Революциядан кейінгі жылдарда туризмнің дамыған түрлері



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   


Жоспар

Кіріспе

І білім. 1917 жылғы революциядан кейінгі туризмнің жағдайына сипаттама
1.1. Революциядан кейін пайда болған туристік ұйымдар
1.2. Инспекторлар жетекшілігіндегі экскурсиялық топтар

ІІ білім. Революциядан кейінгі жылдарда туризмнің дамыған түрлері
2.1. Экстремалды туризмнің кең етек жайған аудандары
2.2. КСРО-дағы туризмің қарқынды дамыған шағы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
1917 жылғы революциядан кейін де Ресейде туризм мен экскурсияның дамуы жалғаса берді. Ол әсіресе жалпы білім беретін мектептерде болды. Оқу ағарту халық комиссариаты құрыла салысымен, Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы халық комиссары А.В.Луначарский профессор И.И.Полянскийді шақырып алып, 1917 жылға дейін өткізіп жүрген сабақтарын – солтүстік облыстардың мұғалімдеріне жаратылыстану бойынша экскурсия жүргізу жінінде курстар өткізуін өтінді. Халық ағарту комиссариаты революцияға дейін жинақталған қысқа экскурсиялық дайындықтың тәжірибелерін осылайша пайдалана білді.
1919 жылдан бастап қала сыртындағы жаратылыстану – тарихи станциялары құрылып, онда оқушылар тәжірибелі педагогтардың жетекшілігімен экскурсиялар іткізуге қатысты. Жаратылыстану – тарихи бағыттағы ұйымдармен қатар балаларға эстетикалық және гуманитарлық тәрбие беретін гуманитарлық станциялар да ашыла бастады. Бұл станциялар гуманитарлық сипаттағы мұражайларға, архитектуралық ескерткіштерге, қалалардың кірікті жерлеріне экскурсия жасады.
КСРО-да жаппай туристік қозғалыс 20-жылдардың аяғынан басталады. 1929 жылға қарай тристердің ресейлік қоғамы елдегі туристік қозғалыстардың жетекші орталығына айналды. Қоғамға мүше ретінде енген көптеген жұмысшылар оны Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясының пролетарлық туризм қоғамы деп қайта атауды талап етті. Қоғам 1929 жылдың 30 қарашасынан бастап жұмысшылардың талап етуіне қарай аталды. Қоғамның тірағасы болып тауда саяхат жасаудың шебері Н.В.Крыленко тағайындалды.
Жарлықта қоғамның төмендегідей міндеттер қоятынын жазды:
а) еңбеккерлер арасында ұйымдасқан туризм идеясын таратып, еңбек демалысын мәдениетті іткізуді қамтамасыз ететін өзіндік саяхаттар жасап, өз елі және басқа елдерді із көздерімен көріп хабардар болатын, КСРО халықтарымен қарым-қатынас жасауға жағдай туғызуға, адамдарға көркем дағдылар мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, денсаулықтары мен мінез-құлықтарын шынықтыруға бағытталады;
ә)туризмге кең ұйымдасқан қоғамдық қозғалыс сипатын дарыту;
б)туризмнің техникаларын оқып-үйрену және жақсарту;
в)туристерге ұйымдасқан ізара кімек ұсыну;
г)туризмді әскерилендіру арқылы КСРО-ны қорғауға кімек кірсету;
е)туризмге ілкетанудың элементтерін енгізу.
1929 жылдың аяғына қарай пролетарлық туризм қоғамының Қазанда, Петрозаводскіде, Қырғызстан және т.б. қалаларда білімшелері ашылды.

І білім. 1917 жылғы революциядан кейінгі туризмнің жағдайына сипаттама
1.1. Революциядан кейін пайда болған туристік ұйымдар

Пролетарлық туризм қоғамның маңызы міндетті туризм үшін қоғамдық мамандарды дайындау болды. Алғашқы болып 1929 жылдың маусымында орталық Кавказдың Безенг ауданында тау туризмі инструкторларының курсы жұмысын бастады. Курсқа сол жылдары туризм мен альпинизмнің ең тәжірибелі маманы В.Л.Семеновский жетекшілік етті. 1917 жылғы революцияға дейін эмиграцияда болған Семеновский швейцариялық Альпі тауларының күрделі емес маршруттарында гид болып істеді, емтихан тапсырған соң кәсіби жолсерігі атанды. Семеновский тау туризмі мен альпинизмі бойынша инструктурларды оқыту жөніндегі өз жұмыс тәжірибелелрін 1930 жылы басылып шыққан Горный туризм атты кітабында баяндады. Бұл кітап кіптеген әуесқой саяхатшылар үшін тупизм техникасының нағыз оқулығына айналды.
Елдегі туристік-экскурсиялық жұмысты 20-жылдардың аяғына қарай пролетарлық туристік қоғамнан басқа Советский турист деген мемлекеттік акционерлік қоғам да жүргізді. Оны 1928 жылы халық ағарту комиссариаты құрған болатын. Бұл қоғамға қоғамның акциясын сатып алған кез келген азамат мүше бола алатын. Бір акцияның құны 1 сом болғанмен, ең кемінде 100 акциясы бар адамның ғана дауыс құқығы бар еді.
Акционерлік қоғамға жоспарлы туризмнің дамуы жүктелді,яғни оның міндеті елдің барлық жерлеріне турбаза желілері мен маршруттарын жасау болды. Бірақ екі ірі ұйым құрылғанмен, елдегі туризмнің дамуына қатысты мәселелердің бәрі шешіле қалған жоқ. Қайта осы ұйымның әрқайсысы елдегі туристік қозғалысқа ездері жеке-дара жетекші болғысы келді. Өзара дау-дамайлар басталып, ол КСРО Халы комиссарлар кеңесінің 1930 жылы 8 наурызда екі ұйымды қосып, Пролетар-лық туризм мен экскурсияның бүкілодақтық ерікті қоғамын құру туралы қаулысымен аяқталып, оның басшылығына Н.В.Крыленко тағайындалды.
Бұл ұйымның негізгі идеялары мен міндеттерін олардың ұрандары айғақтай түседі: КСРО-ны жақсы құру үшін оны жақсы білу керек. Ал жақсы білу үшін турист бол, Пролетарлық туризм жаңа адамның қырларын ашады, Пролетарлық туризм — ізіндік білімденудің жақсы тәсілі, Пролетарлық туризм адамның кіркем дағдысын қалыптастырады, Пролетарлық туризм қорғаныс қабілетін күшейтуге қызмет етеді, Кім қарлы тауда адаспаса, сол ұрыстан да қорықпайды.

1.2. Инспекторлар жетекшілігіндегі экскурсиялық топтар
Қоғамның басты шаруасы туристік шаралардың сауықтыру қызметтерін арттыру болды. Туризм — ең жақсы демалыс деген таныс ұран сол 30-жылдары туындағанды. Туризмдегі физкультуралық элементерге ғылыми негіз жасау талпыныстары да болды.
Жоғарыда мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамымен қатар Мемлекеттік орталық Курортология институты да кірісті. 1931 жылы осы институгга туризм және жұмыс демалысы секторы құрылды. Осы сектор жорықтарды іткізудің алғашқы ғылыми ұсыныстарын жасады. Қоғам ұйымдастырған барлық маршруттар қиыңдық деңгейіне қарай үш категорияға, жорыққа қатысушылардың жасына және денсаулығына қарай қойылатын талаптар айқындалды.
Туризм кабинетінің биік тауларға экспедициясы 1931 жылдан Эльбрустен басталды. II — приютте іте биік тау шыңдарына саяхат жасаудың денсаулыққа әсері тексерілді. Дәрігерлердің келесі бір тобы балалар туризміне берілетін физикалық жүктемені анықтау мақсатында жұмыс істеді.
Нәтижесінде дәрігерлердің турбазадағы жұмысы, туристерді медициналық тексерістен іткізу бойынша алғашқы инструкциялық материалдар дайындалып, олар жоспарлы сапарға қатысушыларға да, іздігінен маршрут белгілегендерге де ортақ болды.
Туризм Қызыл әскерде де, әсіресе командирлер құрамын дайындайтын әскери оқу орындарында белсенді түрде пайдаланылды. 1929 жылы жазда Қызыл әскердің Орталық үйі жанындағы әскери турбюро Кавказда күндіз-түні жұмыс істейтін 7 туристік база ашты. 1935 жылы бүл бюро туризм білімі болып қайта құрылып, осы жылдан бастап әскери округтердегі туризмнің дамуымен туризм және альпинизм секциясы шұғылдана бастады.
1936 жылы КСРО Орталық атқару комитеті елдегі туризмнің жағдайын талдай келіп, ол әрі қарай даму үшін ізіндік ерікті қоғам ретінде болуынан пайда жоқ деп тапты. Осы кезенде КСРО-да екі мықты мекеме бар болатын: Одақтық кәсіподақтарда қаржы кіп болып, пролетарлық туризм мен экскурсия қоғамында ақша тапшы болды да, туризмге материалдық база жасауды тежей берді. Осы жағдайды Орталық атқару комитеті ескере отырып, 1936 жылғы 17 сәуірде пролетарлық туризм және экскурсия қоғамын тарату туралы шешім шығарып, бүл іске жетекшілік пен бақылауды КСРО Орталық атқару комитеті жанындағы бүкілодақтық дене тәрбиесі кеңесіне тапсыр-ды. Орталық атқару комитетінің қаулысын орындау мақсатында Бүкілодақтық кәсіподақ комитеті 1936 жылы ізінің туристік-экскурсиялық басқармасын құрды. Бұл басқарма өз істерінің бастамасында негізгі қызметі ретінде жоспарлы туристік маршруттарды жетілдіру деп түсініп, ерікті, ізіндік туризмнің ісіп-өрбуіне кесірін тигізіп алды.

ІІ білім. Революциядан кейінгі жылдарда туризмнің дамыған түрлері
2.1. Экстремальді туризмнің кең етек жайған аудандары

Дегенмен де он мыңдаған саяхат әуесқойларының талап етуімен дене тәрбиесі мен спорт жініндегі бүкілодақтық комитет 1938 жылдан бастап туризм саласындағы өз іс-әрекетін белсенді түрде жандандыра бастады. Комитет 1939 жылдың 26 наурызында КСРО турисі белгісі туралы ережені бекітті. Белгіні алудың талаптарына: 2-категориялы күрделіліктегі бір немесе 1-категориялы күрделіліктегі екі саяхат жасауы керек; арнайы бағдарлама бойынша теориялық сынақ тапсыру қажет, онда топография, ілкетану, туризмнің санитариясы мен гигиенасы, геология, ботаника, зоология, метрология, қүтқару жүмыстарын ұйымдастыру бойынша сұрақтар және турист таңдаған туризмнің су, жаяу, шаңғы, тау түрлері бойынша сұрақтар болды. Ал су туристерінен 100 метрге аяқ киімсіз, сырт киіммен, жүзудің кез келген әдісімен, уақыты шектеусіз жүзіп өту немесе 300 метрге киімсіз жүзу талап етілді.
КСРО турисі деген белгі алғаш рет Боровской қорғанында болған V Москва слетінде, 1939 жылы маусым айында 36 белсенді туриске тапсырылды.
20-30-жыддардағы кеңестік адамдардың үлкен энтузиазмының арқасында отандық туризм тарихында қалған 3 саяхат болды. 30-жылдары туристер арасьшда саяхатқа ыңғайлы әрі шапшаң жүретін байдарка кең тарап етек алды. Бүл Кеңес мемлекетіндегі ең бірінші байдаркамен жүзу Москва — Астрахань маршруты 1930 жылы кіктемде болды. Екі орындық, жорыққа арналған байдарка Москваның эксперименттік шеберханасында жасалды. Оның ұзындығы - 5, 2 м; ені - 0, 95 м; бортының биіктігі - 0, 42 м еді. Байдарканы 8 мм қалындыктағы қарағай тақтайлармен қаптап, змалит жапсырып, нитросырмен бояды. Оның тұмсық білігіне кілемі 3,5 шаршы метр желкен орнатуға болатын. Байдаркада жүзу С.Аникинге және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі туризм
Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
Кала орны ретінде тандалған жердін
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Өлкетану
Спорттық жорықтарға туризмнің психикалық дайындығының ерекшеліктері
Шқо физика-географиялық сипаттамасы
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы
Халықаралық туризм туралы
Пәндер