Дін психологиясы пәнінің ерекшеліктері


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
«Археология-этнология және дінтану» кафедрасы
" Бекітемін"
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Тарих-педагогика факультетінің деканы
т. ғ. к., профессор К. Жетібаев
""2010ж.
“ ДІН ПСИХОЛОГИЯСЫ”
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(5В0206-Дінтану мамандығына арналған )
Оқу формасы күндізгі
Курс 2
Семестр 3
Барлық сағат (кредит) саны 135
Лекция 30
Семинар (практикалық) 15
ОБСӨЖ 45
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау - емтихан
Блоктар саны 2
Түркістан 2010
Оқу-әдістемелік кешенді құрастырған(дар) : А. Бейсенов
А. Бейсенов, ХҚТУ-нің Тарих-Философия факультеті, Дінтану мамандығы бойынша 2004 жылы бітірген. 2004-2006 жылдар аралығында магистратурасын аяқтады.
Кафедрадағы жұмыс уақыты : 9 00 - 17. 00 сағ.
СӨЖ қабылдау уақыты: Жұма, сағ. 17 00 - 18. 00, 5 ғимарат ауд. 208,
Оқу-әдістемелік кешенге түсініктеме: «Дін психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен екі бөлімнен тұрады: пәннің оқу бағдарламасы және пән бойынша лекция тезистері. Пәннің оқу бағдарламасында пән туралы пәннің пререквизиттері мен мәліметтер, пәннің қысқаша түсініктемесі, әдебиеттер тізімі, студенттердің білімін бағалау туралы ақпараттар бар. Осы пән бойынша лекция сабақтарының тезистері қамтылған.
Дінтану мамандығына арналған «Дін психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
. . . 2010ж. кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілуге ұсынылды. № хаттама.
14. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Лекция 1. Кіріспе
Лекция тақырыбы: дін психологиясы пәнінің ерекшеліктері
Лекция жоспары
1. Дін психологиясы пәні, обьектісі, зерттеу міндеттері
2. Дін психологиясының қысқаша тарихы және әдебиеттері
3. Дін психологиясы әлеуметтік психологияның бір бөлігі ретінде
Әдебиеттер:
- Артемьев А. И. Религиозная среда и личность. Алматы, 1994
- Борунков Ю. Ф. Структура религиозного сознания. М. 1974
- Букин В. Р. Психология веруищих и атеистициское воспитание. М., 1969
- Куценок Б. М. Эмоция и религии. Киев, 1982
1. Дін психологиясы пәні, обьектісі, зерттеу міндеттері
Дін психологиясы пәні психологиялық аспектілер мен діни құбылыстардың заңдылықтарын қарастырады. Яғни дін психологиясы діни құбылыстарды зерттейтін адам ғылымы. Жалпы тәрбиелік жағынан қарағанда діни психология адамның рухани өмірі мен әрекеті ішінде діни функцияларды қамтыған әрбір мәселені зерттеу тақырыбына айналдырады.
Дін психологиясының негізгі қарастыратын тақырыптары мыналар: діни тәрбие және қабілет, діни сенім және тәжірибе, дұға және ғибадаттар, тура жол, діннен қорқу немесе сенімсіздік және т. б. Дін психологиясының мақсаты адамның діни өмірін қарастырып, мүмкін болғанынша обьективтік ғылыми білім үйрету.
Дін психологиясы діни ғылымдар мен қоғамдық ғылымдардың бірігуінен пайда болғаны күдіксіз. Жалпы ғылымдарды психологиялық жағынан үшке бөліп қарастыруға болады: 1. жалпы психология; дін психологиясы жалпы психологияның бір бөлімі болғандықтан оның әдіс - тәсілдерін қолданып зерттеулерін жалғастырады. 2. дін ғылымдары; дін психологиясына жақын келген және адамның діни болмысын түрлі жақтардан қарастырған ғылымдардың түрі көп. Олардың негізгілері діндер тарихы, дін феноменологиясы, дін антропологиясы және т. б. 3. діни білімдер; діни құбылыстардың психологиялық жағынан қарастыру үшін діни сенімдерді жақыннан қарастыруды керек етеді. Сол себептен дін психологиясы тафсир, хадис, калам, ислам тарихы және т. б. сияқты ғылым салаларымен арақатынаста болады.
2. Дін психологиясының қысқаша тарихы және әдебиеттері
Дін психологиясының ислами әдебиеттерде кейде тасауф, кейде ахлақ, кейде философия және кәламның ішінде ілгеріде қарастырылғанымен, дін психологиясы деп өзінше жеке бір білім саласына айналуы оншама ескі емес. Қолдағы деректер бұл ғылым саласының батыста дүниеге келгенін айтады. Батыста “Дін психологиясы” атты алғашқы еңбек Америка психологы Е. Д. Старбурк тарапынан 1899 жылы жазылды. 1902 жылы В. Жеймс “Діни тәжірибенің түрлері” атты еңбегін шығарды. Бұдан кейін бұл салаға байланысты еңбектер мақалалар, кітаптар түрінде тарала бастады. 1900 жылы “Рухани өмір” атты еңбекті жазған Георг Альберт Джой, 1916 жылы “Дін психологиясы” атты еңбекті жазып шығарды. 1910 жылы Е. С. Амес “Діни өмірдің психологиясын” жариялады. Осындай еңбек 1911 жылы Георг Страитон тарапынан да жазылып шығарылды. 1920 жылы Жеймс В. Пратт “Діни сана” атты еңбек жазды. 1923 жылы Роберт. Х. Тоулесс “Дін психологиясына кіріспе”, 1929 жылы Е. Т. Кларк “Діни оянудың психологиясы” атты еңбектерді жариялады. Э. С. Конклиннің “Діни ұйымның психологиясы”, Н. N…… және Р. В. Виеменнің “Нормативтік дін психологиясы”, Г. В. Альнорттың 1950 жылы жазған “Адам және Дін” атты еңбектері соңғы кездерде жасалған басты еңбектер ретінде көрсетуге болады. Америкада жасалған бұл зерттеулердің кейбіреулері басқа тілдерге аударылып жатқанда Германия мен Францияда да кейбір еңбектер жазылып жатқан болатын. Францияда жасалған зерттеулер көбінесе философиялық және дінге біршама қарсы бағытта болатын. Мысалы “Д. Алемберт, Тургот, Комттың ойынша дін сыналмаған және ғылымға негізделмеген бір түсініктің жемісі” болып табылады. Германияда болса мейлінше бай бір дін психологиясы еңбектері дүниеге келді. “Шлейермейчер, В. Вундит дін психологиясы саласында маңызды зерттеулер жасады. Өздерінен кейінгілерге жол ашып берді. Вундит “Қауымдар психологиясы” атты үлкен еңбегінде дінді қауымдық психологияның бір бөлігі ретінде көрсетеді. Вундттан басқа Лазарус, Стендаль, Кулпе де бұл салада еңбек етті. Бұлардан басқа Гиргенсон, Манс Челер, Р. Отто, Фистер, Хардтың еңбектерін айтуға болады”. Бұл еңбектер жазылу барысында әр бір психолог өзінің дүниетанымына немесе өзі тиісті болған ұйымға негіздеп отырып жазған. Жалпы психологияда болғаны сияқты бұл жерде де кейбір метод келіспеушіліктерінің болуы заңды нәрсе. Алайда бос қарсылықтарды қойып әуелгі жасалған сынаулардың аясында әр бір методтың кемшілігін және пайдалы тарапын көру қажет. Мынау немесе анау метод дұрыс деп жақтаушы болудың орнына заманға лайық ең пайдалысын қолдану қажет.
3. Дін психологиясы әлеуметтік психологияның бір бөлігі ретінде.
Белгілі болғандай тура жол құбылысында бәрінен бұрын адамның өзінен айнып, өзгеруі, жанадан туылуы тілге тиек болады. Әсіресе бір дін адамды қалауы бойынша, өзгертіп, оны өзіне сәйкестендіруді қалайды. Алайда адам рухында тура жол құбылысының жүзеге асуы мейлінше қиын. Аллаһтан ұзақтаған немесе оны танымаған бір адамның ескі өмір салтын түгелдей тастап жаңа бір діни сенім және тұлғаға айналып саналы түрде Аллаһқа бет бұру мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Бұл адамның ескі өмірін түгелдей өзгертіп жаңа бір өмірге бастауы дегенді білдіреді. Айтып отырған тура жол құбылыс адам рухында жәймен қалыптасып ортаға шыққанындай, аяқ астынан туындап та өзін көрсетуі мүмкін.
Дін психологиясының басқа бір мәселесі діни қажеттілік, дін сезімі және мотивация болып табылады. Дін сезімнің дамуы жеткіншектерде және қарияларда қалай болатындығы зерттелген.
Сондай-ақ діни сезім, қасиеттер жайлы да зерттеуге болады. Дін психологиясы тасауф өмірді және діндардың Аллаһтың әмірлері алдындағы көмбістігінің белгісі болған әрекеттерді, әсіресе ғибадат өмірін де зерттеуі қажет. Бұл діни құбылыстарды сезім тұрғысынан, басқа әрекеттерге әсері тұрғысынан бір тұлғалық тұтастық ішінде қарастырып бағалауға болады. Бұл жерде қалыпты діни өмір жанында қалыпты емес діни құбылыстарды да зерттеп бір психопотологиялық дін психологиясы саласы ортаға шығады.
Дұрыс бір діни жағдайдың қалыптасуы үшін дін білімнің қаншалықты дәрежеде берілуі қажет? Дін білімінің жемісті болуы үшін қандай психологиялық негіздерге бас ұру қажет? Осы секілді сұрақтарға жауап беру де дін психологиясының міндеттеріне кіреді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Дiн психологиясы пәнi, объектiсi, зерттеу мiндеттерi
- Дiндi зерттеудiң философиялық, социологиялық, теологиялық және психологиялық деңгейлерi
- Дiн психологиясы әлеуметтiк психологияның бiр бөлiгi ретiнде.
- Дiн психологиясының жалпы теориясы
- Теологиялық пәндердегi нормативтiк тұрғы дiнтанудағы дескриптивтiк тұрғы арасындағы қайшылық.
Лекци -2. Дiн психологиясының әдiс тәсiлдерi
Лекция тақырыбы: дін психологиясы пәнінің ерекшелiктерiн қарастыру
Лекция жоспары
1. әдiстерi мен тәсiлдерi
2. Дін психологиясының бірі тура жол құбылыстары
3. Дін психологиясының басқа ғылымдармен байланасы
Әдебиеттер:
1. Платонов К. К. Психология религии М., 1967
2. Попова М. А. О психология религии М. 1969
3. Угринович Д. М. Психология религии. М., 1986
4. Юнг К. Психология и религия М., 1991
1. Психологиясының әдіс - тәсілдері.
- Сыртқы бақылау.
Дін психологиясы сыртқы бақылауды сырт қалдыра алмайды. Өйткені адамның әрекеттернің бағалануында объективті болу үшін сыртқы бақылауға мұқтаждық бар. Алғашқы кезде біз адамдардың сыртқы көрінісіне қарап баға береміз. Адамның ішкі дүниесіне терең үңілу үшін сыртқы бақылау жеткіліксіз болып табылады. Тек жүйелі және қалыпты бір сыртқы бақылау нәтижесінде адамның қасиеттері туралы кейбір мәліметтерге қол жеткіземіз. Бұған байланысты адам қасиеттерінің танылуына сыртқы бақылау толық әрі нақты бір мәлімет алуымызға жетпейді. Өйткені адамның әрекеттерін, қасиеттерін құрайтын құбылыстар сырттай көрініп тұрғандардан тұрмайды. Біз сыртқы бақылау арқылы діндар адамды, діни өмірдің сыртқы көріністері тұрғысынан зерттей аламыз. Бұлар ғибадат, дұға, ахлақи ұстанымдар, діни өнер туындылары, жест, мимикалар сияқты құбылыстар болуы мүмкін.
- Ішкі бақылау.
Адамның ішкі әлемінде болып жатқандарды өзінің саналы көзімен бақылауы, бағалауы және бұларды тілімен сыртқы дүниеге көрсетуі, басқалардың бағалауына беруі деп қорытындыласақ болады. Негізінде бақылау, көру, іздеу, оқиғаның түбірін, негізін іздеу үшін сезім органдарының мүмкіншіліктерін қолдану мағынасына келсе де, бұл жерде ішкі құбылыстарды бейне бір ішкі көзбен, құлықпен бақылап бағалау дегенге саяды. Бұл қалай сонда? Осылай ету мүмкін бе? Адам өз ішіндегі құбылыстарды тарапсыз бейнелеп беруі мүмкін бе? Осыған ұқсас сұрақтар ішкі бақылаудың сынға ұшырауына әкеп соқты. Алайда әрбір тәсілдің сынға түсетін жақтары болады. Сондықтан сынға ұшырады деп бағалы бір әдісті дұрыс емес деу қате. Сондай-ақ ішкі бақылаудың діни құбылыстарды зерттеуде жеке бір орны бар. Өйткені діни құбылысты айқындау үшін мотивациясын білу керек. Бұл да оңай шаруа емес.
Адамдар өз қасиеттері жайлы оңайлықпен мәлімет бермейді. Әсіресе діни мәселелерде қиындық арта түседі. Сондықтан ішкі бақылаудың дұрыс шығуы үшін ортаны дұрыс таңдау керек. Бұл тұрғыдан автобиографиялар, күнделіктер, репортаждар маңызды мәліметтер бере алады.
- Анкета әдісі.
Анкета мен репортажды бір әдіс деуден гөрі техника деушілер бар.
Өйткені бұлар адамның ішкі бақылауын ортаға қою түрлері болып табылады.
Анкетаны сұрақ парақшалары деп те айтуға болады. Анкетаның мақсаты белгілі бір тақырыптағы адамдардың, қоғам ойының не екендігін білу болып табылады. Алайда бұл әдістің өзін нақты мәлімет көзі деуден аулақ болу керектігін зерттеу барысында өте мұқият болу керектігі айтылған.
Анкета әдісі психологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бұл әдіспен жасалған ел ішіндегі және ел сыртындағы көптеген еңбектер бар. Бұл жағдай оның өте тиімді әрі әр салада мәлімет жинауға ыңғайлы екендігінен болуы мүмкін.
4-Тәжірибе әдісі.
Дін психологиясында тәжірибе әдісін қолдану жалпы психологиядан да қиын. Алайда дін психологиясында тәжірибе әдістері деп ішкі және сыртқы бақылауға негізделген әдістерді айтуға болады.
5- Генетикалық әдіс.
Діни құбылыстардың даму жолына қарап отырып зерттеу әдісіне генетикалық әдіс дейді.
6-Салыстыру әдісі.
Адамдардың өзгешеліктері тұрғысынан немесе мәдениеттердің өзгешеліктері тұрғысынан діни құбылыстарды салыстыра отырып зерттеу әдісіне салыстыру әдісі дейміз. Бұл жерде діндер тарихы және социологиядан пайдалану керек.
7- Статистикалық әдіс.
Бұл әдіспен діни құбылыстардың себеп-салдар қатынастары цифрларға сүйеніп зерттеледі.
2. Дін психологиясының бірі тура жол құбылыстары.
“Белгілі болғандай тура жол құбылысында бәрінен бұрын адамның өзінен айнып, өзгеруі, жанадан туылуы тілге тиек болады. Әсіресе бір дін адамды қалауы бойынша, өзгертіп, оны өзіне сәйкестендіруді қалайды. Алайда адам рухында тура жол құбылысының жүзеге асуы мейлінше қиын. Аллаһтан ұзақтаған немесе оны танымаған бір адамның ескі өмір салтын түгелдей тастап жаңа бір діни сенім және тұлғаға айналып саналы түрде Аллаһқа бет бұру мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Бұл адамның ескі өмірін түгелдей өзгертіп жаңа бір өмірге бастауы дегенді білдіреді. Айтып отырған тура жол құбылыс адам рухында жәймен қалыптасып ортаға шыққанындай, аяқ астынан туындап та өзін көрсетуі мүмкін.
Дін психологиясының басқа бір мәселесі діни қажеттілік, дін сезімі және мотивация болып табылады. Дін сезімнің дамуы жеткіншектерде және қарияларда қалай болатындығы зерттелген.
Сондай-ақ діни сезім, қасиеттер жайлы да зерттеуге болады. Дін психологиясы тасауф өмірді және діндардың Аллаһтың әмірлері алдындағы көмбістігінің белгісі болған әрекеттерді, әсіресе ғибадат өмірін де зерттеуі қажет. Бұл діни құбылыстарды сезім тұрғысынан, басқа әрекеттерге әсері тұрғысынан бір тұлғалық тұтастық ішінде қарастырып бағалауға болады. Бұл жерде қалыпты діни өмір жанында қалыпты емес діни құбылыстарды да зерттеп бір психопотологиялық дін психологиясы саласы ортаға шығады.
Дұрыс бір діни жағдайдың қалыптасуы үшін дін білімнің қаншалықты дәрежеде берілуі қажет? Дін білімінің жемісті болуы үшін қандай психологиялық негіздерге бас ұру қажет? Осы секілді сұрақтарға жауап беру де дін психологиясының міндеттеріне кіреді.
3. Дін психологиясының басқа ғылымдармен байланасы.
А- Психологиямен байланысы.
Психология адамның іс-қимылымен әрекеттерін зерттейтін білім саласы ретінде дінді де зерттеуге, яғни оны да есепке алуға мәжбүр. Осыған ұқсас мәжбүрліктер ғылымдар арасындағы байланысты, өзара көмекті қажет етеді. Психология, социология, антропология және әлеуметтік психология сияқты ғылым салалары, құбылыстар арасындағы байланыстарды ескере отырып адамды жан-жақты танытуға әрекет етеді. Бұл жерде дін психологиясы да бір зерттеу объектісі ретінде адамның діни өмірін алып отыр және психологияның тәсілдерін қолданып, құбылыстарға өзіне тән ұстаныммен баға береді.
Б- Дін психологиясы және басқа ғылымдар.
Діннің адам өміріне әсер еткеніндей, әлеуметтік өмірде де әсерлері болады. Бұл тұрғыдан дін психологиясы әлеуметтік бір ортада өмір сүрген адамның діни ұстанымдарын, әрекеттерін зерттегенде социология, әсіресе дін социологиясының зерттеулерінен пайдаланады. Діни өмірдің қадірін білу үшін өткеніне де қарау қажет. Бұл жерде бізге діндер тарихы көмекке келеді.
Құбылыстың негізіндегі сенім және саналы өмірін айқындау үшін философия, дін философиясы және кәлам сияқты ғылымдарға мұқтаждық бар.
Ахлақ (этика) болса адамның, қоғамның өміріндегі жүріп-тұру ережелерінің қандай болатындығын және мәдениетке беріктік қағидаларын ортаға қояды. Діни әрекетпен ахлақи кемелдену арасында тығыз байланыс бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Дiн психологиясының әдiс тәсiлдерi
2. әдiстерi мен тәсiлдерi
3. Қоғамдық практикадағы дiн психологиясының мәнi мен маңызы
4. Дiн психологиясының пайда болуы мен қалыптасу тарихы
5. Дiн психологиясының психологияның жеке бiр саласы ретiнде дүниеге келуi
6. Дiн психологиясындағы индивиттiк концепия
7. У. Джеймстiң прагматикалық концепциясы
Лекция Дін психологиясында тұқым қуалаушылық және қоршаған орта
Әдебиеттер:
1. Куценок Б. М. Эмоция и религии. Киев, 1982
- Букин В. Р. Психология веруищих и атеистициское воспитание. М., 1969
- Платонов К. К. Психология религии М., 1967
- Попова М. А. О психология религии М. 1969
5. Борунков Ю. Ф. Структура религиозного сознания. М. 1974
- Дін сезімі және дін санасы.
Психологиялық анықтама ретінде дін: “Адамның ғажайып бір құдірет алдындағы әлсіздігі, оған деген мұқтаждығы сенім, сезім, дұға және табыну сияқты әртүрлі құбылыстарының жиынтығы. ”
Сезім дегенімізде бір ескертуші немесе бір қажеттіліктің әсерімен организмде пайда болған жансыздық, қиыншылық сияқты жайсыз сезімдердің жанында көңілді демдететін қуаныш ынталану, бақыттылық сияқты жақсы сезімдер де бар. Сезімдер мотивке бейімделгіш потенциял күштер болып табылады. Көңілге жағымды сезімдер акцион, жақтайтындар болса реакционға бейім бір мотивті өз бойына тасиды. Ұнамды объектілерге жақындауға, ұнамсыздарынан қашуға бейімбіз.
Бұл жағдай организмнің өмір сүруіне әсер ететін бір механизмнің әсері болып табылады. Бұл механизмнің қызметінде зейіннің ролі екінші орында қалады. Тек оқыту, тәрбие арқылы, яғни саналы бір жолмен бұл механизмді бақылауға алу мүмкін. Сезімдер зейін өмірінен әлдеқайда ерте басталады және қажеттіліктерге, бейімделушілікке және ішкі сезімге сүйенеді.
Сананы болса; “Адамның өзімен және сыртқы дүниемен қатынасқа түсу қасиеті, ерекшелігі” деп айтуға болады.
Зеректік, пайымдылық, білімді болу, ішкі жан дүниені сезіну санаға қатысты қасиеттер. Сана тек қана білу құбылысы емес.
Әрі зейінмен әрі сезіммен өмір сүру бүтіні болып табылады. Саналы өмірде жарықтан қараңғылыққа қарай саты-саты бөлімдер бар. “Қараңғы бір там деп ойлайық. Оның іші әртүрлі заттармен толы болсын. Ортаға шам жақсақ жарық барған жердегі заттарды тани аламыз. Оның сыртында ала-құла жарық түсіп тұрған жердегі заттар бар. Олар шала-шұрпы көрінеді. Бұлардың арғы жағы толық қараңғылық. Ол жерде ештеңе көрінбейді. ”
Сезім және сана туралы осынша мәлімет бергеннен кейін дін сезімі және дін санасы тақырыптарына өтеміз.
Дін сезімі дін мәдениетіне қатысты болып тек қана адамға тән бір сезім синтездерінен бірі болып табылады.
Қалай әр түрлі әсерлерді сезіну адамда тумысынан бар нәрсе болса дін сезімі де адамда туылғаннан бітге келеді.
Сондай-ақ дін сияқты өнер, ғылым және ахлақ сияқты әсер және түсінік түрлерінің де негізгі ішкі сезімдерге сүйенеді.
“ Адамда табыну, сүю табиғи бір қасиет”
“Дін өз күшін адам санасынан тыс жерден алады. Дін техника сияқты адамның тек ақылын, өнер сияқты көңілін мазалаған бір сана емес. Дін адамның бүкіл болмысын жаулаған бір сезім. Қансыз өмірдің мүмкінсіздігі сияқты дінсіз де өмір сүру мүмкін емес. ”
Дін құбылысын зерттегенде сезімдерге үлкен мән берген Уильям Жеймс сезімді діндарлықтың негізі деп көрсетеді. Мысалы Аллаһтан қорқу, Аллаһқа құрмет, сүйіспеншілік адамға тән психологиялық жағдай. ”
2. Діни жетілу тұрғысынан отбасы факторы.
Сәби, туылғаннан кейбір ерекшеліктермен бірге дүниеге келеді. Алайда оның бұл ерекшеліктерінің орта әсерінен дамуы және өзгеруі негізгі мәселе болып табылады. Бұл жерде психологияның қатты көңіл бөліп, қайсы бірінің әсерлі екендігі туралы толассыз талас-тартыста болып отырған тұқым қуалаушылық және орта “факторы төңірегінде” біз арнайы айтысқа, тартысқа бармаймыз. Негізінде бұл талас-тартыстардың ортаға шығуына септігін тигізді. Айтқандай белгілі бір даму формуласы табылған және бұл формулада қайсы фактордың қаншалықты салмағы басым екендігі де көрсетілген. (Даму - Тұқым қуалаушылық -қоршаған орта-уақыт)
Хз. Пайғамбардың “Әр бір туылған бала Ислам дініне бейімделіп туылады. Кейін оны ата-анасы яһуди, христиан немесе мәжуси етеді” деген хадисі де әрі тұқым қуалаушылық әрі қоршаған орта факторына назар аудартуда. Бұл хадистегі арабша “фытрат” (жаратылыс, қасиет) сөзінің мағынасы төңірегінде көптеген келіспеушіліктер бар. Алайда біз хадистің екінші бөлігінің білдірген діни дамудағы ортаның рөлін қарастырамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz