ҚУАНЫШ ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1Негізгі құралдардың мәні, ерекшіліктері мен жіктелуі және бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Негізгі құралдарды түгендеуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

2 ҚУАНЫШ ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ..27
2.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ..35

3 ҚУАНЫШ ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ТАЛДАУЖӘНЕ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз етілуін талдау ... ... ...44
3.2. Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...51
3.3Негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..66

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі: Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасы кәсіпорындары Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес 2007 жылдың 28 ақпаннан бастап қаржылық есеп берулердің халықаралық стандарттарына көшті. Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берулерінің бухгалтерлік есеп жүйелерін халықаралық стандарттарға көшіру ең көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. ҚЕХС - ке көшу Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды, өйткені ол елдің әлемдік ақпарат кеңістігіне шығуын қамтамасыз етеді, халықаралық капитал нарығымен уақытылы қарым-қатынас жасауға (байланысқа шығуға), шетелдік инвестицияны тартуға мүмкіндік тудырады. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есеп экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық субъектінің қызметінің іс-әрекеттері сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі, негізгі құралдарды тиімді пайдалануын, негізгі құралдардың есебін және тозуын есептейді. Бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең теориялық білімі арқылы экономикалық талдау мен негізгі құралдардың есебін жүргіземіз, ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары және заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Ұйымның шаруашылық іс-әрекетін белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген 2-ҰҚЕС-ның 16 - Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес іске асырылады. Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.
Диплом жұмысының мақсатымен міндеттері:ұйымда негізгі құралдардың құрылымын, өзгерісін және жағдайын, олардың кәсіпорындағы маңыздылығы мен есебін білуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін алады. Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі обьектісі ҚуанышЖШС болып табылады.
Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
oo Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
oo Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
oo Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;
oo Негізгі құралдарды түгендеу;
oo Негізгі құралдардың құрамы мен қамтамасыз етілуін талдау;
oo Негізгі құралдардың тиімді пайдалануын талдау;
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында сипаттау, жүйелеу және салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысын жазу барысында негізгі құралдарға сәйкес жазылған ғылыми еңбектер мен экономика саласына орасан зор үлес қосқан, зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың ой-пікірлері назардан тыс қалмады. Зерттеу жұмысын жазу барысында отандық және шетелдік туындылар негіз болды. Атап айтсақ, отандық ғалымдардың туындылары Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С., Баймұханова С.Б.,Кеулімжаев Қ.К., ал шетелдік Андросов А.М., Викулова Е.В., Назарова В.Л секілді ғалымдардың еңбектері жұмыс барысында өзіндік көмегін тигізді.
Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында және орта мамандандырылған оқу мекемелері мен дайындық курстарының студенттерінің оқу бағдарламаларына қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1.1 Негізгі құралдардың мәні, ерекшіліктері мен жіктелуі және бағалануы

Қазіргі таңда кез-келген мекемені алатын болсақ олардың бухгалтерлік есебі барысында негізгі құралдардың алатын орны ерекше. Мекеменің өндірістік - шаруашылық қызметі қалыпты түрде қызмет атқаруы үшін негізгі құралдар қажет. Бірнеше жылдар бойы мекеменің өндірістік - шаруашылыққа қызмет көрсететін еңбек құралдары мен басқа да мүліктердің құны Негізгі құралдар деген экономикалық теорияны құрайды. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалауда кездесетін көптеген мәселелер туындайды. Сонымен бірге негізгі құралдарда амортизациялық аударымдарды дұрыс есептеу және де амортизациялық есептеу әдістерін дұрыс таңдап, олардың әр түрі өзіндік құнның мөлшерін өзгеріске ұшыратады.
16 Негізгі құралдар IAS Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша негізгі құралдар дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіріп жеткізуде, пайдалануға, басқа тұлғаларға жалға беруге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған бір жылдан астам уақытта пайдалану үшін көзделетін материалдық активтер. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан астам уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, сыртқы пішіні мен көлемін сақтай отырып, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге есептелген амортизациялық аударым мөлшеріне біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтер болып табылады. Негізгі құралдардың өндірістік салада сонымен бірге өндірістік емес салада да пайдалануына байланысты алатын орны ерекше.[1.202-б] Өндіріс үрдісінде өндіріс құралдардың қатысуы бойынша жүзеге асырылады:
Еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар);
Еңбек құралдары (станоктар, машиналар);
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы және тағы да басқаларын жатқызамыз.Негізгі құралдарға материалдық, материалдық-заттық формасы бар активтерді жатқызамыз, мысалға жылжымайтын мүліктер және жермен тығыз байланысты басқа да объектілер (жер, ғимараттар, құрылыс-жайлар, т.б)., машиналар, құрылғылар, көлік құралдары мен қоса мынандай төмендегі талаптарға жауап беретіндер:
Өнімдер (жұмыстар мен қызметтер) өндіруге, тауарларға жеткізуге, басқа мекемелерге жалға беруге немесе әкімшілік және шарашылық мақсаттарға пайдалануға арналған;
Бір жылдан артық пайдалануға;
Сатып алушыларға қайта сатуға жатпайтындар. [15. 21-б]
Негізгі құралдарды ұзақ мерзімде, яғни бір жылдан астам уақытта пайдалану сипатына ие болып табылады. Негізгі құралдарды пайдалану кезіндегі сандық түрде бағалануы олардың пайдалану мерзіміне сәйкес анықталады. Негізгі құралдарды пайдалану мерзімі мекеменің осы объектіні пайдалану уақытысына немесе осы объектіні пайдалану арқылы мекеменің өндірген өнімдеріне, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің көлемі арқылы анықталады. [2.18-б]
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептерінің міндеттері мыналар болып табылады:
Нақты түрде расталған есеп мәліметтері, техникалық құжаттар, басқа да құжаттар бойынша барлық еңбек құралдардың сақталуын ұйымдастыру;
Негізгі құралдардың келіп түсуін, қозғалысын және де уақытылы түрде шығарылуын қамтамасыз ету;
Моральдық және физикалық түрде ескірген негізгі құралдарды жылдам анықтау;
Негізгі құралдар бойынша есептемелерді дұрыс әрі уақытылы жасауды қамтамасыз ету;
Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерге, қайта құру мен жаңғыртуға кеткен шығындардық есептемелерді дұрыс және уақытында жүзеге асыру;
Негізгі құралдарға дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есеп деректемелерін дұрыс қалыптастыру.
Көлемінің үлкен-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып, салынып біткен бірақ әлі пайдаланылуға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер , сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі мәнін ашып қарау үшін олардың бағалануын, пайдалану және шығындарын зерттеу керек. Жалпы алғанда барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі үлкен топқа бөлінеді. Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің немесе орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.[1.102-б] Егер ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет жасайтын болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол ұйымның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады. Негізгі құралдардың бүгінгі таңдағы болсын бұрынғы болсын шаруашылықта алатын орны ерекше. Қай салада да болмасын қолданыстарында негізгі құралдар болады. Сондықтан да олардың пайдаланылуын және де оларға амортизация есептеуде бухгалтерлік мамандарға қойылатын талаптар жоғарылауда. Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерін табысты шешуде оның басты буындары - экономиканың нақты секторындағы ұйымдарды басқаруды жетілдірудің маңызы зор. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі, еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып табылады. Сондықтан да, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына байланысты. Қазіргі таңдағы ең ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнімді өндіруге кеткен шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебі, қандай болмасын өнеркәсіп өзі шығарған өнімдерінің өзіндік құнын анықтап, яғни кеткен шығындарын біле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнімнің сапалы және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетіндей етіп жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндағы шығындардың есебін жүргізудегі негізгі көрсеткіштердің бірі бұл - негізгі құралдардың амортизациясы және де ол бүгінгі таңда бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде басты орындардың бірін алып отыр. Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретінде қаралатын ең негізгі көрсеткіштердің біріне жатқызылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептегі оның мәні мен ерекшелігі өте зор.
Негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын яғни материалдық активтер болып табылады. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 Негізгі құралдар стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру (16 ХҚЕС 2.б).
16ХҚЕС Негізгі құралдар дегеніміз - еңбек құрадары ретінде табиғи нысанда ұзақ мерзімде өнім шығару процесінде, жұмыстарды орындағанда, ұйымның басқарулық қажеттіліктері үшін немесе басқа да қызметтерді көрсету үшін қолданылатын түрлі материалды-заттық бағалықтар.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
пайдалану орындары бойынша негізгі құралдардың бар болуына және сақталуына бақылау жүргізу;
негізгі құралдардың түсуін, сақталуын, шығуын, қозғалысын уақытында дұрыс құжаттау;
кәсіпорнынның шығындарына енгізу үшін амортизацияны дұрыс есептеу;
еңбек құралдарын өз уақытысында қайта құрып және есептеп бақылау жүргізу;
негізгі құралдар объектілерін істен шығару, жою, шығару қорытындыларын нақты түрде анықтау.[14.44-б]
Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
oo компания немесе тауарлы-материалды қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа да мекемелерге жалға беруге немесе әкімшілік мақсаттарға қолдану үшін;
oo әрбір кезеңнен астам уақыттың ішінде қолдануды болжау;
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.[3.13-б]
2-ҰҚЕС-ның 16 - Негізгі құралдар бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:
Негізгі құралдар - бұл:
өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған;
күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер
Негізгі құралдардың жіктелуіне сәйкес былай жіктеледі:
Ғимараттар
Құрылыстар
Беріліс құрылыстар
Машиналар мен құрал-жабдықтар:
Күш машиналары мен құрал-жабдық
Жұмыс машиналары мен құрал-жабдық
Өлшейтін және реттейтін приборлар, құрылыстар және лабораториялық құрал-жабдық
Есеп техникасы
Басқа да құрал-жабдықтар мен машиналар
Көлік құралдары
Саймандар
Өндірістік инвентарь және заттар
Шаруашылық инвентарь
Көп жылдық өсімдіктер
Ішкі шаруашылық жолдар
Жерлерді жақсартуға арналған күрделі шығындар
Басқа да негізгі құралдар
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 жылы 13 қараша айында №6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүзеге асырылады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын қызметіне байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 18 қараша айындағы №6 Қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына сай негізгі құралдар мынандай топтар бойынша жіктеледі. [4.22-б]

МАҚСАТЫ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ

Құрал-саймандар, жабдықтар, шкафтар,бактар, контейнерлер т.б. негізгі құралдар
Жер Ұйымның сатып алған жер көлемінің құны

Үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және т.б)
Шаруашылық құрал - жабдық жиһаздар, креслолар, кілем

Ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, скважиналар т.б. )

Жұмыс және өнім малдары

Көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер
Өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,

Тасымалдау құралдары жолаушы және жүк таситын көлік, прицеп, трактор т.б.
Машиналар бумен жұмыс істейтіндвигатр,грейдер,бульдезор, бетонарал.маш,көтер кран,

Сурет 1 -Негізгі құралдардың мақсаты мен атқаратын қызметі бойынша жіктелуі
Ескерту: Әдебиет көздерін зерттеу негізінде құрастырылды

oo Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;
oo Үйлер - еңбек етуге, тұруға,халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және матреиалдық қорларды сақтауға жағдай жасаудың негізінде белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып табылады. (тұрғын үйлер, кеңсе үйі, қойма және тағы да басқа);
oo Ғимараттар - еңбекке керек-жарақтардың өзгеруіне байланысты болмайтын міндетті жұмысты атқару негізіндегі өндіріс үрдісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер(көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, скважиналар, тағы басқалар);
oo Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғыры мүліктік объектіге (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар,су өлшегіш құралдар, таразылар, монометрлер, кассалық аппараттармен басқа да құралдар) жатады. Негізгі құралдардың құрамына жататын машиналар мен жабдықтар тобы келесідей топшалардан тұрады: Өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер);
oo Тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк тасымалдайтын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар)
oo Күш қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуаттарын өндіретін машина - генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина-двигательдер (тракторлар, бу двигательдері, трубиналар, электр двигательдер) және басқа да жабдықтарды жатқызамыз.
oo Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімін жасау процесінде керек-жараққа механикалық, химиялық және де термиялық түрде әсер ету үшін арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық-винт, бұранда жасайтын станоктар, ағаш кесетін рамалар, насостар, электроматорлар, экскаваторлар, жол құрылысына пайдаланатын машиналар) жатады.
oo Өлшеуіш және реттеуіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді өлшеуге, реттеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар, су өлшейтін құрылғылар).
oo Есептегіш техникалар - процестерді түзету және автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар, керек-жарақтар, аспаптар(компьютерлер мен басқа да есептегіш техникалар) жатқызамыз.
oo Басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар мен басқа да құрал-жабдықтар(телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру машиналары).
oo Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергияларының қондырғылары (электр беру желісі, труба құбыры).
oo Көлік құралдары - жолаушыларды және жүктерді тасымалдауға арналған көліктер (темір жол, су, әуе жолдары, жеңіл көліктер мен арбалар) және басқа да көлік құралдарын жатқызамыз.
oo Инвентарлық объект - барылық тиесілі керек-жарақтармен және керек заттармен бірге жекеленген (жиһаздар, креслолар,кілемдер, сейфтер) объект.
oo Құрал-сайман - темірді, ағашты өңдеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралдар немесе машиналарға бекітілген заттар (кесетін,ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құралдары). Құрал-саймандарға мыналар шкафтар, бактар, контейнерлер, және басқа да негізгі құралдар жатады.
oo Инвестициялық объект - басқа инвентарлық объектінің құрамына жатпайтын заттар.
oo Басқа да негізгі құралдар:
oo Аспап - қол еңбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металл, ағаш өңдеуге арналған, машинаға бекітілген құрал-жабдықтар(кескіш, езуші, тығыздап нығайтылған - электр қол бұрғылар, вибраторлар, қысқыштар) құралдарды жатқызамыз.
oo Шаруашылық инвентарь - кеңселік және шаруашылыққа арналған мүліктер жатады(шкафтар, үстелдер, кілемдер,.).
oo Өндірістік инвентарь және керек-жарақтар - өндірістік операцияларды жеңілдету мен орындауға арналған құралдар - жұмыс үстелдері, шкафтар, верстактар(ағаш ұсталарының ағаш шабатын, кесетін ұзын үстелдері);
oo Жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы - аттар, өгіздер, түйе және тағы да басқа жұмыс малдары жатады. Өсімтал мал - ірі қара мал, тұқымдық айғырлар мен тұқымдық биелер; тұқымдық нар мер аруана, бұғы, марал, қабан шошқа, ешкі, қошқар. Әрбір үлкен малдар - мүліктік объект болып табылады.
oo Көпжылдық көшет егістері - қолдан егілген, жасына қарамайтын көпжылдық егістер(жеміс-жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістер, роза плантациялары) жатады.
oo Жерді жақсартуға арналған күрделі шығындар - ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді кеңейту, көркейту жөнінде мүліктік негіздегі шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, жерді тазарту) болып табылады.
oo Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорттық мүліктер, мұражай құндылықтары.
oo Бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар сатып алған кезден бастап қолданылмайды, өйткені:
Жұмыс жасамайтын - уақытша жұмыстарға пайдаланылмайтын негізгі құралдар.
Қор ретінде (запас) қолданылатын - жөндетілген, жоқтатылған, апат жағдайларына байланысты қолданыстағы негізгі құралдарды алмасыру үшін қор түрінде қолданылатын құралдар болып табылады.
Уақытша жалға берілген немесе жалға алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.[3.115-б]


Мекеменің негізгі құралдары құрамы мен мақсатына сәйкес әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Есепті дұрыс жүргізу үшін негізгі құралдарды жіктеуіміз керек. Негізгі құралдар бірнеше түрлерге жіктеледі, соның ішінде мыналарды атап кетуге болады:
oo түрлері бойынша
oo мақсаты мен қызметі бойынша
oo иелігіне байланысты
oo экономикалық салалары бойынша
oo шаруашылық қызметте пайдалану деңгейі бойынша
oo тиістілігі байланысты

Негізгі құралдар

Өндірістік емес негізгі құралдар
Өндірістік негізгі құралдар

Өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, станоктар, құрал-саймандар, т.б.
тұрмыстық үй - жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру

Сурет 2 - Негізгі құралдардың өндіріске қатысуы бойынша жіктелуі
Ескерту: Әдебиет көздерін зерттеу негізінде құрастырылды

Барлық негізгі құралдар өндіріске қатысуы сипаты бойынша өндірістік және өндірістік емес болып жіктеледі. Өндірістік негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте қызмет ететін,яғни өнім өндіру орындарында тікелей пайдаланылатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдарды айтамыз. Өндірістік негізгі құралдарға мыналар жатады: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, көлік тасымалдау құралдары, құрылыс машиналары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, керек-жарақтар, өнім беретін малдар, көп жылдық өсімдіктер және тағы да басқа материалдық құралдарды жатқызамыз. Ал, өндірістік емес негізгі құралдар дегеніміз - шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында яғни, тұтыну үшін пайдаланылады. Олар өндіріс процесіне қатыспайды ұжымның мәдени - тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған.Өндірістік емес негізгі құралдарға мыналарды жатқызамыз: тұрмыстық үй - жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласында және басқа да салалардағы құралдар болып табылады.[8.210-б] Ал, негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігіне қарай меншіктік және уақытша жалға алынған болып 2 топқа жіктелінеді. Мекеме уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланстан тыс Жалға алынған негізгі құралдар 001 шоты арқылы есептейді. Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдық мерзімі аяқталған кезде немесе аяқталғанға дейін жалгер шартта көрсетілген өтемін төлеу бағасы келісілген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне қарай өтеді, сонымен қатар 2400 - 2410 Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар субшоттары арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар негізгі құралдар пайдалануына байланысты мынандай 3 топқа бөлінеді: жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған (қорда тұрған). Жұмыс істейтін негізгі құралдарға өндірісте пайдалану үстіндегі материалдарды жатқызамыз. Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі бір себептерге байланысты басқа да процесстерге әлі пайдаланылмаған артық жабдықтар болып табылады. Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозатын немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады. Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
oo Инвентарлық - бұл заттай нысанға жататын және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер (үйлер, машиналар, ғимараттар, жабдықтар)
oo Инвентарлық емес - бұл жер, орман және су дақылдарына арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу) болып табылады.[6]
oo Өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер);
oo Тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк тасымалдайтын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар);
oo Құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, және басқа да негізгі құралдар);
oo Шаруашылық құрал-жабдықтар (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және т.б.);
oo Жұмыс және өнім малдары;
oo Көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
oo Жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
oo Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын;
oo Басқа да негізгі құралдар.
oo Материалдық активтер сатып алыну мақсатына байланысты былай бөлінеді:
oo Негізгі құралдар
oo Тауарлы-материалды қорлар
oo Қаржылық инвестициялар[6.222-б]

меншікті
жалданған
Иемденуіне байланысты

қолданыстағы
Пайдаланылуына байланысты
жарамсыз
қордағы (запас)

Мақсатына қарай
өндірістік

өндірістік емес
Түріне байланысты

үй

ғимарат

машиналар мен жабдықтар

көлік құралдары

аяқталмаған құрылыс

жұмыс және өнім беруші мал

басқалары
Қатысуы бойынша
активті

пассивті

Сурет 3 - . Негізгі құралдардың жіктелуі
Ескерту: Әдебиет көздерін зерттеу негізінде құрастырылды

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құрал құрамында есептелінетін болса, ал сату үшін сатып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептелінеді. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалану үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді. Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы өте зор болып табылады. 6 Негізгі құралдар есебі БЕС мен 16 Негізгі құралдар ҚЕБХС - на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады: бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен, келісілген құндарымен.

Негізгі құралдар бағаланады

Ағымдағы құн
Бастапқы құн

Келісілген құн
Баланстық құн

Қалдық құн

Сурет 4 - Негізгі құралдардың бағалануы бойынша жіктелуі
Ескерту: Әдебиет көздерін зерттеу негізінде құрастырылды

Негізгі құралдардың бастапқы құны - активті салуға, сатуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сонымен бірге сатып алу кезінде төленген салық сомаларынан, құрылыстарды салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен осы құралдарды белгілі бір мақсаттарға пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан құралады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде ақаулар пайда болады, сол ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып табылатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмейді, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдар бастапқы құны бойынша мынандай шығындар арқылы жүргізіледі:
oo Жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу - сату жөнінде келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және де ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді белгілі бір мақсатқа пайдалануға кеткен шығындар (үйді бұзғаннан кейін алынған материалдарды сатудан түскен табысты алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға кеткен шығындар, жерді тазалау, тегістеу,) тағы да басқалар жатады.
oo Құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтарды пайдалануға байланысты жарамдылыған тексеруге кеткен шығындар және тағы да басқалар жатады. Бірақ, құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде бүлінулер болады, сол бүлінулерді жөндеуге кеткен шығындар ағымдағы шығындарға жатады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, онда төленген пайыз сомалары да ағымдағы шығындарға жатады және де негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайды.
Мекеменің салған үйлері мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салуға кеткен шығындарға мыналар жатады: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша жасалған аударымдар, алынған несиелер үшін төленген пайыздар сомалары, заңгерлер мен архитекторларға төленген төлемдер және басқа да шығындар. Шаруашылық субъектінің өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындары: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомалары, еңбек ақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиенің проценттері, заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алуға кеткен шығындар мен басқа да шығындар енгізіледі.[7.26-б]
Шаруашылық субъектілері жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алынса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер участкесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:
oo Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша.
oo Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша.
oo Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.
oo Негізгі құралдардың ағымдағы құны - мекеменің белгілі бір уақыттағы, яғни қазіргі күнге дейінгі негізгі құралдардың нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл мекеменің бухгалтерлік есептерінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасының айырмасы ретінде көрініс табатын құн.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдарды пайдалануына байланысты олардың мерзімдерінің аяқталғаннан кейін бұзу, жойғаннан кейінгі іске жарамды бөлшектерін (материал, металл сынықтары, отын және басқа да пайдалануға жарамды бөлшектер) құныннан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын болашақтағы шығындарды алып тастау арқылы жасалады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - кез - келген екі жақтың, яғни ұсыныс пен сұранысқа байланысты негізгі құралдарды сатушы мен сатып алушының арасындағы келісілген құн. Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады.Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау жүргізілген кезде шаруашылық субъектілеріндегі негізгі құралдарға есептелген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі.[7.29-б]
Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, мына активті шоттарда жүргізеді:
2411-шот - жер;
2412 -шот - үйлер мен ғимараттар;
2413-шот - машиналар мен жабдықтар;
2414-шот - көлік құралдары;
2415-шот - басқалары;
2416-шот - аяқталмаған құрылыс.
Бұлар активті шот болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, есептен шығарылуы көрсетіледі.
Қалпына келтіру құны - негізгі құралдарды жөндеуге кететін қалдық құны болып табылады. Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жөндеу жұмыстарының мынандай 2 түрі бар. Олар: ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстары болып жіктеледі.

Жөндеу жұмыстары жұмыстарының

Күрделі жөндеу
ағымдағы жөндеу

Сурет 5 - Негізгі құралдардың жөндеу жұмыстарына қарай жіктелінуі
Ескерту: Әдебиет көздерін зерттеу негізінде құрастырылды

Өндіріс процесінде жүргізілетін жөндеу жұмыстары ағымдық жөндеу, ал өндіріс процесінен тыс жүргізілетін немесе өндірісті тоқтатып қойып жасалатын жөндеу процесі күрделі жөндеу жұмыстары болып табылады. Жай жөндеу дегеніміз-негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс процесі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау және тағы басқа жөндеу жұмыстары жатады. Күрделі жөндеу- дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды шаруашылық субъектісінде тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады, қабылдау-тапсыру актісі толтырылады. Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектілері жөндеу қорын жасауларына болады. Егер де негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, субъектінің өз күшімен жүргізілетін болса, онда мына шоттар корреспонденциялары қолданылады:
Дт 3210 Басқадай есептелінген шығындар
Кт 8310 Қосалқы өндірістер,
ал егерде негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе:
Дт 7470 Басқадай есептелінген шығындар
Кт 3310 Өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу.
Жыл соңында 3220 Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер - деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар болып табылатын халықаралық қаржылық стандарттарға сай актив ретінде танылатын (есепке алынатын) негізгі құралдардың объектісі алғашқы түрі яғни бастапқы құны бойынша бағалануға тиісті. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен байланысты шаруашылық жүргізуші басшылықтары іс жүзіндегі бағаларға сай қолданылып жүрген заңдар бойынша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 24 шілде айындағы №1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика агентігінің 2002 жылы 3 сәуірдегі №03 - 1а - 8 Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы қатынас хат) осы объектілерге қайта бағалау жүргізілді, нәтижесінде негізгі құралдар есеп бойынша ағымдағы құны бойынша көрсетілді. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасына сай негізгі құралдардың 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады. Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құнына активтерді сатып алу бағасы, импорттық алым, сатып алуға байланысты орнын толықтыруға келмейтін салықтар, сонымен бірге, активті белгілі бір мақсатқа жұмсау үшін және оны қызметін атқаруына кеткен тікелей шығындар жатады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындарды жатқызамыз:
Алаңдар (құрылыс, жөндеу жұмыстарына арналған участоктар) дайындау шығындары;
Тасымалдауға және тиеп-түсіруге арналған бастапқы шығандар;
Орнатуға арналған шығындар;
Архитекторлар мен инженерлердің кәсіби түрде көрсеткен қызметтеріне кеткен шығындар.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған (жасалынған) негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс (пайда) ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды. Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі: а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда т.б.) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде.
ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда. Негізгі құралдар алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік (бастапқы) құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт пен қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі-бір себептермен өзгеріп отырады. Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдардың баланстық құнының әділетті (нарықтық) құннан елеулі айырмашылығы болмау үшін кәсіпорында негізгі құралдарды оқтын-оқтын қайта бағалап тұру қажет. Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі әділетті (нарықтық) құны анықталады. Егер негізгі құралдардың ерекше сипатының болуына байланысты олардың нарықтық құны жөніндегі ақпараттар болмаса, не болмаса бұл активтер сирек сатылатын болса, онда олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны бойынша бағаланады. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құнының өсуі шоттар жоспарындағы 2410 Негізгі құралдар шотының дебетіне және 5420 Негізгі құралдарды қайта бағалауға жасалынған резерв шотының кредитіне жазылады. Қайта бағалау жүргізілген күні кәсіпорында негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.[2.23-б] Негізгі құралдардың есебін жүргізуде екі маңызды міндет айқындалады. Бірінші - ағымдағы есеп беру мерзімінде негізгі құралдар құнының қандай бөлігі шығынға жатқызылатындығы айқындалады. Екінші - баланста көрсетілетін қалдық (баланстық) құнды есептеу.

1.3 Негізгі құралдарды түгендеуді ұйымдастыру

Негізгі құралдардың нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгендеу жүргізіп отырады. Түгендеудің мақсаты - мекеменің негізгі құралдарының нақты және сапалық жағдайын анықтау, техникалық құжаттарын тексеру (паспорт, сипаттама, жобаларды және т.б.) мүліктің іс жүзіндегі жағдайын бухгалтерлік есептің мәліметтерімен салыстыру және оларды анықтау. Негізгі құралдарды түгендеу кезінде олардың сақталуын бақылап және оның нақты бар екендігін растау мақсатында №6 Негізгі құралдардың есебі деп аталатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүргізіледі. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есеп мағлұматтарының дұрыстығын қамтамасыз ету барысында жылына бір немесе екі рет өздерінің мүліктеріне түгендеу жүргізіп отыруы керек. Есепті жылда түгелдеу жүргізу санын, олардың өткізу мерзімдерін, әрбір түгелдеу жүргізу кезінде тексерілетін мүліктердің тізімдерін мекеме өзі анықтайды. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды тағы да басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет және де өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында түгендеу жүргізуге болады.[5.106-б]
Негізгі құралдар бойынша түгендеу міндетті түрде мына төмендегі жағдайлар бойынша жүргізіледі:
oo негізгі құралдарға жауапты тұлға қызметінен ауысқан жағдайда;
oo негізгі құралдар жоғалған, ұрланған, бүлінген жағдайларда;
oo өрт немесе басқа да төтенше болған жағдайлар мен табиғи апаттар орын алуларына байланысты;
oo шаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші бағынышты орган қарамағына ауыстырылған жағдайда немесе таратылғанда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарына байланысты басқа да жағдайлар болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мекеменің есеп саясатын дайындау
Негізгі құралдарды есептеу мен талдау ерекшеліктері
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті
Негізгі құралдар есебі
Негізгі құралдардың талдауы
Кәсіпорын маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру
Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері
Семей силикат зауыты ЖШС-ның негізгі құралдарының есебі
Дайын өнім термині кең мағынада компанияның шаруашылық қызметін байқауға мүмкіндік беретін есептік жазбалардың жиынтығы
«КАЗОЙЛСЕРВИС» жшс-дегі іс-тәжірибе бойынша есеп беру
Пәндер