ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
ӘОЖ 35.087.43:364 (574) Қол жазба құқығында
МЕРГЕНБАЕВА АЗИЗА ТОЙМАХАМБЕТОВНА
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
08.00.05. – экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркiстан, 2009
Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде орындалды
Ғылыми жетекшiлері: экономика ғылымдарының докторы,
Утаров А.К.
экономика ғылымдарының кандидаты,
Қалықұлов Қ.М.
Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының докторы, профессор Шалболова Ү.Ж.
экономика ғылымдарының кандидаты,
Тұрсынбаева Д.К.
Жетекшi ұйым: Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Қорғау 2009 жылы 23 мамыр сағат 1100-де Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiндегі докторлық диссертациялар қорғау құқығына ие Д 14.61.15 диссертациялық кеңесiнде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркiстан қаласы, университет қалашығы.
Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің кiтапханасында танысуға болады.
Автореферат 22 сәуір 2009 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестiң
Ғалым хатшысы
э.ғ.д.,профессор Ж.С. Раимбеков
Кiрiспе
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан – 2030” Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi - халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі - Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.
Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.
Қазақстанның нарықтық қайта құрулары мен макроэкономикалық көрсеткіштегі оң өзгерістеріне қарамастан, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі кезеңнің талаптарына сай келе алмай отыр.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі – жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды.
Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік–қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.
ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық, құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен кепілдендірмесе зейнетақы қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады. Осыған байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субьектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан да зерттеу жұмысы тақырыбының таңдалу себебі әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына бағытталған зейнетақы жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігімен негізделеді.
Жұмыстың ғылыми – зерттеу деңгейі. Экономикалық мектептердің көпшілігінде қоғамдағы еңбекке қабілетсіз мүшелеріне әлеуметтік–экономикалық қорғауға әрқашан жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген. Бұл мәселелерге тоқталған: А.Смит, У.Петти, Д.Рикардо, Д.Кейнс, А.Маршал, П.Даймонд, Х .Пинер және т.б. классиктер болды.
Халықты зейнетақымен қамтамыз ету мәселелері ТМД ғалым экономистерінің еңбектерінде де, яғни: А.Аникеева, В.Агорхан, Е.Астрахан, С.Афанасьева, А.Берг, А.Вихляев, Н.Ветрова, Л.Вульф, М.Герасимов, А.Егоров, М.Захаров, Л.Зубненко, Л.Лебедева, В.Михеев, Б.Ракитский, Л.Соловьева, Е.Четыркин, Ю.Шартов және т.б. ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет етуі кезінде Қазақстандық нарықтың ерекшелігін ескеру қажет. Берілген тақырыптың әртүрлі аспектілері: Н.М.Мамыров, Т.Н.Рогачева, Ж.О.Ихданова, Н.Н. Хамитова еңбектерінде көрініс тапқан. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет етуіне қатысты мәселелерді және әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру мен әлеуметтік нарық мәселелерін зерттеушілер қатарына Н. Алимуханбетов, Г.Ж Карагусова, Г.А Марченко сияқты эксперттерді атап өту керек. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы құралдарындағы ерекшеліктері В.Г.Ли еңбегінде зерттелген.
Зейнетақы қорларының институционалдық инвестор ретінде қызмет етуі, қор нарығының дамуы және әлеуметтік мәселелерді шешу тетіктері мен олардың қарқыны А.А.Алимбаев, Р.А.Алшанов, У.Б.Баймуратов, С.Х. Берешов, А.Б.Зинельгабдин, Р.Е.Елемесов, А.С.Есентугелов, Г.А.Есіркепов, У.И.Искаков, Л.Е.Ибрагимова, К.К.Ильясов, А.К.Кошанов, М.В.Кенжегузин, К.С.Мухтарова, Н.К.Нурланова, А.Х.Нурсейітова, Г.Н.Сансызбаева, К.М.Тулепбаев, Д.К.Турсынбаева, Г.Н.Шалгинбаева еңбектерінде көрініс тапса, соңғы жылдардағы әлеуметтік саясат және республикадағы іске асып жатқан зейнетақы және әлеуметтік– экономикалық қайта құрулар, зейнетақы активтерді басқаруды жетілдіру А.М.Жуманов, Р.С.Каренов, Ш.К.Көпешов, Б.С.Мырзалиев, А.А.Сатыбалдин, С.Д.Тәжібаев, Т.Я.Нурымбетов, Ә.К.Утаров, Ұ.Ж.Шалболова, сияқты және басқа да экономист ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Алайда, Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қалыптасуына арналған зерттеулерде халықты мемлекеттiк емес зейнетақымен қамтамасыз етудің қаржылық тетігі, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекетi және оны басқару тетігі, зейнетақылық активтердiң инвестициялық қоржынын қалыптастыру, оны ұтымдастыру жөнiнде ұсыныстар жасау, сонымен қатар елдiң экономикасын қаржыландыруда зейнетақы қорларының активтерiн пайдаланудың болашағы жөнiндегi мәселелер жан-жақты жетілдірілуді қажет етеді. Сондықтан, нарықтық экономикада ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетiлдiру бойынша әдістемелік нұсқаулар дайындап, ғылыми негiзделген ұсыныстар беру.
Зерттеудiң міндеттері. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық мәнін нақтылау және теориялық негіздеу ;
экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен салыстыра зерттеу;
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін зерттеу және талдау;
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттырудың факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;
зейнетақы қорларының қызметтерін кеңейтудің қажеттілігін ғылыми негіздеу;
зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық – экономикалық тетіктерін жасау;
зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасауда экономика-математикалық үлгілерін ұсыну.
Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасындағы халықты мемлекеттiк емес зейнетақымен қамтамасыз ету үрдісінде пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар қарастырылады.
Зерттеудiң нысаны болып Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi табылады.
Диссертациялық зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзi болып Қазақстандық және шет елдiк ғалымдардың ғылыми зерттеулері; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету қатынастарын реттейтiн заңнамалық және нормативтік актілер, зейнетақы жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары табылады.
Диссертациялық жұмыста мемлекеттiк статистикалық Агенттіктердің, бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық Комиссиясының, жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттеу жөнiндегi Комитеттiң, ҚР-ның қаржы нарығы және ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің деректері, жинақтаушы зейнетақы қорларының анықтамалық, статистикалық материалдары және есеп беру мәлiметтерi, мерзiмдi басылымдардың материалдары, халықты жинақтаушы зейнетақымен қаматамасыз ету мәселелерiне арналған конференциялардың материалдары пайдаланылды.
Мәселелерді шешу тәуелділігіне байланысты әр-түрлі зерттеу әдістері қолданылды: топтастырулар, орта шамалар табу, графикалық әдістер, мәліметтерді талдау және жинақтаудың экономикалық–статистикалық әдістері, салыстырулар тәсiлдерiн пайдалану арқылы және басқалар.
Қорғауға шығатын диссертациялық жұмыстың негізгі тұстары:
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік- экономикалық мәнінің ғылыми тұжырымдамасы;
жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыру жүйесін тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуге енгізу қажеттілігіне тұжырымдама;
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастырудың әдістемелік негізі;
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражаттарды тиімді пайдалану, қор активтерін сақтандыру және салымшылар санын арттыру мақсатында зейнетақы жүйесін жетілдірудің экономикалық –математикалық үлгілері мен даму болжамы;
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
ғылыми зерттеулер негізінде тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық мәні тиянақталды;
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің дамуындағы әсер етуші факторлар анықталды;
жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыруды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне енгізу қажеттігі негізделді;
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастыру тетіктері жасалды;
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіретін ұсыныстар берілді;
зейнетақы жүйесінің дамуы мен қызметінің экономикалық тиімділігінің үлгілері жасалды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде негiз бола алады. Диссертацияның жеке тұстарын ЖОО-да сабақ өткiзуде экономикалық саясат, сақтандыру, қаржы нарығын және делдалдар, экономиканы мемлекеттік реттеу курстарын оқытуда, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша оқу-әдiстемелiк материалдарды жасауда қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерiнiң сынақтан өткізілуі және тәжiрибелiк қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негiзгi тұстары мен қорытындылары халықаралық және республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияларда баяндалған. Зерттеу нәтижелерi “Қазақстан Халық Банкі” ЖЗҚ АҚ ОҚО өкілеттілігінің бағдарламасына енгізіліп, Х.А Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ-нің оқу үрдісінде қолданылды.
Зерттеулер қорытындысы жарияланған жұмыстар. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемi 4,5 баспа табақ болатын 12 ғылыми жұмыс жарияланды, соның ішінде: Қарағанды университетінің (“Наука и образование–ведущий фактор стратегии “Казахстан-2030”.- Қарағанды, 2002 ж.), Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ-нің (“Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері” (Шымкент, 2003 ж.), М. Әуезов ат. ОҚМУ-нің (“Әуезов оқулары-3”.- Шымкент, 2007 ж.) ұйымдастырылуымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Іздену жұмысының материалдары 129 жазба, 20 кесте және 18 сурет түрінде берілген.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Бірінші “Зейнетақы жүйесін жетілдірудің теориялық-әдістемелік негіздері” тарауында әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер және осы қызмет түрін реттеудің әдістемелік негіздері зерттелді.
Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы іс-әрекеттер қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік қызмет болып табылады. Ол ұлттық табысты қайта бөлу тетігі арқылы өзінде реттеу құралдарын зейнетақымен қамтамасыз етуге бағыттайды және соған сәйкес экономикалық қатынастардың нысаны ретінде қатысады. Себебі, ол қоғамның жұмыс істемейтін мүшелеріне көмек көрсетудің мүмкіндіктерін және осы көмектердің өлшемдерін анықтайды.
Әлеуметтiк қамсыздандыру, соның iшiнде зейнетақымен қамтамасыз ету қазiргi түсiнiктеме бойынша тек XІX ғасырдың соңында ғана қалыптасқан. Ең алғашқы мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi XІX ғасырдың соңында Германияда тосын жағдайлардан және науқастығы жөнiнде сақтандыру, қарттығы мен мүгедектiгi бойынша зейнетақы енгiзу туралы, сонан соң Канадада, Францияда, Италияда, Ұлыбританияда және басқа да мемлекеттерде заңдарды қабылдауға байланысты құрылған.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақыны қайта құру үрдісі өзара алмасу тәртібінде өтіп жатыр. Бұл табиғи қарқын. Өз қоғамының қатынастарына өзге әлеуметтік тетіктерді ендіру ғылыми–техникалық және экономикалық алмасуды қолдануға қарағанда тиімді екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Айырмашылығы тек қоғамдық тетіктің белгілі бір даму кезеңінде “кері реакция” көрсетуінде ғана болуы мүмкін. Оған арнайы жасалған бейімделу тетіктерінің көмегімен қарсы тұруға тура келеді. Бұл жағдай қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру үшін өте маңызды, өйткені қарастырылатын қарым–қатынаста бұл бәріне тән. Экономистер нарықтық қайта құрулар жасау кезеңінде ерте ме, кеш пе бейімделудің нақ осы деңгейі қайта құруда теріс өзгерістерге ұласатындығын айтқан болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекет пен зейнетақылық қамтамасыз етудің өзара әсерлесуінде екі жақты көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, либералды экономиканың жақтастары мемлекеттік билік қажетті және жеткілікті түрдегі ең төменгі бақылаушы қызметтерінің жиынтығын өзіне қалдыруы тиіс деп санайды. Екінші жағынан, радикалдар–мемлекетшілер, керісінше, зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекеттің кең көлемде қатысуын, олардың ұсыныстарын зейнетақы қорларын ұлттандыру деп түсінуін талап етеді.
Нарықтық экономикадағы зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекет маңызды роль атқарады. Ол қартайғанда табыспен қамтуды қаржыландыру, басқару және реттеуге байланысты кең көлемдегі мәселелерді қамтиды. Мемлекет қоғамның көзқарасын жақтаушы ретінде зейнетақылық сақтандыруды ұйымдастыруда басқарушы роль атқарады. Бірінші кезекте мемлекет азаматтарды әлеуметтік қорғауда кепіл болуға, зейнетақымен қамтамасыз етуде нормативті–заңдылық актілердің сақталуына кепіл болуға арналған. Мұның барлығы заң шығарушы, атқарушы билік органдарының көмегімен орындалады.
Мемлекеттік реттеу мен нарықтық өзін-өзі реттеудің арақатынасы экономиканың жағдайымен анықталады: өндірістің айтарлықтай төмендеуі, инфляцияның күшеюі, жұмыссыздықтың өсуі-мемлекеттің ролін нығайтуға алып келеді; әлеуметтік экономикалық жағдайдың жақсаруы кезінде мемлекеттің әсері әлсіреп, нарықтық реттегіштер іске қосылады. Зейнетақылық сақтандыру жүйесін реттеу ерекшелігі осы саладағы өзін-өзі реттеудің нарықтық тетіктері мен оған мемлекет әсерінің дамыған жүйесінің үйлесуінің қажеттілігінен туындайды. Нарықтық экономикадағы зейнетақы саласында мемлекеттің ролі күрделене түседі. Зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеуден бұрын мемлекеттік зейнетақылық сақтандыру тетігінің өзін қалыптастыру үрдісінің және оған өту үрдісінің реттеушісі болуы қажет. Зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құруда басқарудан мемлекеттің бас тартуы қайта құрудың либералды тәсілдеріне, зейнеткерлерді экономикалық қорғаудың тиімсіздігіне әкеліп соқтырады. Мемлекетке үйлестірушілік және әдістемелік қызметтерді бекіту тиімді.
Нарықтық тетіктерді реттеуге күш салған мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания), мемлекеттің араласуы төмен деңгейде. АҚШ-да қорларға қатысты өзіндік инвестициялаудың шегі ғана орталықтан реттеледі. Бұл жағдайда қорларға бекітілген төлемдер мөлшері бойынша жалпы активтер көлемінен 10% төленіп отырады.
Жапония, Германия және бірқатар басқа мемлекеттерде мемлекеттің араласуы біршама жоғары. Сонымен, Жапония мен Германияда ЖЗҚ үшін өзіндік инвестициялау шегінің 10%-нан басқа, келесі активтердің түрлеріне инвестицияланатын құралдардың жоғарғы шектері бекітіледі: өнеркәсіптік фирмалардың акциялары, мүлік салымдары, шет елдік инвестициялар. Қазіргі кезде бұл шектер Германия мен Жапонияда сәйкесінше 20 және 30% акциялар бойынша, 5 және 20% мүліктік инвестициялар бойынша, 4 және 30% шет елдік инвестициялар бойынша үлестерін құрайды.
Қазіргі және болашақ ұрпақты лайықты қамтамасыз ету үшін зейнетақымен қамтуды қайта құру мемлекеттің ең күрделі мәселесі болып қала береді. Зейнетақы нарығының ары қарай табысты өркендеуі зейнетақы қорлары мен олардың салымшыларының көзқарастарына байланысты көптеген факторларға тәуелді болады. Зейнетақы құралдарын басқаруда мемлекеттің қатысу дәрежесін анықтау барынша маңызды.
Ол әр елде әр түрлі:
- нарықтық қағидалар негізінде мемлекеттік басқару. Бұл типтегі жүйелердің пайда болуы инвестициялық шешімдер қабылдау үрдісіне саяси ықпалдарды төмендетудің қажеттілігінен туындады. Бұл жағдайда қор құралдарымен бұрынғысынша мемлекет басқарады. Бірақ, инвестициялық шешімдер шенеуніктермен емес, мемлекеттік қызметке шақырылған мамандармен қабылданады. Берілген жоба көп жағдайда тікелей мемлекеттік басқарудан гөрі әртүрлі инвестициялық стратегиялардың тәуекелділіктерін бағалауды ұйғарады. Келтірілген жоба бойынша Канаданың мемлекеттік зейнеақы қоры жұмыс істейді. Қорды басқарушы құралдардың қандай да бір бөлігімен екінші жүйе бойынша жұмыс істесе, сол уақытта қалған бөлігі бірінші жүйе бойынша бөлінетін деңгейлерде көрінеді. Мұндай жоба Сингапурда және Фиджи де әрекет етеді. Қор аймақтық қағида бойынша бөлінетін жағдайларда болады, әрбір аймақ өз басқарушысын шақырады. Бұл Боливияда қолданылады;
- тікелей мемлекттік басқару (Уганда). Жинақтаушы зейнетақы шоттарындағы құралдар мемлекеттік бюджеттің бір бөлігін құрайды немесе жеке қаржыны қалыптастырады. Екі жағдайда да құралдарды инвестициялау туралы шешім мемлекеттік шенеуніктермен қабылданады. Құралдардың басым бөлігі елдің мемлекеттік қарыз ақшаларына бөлінеді, мемлекеттік банктердің депозиттік шоттарына аударылады немесе мемлекеттік инвестициялық жобалар арасында таратылады;
- қатаң реттеуші тәсілдермен орындалатын сыртқы басқару (Уругвай). Инвестициялық стратегияларды жасау және қор құралдарын басқару сыртқы жетекшімен жүзеге асырылады. Бірақ, мемлекет инвестициялық қоржынның құрылымына қатаң шектеулер қояды. Мөлшерлемелер инвестициялау стратегияларын таңдауда және қолдағы құралдардың санын айтарлықтай деңгейде шектейді. Осы сияқты шектеулердің көмегімен мемлекеттік зейнетақы қорларын тікелей басқарудағыдай нәтижелерге жетуі мүмкін. Бірінші типтегі қорларға қарағандағы ерекшелігі мұнда инвестициялық қоржын негізіне нарықтық бағалы қағаздар енеді;
- мемлекеттің өте төмен деңгейде қатысуымен сыртқы басқару (Австралия). Берілген жүйе бірінші кезекте басқарушылар арасындағы бәсекеге негізделіп дамыған капиталдар нарығымен халықтың инвестициялық мәдениетін талап етуге бағытталған басқарудың тиімділігі жоспарында барынша “ілгеріленген” болып саналады.
Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып тиімді үлгіні енгізу арқылы әдістемелік негізін қалыптастыру керек.
Зейнетақы жүйесінің қызмет етуінің әдістемелік жүйесі төмендегі кестеде берілді.
Кесте 1- Әлем елдеріндегі тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің үлгілері
Зейнетақы жүйесінің үлгілері
Әдістемелік негіз
Экономикалық тетіктері
Басқарылуы
Зейнетақы төлеу түрлері
АҚШ
Америка үлгісі
Мемлекеттік реттеу
-сақтандыру компаниялары
-зейнетақы қорларынан
-мемлекеттік бағдарламаларынан
Скандинавия елдерінде
Әмбебап және әлеуметтік үлгі
Бір орталықтан жоспарлау
-мемлекеттен
-сақтандыру компаниялары
Германия
Бисмарк үлгісі
Үкіметтен реттеу
-мемлекеттен
-сақтандыру компаниялары
Ресей
Беверидж үлгісі
Бисмарк үлгісі
Бір орталықтан жоспарлау
-мемлекеттен
-сақтандыру компаниялары
-жинақтаушы қорларынан
Өзбестан
Кеңестік үлгі
Бір орталықтан жоспарлау
-мемлекеттен
Қазақстан
Чили үлгісі
Мемлекеттік реттеу
-мемлекеттен
-ынтымақты
-жинақтаушы қорларынан
Ескерту: Автор құрастырған
Ұлттық зейнетақымен қамтамасыз етуді құруға байланысты мәселелерді шешу басқа мемлекеттердегі орын алған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерін зерттеусіз мүмкін емес. Қазақстандық ерекшелік үшін барынша қолайлысын таңдау үшін, экономикалық дамыған мемлекеттердегі зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ақпараттар қажет. Оның бар болуы қалыптасқан тәжірибені мүмкіндігінше пайдалануға және табыстылығы төмендеу отандық жүйені жетілдірілген тәжірибесі мол жүйелермен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындасақ, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң әрекет етуi нарықтық экономикалы мемлекеттердiң бәрiне дерлiк тән. Әлеуметтiк көмекке деген қажеттiлiктiң өсуi әдетте қоғамдағы экономикалық мәселелердiң өршiгуi мен әлеуметтiк қысымдар жағдайында орын алады. Әр түрлi мемлекеттердегi әр түрлi кезеңдердегi экономикалық жағдайларына мәдени тарихи ерекшелiктерiне–саяси мәдениетiнiң, қоғамдық қозғалыстардың бой алуына байланысты мемлекет халықты әлеуметтiк қорғаудың, қоғамдық дамуды тұрақтандырудың кейбiр мәселелерiн шешудi өзiне алады.
Әлеуметтiк бағдарламалар, оларды жүзеге асырудың түрлері мен басқару қағидалары, сонымен қатар мемлекеттiк емес құрылымдардың қатысу дәрежесi көлемiндегi мемлекеттер бойынша ерекшелiктер өте кең.
Әлеуметтiк көмектер мен жоғары сапалы қызмет көрсетулердi ұсыну қағидасына негiзделген, азаматтық қағидаға құрылған Швед үлгісін бүгiнгi Қазақстанда тек оқшауландырылған болашақтың жобасы ретiнде қабылдауға болады. Көп жағдайларда Қазақстан үшін мемлекеттiк билiктiң барлық деңгейiндегi қызметтердің өзара әсерi мен бөлiну қағидасына, сонымен қатар, жеке секторды бiрқатар әлеуметтiк зейнетақымен қамтамасыз етуді қоса есептегендегi мәселелердi шешуге негiзделген әлеуметтiк бағдарламалардың американдық тәжiрибесi жақындау болып келедi.
Екінші “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуының қазіргі жағдайы” тарауында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына талдау жасалынып, оны дамытудағы негізгі бағыттарға сипаттама берілді.
Қазақстан – халықты әлеуметтік қамсыздандыруын қайта құруды жүзеге асырған тәуелсіз мемлекеттер достығы елдерінің ішіндегі алғашқы ел болып табылады. Сондықтан да, халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құру елдегі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру негізінде жүзеге асты.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы – халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құраушысы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік салалардың талдануы халықтың әлеуметтік тұрғыда қажетті деңгейде қорғалмағандығын көрсетеді.
Жыл сайын елімізде зейнетақыны жоғарылату жүзеге асырылады. Ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің номиналды өсімі тұтыну бағалар индексінің өсуінен 2%-ға артты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 2003 жылдың 1 маусымынан 1055 мың адамның зейнетақысы көбейген, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны үш есеге азайған, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары деңгейде зейнетақы алған. Қазақстан Республикасының “2004 жылғы республикалық бюджет туралы” заңында (2003ж. 5 желтоқсан №505 М) 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңген белгіленген болатын, ал 2006 жылғы республикалық бюджет туралы” заңында осы көрсеткіш 6 700-теңге (9500) мөлшерінде белгіленді, базалық зейнетақы мөлшері 3000 теңгені құрап сәйкесінше 2006 жылы 1200 теңгеге, 2007 жылы 1210 теңгеге өсті. 2008 жылы бұл көрсеткіш, яғни ең төменгі зейнетақы мөлшері 12700 теңгені құрады.
Зейнетақылық төлемдерін “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан (бұдан әрі- “ЗТЖМО” РМҚК) қарулы күштер құрылымын ескергендегі алушылардың саны 2006 жылы 1,645 мың адамды немесе республикалық жалпы халық санының 10,8%-ның ішінде 49,5% ауыл тұрғындары құраған. Зейнетақы алатындардың жалпы санын әйелдер 67,9% құрайды, оның ішінде 22,7% - 4 баладан көп туып, олардың сегіз жасқа дейін тәрбиеленген, көп балалы аналар. Зейнетақы толық көлемде алатын зейнеткерлер саны (қарапайым халық) 1559,5 мың адамды құрады және 39,5 мыңы – еңбек өтімі толық еместер. Ал ең төмен зейнетақы мөлшері алушылар саны 46,1 мың адамды құрады.
ЖЗЖ 2003-2007 жылдар аралығында дамуы сандық көрсеткіштерінің қарқынды өсуімен сипатталады (кесте 2).
Кесте 2 - Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің даму
динамикасы
Көрсеткіштер
Жылдар
2007ж 2003ж % өсу қарқыны
2003
2004
2005
2006
2007
Зейнетақы жинақтар (млн.теңге)
368 348
483990
648581
909696,572
1208120
3 есе
Зейнетақы жарналар (млн.теңге)
276173
380073
512425
683888,41
912124
3 есе
Салымшылар саны (міндетті)
616 4316
6974437
7613369
8537712
9223712
1,5 есе
Зейнетақы қорларының табысы (мың.теңге)
5171629
4823653
11755355
23620354
23480648
4,5 есе
Зейнетақы қорлары активтері (мың.теңге)
7375192
8532842
12444055
24504138
31146130
4 есе
Зейнетақы қорларының шығысы (мың.теңге)
3 762273
4 060295
6947044
11 484138
12833524
3 есе
Ескерту: ҚР-ның қаржы нарығын және ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін мәліметтері негізінде автор құрастырған
Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс әрекетін сипаттайтын зейнетақы активтерінің сомасы ғана емес, сонымен қатар оларға тартылған салымшылардың санымен де бағаланады. Себебі, барлық ЖЗҚ-ның негізгі қызметі салымшылардан міндетті және ерікті, ерікті-кәсіби жарналарды жинау мен алушыларға зейнетақы төлеу, зейнетақы қалыптасыру және оларды инвестициялау болып табылады. 2008 жылы салымшылар саны 9224 мың адамға жетті.
Кестеден көріп отырғанымыздай ЖЗЖ-нің зейнетақы жинақтары мен міндетті зейнетақы аударымдарының дамуы салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының (ДЗШ) санының өсуімен сипатталады. 2007 ж. зейнетақы жинақтары 1,2 триллион теңгені құрап, ЖІӨ-ге қатысуы 9,07% жетті. Бұл көрсеткіш 1998 жылдың қызмет еткен жүйесімен салыстырғанда 40 еседен артық, ал тұрғындарды жүйеге тарту 2 есеге ұлғайғандығын көрсетеді. Ағымдағы жылды 2003 жылмен салыстырғанда салымшылардың ДЗШ саны 49,6% өскен (сурет 1).
ЖЗҚ-ғы міндетті зейнетақы жарналары бойынша ең көп салымшылар: МЖЗҚ- 26,44%; “Қазақстан Халық Банкі” - “Ұлар - Үміт-14,86%; “БТА Қазақстан” - 9,48%-ға немесе олардың үлесіне ДЗШ жалпы санының 72,06 % сәйкес келеді. 2007 жылға 4 қордың үлесі 0,69%-ық тармаққа ұлғайды.
Сурет 1- Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының динамикалық өсуі
Бүгінгі таңда ЖЗЖ-ң салымшыларын ынталандыру керек. Ол үшін міндетті зейнетақы жарналарды төлеуін салық орындарының бақылауын күшейту жолымен әкімшілік және экономикалық шараларды қолдану, нәрестені күтім көрсету бойынша демалысқа шыққан адамдардың пайдасына мемлекеттік бюджет есебінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жетілдіру, ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық салынатын кірістерді айқындау кезінде шегерімді ұлғайту, трансфер-агенттер желісін оның ішінде елдің барлық өңірлеріндегі салымшыларға қызмет көрсету үшін “МЗТЖО” РМҚК және КазПочта АҚ тарату жолдарын дамыту керек.
“ҚазПочта” АҚ бүгінгі таңда Монополист болуы арқасында ЖЗҚ да 1 зейнеткерге көрсеткен қызметі 184 теңгені құрап отыр. Бұл әрбір қор үшін үлкен қаржылық шығындардың өсуіне әкелді.
ЖЗҚ дамуының жоғары қарқыны халықтың жұмыспен қамтылуының және жалақының өсуімен міндетті зеййнетақы жарналары аударымдарының ұлғаюымен қамтамасыз етіледі.
ҚР ЖЗҚ зейнетақы жинақтары мен салымшылар саны төменде көрсетілген (кесте 3). Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың дербес зейнетақы шоттарын бөлінген “таза” инвестициялық кіріс сомасы 2009 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 306,9 млрд теңге құрады.
Кесте 3 – Қазақстан Республикасының ЖЗҚ қазіргі жағдайы (01.01.08ж.)
№
ЖЗҚ АҚ-ның атауы
Барлық зейнетақы жинақтары,
мың тг.
Салымшылар
саны,
адам
Адам басына шаққандағы зейнетақы жинақ (мың теңге)
1.
Ұлар Үміт
212976600
1,380.820
154,24
2.
Аманат Қазақстан
30 258019
6 58550
45,94
3.
Атамекен
30238344
272081
111,13
4.
МЖЗҚ
204 954 982
24 39 212
84,03
5.
Туран Әлем Банкі
1 25422588
8 74754
143,38
6.
Қазақстан Халық Банкі
1351224796
1. 964. 257
178,8
7.
Қазақмыс
25025967
120362
207,9
8.
Мұнайгаз-Дем
29 812 379
345780
86,21
9.
Еуразиялық банк
42671019
267178
159,7
10.
Қорғау
16848378
152495
111,14
11.
ГРАНТУМ
72882879
218777
333,13
12.
Отан
29963698
225666
132,78
13.
Капитал
39 226228
335605
116,88
14.
Республика
1514969
13927
108,78
Барлығы:
1208 120846
9 268464
130,35
Ескерту: Кесте ҚР қаржы ұйымдары мен нарығын реттеу мен қадағалау агенттігін мәліметтері негізінде автор құрастырған
“Таза” инвестициялық кірістің өсу қарқыны соңғы 5 жыл ішінде өткен жылдардың тиісті кезеңдерімен салыстырғанда төмендегі көрсеткіштермен сиптаталады
Кесте 4 - Зейнетақы активтеріндегі “Таза” инвестициялық кірістің өсу
қарқыны
Көрсеткіштер
Жылдар
01.01.2004
01.01.2005
01.01.2006
01.01.2007
01.01.2008
1
Таза инвест. кіріс (млрд тенге)
99,2
114,7
155,1
255,7
339,7
2
Өсім (млрд.теңге)
-
15,5
40,4
100,6
84,0
3
Өсу қоржыны (%-бен)
27,34
15,63
35,22
64,86
32,85
4
ЖІӨ (млрд.теңге )
4612,0
5870,1
7453,0
10139,5
13315,2
5
Жинақталған зейнет-ақы қаражатындағы таза инвестициялық кірістің үлесі (%-бен)
26,93
23,70
23,91
28,11
28,12
6
Таза инвест. кірістің ЖІӨ -не қатынасы
(%-бен)
2,15
1,95
2,08
2,52
2,55
Ескерту: ҚР-ның қаржы нарығын және ұйым. реттейтін қадағалау агенттігінің деректері бойынша автор құрастырған
Жоғарыда көрсетілгендей есепті жылда “таза” инвестициялық кіріс көлемінің төмендегені байқалады (кесте 4). 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы “таза” инвестициялық кірістің кемуі 32,8 млрд теңгені құрап, ал өсім төмендеді. “Таза” инвестицияның кіріс сомасы орташа айлық өсу барысында 2005 жылы -3,4 млрд теңге, 2006 жылы 8,4 млрд теңге, 2007 жылы 7,0 млрд теңге болып, сома 16,67%-ға төмендеді.
ҚР-ғы мемлекеттік бағалы қағаздардың жиынтық инвестициялық қоржынындағы үлесіне, АҚШ долларында облигациялар бойынша кірістіліктің төмсендеуі, сондай-ақ АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамының көтерілуі ықпал етті. Ал 2006 жылғы 204 177 млн. теңге немесе 78,52 %-ға өсімі ҚР-ның эмитенттерінің корпоративті бағалы қағаздарына инвестициялауында болып отыр (сурет 2).
Сурет 2 - Зейнетақы активтерінің қоржындық құрылымы (01.01.08ж)
Зейнетақы қайта құруының бастапқы кезеңінде ең ЖЗҚ-ның инвестициялық қоржынын негізінен МБҚ қамтыды. ЖЗЖ-нің жұмыс істеу кезінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz