Жамбыл Жабаев туралы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев (28.2.1846. қазіргі Алматы обл. Жамбыл ауд.-22.5.1945, Алматы-қазақ ақыны. Балалық шағы Жетісу өңірінде - осы күнгі Алматы обл-ның Жамбыл ауданда өткен. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаз екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ордада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тарту үйренеді. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: Менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай" деп, жырды өрбіте түскен. Басқада көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп достасқан. Жамбылдың ең бір үлкен мектебі-қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ Қобыланды, Алпамыс және қырғыздың Манас эпосынан үзінділерді, Шығыстың Рустем дастаны, Көроғлыны, Жүсіп-Зылиһаны жатқа жырлады. Сүйінбай ұстазынан Сұраншы, Өтеген батырлар туралы аңыздарды үйренеді.
Айтыс өнері Жамбыл жастайынан араласқан. Шілдехана жиын-тойларда қыз, түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, ақын бала атанды. Бұл жөнінде Менің өмірім деген өмірбаяндық толғауында өзі былай деген: Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым . Жамбыл - көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын. Өзінің айтуынан, шәкірттерінің жанында сақталғандарынан жазылып алынып, хатқа түскендарі мыналар: Жамбыл мен Айкүміс, Бақтыбай мен Жамбыл, Бөлектің қызы мен Жамбыл, Жамбыл мен Сары ақын, Майкөтпен дидарласу, Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны, Жамбыл мен Бөлтірік, Жамбыл мен Сарыбас, Құлманбет пен Жамбыл, Жамбыл мен Доспанбет, Жамбыл мен Шашубай. Олардың барі жинақтарына еніп, зерттеулермен мен мақалаларда талданып келеді. Сонымен қатар текістері түгел сақталмаған, ел арасында бірер шумақтары ғана айтылып жүрген айтыстары да жоқ емес. Олар: Сайқал қызбен айтысы, Бұрым қызбен танысуы, Жаныс ақынмен қағысы. Жамбылдың ақындық айтыскерлері даңқые шығарған – Құлмамбетпен айтысы (1897). Жетісу өңірінде елді сыртқы жаулардан қорғауда даңқы шыққан батырлардың ерлік қимылын баяндайтын Жамбыл – дастандары халық арасында кең тараған. Оларды жыршылар жаттап алып, жұрт бас қосқан жерлерде айтып жүрген. Сол дастандардың бірі – Өтеген батыр. Оны Жамбыл 1876 -1880 жылы жырлай бастаған. Өтегеннің өмір тарихын, оның ерлік жолдарын Жамбыл ең әуелі әкесінен, кейін Сүйінбай мен Сарыбайдан естіп ойына тоқи береді. Екінші бір күрделі дастаны – Сұраншы батыр. Оның да жырлану жолдары жоғарғыдағыдай. Ақын Өтеген, Сұраншы батыр туралы дастандарын бір жылдары қатар жырласа керек. Сұраншы батыр дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырбек деген беделді кісінің асы күндері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыр алабы - Жамбыл
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 - 1945) АҚЫН ӨМІРІ
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Қырғыз бенен қазақтар
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Пәндер