Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде

1 Педагогикалық іс әрекеттің мәні

2 Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы

3 Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері мен қызметтері

4 Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты

Әдебиеттер тізімі

1 Педагогикалық іс әрекеттің мәні

Педагогикалық іс-әрекет ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-әрекет - адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы. Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адамның табиғи және әлеуемттік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағынада түсіндіруге болады: ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы болмыстың ерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде түсіндіруге болады.

Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, әрекет, операциялар жиынтығынан құралады. Ғылыми білім категориясы ретінде іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар, соның бірі педагогикалық іс-әрекет.

Педагогикалық іс-әрекет -адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа іс-әрекет түрлерімен салыстырғанда ол мақсатқа бағыттылық сипатқа ие болады.

Педагогикалық іс-әрекет - аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.

Педагогикалық іс-әрекет дамудың шарты мен негізі ретінде оқушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіндіру үшін оның құрылымына талдау жасау қажет. Педагогикалық іс-әрекетті іс-әрекеттің мақсаты, мотивтері, әрекеттер (оперативтер), нәтиженің бірлігі ретінде көрсетуге болады. Төменде педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген:

Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі - мақсат. Мақсат - педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы ролін атқарады (А. Н. Леонтьев) . Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты іс-әрекеттің мазмұны, әдіс-тәсілдері, нәтижесін анықтайды, олар тікелей мақсатқа тәуелді.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты - үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - ол тарихи құбылыс. Ол әлеуеметтік даму қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Ол қоғамдық дамудың объективті тенденциясы ретінде пайда бола отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы және әдістеріне сәйкестендіре отырып, ең жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциональды бірлігі -педагогикалық әрекет. Педагогикалық әрекетті мақсат пен мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәні - мақсат, мотив, әрекет, нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа ие болады (А. Н. Леонтьев) .

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет қоғам арнайы ұйымдастырған келесі мекемелерде жүзеге асады:

• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;

• Орта білім беру;

• Орта арнаулы оқу орындары;

• Жоғары білім беру;

• Қосымша білім беру;

• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.

Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьмина бойынша) :

1-деңгей - продуктивті емес - педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады;

2-деңгей - аз продуктивті - бейімделуші, педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігне бейімдей алады;

3-деңгей - орташа продуктивті - педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие;

4-деңгей - продуктивті - жалпы пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын жүйелі қалыптастыру іскерліктерін меңгерген;

5-деңгей - жоғары продуктивті - педагог оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.

2 Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы

Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.

Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады. Конструктивті сі-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті-оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады. Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты іс-әрекеттерден құралады.

Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жомпарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.

Конструкивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыр түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекілік құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструкитивті іс-әрекеттің жалғасы деп айтуға болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттеріннақты іс-жүзінде жүзеге асарады. Оқушыларды білі алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйклі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, әр түрлі тәрбиелік шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекеттерін және т. б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.

Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-налармен тиімді қарым-қатынас орнатаалуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын меңгеру маңызды болып табылады.

Бұл аталған педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдары өзара байланыстылықта, тұтастықта, бір жүйеде жүзеге асады. Оларды жеке-жеке алып қарағанмен, олар өзара тығыз байланыстылықта жүзеге асатын іс-әрекеттер.

3 Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері және атқаратын қызметтері

Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуемттік маңызды іс-әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі 4-сызбада педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көрсетілген.

1. Педагогикалық іс-әрекет түрлері

Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.

Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.

Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғаныдықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті.

Диагностикалық қызмет - бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.

Бағыттаушы-болжаушылық қызмет - мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.

Конструктивті-жобалаушылық - педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.

Ұйымдастырушылық - педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзег асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндетерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушлармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.

Ақпараттық-түсіндірмелік - бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттарды жинақта, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.

Коммуникативті-ынталандырушы - бұл мұғалімнің педагогикалық прцеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.

Талдау-бағалау - бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т. б мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы
Педагог – педагогикалық іс - әрекеттің субьекті ретінде
Педагогикалық психология бойынша сабақтар
Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Педагогикалық процесс мұғалім іс – әрекетінін обьектісі
Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі
Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде
Педагогикалық психология негіздері
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz