қызметi тоқтатылған;
- Еркiн қойма иесi болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған
немесе таратылған жағдайларда еркiн қойманы құруға берiлген лицензия өзiнiң
қолданылуын тоқтатады (13(.
Кедендiк бақылау зонасын нысандандыру барысында кеден шекарасы арқылы
өтетiн тауарлар мен көлiк құралдары өздерiнiң кедендiк режимiне байланысты
оларға қатаң түрде бақылау жүргiзiледi.
1.3 Кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi
Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәлiметтердiң
дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк
ресiмдеу кезiнде берiлген кедендiк декларацияны, құжаттарды және
мәлiметтердi тексередi. Кеден органдарына кедендiк ресiмдеу кезiнде
берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден
алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендiк статистиканың мәлiметтерiн
талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәлiметтердi өңдеу
арқылы, сондай-ақ Қазақстан Респубдикасының заңдарында тиым салынбаған
басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады (кесте 1).
Кесте 1 – Кедендік бақылаудың нысандары
№ Кедендiк бақылау нысандары
1 Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру
2 Ауызша пiкiр сұрау
3 Түсiндiрмелер алу
4 Кедендiк қадағалау
5 Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру
6 Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау
7 Жеке тексеру
8 Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не кеден кодексiнде және
Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда
оларға бiрдейлендiру белгiлерiн соғу
9 Тауарлар мен көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк
жүйесiн тексеру
10 Тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу
11 Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.
Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру.
Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органы кедендiк
декларациядағы ақпарттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде
барлық құжаттар мен мәлiметтердi сұратып алуға құқылы. Iрiктеп тексеру
негiзiнде кеден органдарының құжаттар мен мәлiметтердi тексеруiне жол
берiледi.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар
мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi жүргiзу, алдын ала операциялар
мен өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдар лауазымды адамдары
тұлғалардан ауызша пiкiр сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пiкiр
сұрау нәтижелерi жазбаша нысанда рәсiмделмейдi.
Түсiндiрмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының
декларанттарынан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-
жайлар туралы мәлiметтердi бiлетiн өзге де адамдардан кеден iсi саласындағы
қажеттi ақпаратты алуы (14(.
Түсiндiрме жазбаша нысанда рәсiмделедi. Адамды түсiндiрме алу үшiн
шақыру туралы хабарламаға тиiстi кеден органының басшысы қол қояды және
шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендiк қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк
бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдануын, олармен жүк
және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның iшiнде техникалық
құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру. Кеден органы лауазымды
адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде халықаралық пошта
жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың багажын қарау кедендiк бақылаудағы
тауарлардың сипаты, шығарылған жерi, жан-күйi, мөлшерi туралы, тауарларда,
көлiк құралдарында және олардың жүк тиелетiн бөлiктерiнде кедендiк
пломбалардың, мөрлердiң және басқа да қондырылған бiрдейлендiру
құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау үшiн жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру- егер мұндай тексеру көлiк
құралымен оның жүк тиелетiн бөлiктерiн ашумен және тауарлардың орамаларын
бұзумен байланысты болмаса, кедендiк бақылау мақсаттары үшiн тауарларды,
жеке тұлғалардың багажын, көлiк құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды,
кедендiк пломбалардың мөрлердiң және де өзге де тауарларды бiрдейлендiру
құралдарының бар- жоқтығын сырттай көзбен тексеру (15(.
Кедендiк бақылау аймағында тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру
декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де
адамдар және олардың өкiлдерi тексеру кезiнде қатысуға тiлек бiлдiретiн
жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн .
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру нәтижелерi бойынша кеден
органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудiң нәтижелерi кедендiк
мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгiленген нысан бойынша акт жасайды.
Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлар мен көлiк құралдарына
қатысты өкiлеттiктерi бар адамның талабы бойынша акт жасауға мiндеттi.
Кедендiк қарау жүргiзiлгекндiгi туралы актiнiң екiншi данасы тауарлар мен
көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға тапсырылады.
Кедендiк тексерiп қарау - кеден органдары лауазымды адамдарының
тауарлардың орамаларын немесе көлiк құралының жүк тиелетiн бөлiктерiн не
ыдыстарды, контейнерлердi және тауарлар бар немесе болуы мүмкiн өзге де
орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты iс
әрекетi.
Кедендiк тексерiп қарау тауарларды кедендiк мақсаттар үшiн
бiрдейлендiру, мәлiмделетiн мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау не Қазақстан
Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай
ақпаратты тексеру, сондай-ақ iрiктеп тексерудiң негiзiнде кедендiк бақылау
жүргiзу мақсатында жасалады.
Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 3-тармағында белгiленген
жағдайды қоспағанда, декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты
өкiлеттiктерi бар өзгеде тұлғалар және олардың өкiлдерi өздерiнiң бастамасы
бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау кезiнде
қатысуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар декларант немесе
өзге тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органы лауазымды адамдарының
талабы бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын тексерiп қарау кезiнде
қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi жәрдем мiндеттi.
Тасымалдаушы арнайы уәкiлеттiк берген өкiл болмаған жағдайда, көлiк құралын
басқаратын жеке тұлға осы мiндеттi атқарушы болып табылады.
Кеден органы декларант, тауарлар мен көлiк құралдары қатысты
өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi болмаған кезде,
мынадай жағдайларда (16(:
- аталған адамдар тауарлар мен көлiк құралдары тапсырылғаннан кейiн он
күн өткен соң келмеген жағдайда;
- ұлттық қауiпсiздiкке, адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға
Қазақстан Респуликасы халықтарының мәдени игiлiгiн сақтауға қауiп болған
жағдайда және кейiнге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;
- тауарларды халықаралық пошта жөнелтiмдерi мен жiберген кезде;
- тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк
аумағында кедендiк режимдi бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен
көлiк құралдарына кедендiк тексерiп қарау жүргiзуге құқылы.
Аталған жағдайларда тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп
қарау екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi және кеден iсi мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша кедендiк тексерiп қарау
актiсi ресiмделедi.
Егер кедендiк декларацияда көрсетiлген тауарлардың бiр бөлiгi бiр
атаудағы тауарлар ретiнде кедендiк тексерiп қарауға ұшыраған болса, онда
мұндай тексерiп қараудың нәтижелерi кедендiк декларацияда көрсетiлген
осындай барлық тауарларға қолданылады. Кедендiк тексерiп қараудың
нәтижелерi бойынша екi дана етiп акт жасалады (кесте 2).
Кесте 2 – Кедендiк тексерiп қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiде
қарастырылатын мәлiметтер
№ Кедеңдік тексерiп қарау жүргiзiлген актiнің мәлiметтері
1 кедендiк тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды
тұлғалары мен оны жүргiзу кезiнде қатысқан адамдар туралы мәлiметтер;
2 декларанттың, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi
бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендiк тексерiп қарау жүргiзудiң
себептерi;
3 кедендiк тексерiп қараудың нәтижелерi көрсетiледi.
Актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты
өкiлеттiктерi бар адамға не оның өкiлiне тапсырылады.
Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiндегi жеке тексерiп қарау
Қазақстан республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн не кедендiк
бақылау аймағындағы немесе халықаралвқ әуәжайдың транзит аймағындағы жеке
тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу обьектiлерi болып
табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр ойлауға жеткiлiктi негiздер
болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның
жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiледi (17(.
Жеке тексерiп қарау жүргiзуге байланысты рәсiмдеу және жеке тексерiп
қарауды рәсiмдеу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган
айқындайды.
Жеке тексерiп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы
жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке
тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмiн көрсетуге жеке тұлғаны мұндай
тексерiп қарауды жүргiзу кезiндегi құқықтарымен таныстыруға және жасырған
тауарларын өз еркiмен беру туралы ұсыныс жасауға мiндеттi.
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексерiп қарау жүргiзу кензiндегi
iс-әрекетi жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның:
- жеке тексерiп қарау жүргiзу басталғанға дейiн оны жүргiзу тәртiбiмен
және жеке тексерiп қарау жургiзу туралы шешiммен танысуға;
- қазақстан Республикасының заңдарын бұзу обьектiлерi болып табылатын
өзiнде жасырған тауарларын өз еркiмен беруге;
- жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамының жеке
тексерiп қарау жүргiзу туралы хаттамаға мiндеттi түрде енгiзе отырып,
мәлiмдеме жасауға;
- жеке тексерiп қарау жүргiзудiң нәтижелерiмен және iс жүргiзу
құжаттарымен танысуға;
- жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адмадарының iс
әрекетiне Қазақстан Республикасының кеден кодексiне сәйкес шағым жасауға,
- адвокаттың қызметтерiн пайдалануға құқығы бар.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлген жеке адамға жеке тексерiп
қараудың жүргiзiлгенi туралы хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып
қойғаны туралы актi берiледi.
Жеке тексерiп қарауды тексерiлiп қаралатын адаммен бiр жыныстағы кеден
органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екi куәгердiң қатысуымен
санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда
жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардыңенуiне және олардың тарапынан
жеке тексерiп қараудың жүргiзiлуiн қадағалау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге
тиiс. Тексерiп қаралатын адамның дене органдарын тексерiп зерртеудi маман-
дәрiгер қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып
жүргiзуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды
қоспағанда, маман-дәрiгердiң кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы
адамның жеке тексерiп жүргiзу туралы шешiмiн орындаудан жалтаруға құқығы
бар.
Жеке тексерiп қараудың жүргiзiлгендiгi туралы кеден iсi мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша хаттама жасалады.
Хаттамаға - жеке тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды
адамы, өзiне қатысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz