Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың психологиялық мәселелері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сәбилік кезеңдегі бала психикасын дамытудың психологиялық мәселелері

Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Сәбилік жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б. Гудинаф өзінің еңбектерінде сәбилік жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы – сәбилік (3 жас) жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге сәбилік аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі (1 жасқа толғанда) баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға тұсау кесу дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол сәбилік жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Сәбилік психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызу не үй салу т. б.). Бұл сәбиліктер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер сәбилік психологиясының дамуына алкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде сәбиліктер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнесі екеніне мән бере алмайды.
Сәбилік жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тәрелкеге ас салып, қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойыншық ұсынсаң ол одан бас тартып, бұл қыз балалардың қызметіне қатысты, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, осы менің атым жүгіретіні кездеседі. Ойынға қатысушылар аю ойыншығы нағыз аюдың өзі емес екенін, ал таяқтың ат емес екенін өздері де жақсы біледі. Бұл сұраққа өздері былай жауап береді: Біз әншейін ермек үшін ойнаймыз – деп жауап береді. Ал осындай ойындағы заттарды (ойыншықтарды) өзге заттың символы (не белгісі) деп түсіну сәбиліктердің фантазиясын, ой-өрісін дамытуға едәуір пайдасын тигізеді.
Сәбилік психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осы кезден бастап сөздерден сөйлем құрастыра бастайды. Сәбилік 3 жасқа жеткенде 1200 – 1500 сөз біледі (осыған сәйкес 150 – 20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін). К. Чутовский өзінің Үштен беске дейін атты кітабында сәбиліктер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап керсеткен болатын. Оның ойынша сәбиліктер тіпті ана тілінде кездеспейтін (бұрын айтып көрмеген) жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі сәбилік әлі қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі сәбиліктің қабылдауы мен елестетуіне тоқталайық. Сәбилік жасының бас кезінде (1,5-2 жаста) бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Сәбилік әуелгі кезде заттың тек бір қасиетіне, не білгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, сәбилік торғай сөзді естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұшастырады да бұдан соң торғай деген сөзді естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп айтатын болған. Себебі торғайдың бейнесін сәбилік әлі тұтас ажырата алмайды. Сол сияқты сәбилік танысының суретін көргенде оның көшірмесі (бейнесі) демей, сол адамның өзі деп түсінеді. Себебі сол адамды ол танитын болғанымен, оның тек бір мүшесін (мұрнын, не шашы мен көзін) есте қалдырған. Ал сәбиліктің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, өңімен, түсімен т. б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Сәбилік жасының бастапқы кезінде тиісті зат жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділерінде, не кездейсоқ жағына мән беруге негізделеді. Сәбилік жасының аяқ кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Баланың психикасының дамуы
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Балалар психологиясындағы жаңатарау
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Пәндер