АДАМЗАТТЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІРІНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
АДАМЗАТТЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІРІНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ
Адамның салауатты өмір сүру қалпын бұзатын табиғи құбылыстар. Осы табиғи қүбылыстар адамның қалыпты өмір сүру кезінде кенеттен, тез, күтпеген жерден пайда болады. Табиғи құбылыстар өзінен кейін адамның рухани және өте үлкен зиян келтіреді. Осы табиғи кұбылыстарға жататындар:
- жер сілкінісі;
- су тасқыны, Цунами; -өрт;
- тау шөккіндерінің түсуі;
- вулканның оянуы; т. с. с. Жер сілкінісі
Жер сілкінісі кезінде жер неғүрлым қысқа мерзім ішінде небәрі бірнеше секунд, ал тіпті күшті болган жағдайда бір минут қана сілкінеді. Сілкініс үрейіңізді алуы мүмкін, бірақ сабырлық сақтаңыз жэне өзгелерді де сабыр сақтауға шақырыңыз. Жер сілкінісінен қорғаныс шараларының мүмкін болатын түрлерінің ішіндегі ең жақсысы үрейге берілмеу, айқай салып абыржымау, әрлі-берлі жүгіре бермеу. Егер сіз сабыр сақтап, терең ойластырып әрекет жасасаңыз, сақтаудың мүмкіндіктерін арттыратүсесіз. Жердің немесе ғимараттыңтербетіле бастағанын сезген бойда шү_ғыл түрде әрекет етіңіз. Егер сіз көшеде ' болсаңыз, сол тұрған орныңызда қалыңыз, ал егер үйдің ішінде болсаңыз, одан шыға жөнелуге асыкпаңыз. Қайғылы жағдайлардың көпшілігі адамдардың үйге кіруге, ал баскалардың үйден шығуға асығып ерсілі-қарсылы даурығуы кезінде болады. Кейде адамдар жогары қабаттағы пәтерлердің терезесінен секіріп кетуге дейін барады. Үйдің ішінен жүгіріп шықпаңыз, өйткені үйдің қүлап түсіп жатқан бөлшектері мен үзілген сымдар мейлінше қауіпті.
Егер сіз үйде болсаңыз, мейлінше тез қауіпсіз орынға - ішкі есіктің қуысына, тіреу
бағанасының жанына немесе бөлменің терезе мен балконнан қашықтау бүрышына тү_ра қалыңыз.
Егер сіз көшеде келе жатсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен аулақтау ашық алаңға қашып шығуғатырысыңыз.
Сіз автомобильде келе жатсаңыз ашық алаңға тоқтап қалыңыз. Жердің сілкінісі өткенше автомобильден шықпаңыз. Жаңа дүмпулдерді сезе қалсаңыз оған таңданбаңыз.
Жер сілкінісі кезінде адамдардың топырақ қабатындағы қозғалыстан өлім-жітімге көбіне күшті сілкіністер кезінде шайқатылған немесе күйреген, қираған үйлердің құлап түсетін тастары, шыны сынықтары, қабырғаның материалдары себеп болады.
Жер сілкінісі кезінде бақытсыздыққа душар ететін басты себептер мыналар болып табылады:
- Үйлердің жеке бөліктердің қирауы,
кірпіштердің, мүржалардың, карниздердің,
жапсырылған эсемдік заттардың,
балкондардың, қабырғаларды қаптаған тас
тақталардың, есік терезе жақтауларының,
шамдардың күлап түсуі мүмкін.
- Қираған шынылардың қүлап түсуі, әсіресе
үйдіңжоғары қабаттарынан түсетіндері ерекше
қауіпті.
- Үзілген электр желілерінің көшедегіадамдар көп жүретін жерінде жатуы.
- Бүлінген газ қүбырлары мен түйықталғанэлектр желілерінің пайда болатын.
Өрттің шығуы: су қүбырларының бүлінуі салдарынан су келмей қалуы мүмкін жағдайларда мұндай өрттің қатерлі күшейе түседі.
Жер сілкінісі кезінде адамдардың жарақаттануы мен апатқа ұшырауының қауіпін азайтуға эбден болады. Ол үшін жер сілкінісі бола қалған жағдайда эркім не істеу керектігін күні бұрын мұқият ойластырып жан-жақты эзірлік жасауы тиіс.
Жер сілкінісінен кейін
Сабыр сақтай отырып, жағдайды анықтай біліңіз. Қандай жағдай болса да жер асты дүмпуінің қайталануы мүмкін деген ойдан шығарылған үрейлі кауесет таратушы болмаңыз, бұл жөнінде ешқандай деректер, болжамдар, өсек-аяң әңгімелер айта көрмеңіз. Тек ресми деректерді ғана пайдаланумен шектеліңіз.
Зардап шеккендерге қолма-қол көмек көрсетіңіз, алғашқы жэрдем жасауды үйымдастырыңыз. Зардап шеккендерді суықтан сактау үшін жылы жауып қойыңыз. Медициналық көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға оны іздеп тауып ұйымдастырыңыз.
Өрт шығып кету қаупінің бар не жоқ екенін тексеріңіз. Қолыңыздан келсе, алғашқы жолын көре сала өшіріңіз жэне өрт сөндіретін команда шақырыңыз. Су жэне газ құбырларын тексеріңіз (газдың иісін сезу арқылы ғанатексеру керек) . Электрмен жабдықтау жүйесінде бүлінген жерлерді байқаса, оны жүйеден бөліп тастаңыз. Егер газдың шығып жатканын сезсеңіз, барлық есік, терезелерді ашуға асығыңыз. Сөйтіп, үйден тез шығып кетіңіз де, тиісті қызмет көрсететін орынға хабарлаңыз.
Электр қуатын жеткізетін желілерге, сымдарға немесе жанасып тұрған заттарға қол тигізе көрмеңіз. Жер сілкінісі жэне оның зардаптарымен күресудің қажетті шаралары туралы радио жэне жылжымалы күшейіткіш құралдар арқылы берілетін хабарларды мұқият тыңдаңыз.
Жердің магнитудасы (М)
Жер сілкінісі кезіндегі шыққан энергияның шама жағдайын бағалау Америка ғалымы С. Ф. Рихтермен 1935 жылы зерттелген. Жер сілкіністің нақты бір орындағы сілкіну дэрежесі балмен 1-ден 12-ге дейін арнаулы MSK-64 шкаланың көмегімен өлшенеді.
Су тасқыны кезінде Кенеттен су тасқыны болған кезде, адамдардың барлық мүлік заттары, үйлері су астында қалады. Көбіне мұндай су тасқынының сулары тауда жиналады. Су тасқыны көбінесе көктем айларында жиі-жиі болып тұрады. Себебі қыстан бері жиналған мүз, қарлар күн жылыған кезде ери бастайды. Сондықтан таудағы су жиналатын жерлерде судың деңгейі шектен тыс көтерілгендіктен осындай су тасқындары пайдаболады.
Осындай жағдайлар туылмасын деп, біздің төтенше жағдай қызметкерлері, сол жиналып қалған суларды жасанды жарылыстар жасап, судың біраз бөліктері темен карай ағызады.
Су тасқыны кезінде адамдарды, малдарды, жеке мүліктерді және материалдык бағалы заттарды құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары теплоходтар, катерлер, моторлы қайықтартағы баска да қүралдары дер кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ең қарапайым жүзу құралдарын жасау керек. Жүзу заттарын жасау үшін тақтайларды, бөренелер, автомобиль камераларын, бос бөшкелерді, қүрғақ бұталардың буындыларын пайдалануға болады.
Дауыл соққанда
Дауылдың таянып келе жатқаны туралы хабар ала салысымен-ақ бой тасалайтын, колда бар қү-жаттарды жиыстырып, баспаналарды, еден астындағы қуыстарды, погребтерді эзірлей бастаңыз.
Үйде болған жағдайда газдың, электр энергиясын келуін тоқтатыңыз. Су келетін кранды да бекітіңіз, пештегі отты өшіріп, бой тасалайтын баспанаға тығылыңыз. Өндіріс орында болсаңыз, сыртта атқарылатын жұмыс атаулыны түгелдей тоқтатыңыз, тасып әкетуге болатын жабдықтарды мықтап түрып бекітіңіз, электр қуатын берілетін каналдарды, өрттің шығуына, жарылыстың болуына эсер тиетін агрегаттар мен механизмдердің электр желісімен байланысын үзіп тастаңыз. Содан кейін ғана бой тасалайтын баспанаға барып жайғасыңыз.
Өрт шыққан кезде
Өртпен күрес жүргізу және онда
зақымданған адамдарды құтқару кезінде
адамдар үшін мейлінше қауіпті нэрсе -
температурасы қатты қызған ауа болатынын
ұмытпаңыз. Тынысты тарылтып,
тұншықтыратын түтін де, көміртегі тотығынан мол шоғырлануы да ғимараттар мен құрылыстарды шарпып кетуі мүмкін. Түтін толып кеткен уйдің ішінде еңкейіп немесе еңбектеп қана жүріңіз. Зардап шеккен адамдарды іздестіру кезінде оларды дауыстап шақырыңыз. Мұндай кезде үрейі ұшқан балалардың эдетте кереует астында тығылатыны, шкафтың ішіне кіріп кететіні,
сондай-ақ бұрыш-бұрышқа немесе адамның ойына келмейтін, қайдағы бір-қол жетуі қиын жерлерге барып жасыратыны есте болуы керек. Егер зардап адам өздігінен қозғалып журе алмайтын болса, онда оны өрттің ішінен тезірек алып шығуға жәрдемдесіңіз. Содан соң оны ылғал көрпемен, ақжаймамен, плащпен, пальтомен немесе басқа бір ылғал нэрсемен орап кою керек. Егер өрт сөндіру кезінде өзіңіздің үстіңіздегі киімдеріңіз жана бастаса, онда ешқашанда жүгіріп қаша жөнелмеңіз. Өйткені жүгірген сайын үстіңізге өрт өрши түседі. Сондықтан да мұндай жағдайда үстіңіздегі жана бастаған киімнің сыртынан ылғал көрпе, жамылғы жамыла кою аркылы сөндіру керек екендігі туралы ұмытпаңыз. Өртің өшіру кезінде ең алдымен сумаңдаған жалынның өріс алуына жол бермей, қалай да
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz