Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 371.13 Қолжазба құқығында

ЖАРБОЛОВА САУЛЕ ТРАРҚЫЗЫ

Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді
даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары

13.00.08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі

педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2009

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Қазмағамбетов А.Г.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Жолдасбекова С.А.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Садуова Ж.Н.


Жетекші ұйым: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру
академиясы.

Қорғау 2009 жылы ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­­­______________сағат_____ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығының Кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кітапхана.

Автореферат 2009 жылы ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­­­______________таратылды.

Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Беркімбаев К.М.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу – мемлекеттің рухани және мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне тікелей байланысты. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев ... білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бойда ұстар тұсында боладың деп мемлекет тағдыры мен кәсіби білікті де құзіретті мамандар даярлауды негізгі басымдықтар деп қатар қояды. Жоғары кәсіптік білім беруді интеграциялау процесін жүйелеу әрі жетілдіру мақсатында өзге мемлекеттерде де маңызды қадамдар жасалуда. Лиссабон конвенциясы, Сорбонна және Болонья декларациясында қабылданған шешімдер осының айғағы. Декларацияда: Біз жоғары білімге деген теңдесі жоқ сұраныстың куәсі болып отырмыз, себебі оның әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамудағы маңызын, сондай-ақ жаңа білім, дағды, біліктілікті және идеяларды меңгерген жас ұрпақтың болашақты жасаудағы шешуші маңызын үлкен сезіммен мойындаймызң - деп атап көрсетілген. Болон декларациясының білім беруге қойған негізгі мақсаттарының бірі – оның сапасын қамтамасыз ету...ң - деп нақтыланған. Осы орайда, елімізде де білім беру жүйесін реформалау бағытында ауқымды істер жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде елімізде көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін жасап, оны әлемдік деңгейге көтеруде.
Кәсіби педагогикалық білім берудің көп деңгейлі құрылымының икемділігі мен вариативтілігінің сипаттамасы – кез-келген білім алушыға белгілі бір деңгейге жеткенде оны тоқтатуға, ал сонан кейін осындай бейіндегі кез-келген жоғары оқу орнында келесі деңгейде білім алуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Көп деңгейлі құрылымды енгізуге байланысты педагогикалық білім берудің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі оның мазмұнын тереңдете отырып жаңарту болып табылады. 12-жылдық мектептің мұғалімін даярлау жоғары оқу орындарының алдына күрделі міндеттер қояды.
Мұғалімнің кәсіптік даярлығы орта немесе жоғары оқу орнының қабырғасында бітпейтінін классикалық педагогика теориясында дәлелденген, ол оның кәсіптік қызметінің барлық кезеңінің барысында жалғастырылады. Мұғалімнің кәсіптік білімінің үздіксіздігі оның шығармашылық қабілеттерін дамытудың қажетті алғы шарты, жеке тәжірибесін ұдайы дамытудың шарты. Ең бастысы, ол өзінің іс-әрекетін оқушы танымдық қызметтің объектісі емес, субъектісі болып табылатын оқыту процесіне бағытталған, қазіргі дидактикада айқындалған үрдістерге сәйкес кәсіби білікті педагогты қалыптастыруға тиіс. Бұл жерде басымдық іс-әрекеттің дербес түрлеріне, болашақ мұғалімдердің ақпаратты іздестіру, өңдеу, ой елегінен өткізу және қолдану жөніндегі жеке белсенділігіне берілуге тиісті. Жалпы педагогикалық білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдірудің, мұғалімдер даярлаудың сапасын арттырудың міндеттерін шешу өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы білім саласында қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білім тұрғысынан маманның кәсіби білім жүйесін жетілдіру бағыттарында зерттеулер кең өріс алуда. Ғылыми-теориялық және практикалық бағытта болашақ мамандарды дайындау әр деңгейлерде зерттелуде:
- үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінің теориялық, әдіснамалық, диагностикалық функциялары (В.И.Горовая, В.А.Кузнецова, К.С.Мусин, В.А.Козырев, Д.В.Чернилевский, О.К.Филатов, С.Е.Чакликова, Д.М. Казакбаева, Б.С.Гершунский, В.Н.Загвязинский, Т.А.Кишкашбаев, Б.К.Момынбаев);
- кәсіби мұғалім даярлаудың теориялық-әдіснамалық (В.А.Якунин, И.Я.Лернер, Л.Г.Семушина, М.К.Курманов, Н.Д.Хмель, Л.К.Керимов, М.С.Молдабекова, О.Мұсабеков, Н. Көшекбаев, Қ.Е.Ералин, С.А.Жолдасбекова, С.М.Кеңесбаев, Ж.К.Оңалбек, Б.Д.Сыдықов және т.б.);
- кәсіби бағыттылық (Г.М.Афонина, С.Б.Елканов, М.И.Станкин, А.К.Рысбаева, Б.Г.Сарсенбаева, А.П.Сейтешов, А.Ж.Абдукаримова);
-кәсіби педагогикалық білімдендіруді технологиялық дамыту (А.М.Радьков, В.П.Беспалько, Ж.А.Қараев, Н.Ф.Талызина, М.М.Жанпейсова, Ж.У.Кобдикова);
-кәсіби-тұлғалық психологиялық ерекшеліктері (В.Н.Мясищев, В.Д.Шадриков, Б.Г.Ананьев, А.А.Леонтьев);
- кәсіби білімдендірудің моделін жетілдіру (М.М.Скаткин, Г.С.Симухин, Т.С.Садыков, Л.Г.Семушина, С.А.Абдыманапов);
- гуманистік (А.А.Бейсембаева, С. Курманбаев);
- кәсіби тілдік қатысымдық деңгей (У.И.Копжасарова, М.Р.Кондубаева, А.Б.Насырова, Г.О.Рахимбекова, Ж.М.Абдильдин, Ф.Ш.Оразбаева);
- кәсіби-тұлғалық дамуын диагностикалау (Братусь Б.С., Е.А.Климов, И.В.Еськова, Ш.М.Каланова, В.К.Бишимбаев).
Кәсіби білім берудегі әлеуметтік қажеттіліктердің өзгеруі ғылыми мазмұнның күрделенуіне ықпал жасап отырғандықтан үздіксіз көп деңгейлі білім жүйесінде кәсіби қызметті біліктілікпен жүзеге асыратын маманды кәсіби тұрғыдан даярлаудың теориялық негіздерінің жеткіліксіздігі, практикалық тұрғыдан әлеуметтік сұраныстың арасындағы үйлесімсіздік арасында қарама-қайшылық туындап отыр.
Осы қарама-қайшылықтар диссертациялық зерттеуде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіру үдерісінің ұйымдастыру-технологиялық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырылуы тиіс екендігін білдіреді және біздің зерттеу проблемамызды айқындап, “Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары” деген тақырыпты таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты. Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттарын теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру, тәжірибелік-экспериментте тексеріп, қорытындысын шығарып, ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Зерттеудің нысаны. Болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби даярлық үдерісі.
Зерттеудің пәні: Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің теориялық негіздері мен педагогикалық шарттары айқындалып, болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық даралығын дамытуда педагогикалық технология жүйесі жетілдірілсе, онда студенттердің білімі, біліктілігі, дағдысы, кәсіби біліктілігі жетіле түседі, өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғам талабы.
Зерттеудің міндеттері:
– үздіксіз білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті мұғалім тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздеу және мәнін анықтау;
– болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық даярлығын жетілдірудің әдістемелік мүмкіншіліктерін айқындау;
– болашақ мұғалімдерді дайындауды жетілдірудің функциональдық-құрылымдық нобайын жасап, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлерін анықтау;
– үздіксіз білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттарын айқындау;
– үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіруде ұсынылған технологияның нәтижесін тәжірибелік-экспериментте тексеру және тәжірибеге ендіру, жұмыстың нәтижесін қорытындылау, ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.
Жетекші идея. Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттарын анықтау студенттердің кәсіби өмірдегі белсенділігінің жоғары болып, кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Үздіксіз білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, оқыту әдістемесі мен теориясы, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік қағидаларын жасауда кәсіби оқыту үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми принциптері, сонымен бірге кәсіпқойлық, оның бәсекеге қабілетті және кәсіби толысқан маман болып қалыптасуындағы рөлі туралы; іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық және профессиографиялық теориясы туралы; проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.
Зерттеу көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіру саласындағы ғылыми еңбектері.
Зерттеу әдістері. Белгіленген проблеманы шешу мақсатында әдістер кешені сарапталып, жүйеленді. Әдістер кешеніне: теориялық талдау (салыстырмалы – салғастырмалы, ретроспективті – перспективті моделдеу); диогностикалық (тестілеу); обсервациялық (тура, жанама, сырттан енгізілген бақылау); праксиметриялық (іс-әрекет нәтижесін бағалау, кәсіби іс-әрекетті зерттеу мен қорытындылау); эксперименттік (пилотаждың өзгермелі) түрлері; мәліметтерді статистикалық жолмен өңдеу, нәтижелерді табулярлық–графикалық жолмен бейнелеу әдістерін қолдану.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және тоериялық мәнділігі:
– үздіксіз білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті мұғалім тұлғасын қалыптастыру ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді және мәні ашып көрсетілді;
– болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық даярлығын жетілдірудің әдістемелік мүмкіншіліктері айқындалды;
– болашақ мұғалімдерді дайындауды жетілдірудің функциональдық-құрылымдық нобайы жасалды, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері анықталды;
– үздіксіз білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттары айқындалды;
– үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіруде ұсынылған технологияның нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексерілді және тәжірибеге ендірілді, жұмыстың нәтижесі қорытындыланып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Кәсіби даярлықтың мақсаты мен күтілетін нәтижесі, педагогикалық кәсіптің мәні мен маңызын түсіну және кәсіпке деген тұрақты қызығушылықтың негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіптік педагогикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруі мен кәсіби қабілеттіліктерін деңгейлі дамытуда педагогикалық технология жүйесі мен компьютерлік педагогикалық тест технологиясын пайдалану болып табылады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бейімділігі кәсіби-тұлғалық дамуының реттеуші жүйесі деп танылып, соған байланысты арнайы мамандардың кәсіби бейімділігі мен қабілеттілігін анықтауға компьютерлік тестік бағдрламасы жасалынды. Кәсіби бейімділікті жүйелі басқара отырып, мұғалімдерін кәсіби білімін өздігінен үнемі жетілдіріп отыруға машықтандыру, кәсіби білімін шыңдандыруға педагогикалық технологиялар мақсатты жүйеленді, нысанаға - үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінің екінші сатысы – магистратурада кәсіби шеберлігін ғылыммен ұштастырып жалғастыруға бағдарлау, ынталандыру.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
– үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті мұғалім тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері;
– болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық даярлығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік мүмкіншіліктері;
– болашақ мұғалімдерді дайындауды жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық нобайы, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері;
– студенттерді үздіксіз көпдеңгейлі білім беру жүйесінде даярлауды жетілдіруді нақты педагогикалық шарттар арқылы (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік) жүзеге асырылады: мазмұндық– тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалады; ұйымдастырушылық– оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды пайдаланумен айқындалады; әдістемелік – тәжірибелік тұрғыда негізделген жұмыстары;
– болашақ мұғалімдерді үздіксіз көпдеңгейлі білім беру жүйесінде даярлауды жетілдіруде оқу материалдары және кешенді түрде (оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар) қамтамасыздандырылуы болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысын, біліктілігін арттырады.
Зерттеудің кезеңдері:
Алғашқы кезенде (2002-2003 жж.) жоғары кәсіби білім беру теориясының зерттелу деңгейі қарастырылды; болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастырудағы жоғары оқу орындарының тәжірибесімен танысу әрекеті, зерттеудің бастапқы сараптық жабдықтары, жас мұғалімдердің кәсіби сапалық деңгейі, даярлауды жетілдіруң ұғымы сарапталды.
Екінші кезеңде (2004-2005 жж.) болашақ мұғалімдерінің мамандықты меңгеруді қамтамасыз ету теориялық және эксперименттік жолмен зерттелді; алынған ғылыми идеялар мен технологиялық шешімдерді жоғары кәсіби білім беру жүйесіне тартудың педагогикалық шарттары анықталды.
Үшінші кезеңде (2006-2008 жж.) проблеманы салыстыра, салғастыра талдау жүзеге асты, жоғары оқу орындарының кәсіби білім берудегі озық тәжірибелері зерттелді, мұғалімнің моделінің жасалуы, зерттеудің болжамы мен бағдарламасын дәлелдеді; тәжірибелік–эксперименттік тексеру үшін пайдаланылған психологиялық – педагогикалық жабдықтар өңдеп–жетілдірілді, зерттеудің барысы мен нәтижелеріне қайтара мән беріліп зерттелді; негізгі идеялар мен қағидалар тәжірибеден өткізілді. Теориялық және тәжірибелік тексеру жұмыстарының нәтижелері жүйеленіп, тұтас зерттеу бойынша қорытындылар шығарылды және әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, Қызылорда Гуманитарлық университетінде жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: Зерттеліп отырған тақырып бойынша негізгі идеялары мен тәжірибелік – эксперименттік жұмыс нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми – теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, кеңестер мен оқуларда мақұлданды. Зерттеу нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қызылорда Гуманитарлық университетінде оқу үдерісінің практикасына ендірілді.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің нысаны, пәні, ғылыми болжамы, мақсаттары, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру) сипаттама берілді.
Болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негізің деп аталатын бірінші бөлімде болашақ мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуының әдіснамасы айқындалып, мәнділігі мен мазмұны ашылды; жас мұғалімдердің профессиограммасына талдау жүргізілді, үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік кәсіби-педагогикалық білім стандарты негізінде болашақ мұғалімнің қалыптасуы, дамуы, мазмұны, құрылымы құрамының моделі қарастырылды.
Үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің педагогикалық шарттарың атты екінші бөлімде мұғалімдерінің қалыптасуы мен дамуында білім жүйесі бойынша білім беру мақсатының, мазмұнының, тәжірибелік–эксперименттік технологиясының сынақтан өтуі негізделді; оны қолдану тиімділігінің параметрлері мен көрсеткіш анықтамалары қарастырылды, тәжірибелік– сараптамалық жұмыс нәтижелері келтірілді және талдау жүргізілді; болашақ мұғалімдерді даярлау тәжірибесі арқылы оның динамикасы тексерілді; тәжірибелік–эксперименттік жұмыстардың нәтижелері мазмұндалып, сарапталды; үздіксіз көп деңгей білім беру жүйесінде зерттеу проблемасы сындарлы жолмен шешудің педагогикалық шарттары мен механизмдері, жетекші үрдістер анықталды, жүйеленіп, қорытындыланды.
Қорытындыда зерттеудің теориялық қолданбалы, практикалық нәтижелері түйінделді, қорғауға ұсынылған тұжырымдардың ақиқаттығын дәлелдейтін және гипотезаны растайтын негізгі қорытындылар мазмұндалды.
Қосымшада алғашқы зерттеу материалдары, ізденушінің болашақ мұғалімнің кәсіби бейімділігін бағалап, оқу процесінде кәсіби бейімделуді басқару мақсатында даярлаған педагогикалық компьютерлік тест технологиясының бағдарламасы, педагогикалық тест технологиясының анықтамалық сөздігі, болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық дамуына бағдарланған оқу-әдістемелік кешен берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалау жоғары кәсіби педагогикалық білім жүйесінің функционалды-құрылымдық және мазмұндық өзгертілуін талап етеді. Құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде дара тұлғалық бағыттылықта болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің психолого-педагогикалық басылымдарда, үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесі негізінде жобалық семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларда нақтылануда. Кез келген тәжірибе концептуалдық негізге сүйенеді.
Сондықтан, біз зерттеуімізде үздіксіз көп деңгейлі кәсіби педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлаудың концептуалдық негізі деп біз маман даярлаудың көпаспектілі тұжырымдар жүйесінің дамушы және дамымалы білім жүйесінің инновациялық педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелі табысқа бағдарланған өздігінен үздіксіз шығармашылықпен дамушы мұғалім моделін қарастырамыз. Бұл, біріншіден, мұғалімді даярлауды жетілдіру жоғары кәсіби білім беру жүйесінің дамуының кешенді объективті заңдылықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылымдық байланысы, екіншіден, жаңа ғаламдық сұраныс пен талаптарға сай дамушы модель тұлғасын құрастырудың құралы. Өз жұмысымызда үздіксіз кәсіби педагогикалық көп деңгейлі білім беру жүйесінде мұғалім даярлауды жетілдірудің концептуалдық негізінің мазмұны кәсіби деңгейлі (-магистр) маман даярлаудың құрылымына байланыстылығын нақтылайды.
Жас мұғалім жұмысының сәттілігі оны қоғамдық-саяси, жалпы білім беру, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік дайындығымен байланыста болады. Жаңадан келген жас мұғалімдердің дайындық деңгейін анықтау үшін біз төрт этаптан тұратын зерттеу жұмыстарын ғалымдардың зерттеу әдіснамаларын негізге ала отырып жүргіздік:
– мектеп директорларынан сауалнама, сұхбат;
– жас мұғалімдерден сауалнама, сұхбат;
– ата-аналармен сұхбат;
– жас мұғалімдердің оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық тапсырмаларды орындау деректері.
Жас мұғалімдердің кәсіби біліктіліктері мен педагогикалық-психологиялық дайындық деңгейін анықтау мақсатында Қызылорда облыстық Білім жетілдіру институтының әдіскерлерінің көмегімен психолого-педагогикалық тест технологиясын пайдалану арқылы жүргізілді. Бұл іс-шараға мектеп басшылары да қызығушылық танытты. Қала мектеп директорлары бір ауыздан мектептің беделі, бәсекеге лайықты қабілеттілігі, БҰТ нәтижелерінің сапалылығы білікті де білімді жалындаған жас мамандардың үлесіндең деп өз тараптарынан қолдау көрсету нәтижесінде, мынадай мониторинг дайындалды (Кесте 1).
Кестеден көріп отырғандай, жас мұғалімдердің қиындықтары педагогикалық жағдаяттарды шешуде және еңбекке психологиялық дайындық жарамдығың ойландырады. Пән бойынша педагогикалық тестілеуден 62 жас мұғалім қанағаттанарлықсызң деген бағаға тапсыруы - білім сапасының қажеттіліктен төмен деңгейде деп көрсетті. Тестілеуге қатыстырылған жас мұғалімдердің 20 пайызының кәсіби дайындығы өте нашар, себебі неде?ң деп мектеп басшылары да алаңдады.
Бұны тестілеушілерде мақұлдады. Жүргізілген сұхбаттасудан жас мұғалімдер:
– жоғарғы оқу орнында алынған білімді практикада қолдану әдістемесінің жеткіліксіздігі;
– жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылармен (орта және жоғары буын) тіл табысуда қиналуы;
– сыныптан тыс іс-шаралар дайындауда іс-тәжірибенің жетіспеушілігі;
– ата-аналармен қарым-қатынас жасай алмауы;
– техникалық құрал -жабдықтарды сабақта пайдалана білмеуі, үлгермеуі;
– кешенді бұқаралық ақпарат құралын оқу-тәрбие жұмысында байланыстыру қиындығы;
– психологиялық көңіл-қошы деген өзара байланысты кәсіби бейімділік пен біліктіліктің деңгейлерінің төменділігінен қиналатындарын айқындады.

Кесте 1 – Жас мұғалімдердің кәсіби біліктілік мониторингі

Жылдар
Жалпы
саны
Пән бойынша (% )
Кәсіби жағдаяттарды талдау
Психологиялық бағдар
2002-2003
2003-2004
2004-2005
70
118
122
3, 16
3, 70
3, 15
2, 17
3, 28
3, 38
3, 20
3, 26
3, 29

310
3, 33
3, 14
3, 25
Зерттеу жұмысымыз көрсеткен жас мұғалімнің кәсіби біліктілікті танытуға кедергі келтіретін факторларына:
– ата-аналармен жұмыс жасауда – 50%
– сабақ беру әдістемесінде – 43, 4%
– оқуда жекеше әдістемені іске асыруда - 60%
–сабақта тәртіпті сақтауда - 10%
– ұжымның және әр оқушының жұмысын бақылау шеберлігінде – 16, 9%
– сынып назарын қадағалау шеберлігінде - 10%
– сынып және мектеп құжаттарын дайындауда - 10%
– оқушылармен қарым-қатынас жасауда - 16%
– оқытатын пән теориясын білуінде – 3, 3%
– оқу мен тәрбиелеудің болашақ мақсаттарын анықтауда – 3, 3%
– оқу материалын түсінікті жеткізуде – 6, 8%
Сонымен қатар сұралған жас мұғалімдерінің 22% еңбектің әлеуметтік - психологиялық жағдайына (не әріптестермен, не әкімшілікпен, не оқушылармен қарым-қатынасына, не педагогикалық ұжымдағы орны мен оның климаты) мүлдем риза еместігін білдірді. Көптеген жас мұғалімдер жанында аяушылықпен қарайтын жетекші, жақсы адам, әдіскер-ақылшы болғанды жөн көретінін жазды. Жаңадан келген жас мұғалімдердің 13% жетекшісі бар.
Әріптестер мен мектеп әкімшілігі жұмысыңызға назар аудара ма?ң деген сұраққа келесі жауаптар берілді:
- иә, үнемі - 92%
- кейде - 8%
Кәсіби қызметте қиындықтар кездескен жағдайда жас мұғалімдер көмекті кімнен сұрайды:
- тәжірибесі бар мұғалімдерінен - 60%
- мектеп жетекшілерінен (директордан, оқу ісін меңгерушіден) - 12 %
- әдістемешілерден - 50%
- өздігінше қиындықтарды жеңуге талпынады, соның ішінде арнайы әдебиеттер мен әдістемелік жетекшілерге жүгінеді - 39%
Әкімшілік жас мұғалімдерге қандай көмек түрлерін көрсетеді деген сұраққа берген жауаптар:
- Жеке кеңес - 72 %
- Табыс пен сәтсіздік туралы әңгімелесу - 33%
- Мектеп өмірінен алынған педагогикалық жағдайды талдау - 67%
- Сыныптан тыс ашық іс-шаралар - 29%
- Тәжірибелі сынып жетекшісінің қасына алдыру - 48%
Үздіксіз көп деңгейлі кәсіби педагогикалық білім беруге мемлекеттік стандарттың дәстүрлі бірізді мемлкекеттік педагогикалық маман даярлау стандартымен ғылыми негізге сүйене отырып, салыстыруымыздан мұғалімдерін даярлау стандартын енгізудегі оңтайлы шешімді аңғардық, нақтыласақ:
– мамандықтарға негізделген циклдердің кешендігі, дәстүрлі форма сақталынған;
– циклдердің ара-қатынасы мен көлемі өзгертілген, оқу жүктемесі ықшамдалған, қысқартылған;
– пәндер бойынша бірізділік, сабақтастық принципі;
– көп деңгейлі білім беру жүйесінде кәсіпке дайындау мазмұнының талаптарының өзгеруінен туындаған жаңа пәндердің енгізілуі.
Сонымен қатар, кәсіби педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандартын пайдаланудың бірқатар көлеңкелі тұстары да айқындалды:
- жаңа пәндерді енгізуде қазақстандық ғылымда орнықпаған бірқатар пәндер енгізілген, олар бойынша қалыпты оқулық та, оқу құралдары да жоқ (кәсіби-педагогикалық тілді дамыту, курс Деловое общение).
Біз өз жұмысымызда болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейлі білім беру жүйесінде даярлаудың сапасын арттырудың критерийлерін Н.П.Пучковтың тұжырымдамасына негіздедік. Критерийлердің негізгі нысаны мұғалімдердің кәсіби біліктілік пен білім аясында қажетті сапалардың көрсеткіштерін бейнелеу. Сапалық көрсеткіштер нормативті кәсіби іс-әрекет сипаттамасы мен жалпы кәсіби сәйкестілік деңгейін сараптауға бағытталған. Нормативтік іс-әрекеттер сипаттамасы білім стандартында жалпы негізделіп көрсетілсе, нормативтік кәсіби білім-біліктілік сипаттамасы жеке тұлғаның қатыстылығымен әр-түрлі деңгейде орындалады.
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің білім, біліктілік, шеберлік, құзіреттілік, кәсіби табыстылық деңгейлерін анықтауға жүйелі топтастырылған критерийлер тобын пайдалану қажет екендігін көрсетті. Критерийлер тобының жүйелілігін көрсете отырып, мазмұнын ашуға талпыныс жасалды (Кесте 2):

Кесте 2 – Болашақ мұғалімнің кәсіби білім-біліктілік критерийлер сипаттамасы
Критерийлер
Белгілері
Сипаттамасы
Объектілік

Болашақ мұғалім педагогикалық кәсіп талаптарына қаншалықты сай болса, әлеуметтік тәжіребиеге де соншалықты үлес қосады;
Мұғалімнің кәсіи іс- әрекетінің міндеттерін білім беру жүйесінің талаптарына сай табысты шешу мүмкіндігі;
Субъектілік

Болашақ мұғалімнің кәсіби талаптарды орындауда кәсіби талаптарға қанағаттану табыстылыққа өзін-өзі бағдарлау
Болашақ мұғалімнің нәтижеге бағдарлы кәсіби бағыттылығы кәсіби еңбектің жеткілікті деңгейдегі жоғары табыстылы-ғы кәсіби тұрақытылық бірлігі
Нормативтік
Болашақ мұғалімнің стандартты эталондарын меңгеруінен кәсіби шеберлік деңгейіне талпынуы
Кәсіптік нормаларын игеру арқылы еңбектің өнегелі үлгілерін туындау.

Кесте 2-нің жалғасы
Даралық
Кәсіби біліктілік дәрежесі тұлғалық өзіндік даралығымен жеке басының сұраныстарын қанағаттандыру жолында кәсіби арнаның қозғаушы күші
Кәсіби құнды нормаларды меңгеріп, кәсіби іс-әрекеттің орындалуында өзіндік ерекше-лігімен, шығармашылығымен өзін жетілдіру нәтижесінде кәсіби сапа дәрежесін көтеру туындайды.
Өзектілік
Бүгінгі күнгі талаптардың межеле-ріне кәсіби біліктілік деңгейінің талаптары жету-жетпеуінен сапалық дәрежесі
Біліктілік-шеберлік деңгейлері-нің қалыптасуына қажетті білім-іскерлік-сапа межелері туындайды.
Болжамдық
Мұғалім жеке өз-басының кәсіби қалыптасуының шегін бағамдауымен, жалпы өсуінің перспективасын іздеуі, кәсіби диагностика
Болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуының шектерін сипат-тайды; кәсіби-тұлғалық пен әлеуметтік мүмкіндіктері дамытушы- лық, ынталандырушылық дәрежесін туындайды.
Кәсіпке үйрену жарамдылығы
Кәсіби педагогикалық бейімділігі әлеуметтік тәжірибені қабылдауға дайындығы, қажеттілігін түсіну деңгейі.
Қоғамдық-әлеуметтік жаңалық-тарды, ғылыми-практикалық іс- әрекетте пайдалануға ықыласы кәсіби әрекеттілік туындайды.
Шығармашылық
Жинақталған тарихи-тұлғалық тәжірибені қайта қарауға, кәсіби біліктілікті шеберлікке жеткізуге ұмтылу іс-әрекетінің дербес шығармашылық дәрежесі.
Өзіндік шығармашылық бағытта жоғары кәсіби іскерлікті көрсе-ту арқылы беделін көтеру дәрежесі туындайды.
Әлеуметтік белсенділік
Кәсіби талаптардың орындалу аясында қоғамның дамуына үлес қосу деңгейі;
Кәсіпке берілген адалдық мазмұнымен қоғамды дамытуға, өзгертуге, түрлендіруге қосатын үлесінен туындайды.
Бәсекелестікке қабілеттілік
Білім беру нарқындағы бәсекелестік қатынастарға өз жұмысының әдістері мен түрлерін көрсете отырып, кәсіби құнды сапа дәрежесі
Болашақ мұғалім кәсібінің ішкі мүмкіндіктерін жарыққа шыға-рып, даралау нәтижесінде дербес шығармашылық ізденіс-тің әрекетінен туындайды.
Сапалық
Мұғалімнің кәсіби іскерлік санасы, сапалық бағана өлшемдері (білім тереңдігі, жүйелілігі, ойлау әрекет).
Сапа-сандық деңгейінде белгіленуінен мұғалімнің кәсіби білімі-біліктілігі сарапталатын қорытындылау дәрежесі туындайды.

Ұсынылған критерийлер өлшемінің жүйелік тобы үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде даярланған мұғалімнің кәсіби тұлғасының моделі қандай болмақ деген сұраққа жауап беруге негіз болады.
Сонымен, дамыта оқыту технологиясы бойынша кәсіби-тұлғалық даралығын табыс нәтижесіне бағдарлы білімдендіру бойынша болашақ мұғалімнің кәсіби потенциалын дамыту көзделген (Сурет 1).

Сурет 1 – Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіби білімдендіру негізінде кәсіби потенциалын дамыту сүлбесі

Деңгейлік топтарда саралап оқыту әдісі бойынша іскерлік қабілеттерді дамыту және өздігінен жетілдіру жолдары бағдарланған. Бұндай әдіс-тәсілдерді ықшамды және ұтымды пайдалану мақсатында болашақ мамандардың кәсіби бейімділігін компьютерлік тест технологиясын пайдалану арқылы мамандандыру процесінің тұлғалық-деңгейлік мүмкіндігін қарастырдық. Бұған дейін педагогикалық ғылыми әдебиеттерді талдауымыздан белгілегеніміз болашақ маман даярлауда педагогикалық технологиялар, кәсіби бейімділікті, қабілеттілікті дамыта деңгейлеп оқыту, өздігінен білім алу сияқты құнды бағыттар дараланып зерттелген. Дегенмен, бүгінге дейін кәсіби педагогикалық даярлау компонентері мен критерийлері нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Колледж – жоғары оқу орны» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Болашақ құрлысшы мамандықта оқыйтын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Пәндер