Әбу – Насыр Әл - Фарабидің шәкірттері
Кіріспе
Зерттелу тақырыбының өзектілігі.
Әбу - Насыр Әл - Фарабидің ғылым жасау әдісіне, География туралы ғылымына, Әбу - Насыр Әл - Фараби және Птоломейдің Алмагесіне, Фараби және Европа ғылымына, Әбу - Насыр Әл - Фарабидің шәкірттеріне басты назар аударылды.
Қасиетті қазақ даласы, қазақ топырағы талай ғұламаларды дүниеге әкелген. Солардың бірі – дүниежүзілік білім мен мәдениеттің даму тарихында Аристотельден кейінгі екінші ғұлама атанған данышпан, ұлы ойшыл, энциклопедицт ғалым Әбу - Насыр Әл - Фараби. Әбу - Насыр жастайынан зеректігімен алғырлығымен ерекшеленіп, әуелі туған қаласы Отырарда, кейінен шығыстың алдыңғы қатарлы қалалары Бағдат, Мысыр қалаларында оқып, ғылыммен айналысқан.
Әбу - Насыр Әл - Фараби – ғылымды өз бетімен оқумен меңгеріп, үлкен табыстарға жеткен тұлға. Философия, әлеуметтану, этика, эстетика, математика, физика, астрономия, ботаника, логика, лингвистика, медицина мен музыка салаларында жүз мыңға жуық трактаттар жазып, ғылыми маңызды мұралар қалдырды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен ұлттық идеология негізінде тәрбиелеу мәселесі халыққа білім беру саласымен қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктеп, жауапкершілігін арттырып отыр. Біз, болашақ жас мамандар, педагогтар бүгінгі ұрпаққа ұлттық сана туралы жаңа тұрғыда ойлануға ықпал жасап, жастардың дүниеге деген көзқарасын жаңа дәуір талабына сай ойшылдар ойымен және ұлттық дүние таным, мәдениет танымдары арқылы қалыптастыруымыз қажет.
Фараби әлеміне барар бір ғана жол бар. Ол – оқу. Шығармаларын өз тілімізде сөйлету, зерттеу, талдау, саралау.
Менің бұл дипломдық жұмысты жазудағы басты мақсатым, қолда бар материалдарға, мағлұматтарға сүйене отырып ұлы ғалымның, ғылым мен өнердегі қолжетпес табыстарымен тастап кеткен мұраларын кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту болып отыр.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі.
Диплом жұмысының материалдары тарихшылырдың, географтардың және т.б. ғалымдырдың еңбектерінен Әл – Фарабидың туғанына 1130 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми – теориялық конференцияның материалдарынан, Қазақстан Ұлттық Энцеклопедиясынан алынды.
Бірнеше ғасырдан бері Әл – Фараби мұрасы әлемдік мәдениетке өз үлесін қосқан азаматтық мұрасын асыл қазынасы болып табылады. Осындай биік рухани мұра біздің қазақ халқының өткен мәдениет мен оның даму тарихында да Әл – Фараби мұрасы арқылы айқындалады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, (бірінші тарау 3 тараудан, екінші тарау 2 тараудан) тұрады және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда Әбу Насыр Әл - Фарабидің жаратылыстану ғылымдарына зерттеулер және ұлы ғалым Птоломейдің Алмагесіне кезең бойынша тарауларға бөліп қарастырдық.
Ал екінші тарауда Әл - Фараби және Европа ғылымына сонымен қатар ұлы ойшылдың шәкірттерін қарастырып, өз деңгейінде зерттелді.
І.Тарау. Әбу Насыр Әл- Фарабидің жаратылыстану ғылымдарына арналған зерттеулері.
Әбу – Насыр Әл – Фараби жаратылыстану ғылымына ерекше көңіл бөлді. Ол қандай да бір педогогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлде қайда бай және кең көлемді болып келеді деп жазды.
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылыми тарихы маңызды орын алады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандан ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кездегі өркені өскен сан саналы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі — Қазақстан топырағынан шыққан данышнан перзент Әбу – Насыр Әл - Фараби (870—950) болды.
Әбу – Насыр Әл – Фараби – дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстаз және Шығыстың Аристотельі - атанған данышпан, философ, энциклопедист – ғалым.
Толық есімі - Әбу Насыр Мұхамед ибн Мұхамед Узалағ ибн Тархан. Негізі – түрік. Әкесі қолбасшы. Әл – Фараби Түркістан өлкесіндегі Фараб жеріндегі туылған. Сол уақыттағы ғұламалар мен ойшылдардың салтына сәйкес ол кісі Әл – Фараби деп танылып кеткен.
Әл – Фарабидің өмірін екі кезеңге бөлсек болады. Бірінші – 50 жасқа дейінгі өмірі, екіншісі – кәміл адам болып, ақыл ойы даналықпен парасатқа толған кезеңі. Ол кісі жаңалыққа, білімге, көзге көрінбейтін ғайыпты зерттеп білуге құштар еді. Білім мен мәдениеттің ордасы болған Бағдатқа 30 жасар жігіттің білім іздеп кетуіне де негізгі себеп еді. Бұл жерде Әл – Фараби мантық, философия және өзге де ғылымдардың шыңына жеткен ұлы ұстаз даналардан 20 жылдай ғылым оқып үйренеді.
Фарабиді зерттеуде түрік ғалымдары да біраз жұмыстар жүргізуде. Олар 1950 жылы Фарабидің қайтыс болуының 1000 жылдығн атап өтті. Түркия оқымыстылары Фараби еңбектерінің едәуір бөлігінің арабша текстерін түріше, кейде ағылшынша аудармасымен қоса жариялады кейбір кітаптарына ғылыми – зерттеу жүргізді.
Фараби мұраларын түгел зерттеліп, болды деуге болмайды. Қайта, зерттелген сайын бұрын белгісіз көп мәселелер туындап келеді. Қазіргі кезде Фараби мұрасын жүйелі түрде зерттеу мәселесі Фарабитану ғылымының қажеттігін күн тәрбітібіне қойып отыр. Советтің көрнекті ғылым тарихшысы В.П.Зубов 1963 жылы шыққан Аристотель деген кітабында бұл тұрғыда былай дейді: Фарабидің орасан бай ғылыми мұрасы қазіргі кезге дейін мардымды түрде зерттелмей отыр. Аристотельдің логикасын тереңдету және грек ойшылының саяси идеяларын дамыту оның есімімен тығыз байланысты.
1968 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының жанынан құрылған Фарабитану тобы өткен мерзім ішінде бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және қазақ тілдерінде Фарабидің математикалық және философиялық трактарының екі жинағы әзірленіп баспаға берілді. Қазір бұл топ өзінің жұмысын бір-бірімен тығыз байланысты екі бағытта одан әрі жүргізуде. Ең алдымен Фарабидің физика - математика және басқа жаратылыстану ғылымдары туралы еңбектерін жинап, зерттеп, бастыру көзделді. Екінші бағыт Фарабидің философия, логика және басқа қоғамдық ғылымдар бойынша жазылған трактаттарын жинап, зерттеп жарыққа шығару.
Білімге құмар жас Отырар медресесін бітірген соң, ондағы аса бай кітапханада өз бетінше білімін одан әрі толықтырады. Барлық қол жазба қорын оқып бітіргеннен кейін сол кездегі аса ірі мәдениет орталығы Бағдад қаласына барады. Онда Аристотель, Евклид, Птоломей еңбектерін оқып үйренді. Әбу-Насыр Әл - Фараби ғылым мен өнердің барлық саласында еңбек еткен ғұлама. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған, сонымен қатар ол әр түрлі аспаптарда тамаша орындаушы, ақын болған. Ұлы ғұлама ұзақ уақыт шет елде жүрсе де өзінің туған жері Отырарды есінен шығармаған.
Әл - Фарабидің ғылым саласында жазған еңбегінің қолжазбасы Өзбекстан Республикасы Шығыстану институның қол жазба қорында сақталған. Оның Ғылымдардың шығуы, Ғылымдар тізбегі атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіріп, күн сағатын жасаған. Күн мен айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығарған. Ерте кезден қазақ елі Жетіқарақшы, Темірқазық Үркер жұлдыздар тобын түн сағаты ретінде пайдаланса, күндізгі уақытта күн сағаты арқылы айыратын болған.
Әл - Фарабидің Күн сағатында күн сәулесі сызық, ал жер шарын сфера ретінде алып, сол арқылы шеңберлік градусты өлшеп, сағат мезгілін дәл есептеп шығарған.
Әл - Фараби есімі дүние жүзіне мәдениеті мен ғылымы тарихынан берік орын алады. Фарабидің Кайр, Бейрут, Хайдарабад, Анкара, Берлин, Лондон қалаларында араб тілінде басылып шыққан қолжазба еңбектері Братислав мұражайында сақтаулы. Фарабидің еңбектерінің 7 томы аударылып басылып шықты.
Осы кезде баршамызға мәлім сан-салалы ғылым тарауларының әрқайсысының басып өткен жолы, ұзынды-қысқалы жасалу тарихы бар. Бұл тарихты білудің тек қана біздің ой-өрісімізді кеңейтіп, дүниетануда дұрыс көзқарас калыптастырып, жалпы мәдениетімзді арттыру кәдесіне жарап қана қоймай, қазір және болашақта жаңа ғылымдар жасауда үлкен қолқабыс тигізері сөзсіз. Сондықтан да ежелгі ғұламалар Ғылымның көзін білмей, өзін білмей-сің деп бекер айтпаған.
1.1. Фарабидің ғылым жасау әдісі.
Қай ғылымды алсақ та, сайып келгеде, оның түп көзі ұзаққа созылған халықтың практикасына, қоғамның мұқтаждығын өтеу жөніндегі күрес-әрекетіне тіреледі. Астрономия, математика, география сияқты аса көне ғылымдар тарихы осыны растайды.
Алайда ерте ме, кеш пе, дамудың белгілі бір жүйесінде күнделікті практика, бақылау, тәжірибе жүзінде жинақталған білім дағдыларды жинақтап, іріктеп, сұрыптап бір жүйеге келтіру қажеттігі туады да, мұны іс жүзінде жүзеге асыратын (кейде дұры, кейде теріс болса да) кемеңгер оқымыстылар тарихқа келеді. Бұлар ертедегі гректерден шыққан Пифагор, Аристотель Герадот, Евклид, Архимед, Птолемей т.б. Жаңа заманда шыққан Коперник, Галилей, Декарт, Ньютон, Лобачевский, Эйнштейн осы санаттағы оқымыстылар.
Ғылым жасау мәселелері орта ғасырлардағы шығыс кемеңгер ойшылдарын да толғандырған. Алайда ғылым мен мәдениет тек европа топырағында туып, өркендеді деген қате көзқарастағы ғылым тарихшылары кейінгі кезге дейін мәдениет тарихындағы бұл кезеңге менсініңкіремей, сыңаржақ қарап келді. Сондықтан да болар, ғылым жасау саласындағы орасан зор маңызы болған шығыс ғалымдарының жаңалықтары орынсыз ұмытылып, төмендетіліп келді.
Міне, осындай тиісті бағасын ала алмай келгендердің ішінде Әбу – Насыр Әл - Фараби де бар.
Фарабиден қалған аса кесек туынды Музыканың ұлы кітабын зерттеу, талдау барысында біз Фарабидің теориялық ғылым жасау жөніндегі үлкен сындарлы ілім жасағандығының куәсі болдық.
Бұл туралы Фараби кітабының алғы сөзінде былай бастайды Қандай ғылым болсын, оның теориясына жетік болу үшін үш түрлі шарт керек: ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу керек; сол принциптерден осы ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, салдарларды шығара білу керек, осы ғылым жайлы бұрын - соңды айтылған пікірлерді талдап, түзете білу керек.
Осы шарттар негізінде және гректердің, әсіресе Аристотельдің ғылми мұраларын сын елегінен өткізіп, өзіне дейінгі философия мен бүкіл жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, Фараби музыка теориясын қайта жасап шыққан. Айта кетерлік нәрсе, музыка негіздері ол тұста физика - математика ғылымдары қатарына қосылатын. Фараби көбінесе музыка ғылымы жайлы айтқанмен, оның көптеген идеялары басқа теооиялық ғылымдарға да тікелей қатысы бар Мұның өзі де кітаптің әр жерінде ескертіп отырады.
Фараби өзінің әдісін, ең әуелі музыка ғылымының алғашқы принциптерін, негіздерін ашуға жұмсайды. Оның пікірі бойынша бұл негіздер үш топқа бөлнеді. Олар: халықтық ұзаққа созылған музыкалық практикасының, дәстүрінің кеткен принциптері; миына, сана – сезіміне о бастан сіңіп кеткен принцптер; басқа ғылымдардан (әсіресе физика-математика, т.б.) ауысатын принциптер; тікелей тәжірибеден алатын принциптер.
Бұл туралы ұлы ұстаздың өз сөзімен айтсақ; ...кейбір негіздері біздің инстинктке жататын, кейбіреулері басқа ғылымдарда түсіндірілетін, үшіншілері біз бұдан бұрын түсіндіріп кеткен тәсіл мен тәжірибеден шығатын өнер мен ғылымның түрлері бар Мұнда ол Аристотельдің Екінші аналитика атты еңбегінде тұжырымдалған қағидаларға сүйене отырып, индукция әдісін қолданады. Ол жалпы тану, білу әрекетінде тікелей түйсікке, тәжірибеге үлкен мән береді. Ол бұл туралы былай дейді: Алайда музыка теориясының негізгі принциптерін тек түйсік, тәжірибе арқылы білуге болады. Екінші жағынан, табиғи гармониялық мәндерді сезіну тәжірибеге сайма-сай болмайды; керісінше, жасанды жолмен шығарылған музыкалық мәндерді сезіну бізге тиянақты, толық кемел тәжірибе алуға мүмкіндік береді... Қайда болса да, тәжірибе жүзеге асырылғаннан кейін ол мүмкіндік болады, сондықтан бұдан практикалық музыка тәжірибесі ой қорытындысына сүйенетін теориялық музыка тәжірибесінен міндетті түрде анағұрлым бұрын пайда болады деген қорытынды шығады.
Фарабидің әдісі бойынша ғылми теорияны жасаудағы екінші кезең тағайындалған принциптерден дұрыс қорытындылар, салдарлар шығара білу, екінші сөзбен айтқанда жасалған фундаментке сай теорияның зәулім сарайын құрастыру. Мұнда ол дедукция әдісін қолданады, логикалық және математикалық қатаң әдістірге сүйенеді. Фараби былай дейді: Біз индуктивтік әдіспен барлап баратын нәрселер басқа емес, болмстың принциптері болып табылады, олардан принциптерге көшу ол салдарлардан түп негізге көшу болып шығады, міне, нақ осыны кейбір логиктер индуктивтік жол деп атап жүр. Ал түп негізден салдарға көшуді олар дедуктивтік жол дейді.
Мұндай көшулер қалай және қанша түрде болатынын айтатын жер бұл еңбек емес. Кейбір. нәрселердің алғашқы принциптері, яғни бастапқы элементтері мәлімсіз болған кезде біз индукция әдісін қолданамыз; сонан соң бұл принциптерді анықтап алғаннан кейін олардан бірсыпыра қорытынды жасаймыз, яғни дедукция әдісі арқылы салдарлар шығарамыз.
Фарабиге дейінгі ғылым пайғамбарлары (Аристотельдің өзін қоса) теорияны эксперимент, тәжірибе арқылы тексеру, жөндеу мәселесін шешпек түгіл мардымды түрде айтқан да емес.
Фараби музыка теориясының мазмұнын баяндауда анализ және синтез әдістерін ұштастырып шебер пайдаланады. Музыка ғылымына керекті барлық мағдұматтарды келтіргеннен кейін ол: Біз осы уақытқа дейін анализ әдісін пайдаландық. Музыка өнерін өз мәнінде ұғыну үшін синтез әдісін де пайдаланбақшымыз. Анализ бойынша біз элементтерді өзімізге белгілі мәлім ретпен орналастырамыз, ал, синтез оларды шын мәнінде болу ретімен орналастырады.
Фараби ғылыми шындыққа келгенде ешбір үлкен беделге бас имеуі де ғылми этикадағы үлкен жаңалық. Тіпті Фарабиден көп кейін өмір сүрген орта ғасырлар мен жаңа заман ғалымдарының өзі мұндай ғылми қайсарлық жасай алмаған. Европада жаңа ғылым күні өткен кертартпа пәленше айтыпты деген қате пікірлерді мансұқ етіп, теріске шығару барысында пайда болды. Фарабиді бұл тұрғыдан да ескінің көзінен гөрі жаңаның басшысы деуіміз жөн.
Фарабидің әдісіне ұқсас ғылми зерттеу әдісі кейін Европада ұлы итальян ойшысы Леонардо да Винчи мен жаңа физиканы жасаушылардың бірі Галилео Галилейде (1564—1642) кездеседі. Мәселен, Галилейдің динамика заңдарын ашудағы қолданған ғылми әдісінің, қысқаша мәнісі мынау: ең әуелі, бақылау мен тәжірибелерге сүйене отырып, белгілібір гипотезалар, қағидалар белгілене-ді, сонан соң осылар негізінде математикалық және логикалық салдарлар, заңдылықтар тағайындалады; ең ақырында табылған фактілер эксперименттер жасау жолымен тексеріледі.
Бұл жерде Европа оқымыстылары белгілі түрде Фаиабидің идеяларын пайдаланды ма деген заңды сұрақ туады, Мәселенің зерттелуінің қазіргі жағдайда бұл сауалға тікелей жауап айту қиын. Дегенімен мұндай сабақтастық бар деп айтуға әбден негіз бар. Өйткені ХІІ-ХІІІ ғасырлардың өзінде-ақ Фарабидің көп еңбегі латын және ескі еврей тілдеріне аударылып, Фарабидің есімі Алфарабиус деген лақаппен Европпада ғылыми жұртшылыққа кеңінен мәлім болған. Атақты Роджер Бэкон мен оның ұстазы Гроссетест де ғылыми білімнің тәжірибелік эксперименттік негіздері жайлы Фарабидің қағидасын сөзбе – сөз дерлік қайталады.
Ал Леонардо да Винчи Фарабидің геометриялық трактаттарында қарастырылған көптеген салу есептерін қайтадын қарастыруы да тегін емес сияқты.
Қалай болғанда да Фарабидің ғылым жасау әдісі орта ғасырлардағы ең үлкен ғылыми табыстардың қатарына жатады. Бұл факт Фарабидің кемеңгерінің, ойшыл-білімпаздығының тағы бір соны қырын танытады.
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден бар. Мұндай әрекеттер бір жағынан, ғылымдағы бар жоқты айқын сезіп, оны кемелдендіруге, дамытып, толықтыруға итермелесе, екінші жағынан, ғылымның өзін түсінуді, түсіндіруді жеңілдетіп отырған. Міне, осылай білімдердің белгілі бір жүйемен баяндалған жиынтығы – энциклопедиялар жасау дәстүрі пайда болған. Мұның ертеректегі мысалы ретінде Аристотельдің осы саладағы еңбетерін атауға болады. Орта ғасырлар заманында да әр түрлі үлгіде жазылған көптеген энциклопедиялар дүниеге келген.
Бабамыз Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі Ғылымдар энциклопедиясы деп аталатын трактатын жазған. Фарабидің бұл еңбегінің ғылым тарихындағы алатын орны ерекше үлкен. Бұл трактат Ғылымдар энциклопедиясы, Ғылымдар реті, Ғылымдар классификациясы т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде – ақ мәлім болып, онда көп ғұламалар тәлім алды.
Қазақ ССР Ғылым академиясының Философия және право институты жанынан құрылған Фарабитану тобы Фарабидің Энциклопедиясын арабша нұсқасынаң тұңғыш рет орыс және қазақ тіліне аударды, Фараби трактатқа жазған кіріспесінде бұл еңбекті жазудағы мақсаты жөнінен былай дейді: Бұл кітапта біз белгілі ғылымдардың әрқайсысын дара-дара саралап, мазмұнын толық баяндауды көздедік; сонымен қатар ол ғылымдардың бөліктері болса, оларды да атап, мазмұнын келтірмекшіміз.
Бұл кітап мынадай бес тараудан тұрады:
1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статика, айла-әрекет жөнінде ғылым (механика); 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және қалам. Бұл кітапта қамтылған нәрселердің бар-лығы да пайдалы деп білеміз, өйткені егер кімде-кім осы ғылымдардың кейбіреуін терең зерттеп үйренбекші болса, ол құрғақ жоба, соқыр сезіммен емес, білікті және саналы турде алдын ала нені, не үшін үйренбекші екендігін, одан қандай пайда, абырой, атақ алатынын біліп отырады.
Фарабидің Ғылымдар энциклопедйясының мазмұнын қысқаша айта кетейік. Бұл Фарабидің ғылымдар жөніндегі өз жетістікіерін түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар бұл сол замандағы ғылым деңгейін бағалауға үлкен мүмкіндік береді.
1.2. Әбу – Насыр Әл – Фарабидің география және астрономия ғылымдарына арналған еңбектері.
Ұлы ұстаздың осы кезге дейінгі зерттелінбеген немесе жете зерттелінбей жүрген еңбектері көп. Солардың бірі Жұлдыз бойынша болжаулардың қайсысы теріс деп аталатын әйгілі трактаты. Бұл еңбекті өткен ғасырдың аяғында неміс арабисі Диетеричи неміс тіліне аударғанмен ол әлі күнге дейін ғылми түрде жан-жақты талданбай, байыпты зерттелмей, ғылым тарихынан өз бағасын ала алмай келді.
Біз бұл олқылықтың аз да болса орнын толтыру мақсатымен Фарабидің осы трактатын қайта қарап, қазіргі күнгі ғылым тұрғысынан талдап шығуға тиісті болдық. Ол үшін ең әуелі еңбекті араб тілінен орыс және қазақ тілдеріне аудардық. Аударма Каирда 1907 жылы. жарық көрген Әбунасыр Фарабидің шығармалар жинағы деп аталатын кітаптағы нұсқа бойынша жасалды.
Фараби көп еңбектері сияқты бұл трактатын да өзімен замандас ғалымдардың қолқасы бойынша солардың астрономия ғылымының негізі жөніндегі шеше алмай қойған мәселелеріне жауап ретінде жазған. Данышпан ғалымының түпкі мақсаты сол тұстағы философия, логика, жаратылыстану ғылымдары жетістіктері негізінде аспан жөніндегі ғылымда не дұрыс, не теріс екенін ажыратып беруді көздеген. Бұл Фарабиге дейін ешкім толық шеше алмаған, талайдың басын қатырған қиын да маңызды ғылми — философиялық ірі проблема болатын. Фараби осы проблеманы шешу үшін ол сол кездегі ғылым мен философиядағы көкейтесті көп мәселелер туралы пікір айтуға тиіс болады. Олардың әрқайсысының ғылым үшін маңызы үлкен.
Трактат ғылым мен өнерді құндылығына қарай қалай бөлінетінін баяндаудан басталады. Фараби былай дейді: Ғылым мен өнердің қадір-қасиеттері мынандай үш қасиеттің бірімен сипатталады: пәнінің қасиеттілігі немесе дәлелінін, тереңдігі, яки болашақта немесе қазір келтіретін нақты пайдасының мәнділігі.
Басқа ғылымдарға қарағанда үлкен пайдалылығы арқылы зор тұтылатын ғылымдар қатарына ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа зәру болып келе жатқан заң ғылымы мен қолөнер жатады. Басқа ғылымдарға қарағанда дәлелінің, тереңдігі арқылы зор тұтылатын ғылымдарға геометрия тәріздес ғылымдар жатады. Басқа ғылымдарға қарағанда пәнінің қасиеттілігі арқылы зор тұтылатын ғылымдарға аспан (жұлдыз) жөніндегі ғылым жатады.
Адам,— дейді Фараби,— кейде бір ғылымды оның шын жағдайынан гөрі толығырақ, жақсырақ, анығырақ, дұрысырақ деп қарауға бейім тұрады. Бұл оның ой-өрісі дамуының жетімсіздігінен немесе ғылым шындығына жетуге мүмкіндік бермейтін ғылымға деген табиғи қабілетсіздігінен болады немесе бұл өзінің көзқарасына сын көзімен қарай білетін дәрежеге жетпеушіліктен немесе бұл ғылымды ұстап отырғандардың лауазымының, жоғарылығынан, немесе бұл ғылыммен айналысушылардың көптігінен болады, немесе ол адамның ғылымды және ол дұрыс болған күнде игілігін жеке бас мүддесіне жаратуға икем тұратындығынан, немесе осы айтылған себептердің көпшілігінің салдарынан болады.
Мұндай көзқарас кісіні жалпы емес нәрсені жалпы, дұрыс айтылмаған ой қорытындысын дұрыс логикалық қорытынды, дәлел емес нәрсені дәлел деп қарауға әкеліп соғады.
Фарабидің бұл қағидасының мүлтіксіз дұрыс екенін философия мен ғылымның дамуының тарихи жолы айқын сипаттап отыр. Европада жаңа ғылым мен ойдың жаршысы болған атақты философ Роджер Бэкон Фарабиден кейін 300 жыл өткен соң бұл қағиданы қайтадан жариялайды. Ғылым мен өнердің дұрыс, жалғандығын ажыратуда Фараби айтқан осы қағида қазір де құнын жойған жоқ деп кесіп айтуға болады. Жалған ғылымдардың пайда болып, өмір сүруінің екінші бір көзі логика заңдарын бұрмалап қолданудан болады деп көрсетеді ол. Осыдан кейін Фараби дүниедегі заттар мен құбылыстардың қайсысын ғылми түрде толық зерттеп, танып білуге болады, қайсысын білуге болмайды деген жалпы мәселеге тоқталады. Оның пікірінше, себебін білуге болатын белгісіз қүбылыстар және себебін ешбір жолмен толық біліп болмайтын кездейсоқ құбылыстар бар.
Құбылыстар мен олардың. әлемдегі қалпы екі түрлі болады,— дейді Фараби.— Әуелгісіне от пен Күнге жақын келген дененің температурасының көтерілуі сияқты құбылыстар мен фактілер жатады. Ал енді құбылыстардың басқа тегі күн шыға немесе күн бата кісінің өлуі немесе тууы тәріздес болып келеді. Себебі, әрбір мәләм құбылыс білінуге меңгерілуге, танылуға тиісті. Ал кездейсоқ құбылыстарды жан-жақты түпкілікті білінуге болатын, анықтайтын, белгілейтін, зерттейтін жол жоқ.
Алайда, Фараби кездейсоқ құбылыстардың барлығын мансұқ етпейді, олардың ішінде зерттеп білуге болатын тобын ажыратып береді. Ол кездейсоқ құбылыстар Аристотельдің ілімін дамытып жаңа сатыға көтереді.
Табиғи құбылыстары мен әр түрл әсерлер жөнінде жұрт олардың бәрі отта кұю, суда ылғалдану, аязда суу сияқты ақиқат мүмкін нәрселер дап қарайды. Шынында бұлай емес, себебі әсер екі сәттің көп келуінен пайда болады; олардың біреуі - әсер етуге дайын тұрушылық, екіншісі - әсерді қабылдауға дайын тұрушылық. Бұл екі сәт дөп келмей тұрып ешқандай әсер де, ықпал да байқалмайды. Мысалы, от күйдіре алады, бірақ күйетін нәрсе болмаса күю болмайды. Басқа осыған құбылыстар үшін де жағдай осылай.
Әсер етуге және әсерді қабылдауға тиісті сәттер мүмкіндігінше қабаттасып толығырақ дәлме-дәл келсе әсер де солғурлым толығырақ болады. Егер әсерді қабылдаушы тарапынан ешбір кедергі келмесе, он да табиғи әсер мен ықпал ақиқат мүмкін болар еді,— дейді Фараби.
Фараби көпшілік жағдайда мүмкін болатын құбылыстарды зерттеп білуге, алдын ала болжауға, заңдылығын ашуға әбден болады деп көрсетеді. Ол былай дейді: Тәжірибе көпшілік кездейсоқ құбылыстарды зерттеп білуге ғана пайдалы, ал ықтималдығы аз және ықтималдығы бірдей құбылыстар үшін тәжірибеден келер пайда жоқ. Бұл айтқандарымыз талқылау, алдын ала шара қолдану, дайындық жасау туралы да дұрыс, бұлар да тек көпшілік кездейсоқ құбылыстарды білуге пайдалы. Ал енді мүмкіи емес және ақиқат мүмкін құбылыстар үшін талқылау, дайындық шаралары, тәжірибенің, керегі де жоқ.
Фараби жоғарыда айтылған және басқа да ғылыми – логикалық қисындарға берік сүйене отырып, қазіргі тілмен айтқанда астрономия ғылымы мен жалған ғылым астрологияның пәндерін зерттеу объектілерін бөліп береді. Бұған дейін екеуі бір-бірінен ажыратылмай жұлдыз немесе аспан жөніндегі ғылым аталып келген болатын. Фарабидің қорытындысы бойынша жұртты шатастырып жүрген негізгі себептердің бірі олардың бір есіммен аталуы, әрқайсысы бөлек-бөлек қарастырылмауы болып отыр. Ортақ есім — дейді ғалым,— улкен шатасудың себебі болатын сияқты. Кейде бір нәрсеге тек баска бір нәрсемен ортақ есімі болғаны үшін-ақ оған қатысы жоқ бірдемені жапсырады. Бұл айтқанымызды жұлдыздар жөніндегі ғылым ережелері дәлелдейді. Мәселен, астрономия ережелері -— арифметика, шамалар жайлы Ілім (геометрия) тәріздес анық ақиқат заңдылықтарды, сондай-ақ әр түрлі жағдайдағы нәрселердің өз ара іштей әсерлесуін білдіретін көпшілік жағдайда мүмкін құбылыстар туралы ережелерді және біздің ойымызша, қабылдауымызша, жоруымызша алына салған болжауларды да біріктіреді. Шынында бұл үшеуінің, табиғаты әр түрлі, олар тек ортақ есіммен ғана біріктірілген.
Егер біреу аспан денелерінің орнын, ара қашықтығын білемім десе, ол жұлдыз (аспан) ғылымы бойынша біліп отыр, бұл ақиқат заңдылықтар қатарына жатады.
Енді біреулер жұлдыздардың бірі бір жерге қарама-қарсы келгенде әсерді қабылдаушының кедергісі болмаса қыздырады десе, ол да жұлдыз ғылымы бойынша біліп отыр, бұл көбінесе құбылыстар санатына жатады.
Ал енді біреулер бір жұлдыз екінші бір жұлдызға жақын келгенде жер ретінде біреу байиды екен немесе басқа бір оқиға болады екен десе, ол да жұлдыз ғылымы ережелері бойынша біліп отырмын деп ойлайды. Бұл шынында, күдікті, жорамал қорытынды болып табылады. Мұның табиғаты басқа екеуінің табиғатына қарама-қарсы, олардың бірлігі тек ортақ есімінде ғана. Сөйтіп көпшілік адамдар үшін жұлдыз арқылы болжаушылардың әсіре-кеттері күңгірт, шатақ, өйткені олар ережелерді толық білмейді, әрі көріпкел әулие де емес, шын ғылымдарды, яғни қажетті, дәлелді ғылымдарды меңгермеген.
Сонымен бұл еңбегінде Фараби ғылым тарихында тұңғыш болып астрологияны астрономиядан бөліп, оның жалған ғылым екенін дәлелдейді. Бұған керісінше, ол астрономия ғылымының пәнін жоғары көтеріп, оған жаратылыстану ғылымдары төрінен орын береді. Фарабидің қорытындысы бойынша астрономия екі топ мәселелермен айналысуы керек. Бірінші, арифметика, геометрия сияқты ақиқат бұлжымас, дәл заңдылықтар, екінші, аспан шырақтары мен Жердегі құбылыстар арасындағы көпшілік жағдайда мүмкін байланыстардың заңдылықтары. Астрономия тәжірибе мен бақылауға, математикалық есептеу мен логикалық қорытындыларға негізделген ғылым. Бұған керісінше, Фараби астрологтардың, яғни жұлдыз бойынша жору-шылардың іс-әрекеттері ешбір ғылымға жанаспайтын ойдан шығарылған құрғақ болжаулар екенін ғылми-логикалық тұрғыдан негіздеп, жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерінен алынған мысалдар арқылы сипаттайды.
Дүниеде себептері өте алыс болғандықтан білінуі мүмкін болмайтын құбылыстар бар. Сондықтан оларды кездейсоқ құбылыстар деп атайды да, белгісіз қатарына жатқызады. Мысалы, Күн көзі дымқыл жер үстінде тұрғанда бу қатты шығады, ауа қоюланып, бұлт түзіледі, жаңбыр жауады, өлі организмдер шіриді, жер тыңаяды, мұны адамдар пайдаланады. Бірақ жоғарыда айтылған ғылми жолмен емес, жақсы немесе жаман ырым, болжам жасау немесе денемен құбылыстар арасындағы байланысты табу сияқты жолмен қашан, қай, жерде баюшылықты алдын-ала білемін деушілік — ақылдан бүтіндей алжасушылық болады.
Осыдан кейін ол айқын да нақты мысалдар келтіре отырып, астрологтардың жалған дәлелдері мен аргументтерінің быт-шытын шығарды. Бұл тұрғыда ғалымның келтірілген кейбір қисын-дәлелдері мынадай: Табиғаттың аса бір құбылыстарының бірі — Күнді Айдың тасалап, адам көзіне оның сәулесін түсірмей қоюы. Бұл құбылыс тұтылу деп аталады. Жұлдызшылардық (астрологтардың) айтуынша осы кезде жердегі бір патша өледі-міс. Егер бұл ереже сөзсіз дұрыс болса, онда Күннің сәулесін бұлт көлегейлеп адам көзше немесе басқа бір денеге түсірмей қойса, онда міндетті түрде бір патша өлер еді немесе басқа бір оқиға болар еді... Бұлай болмайтыны ақылдылар түгіл ақылсыздарға да айқын емес пе?
Егер түсі Марс сияқты қанға ұқсас барлық аспан шырақтары кісі өлімінің немесе басқа бір қан төгістің белгісі болса, онда Жер бетіндегі әрбір қызыл дене де осындай белгі бермес пе еді, өйткені олар бір-біріне жақын болғандықтан әсері қайта күштірек болу керек қой.
Егер қозғалысы жылдам немесе баяу әрбір аспан шырағы жердегі істердің жылдамдығы мен баяулығының міндетті түрде белгісі болса, онда жердегі әрбір жылдам немесе баяу қозғалыстағы әрбір дене де міндетті түрде осындай белгі болар еді, өйткені олар жақын әрі жердегі басқа денелермен ұқсас және байланысы күшті. Қалған барлық жағдайда да мәселе осылай.
Аспан зодиагінің, орны мен формасы жер бетіндегі оқиғаларға тікелей қатысы бар деп жоритын астрологтардың пікіріне Фараби былай жауап береді: Сен білмейсің бе, шығу кезіндегі зодиак таңбасының сырт бейнесінің түзулігі мен қисықтығы, кішіреюі мен ұлғаюы — мұның барлығы орынға байланысты, сол себепті болатын жайлар, өйткені қисықтық, түзулік, үлкею, кішірею және басқа да қасиеттер осы орынға тән. Олай болса зодиак таңбалары жердегі нәрселерге — жануарлар мен өсімдіктерге белгі (нышан) болатынына жол болсын?. Содан ары ол астрологтарға қарсы дау айта келіп: Ғалымдар мен білгірлер аспан шырақтары негізінде әсер мен өзгеріске ұшырамайды, олардың табиғатында қайшылық жоқ деген қорытын-дыға келгеннен кейін жұлдызшылар (астрологтар) неге олардың кейбіреуін жаман, ал басқаларын жақсылықтық белгісі (нышаны) деп есептейді. Олардың түсі, баяу, шапшаң қозғалыстары да осы сияқты, Салыстыра келгенде мұның бәрі дұрыс емес, өйткені бір нәрсе бір қырымен екінші нәрсеге ұқсас болса, барлық жағынан ұқсас болуы және біреуінен қандай қорытынды шықса, екіншісінен де осындай қормтынды шығуы міндетті емес— деген қорытындыға келеді.
Фараби астрологтардың алдын ала болжаулар мен түрліше белгі-нышандар тәжірибе жүзінде табылған деген қисындардың өтірік екенін әшкерелейді: Кім де-кім жұлдыздардың белгі-нышаны мен олардың әсер-көрінісі тәжірибе жүзінде тағайындалған деп ойласа,—дейді ғалым,—• ол туу және басқа түрліше тағдырлар мен өмір бұлтақтары туралы орынды болатын басқа байланыстардың сырын ашып көрсінші! Егер ол тәжірибелердің кейбірі нәрсенің шындық жағдайына келетінін, ал кейбірі келмейтінін байқаса, онда мұның барлығы тек қана ұйғару, жорамал, болжам деп білсін.
Трактаттын, соңында Фараби қандай бір көріпкел астролог болсын өз балының дұрыстығына өзі сенбейтінін ажуа қылады. Фараби: Біз жұлдызшылар (астрологтар) ішінде өз болжамына кәміл сенеді дейтін ең даңқтыларының ішінен өз істерінде, әмірінде өз айтқандарын басшылыққа алған бірде-біреуін көргеніміз жоқ, дейді.— Ендеше олар бұл өнермен мынадай үш себептің бірінің салдарынан айналысады: не құрғақ қиялға бейімділік пен құмарлық, немесе тұрмыстағы жайсыздық және қалайда күн көріс қамы немесе бір мақсатқа шектен тыс ұмтылыс және аулақ жүруді керек қылатын басқа әсерлер.
Қорыта келгенде, Фараби жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т.б. қасиеттеріне сүйеніп жер бетіндегі оқиғаларды алдын ала болжауға болады дейтін астрологтардың күмәнді қағидаларын аса терең ғылми-логикалық негізге сүйене отырып әшкере жасайды. Осылай ол астрологияға жалған ғылым деген таңба салады, айдар тағады. Рас, Фарабиге дейін де жұлдыз бойынша болжау әрекеттерінің дұрыстығына күмән келтірушілер болған (мысалы, Аристотель). Алайда, бұған дейін ешкім де Фараби сияқты айрықша еңбек жазып, оның түп-тамырына дәл осылай балта шауып көрмеген болатын. Бұл жөнінде де Фараби замандас оқымыстыларынан бірнеше ғасыр озық тұр. Сонау Фараби заманынан бері мың жылдан астам уақыт өтсе де, Батыста астрологиялық сандырақтар қазірдің өзінде етек алып отыр. Мысалы, АҚШ-тың бір өзінде 30 мыңға жуық көріпкел астрологтар қызмет етеді, олардың 3 миллионнан астам клиенттері бар, арнаулы журналы бар.
Фарабидің астрологиялық трактатының көп жерлерінде адам баласы білімнің шарттылығы, кемеліне келмеген жайлар көп екендігі аңғартылып, замандас және келер ұрпақ оқымыстыларына ой тастағандай болады. Мәселен ол былай дейді: Сатурн барлық планеталар ішіндегі ең шабан қозғалатыны, ал Ай ең жылдам қозғалатыны деп ойлаушылар неге керісінше ойламайды, яғни Сатурн барлығынан шапшаң қозғалады, өйткені оның қашықтығы басқа планеталар қашықтығы ішіндегі ең кашығы, ал Ай барлығынан шабан қозғалады, өйткені оның қашықтығы — ең кіші қашықтық.
Трактаттың бір жерінде Фараби аспандағы жұлдыздар жүйесін музыкадағы дыбыстар жүйесіндей білуді арман етеді. Алайда ғалым ол жүйелер қаншама кемелденген жүйелер болғанымен жұлдыздар мен музыкалық дыбыстардын, табиғи қалпын жуық, шартты түрде ғана сипаттай алатынын атап көрсетеді: Музыкалы дыбыстар жүйесі де, жұлдыздар жүйесі де өзгермейтін және жаратылысында табиғи қайшылық жоқ, табиғаттың тікелей көшірмесі емес, шартты нәрселер.
Фарабидің астрологиялық трактатында айтылған көп пікірлері оның шәкірттері тарапынан үлкен қолдау тауып, ары қарай дамытылады. Мәселен, Ибн-Сина ұстазы Фарабиді қуаттап астрологияның жалған ғылым екендігін әшкерелейді. Ал атақты Бируни Фарабидің аспан жүйесі жайлы білімнің шарттылығы жайлы идеясын дамытып әлем кіндігі үшін тек Жерді ғана емес, Күнді алуға да болады деген гелиоцентрлік тамаша тұжырым жасайды.
Фараби орта ғасырларда етек алған жалған ғылымдардың бірі — алхимияға да қарсы шыққан. Бұл ғылымның негізгі мақсаты — жаман металдарды алтынға айналдыратын философиялық тас табу немесе адамға мәңгі өмір берерліктей өмір өзегін жасау болған. Фараби алхимия өнерінің қажеттілігі туралы деп аталатын арнайы трактат жазып алхимия өнерінде не дұрыс және не теріс екендігін ашып беруге тырысқан. Ол алхимияны бүтіндей жоққа, бекерге шығарушыларға да, осы сияқты оны түгелдей ешбір күмәнсіз қабылдаушыларға да қарсы болады. Фарабидің пікірінше алхимияны түрлі керемет ғажайып, әулиелік құралы емес, өзінің зерттеу пәні, белгілібір мақсаты бар жаратылыстану ғылымының бір саласы деп қарау керек.
Фарабидің бұл дұрыс кезқарасы кейінгі ғасырларда Ибн - Сина, Омар Хайям, Леонардо да Винчи, тағы басқа алдыңғы қатарлы оқымыстылар тарапынан қолдау тапқан.
Есімі дуние жүзіне мәлім болып, ғылми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйіріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттық, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі.
1.3. Фараби және Птолемейдің Алмагесі.
Фараби Птолемейдің еңбектеріне асқан ықыласпен мән берді. Ол, әсіресе. Птолемейдің Алмагесін оқып - үйренуге, оны өңдеуге көп көңіл бөлгендігі байқалады. Бұл еңбекті сол кездегі астрономиялық бүкіл білімдердің жинағы деп қарастыруға болады. Евклид өзінің - Непздерінде геометрияны қандап сындарлы түрге келтірсе, Птолемей де мұнда астрономияны сондай сындарлы түрге келтірген. Алмагесте таза астрономия мәселелерімен қатар математика мәселелері де көп қамтылғаны мәлім. Мәселен, мұнда тригонометрияның бастамасы бар, хордалар таблицасы жасалған.
Птолемейдің Алмагесі араб тіліне 828 жылы аударылып, шығыстың көптеген ғұламалары одан үлкен тәлім - тәрбие алған. Олар Алмагестен үйреніп қана қоймай, оны түсіндіруге, түзетуге, кемелдендірге тырысқан. Бұл ғалымдардың алдыңғы санында біздің Фараби де болған. Ол Алмагеске түсініктеме, Алмагеске қосымша кітап деп аталатын екі еңбек жазғанын анықтап отырмыз. Бұрын Фараби Алмагест туралы көлемді бір-ақ еңбек жазған делініп келген. Бұл екі еңбек Птолемейдің Алмагесіне түсінік деген атпен бірге жүр. Фарабидің бұл шығармалары ешбір тілге әлі аударылған жоқ, оның арабша жалғыз қолжазбасы Лондондағы Британ музейінің қорында сақ-таулы. Біз бұл қолжазбаның фотокөшірмесін алдырдық. Қазір фарабитану тобы оны аударуға, зерттеуге арналған дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Фараби осы жоспар бойынша Птолемейдің еңбегін қайта баянд ап шығады. Сырттай танысқанның өзінде ол өзінің баяндауында Птолемейдің көлемінде қалып қоймағаны байқалады. Ол Птолемейдің кемшіліктерін көрсетіп, маңызды толықтырулар жасап отырады. Мәселен Потелемейдің күн апогейінің орны жұлдыздарға қатысты қозғалыста болмайды деген пікіріне қарсы шығады, бұл жөнінде өзінің бақылауларына сүйенеді. Осыған қарағанда ұлы ғұламаның астрономияның тек теориясымен ғана айналысып қоймай, практикасына да көп көңіл бөлгені байқалады.
Осы еңбектің соңында келтірілген Алмагеске қосымша деп аталатын Фарабидің, бұрын мәлімсіз болып келген екінші еңбегінің де маңызы үлкек. Мұнда тригонометрия мен математикаға негізделген астрономия мәселелері баяндалған. 59 тараудан тұратын бұл еңбектің бастапқы 14 тарауы тригонометрияға, қалғандары астрономия мен география мәселелеріне арналған.
Фарабидің бұл еқбектердегі басты жетістіктері тригонометрия саласына жатады. Грек математиктері бір ғана тригонометриялық шаманы білген, ол доғаның хордасы. Птолемей шеңбер доғасының хордасын диаметрдің бөлік-тері арқылы кескіндейтін таблица жасаған. Гректер тригонометриялық білімдерін түрліше жазық және сфералькқ үшбұрыштарды шешуге қолданған. Кейінірек үнді математиктері хорданы синуспен ауыстырады. Сонымен қатар косинус, синус-верзус сызықтарын енгізеді.
Бағдат математиктері Хорезми, Мервази күн сағаттарын пайдаланып, тангенс және котангенсті енгізіп таблицаларын жасайды. Фарабидің замандасы, атақты араб астрономы әл-Баттани Алмагесті жетілдіру атты көлемді еңбегінде тригонометриялық сызықтарды мол қарастырып, олардың арасындағы бірсыпыра қатыстарды тағайындайды.
Осы тұста Фараби де жоғарыдағы Алмагеске түсініктеме деп аталатын шығармасын жазып, тригонометриялык, сызықтар жайлы ілімін жасайды. Фараби тригонометрнялық шамаларды екі тұрғыда қарастырады. Біріншісі Птолемейдін еңбегінде кездесетін дәлелдеулер мен есептеулерді жеңілдету тұрғысында; екіншісі тригонометриялық сызықтар туралы өз теориясы. Птолемейдін, Алмагесінде доға хордасы шамасының орнына Фараби синус сызығын алуды орынды деп табады: доғанық синусы дегеніміз — екі еселенген сол доға хордасының жартысы. Фарабиге дейінгі Алмагеске жазылған түсінік кітаптарында бұл анықтама кездеспейді. Фараби осы арқылы Птолемей еңбегінде кездесетін тригонометриялық есептеулерді едәуір ықшамдап, ұғымдылығын арттырады. Мәселен, ол атақты Менелай теоремасы дәлелін қайта қарастырады, бірсыпыра түбегейлі қосымшалар енгізіп, ғылыми және методикалық жағынан кемелдендіреді. Осы жерде ол дөңгелекке іштей сызылған тікбұрышты үшбұрыш үшін синустар теоремасын тұжырымдап дәлелдейді. Біздіңше синустар теоремасы Фарабиге дейін белгілі болған емес. Жалпы түрде бұл теореманы кейінірек Әбунасыр Мансур (X—XI ғ.) және оның шәкірті Орта Азияның ұлы ғалымы Әбурайхан Бируни дәлелдеген.
Біздің бұл айтқандарымыз Фараби еңбегінің тек бірінші кітабында (Алмагеске түсініктеме 13 кітаптан тұрады) қамтылған нәрселер. Еңбектің қалған кітаптарын аударып, зерттеу Фарабидің математика, астрономия, жа-ратылыстану ғылымдары салаларына қосқан үлестерін айқындап қоймай, оның Птолемей сияқты алып оқымыстының аса көрнекті еңбегін түсіндіру барысында қолданған педагогикалық-методикалық жүйесін, әдістерін ашуға мүмкіндік берер деп ойлаймыз. Бұл, сайып келгенде, ұлы ғалымның өзінің ғана емес, бүкіл орта ғасырлар заманындағы шығыс ғылымының осы кезге дейін белгісіз жаңа беттерін ашатыны даусыз.
Фарабиді Алмагесте қолданылған математикалық аппарат қанағаттандырмайды. Сондықтан да ол еңбегінін, соңында келтірілген Алмагеске қосымша кітапта тригонометрия мәселелеріне айрықша тоқталады. Өзіне дейінгі және өзімен тұстас ғалымдардың нәтижелеріне сүйене отырып Фараби ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz