ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӘНЕ ҚОЛДАН ТЫНЫС АЛУ



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   


ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӘНЕ ҚОЛДАН ТЫНЫС АЛУ

Жоспар
1. Жараланғанда жөне сынғанда көрсетілетін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
2. Электр тогына түскен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
3. Күйікте және түрлі газдармен уланғанда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Адам жараланғанда дәрігерге дейінгі көмек керсетуші колын сабынмен жуып немесе саусақтарын йод тұнбасымен майлап кірісуі қажет. Дәрігердің нұсқауынсыз жараны тіпті жуған қолмен ұстауға, сумен немесе дәрімен жууға, үнтақ себуге болмайды. Өйткені, жараны зәрлеуі мүмкін. Жараны тек қана дәрігер тазартады. Жараны байлау үшін дәке алып, жараның бетіне таза шүберек салып және ол жерге йод тұнбасын құйып байлау керек. Қысқасы, жараға микробтардың түспеуін қадағалау қажет.
Жараның аузындағы қатқан қанды сүртпеген дұрыс. Өйткені қан қатты ағып кетуі мүмкін. Қанның ағуын тоқтату үшін ол жерді жоғары көтеріп, жараны дәкемен жауып тұрып саусақпен 4-5 минут басып тұру керек. Егер қанның ағуы тоқтаса үстіне мақта және тағы бір дәкемен қабаттап салып, таңып тастау керек. Егер қанның ағуы тоқтамаса, онда дәрігер шақырту қажет. Дәрігер келгенше қан ағып тұрған жерді қысу арқылы, ал егер сынған жерден қан ағып тұрса тамырды жоғарырақтан қысып тұру керек.
Егер қысып түрған жерден адам қолын босату қажет болса, онда жараның аузын жоғары қаратып, жұмсақ материал салып резеңке түтік, тартқыш сияқты созылмалы заттармен қысып тартып тастау кажет. Бірақ, оны 1,5-2 сағаттан артық қалдыруға болмайды, себебі қан жүрмеген жағының жаны кетіп қалуы мүмкін.
Көзге түскен затты сүртіп кетіруге болмайды. Оны таза жылы сумен, яки борлы қышкылдың ерітіндісімен жуу керек.
Сүйек сынғанда және шыққанда негізі міндет - оның өзіне ыңғайлы жағдайда қозғалмайтын етіп бекітуде. Шыққан қолды дәрігерлер салуы тиіс.
Бас жарақаттанғанда құлақ пен ауыздан қан ақса, бастың сүйегі сынды деп тұжырымдауға болады. Ол кезде басңа салқын суға батырып шүберек басу керек.
Егер жауырын сынған болса, онда астына абайлап тақтай қою керек, денесі майыспауын қадағалау қажет. Өйткені, ол миға әсер етуі мүмкін.
Жамбас сүйегі сынғанда арқасына жатқызып, аяғының тізесінен сәл бүгілетіндей етіп астына брезентпен орам жасап салу керек.
Қол шыққанда, яки сынғанда ағаштан құрсау байлайды. Ауырған жерге салқын су басады.
Қабырғасы сынғанда - адам демалғанда, жөтелгенде, қозғалғанда ауырады. Ондай кезде кеудені қаттырақ тартып байлап тастау керек.
Егер сынбай, яки шықпай, жай жарақаттанғандығы белгілі болса, онда сол жерге мұз немесе салқын суға батырылған шүберекті басу керек. Сосын жараланған жерді таңып тастайды.
Егер адамның терісі жарақаттанбаған болса, йод жағудың, салқын суға батырылған шүберек басудың, уқалаудың қажеті жоқ. Өйткені ол ауруын ұлғайтып ушықтыруы мүмкін.
Адамның басына бір зат түскенде немесе құлағанда миы қозғалуы мүмкін. Ол кезде адам есінен айырылады, тіпті демалуы үзіліп, көзінің қарашығы үлкейіп кетуі мүмкін. Ол адамның есін жиғаннан кейін де басы ауырып, құсқысы келеді. Ол кезде, адамды шалқасынан жатқызып ілгектерін, белдіктерін ағыту керек. Құсатындай болса бір қапталына жатқызады. Емханаға да оны жатқызып апару қажет.

2. Электр тогына түскен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
Токқа түскен адамды ең алдымен ажыратуға тырысу қажет. Ол үшін токты ажырату керек. Оған мүмкіндік болмаса құрғақ шүберекпен қолды қалың байлап адамды ажыратады. Тіпті токқа түскен адамның киімі құрғақ болса, оның денесіне тимей тұрған жерлерінен, мысалы, жағасынан, етегінен тартып ажыратады.
Егер адам электр сымының біреуін қолымен қысып қалған болса, оны сымнан ажыратудың орнына жерден ажыратқан дұрыс. Ол үшін астына құрғақ тақтай тығып немесе құрғақ арқанмен аяғынан тартып босатады. Сол кезде адам сымды өздігінен жібереді.
Кейде токты сымды балтамен шабу арқылы ажыратуға болады. Ол кезде балтаның сабы құрғақ болуы керек және сымды біртіндеп, шабу қажет. Сымды үзуге қысқыштар мен тістеуіктерді де пайдаланады. Егер олардың тұтқалары оқшауланбаған болса, онда оған жібек шүберек немесе полиэтилен қалталарын орауға болады.
Егер үзілген сым жерде жатса немесе жерге тұйықталған темірге тиіп жатса — оған жақындау қауіпті. Сондықтан ондай жерге тек қана ток өткізбейтін құрғақ кебістер киіп немесе құрғақ тақтай, таяқ пайдалану қажет. Таяқты да өзінің құрғақ киімімен ұстайды.
Егер токқа түскен адам есінен танып жатса, бірақ тынысы, тамырларының соғуы тоқтамаса, оның ілгектері мен белдігін ағытып мүсәтір спиртін иіскету қажет. Мүсәтір болмаған жағдайда аршылған жуаға сірке суын тамызып иіскетуге болады. Бетіне су бүркуге болады, бірақ басына салқын зат басуға болмайды.
Осыдан кейін адам өз қалпына келсе, оған 15-20 тамшы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым
Ядролық, химиялық, бактерологиялық қарудан кейінгі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек
Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейіңгі көмек
Буын шығуы және сынықтар
ҚӘУЗ түрлері
Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі
Жедел медициналық көмек
ЖҮРЕК ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯ КЕЗІНДЕГІ АЛГАШКЫ КОМЕК ВИРПЛАКТИКАСЫ
Алғашқы дәрігерлік көмек туралы
Сәтсіз жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек
Пәндер