Жалпы психологияның даму тарихы


Жалпы психологияның даму тарихы
Психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент - XXV ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. ОЛ адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше баланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы қозғалыштылығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша адамдар төрт "дене шырышдарының" - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқа ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (қан), флегматик (шырыш), холерик (өт), меланхолик (запыран) . Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне көп ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы мен физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, темперамент қасиеттеріне негізделген - конститутционалдық типология . Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психологиялық ерекшклікке ие. Дене мүшелерінің (қол, айқ, бас, кеуде т. б. ) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конститутйионалды психикалық тип белгіленген:
1. Лептосматик - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттері дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелік зақым сырқаттарға ұшырығындар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер) .
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик - денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыщ, көзқарастары шындықтан аумайды.
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден ақ белгілі болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И. П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде экспераминтальды дәлелденген.
Ол иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу және тежелуге байланысты екендігі жөніндегі эксперементтермен дәлелденген. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
И. П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратады:
- күшті, қозу мен тежелу теңдей, қозғалмалы -сангвиник;
- күшті, қозу мен тежелу теңдей, салғырт -флегматик;
- күшті, қозуы басым -холерик;
- әлсіз тип -меланхолик.
Темперамент адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Адам ежелден-ақ әрқилы тұдғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелр бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған.
Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстарды, сезәмде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде байқалады. Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:
Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекетінің туындау шапшандығы.
Жауап әрекетке келу - бірдей ықпалды сыртқы немесе ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау) .
Жауап әрекетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам.
Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.
Жауап - әрекет қарқыны - әрқилы психикалық процестер мен әрекеттер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшандығы.
Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы:
Сангвиник - жоғары дәрежелі әрекетшіл адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қаоып, мұңаяды. Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынас білініп тұрады.
Холерик - әрекетшең және белсенді, бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділектен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыру қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкілдеп жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да салбырлығы мен байсалдылығын жоймайды. Жаңарған жағдайдағы икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Бар білгені ішінде - интерверт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz