Саңырауқұлақ аурулары туралы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Саңырауқұлақ аурулары

Пероноспороз. Ауру қоздырғышы Peronospora aestivalis Syd. саңырауқұлағы. Қоздырғыш эндофитті дамиды. Конидия тасушылары мен конидиялары устьица арқылы сыртқа шығып өңез түзеді. Конидия тасушылар дихотомиялы бұтақталып, соңғы бұтақтары бұрышталып тік немесе сәл иіліп орналасады. Конидиялары қоңыр түсті, эллипс тәрізді, көлемі 16-37 х 9-27 мкм.

Аурудың алғашқы белгілері ерте көктемде білінеді. Залалдану екі түрлі - диффузды жөне жергілікті болады. Диффузды залалдануда өсімдіктердің өсуі саябырлап, жапырақтары хлорозданып, төмен қарай ширатылады да, астыңғы бетінде қалың қоңыр-күлгін өңез пайда болады. Ауырған өсімдіктер көбінесе ергежейленіп, гүлдемей біртіндеп құрайды.

Аурудың жергілікті түрінде жапырақтың үстіңгі бетінде жайылған сарғыш немесе ақшыл дақтар пайда болып, ал астыңғы бетінде күлгін-сұр өңез түзіледі. Залалданған жапырақтар мезгілінен бұрын қурап, түсіп қалады.

Ооспоралар ұлпа ішінде түзіліп, қыстап шығады. Көктемде өсімдік алғаш ооспоралармен залалданып, ал жаз бойы саңырауқұлақ конидиялармен тарайды. Ауру 90-100% ылғалдылықта, 15-26°С температурада жақсы дамиды. Аурудың қоры залалданған өсімдік қалдықтарында сақталатын жіпшумақ пен ооспоралар.

Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы Erysiphe Grev. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың әртүрлі өсімдікке бейімделген арнайы формалары бар: жоңышқада - Е. f. medicaging, эспарцетге -E. f. onobrichidis, бедеде - Е. f. trifolii. Орта Азияда жоңышканың ақ ңтақ ауруын Leveillula taurica Arn. f. medicaging. Jacz саңырауқұлақтары қоздырады. Аталған саңырауқұлақтың екі түрі де өсімдіктің вегетация кезеңінде қарапайым конидия тасушыларда тізбектелген конидиялар түзеді. Конидиялар эллипс немесе бөшке тәрізді, көлемі 27-33 < 14-17 мкм. Жаз бойы конидиялардың бірнеше ұрпағы түзіліп, ауруды таратады.

Өңез үстінде түзілген клейстотецийлердің пішіні шар тәрізді, диаметрі 100-125 мкм қарапайым қосымшалары бар. Әр клейстотецийде 4-8 қалта, әр қалтада көлемі 23-33 х 14-17 мкм 4-6 калтаспора болады.

L. taurica саңырауқұлағының жіпшумағы алғаш эндофитті, клетка аралығымен таралып, конидия тасушылары устьицадан сыртқа шығады. Конидия тасушының негізінен жіңішке жіпшелер жайылып өсіп, залалданған мүшелерде тығыз, киізді өңез түзіледі. Клейстотецийдің жоғарғы бөлігі сөл басылған, ішіндегі 8-36 қалталардың әрқайсысында көлемі 28-32 х 14-22 мкм екі қалтаспорадан орналасады.

Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарындағы клейстотеций түрінде кыстап, шығып, алғашқы залалдану аскоспора арқылы өтеді. Қоздырғыш кейде жіпшумақ түрінде қыстап шығып, көктемде бірден жыныссыз споралар (конидиялар) түзеді.

Кесел белгісі жаздың екінші жартысында залалданған мүшелерде ақ ұнтақты өңез түрінде біліне бастайды. Өңезде кейін кара нүкте тәрізді клейстотецийлер түзіледі.

Қоңыр дақ . Ауру қоздырғышы жоңышқада Pseudopeziza medicagins. Fcke, бедеде Ps. trifolli. саңырауқұлақтары потецийдегі қалталар цилиндр тәрізді, жіпше пішінді, парафиздермен қоршалған, олар кейде қалтадан ұзын болады. Аскоспоралар бір клеткалы, түссіз, сопақша немесе жұмыртқа тәрізді. Әр қалтада 8 аскоспорадан орналасады. Ауа райы қоңыржай аймақтарда саңырауқұлақ екі, ал оңтүстікте 3-4 ұрпақ береді.

Залалданған жапырақ бетінде шашыраңқы орналасқан, айқын көрінетін дөңгелек, шеті иректелген, диаметрі 1-3 мм қоңыр дақтар пайда болады. Дақ үстінде майда, түсі қоңыр, дөңгелек апотецийлер дөңес түрінде көрінеді. Апотецийлер жетіле келе ашылып, табақша пішінін алады. Сабақтағы дақтардың пішіні сопақша, көлемі 4-5 х 2-3 мкм.

Тұқымдық жоңышқаның бұршағы түзілу кезіндё ауру катты дамып, өсімдіктің өсуі саябырлап, бұршақтары аз байланып жапырақтары, гүлдері, түйіндері, бұршақтары түсіп қалады.

Рs. medicagins саңырауқұлағының жыныссыз пикноспоралары пикнидаларда түзіледі. Соңғылары қыстап, көктемде пикноспоралар жоңышқаны залалдауы мүмкін. Ылғалды және жылы ауа райы аурудың дамуына ықпалын тигізеді. Ауру қоры - өсімдік калдығы мен аңызда қыстап шығатын апотецийлер.

Сары дақ. Ауру қоздырғышы Sporonema phacidiodes Desm. саңырауқұлағы. Конидия тасушылары мен конидиялары түссіз, бір клеткалы, көлемі 5-9 х 2-4 мкм. Кейбір деректер бойынша бұл саңырауқұлақтың қалталы кезеңі Pseudopeziza jonesii Nan. Казақстанда саңырауқұлақтың тек конидиялы кезеңі дамиды. Пикнидалар қыстап шығып, жаз бойы ауру пиконспоралармен таралады. Қолайлы жағдайда (60-80% ылғалдылық, 20-25°С температура) ауру қысқа мерзімде (3-5 күн) дамып, тез таралып, жас жапырақтарды залалдайды. Жылы қыс, ылғалды көктем, жаздағы мол шық аурудың қарқыңды дамуына әсерін тигізеді. Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында қыстайды.

Өсімдіктің алғаш төменгі, кейін жоғарғы жапырақтарында сарғыш хлорозды, жайылған дақтар пайда болады. Дақ бетінде майда қара пикнидалар түзіледі де жапырақтар қурап, түсіп қалады.

Тат. Жоңышқа татының қоздыршшы Uromyces striatus Schr. саңырауқұлағы. Қоздырғыш әр иелі, толық циклды дамитын паразит. Урединиоспоралары бір клеткалы, пішіні шар тәрізді, түсі ашық-қоңыр, қабығы бұдырлы, 4 өнгіш саңылаулы бар. Телиоспоралары домалақтау кейде эллипс тәрізді, түссіз қысқа сабаққа орналасқан бір клеткалы, қабығы айқын, төбесінде өнгіш саңылаулары болады. Қоздырғыштың аралық иесі - сүттіген. Телиоспоралары мен урединий жіпшелері өсімдік қалдықтарында, ал сүттігенде эций жіпшелері қыстайды.

Беде татының қоздыршшы U. fallens Kern. саңырауқұлағы. Қоздырғыш бір иелі паразит. Спермагонийлары қызыл-қоңыр түсті, пішіні сопақша, эцийлері табақша тәріздә, эциоспоралары көп бұрышты кейде дөңгелек. Урединиоспоралары дөңгелек немесе эллицс тәрізді, диаметрі 20-25 мкм, қабығы сары, тікенекті, 3-4 өнгіші саңылаулы болады. Телиоспоралары дөңгелек жұмыртқа тәрізді, қалың қабықты, түсі сары-қоңыр түссіз сабаққа орналасқан төбесінде өнгіш саңылаулары бар.

Ауру белгісі жапырақта, сабақта қоңыр ұнтақталған бөртпе түрінде білінеді. Телиоспоралар қыстап шығып көктемде ауруды таратады.

Эспарцет татының қоздыршшы U. onobrychis Lev . саңырауқұлағы. Қоздырғыштың даму циклында тек урединий кезеңі болады. Урединиоспоралары мен жіпшумақтары өсімдік қалдықтарында қыстайды Ұзаққа созылған қыс пен салқын көктем және жаздағы жиі жаңбыр аурудың дамуына әсерін тигізеді.

Жаздың бастапқы кезінде жапырақ бетінде майда, ұнтақталған, қоңыр татты бөртпелер пайда болады. Ауру қатты дамығанда бөртпелер қосылып жапырақ бетінің едәуір бөлігін алады. Өсімдіктің гүл сағағы және бұршактары да залалданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
Саңырауқұлақ аурулары
Саңырауқұлақтардың жыныстық споратасушысы
Алматы облысының табиғи климат жағдайы
Өсімдік ауруы
Терінің құрылысы, қызметі, маңызы және тері аурулары
Тары дақылы
Жоңышқа
Дәнді дақылдардың аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz