Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны
Жоспар
Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны
1 Педагогикалық мамандықтың даму тарихы
а) ежелгі дәуірдегі педагогикалық мамандық және мектеп ісінің дамуы
б) орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы
с) жаңа дәуір мен қазіргі замандағы мұғалім мамандығының дамуы
2 Мұғалімге қойылатын талаптар
3 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері
4 Білім беру туралы құжаттар негізінде анықталған мұғалімнің құқықтар мен міндеттері
Әдебиеттер тізімі
1 Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы
Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамамас еді.
Ежелгі дәуірде еңбек бөлінісі болмаған кезде қоғам мен тайпаның барлық мүшелері балалар мен үлкендердің барлығы тамақ табуға, өздерін-өздері қорғауға бірдей қатысуға міндетті болды. Адамзат біртіндеп жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа еңбек арқылы беріп отырды. Балар ерте жастан бастап әр түрлі еңбек іскерліктері мен дағдаларын игерді. Қоғамда еңбек құралдары жетіле бастағандықтан еңбек бөлінісі пайда болып, тәжірибені беру ісімен қарттар айанылса бастады. Олар балаларға қарап, қарапайым тұрмыстық тәжірибені жеткізіп отырды. Осылайша, алғаш рет адам тәрбиешісі мамандығы пайда болды. Тәрбиеші мамандығы кейін мұғалім мамандығана ауысты. Мұғалім мамандығы қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктерін өтеу үшін пайда болған көне мамандықтардың бірі.
А) Ежелгі дәуірдегі педагогикалық мамандық және мектеп ісінің дамуы
Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады. Алғашқы мұғалімдер қызметін ақсақалдар, тәрбиелі адамдар атқарды.
Мектептің әлеуемттік институт ретінде пайда болуы және дамуына мәдениеттің дамуы (жазу, санаудың пайда болуы) ықпал етті.
Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі.Алғашқы мектептер ежелгі шығыс елдерінде – Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда болды. Бұл елдерде арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының негіздері пайда болды.
Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды. Сондықтан отбасындағы әке беделі жоғары болды. Әке өзінің мамандығына баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.
Білім алу көп еңбекті талап етті. Мектептегі сабақтар таңертеңнен кешке дейін жүргізілді. Тыңдамағандарды қатаң жазалады. Білім алу тек ауқатты адамдардың балалары үшін ғана мүмкін болды.
Ежелгі Египетте төмендегідей мектеп түрлері болды:
1. Отбасылық мектептер
2. Храм жанындағы мектептер
3. Патша сарайы жанындағы мектептер
4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері
Ежелгі өркениет орталықтарының тал бесігі болған мемлекеттің бірі –Греция. Ежелгі Грецияда білім беру ісі бір жүйеге келтіріліп, баланы оқыту ісімен айналысатын арнайы педагогтар қызмет етті. Педагог сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Грек тілінде Paidos - бала, ago - жетелеу сөзі, яғни баланы жетелеуші, баланы өмірге дайындаушы, тәрбиелеуші деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз алғашында грек қоғамындағы ауқатты құл иеленушілердің баласын қарайтын құлдарға қатысты айтылып, кейін бұл ұғымның мағынасы кеңейіп, қазіргі уақытта барлық мұғалімдерге қатысты қолданылады.
Ежелгі Греция жерінде білім беру жүйесі бірнеше деңгейлерден тұрған.
Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер, яғни Мусикалық мектептер және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7-16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12-16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби және музыкалық білім берілді.
Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды. Бастауыш білімді алу барысында оқушылар кифаристер мектебіне де барып жүрген. Кифаристер мектебі – бұл өнер мектебі. Оқушыларды музыка, би, ән айту өнеріне үйреткен.
Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимнасияға өтті. Б.з.б.V- ІV Афиныдамынадай гимнасиялар жұмыс істеді - Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16-18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.
Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі – эфебия болды. Онда 18-20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушыларды, әскери істі үйретті.
Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.
Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушылардың атауы әр түрлі болды, оларды келесідей атады:
Пайданомдар- балалардың алғашқы тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.
Педагогтар- баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.
Педотриб – палестра мектебі мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы.
Ежелгі өркениет орталықтарының бірі – ежелгі Рим. Б.з.б. 2 ғасырда Рим Жерорта теңізі жағалауындағы елдерді жаулап, ол жерлерде мәдениет, ғылым, өнерді дамытуға ықпал етті. Ежелгі Римде мектеп ісінің дамуын императордың өзі бақылап отырды. Юлий Цезарь тұсында мұғалімдер мемлекеттік қызметкер атағын алып, мемлекеттен жалақы алып отырды. Ежелгі Рим жерінде грамматикалық және риторикалық мектептер тарады.
Грамматикалық мектептерде 11-15жастағы ұлдар оқытылды.Оларға гуманитарлық білім берілді. Бұл мектептің мұғалімдерін грамматиктер, литераторлар деп атады.
Ал, риторикалық мектептер – шешендік өнер мектебі. Оған 13-19 жастағы ұлдар қабылданып, жалпы гуманитарлық білім берілді. Бұл мектеп мемлекет үшін қызмет ететін шенеуліктерді дайындады, оған тек ақсүйектердің балаларын ғана қабылдады. Риторикалық мектеп мұғалімдерін риторлар деп атады.
В) Орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы
Орта ғасырларда білім беру ісінің дамуы батыс және шығыс өркениеттерде әр түрлі деңгейде болды. Батыс елдерінде христиан шіркеуі мемлекеттік істерге араласып, діни тәрбие жүргізілді. Дін өз ықпалын жоғалтып алмау үшін ғылым ісінің дамуына шектеу қойып отырды.
Орта ғасырларда батыс елдерінде келесідей мектептің типтері болды: монастрлік, соборлық, приходтық. Бұл мектептерде мұғалім қызметін монахтар атқарады. Білім беру ісі адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларына байланысты, таптық сипатта болды. Оқыту жекелей, топтық оқыту арқылы іске асты. Мұғалім әрқашанда оқушыдан жоғары тұрды. Сабақ беру барысында оқушылар қателік жасаған жағдайда оларды жазалауға да жол берілді. Шіркеулік мектептерде жеті еркін өнер деген пәндер жүйесі оқытылды. Ол екі бөліктен тұрды: тривиум пәндері, оған грамматика, диалектика, риторика пәндері кірсе,квадривиум пәндеріне арифметика, геометрия, астрономия, музыка кірді.
Орта ғасырлық қоғамда серілік (рыцарьлық) тәрбие ерекше орынды алды. Сері атағын алу үшін 7 жастан 21 жасқа дейін әр түрлі білімдерді игеру қажет болды. Серілік мектебі Жеті серілік игіліктерден құралды: өлең құрастырып, ән айту, шахмат ойнай алу, қылыштасу, аң аулау, найза, қылыш, қалқан ұстай алу, жүзу, ат құлағында ойнау сияқты жауынгерге қажетті іскерліктерді меңгеруі тиіс еді. Сері тәрбиесімен феодал және оның әйелі айналысты. 21 жасқа толғанда арнайы сынақтан өтіп, өз атағын алуы тиіс болды.
ХІІІ ғасырдан бастап еуропа жерінде алғашқы жоғары оқу орындары пайда болды (Оксфорд, Кембридж, Сарбона және т.б. университеттер). Орта ғасырлық университетте дін, медицина, заң факультеттері жұмыс істеді.
Орта ғасырлардың соңына қарай қоғамның, сауда ісі мен қолөнердің дамуына байланысты діни сипатағы білім адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан мектептің жаңа типтері - қала мектептері пайда болды. Қала мектептеріне шеберханалық және гильдейлік мектептер бірікті. Шеберханалық мектептер қолөнершілерді дайындап, онда мұғалім қызметін шебер атқарды. Ал гильдейлік мектептер сауда ісімен айналысушыларды дайындады.
Шығыс қоғамында білім мен ғылым ісінің дамуына жақсы көңіл бөлінді. Орта ғасырлық шығыс елдерінде ғылымның әр саласы дамып жетілді. Әсіресе, математика, геометрия, физика, астрономия, география, медицина, биология, философия, тарих, тіл және т.б. салалары дамыды. Шығыс қоғамында да діни сипаттағы білім беру мекемелері болды. Бірақ дін ғылымның дамуына батыс қоғамындағыдай шектеу қоймады.
Қазақстан жерінде мектеп қызметін медреселер атқарды. Қазақстан жерінде мұғалімдік қызметпен орта ғасырларда молдалар, ишандар, ақсақалдар, тәжі рибелі оқыған адамадар айналысты. Қазақстан жерінде де басқа мемлекеттердегідей білім беру ісі жолға қойылып, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Оған қазақ жерінен табылған әр түрлі археологиялық ескерткіштер дәлел болады (Отырар кітапханасы, ескі қала орындары, көне кітаптар, ғалымдардың еңбектері т.с.с.).
С) Жаңа дәуір мен қазіргі заманғы білім беру ісінің дамуы
Капитализм дәуірінде мұғалім мамандығы бұқаралық мамандыққа айналды. Яғни, арнайы білімі бар кез-келген адамның мұғалім болуына мүмкіндік жасалды. ХVІІ ғасырда педагогика ғылымы философилық ғылымдар жүйесінен бөлініп шығып, өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика ғылымының негізін салушы чех педагогы - Ян Амос Коменский. Я.А. Коменский педагогика ғылымын жеке ғылым ретінде дәледеп, оның теориялық негіздерін жасады. Кейін оның ісін белгілі педагогтар И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, И.Гербарт, Дж. Локк, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, А.С.Макренко, В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. жалғастырды.
ХVІІІ ғасырдың соңында Ресейде педагогикалық білім берудің пайда болуына және дамуына байланысты мұғалім мамандығына қойылатын кәсіби талаптар жүйесі анықталды. Ресейдегі алғашқы мұғалімдер даярлайтын оқу орны 1779 жылы Мәскеу университеті жанынан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария бастауыш пән мұғалімдерін дайындады.
1804 жылы алғашқы педагогикалық университет ашылды. ХІХ ғасырда арнайы білім алған мұғалімдер қызмет жасай бастады. Олар ауқатты адамдардың үйлерінде және медрселерде бала оқыту ісімен айналысты.
Қазақстан жерінде жаңа дәуірде мектеп ісі біршама қарқынды дамыды. Әсіресе, ХІХ ғасырда елімізде ағартушылық идеялардың кең таралуына байланысты және Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде мектептер ашылып, халықты сауаттандыру ісі жолға қойылды (орыс тіліндегі мектептер негізінде). Ресей империясының орыс тілдік мектептерінде елді басқаруға көмектесетін төменгі буын басшыларын дайындайтын мамандарды, тілмаштарды әзірлеуге көңіл бөлді. Сонымен бірге, қазақ тілінде және аралас тілде оқытытатын мектептер де болды. Мысалы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Торғай жерінде ашқан мектептері қазақ және орыс тілінде сабақ берді. Бұл мектекптерде мұғалімдік қызметті Ресейлік мұғалімдер даярлайтын семинарияларды аяқтаған мамандар және сауатты, білімді мамандар атқарды.
Қазақ жерінде, сонымен бірге, діни сипатта оқытатын медереселер де кең тарады. Бұл мектептер тек дін сабақтарын оқумен ғана шектеліп қалмады. Олар зайырлы пәндерді де оқытып, балаларды шығыс және батыс өркениетінің жетістіктерімен таныстырды.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстан жерінде жоғары оқу орындар ашыла бастады. Алғашқы мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында ашылды - Киров атындағы педагогикалық институт (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz