Компьютерлік жүйе ортасындағы аудит
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
"Есеп және аудит" кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Компьютерлік жүйе ортасындағы аудит
Орындаған
Тексерген
Семей
2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
0.1 Компьютерлік ақпараттық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
0.2 Компьютерлік аудитті ұйымдастырушылық пен оның шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 7
0.3 Аудиторлық бағдарламалық жабдықтаулардың сипаттамасы ... ... ... . 20
2 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕ ОРТАСЫНДАҒЫ АУДИТ ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1 Аудитті басқарудағы компьютер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Аудиттің компьютерлік ақпараттық жүйесін бағдарламалық жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . 27
2.3 Компьютерді қолдана отырып аудит өткізу әдістер ... ... ... ... ... ... ... .. 29
2.4 Аудиторлық бағдарламалық жабдықтауларды пайдалану ... ... ... ... ... . 33
2.5 Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы
қиындықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .. 35
3 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕДЕГІ ТЕСТІЛІК МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... . 36
3.1 Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... . 30
ПАЙДЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
КІРІСПЕ
Ақпараттық технологиялар және қолданбалы программалар жүйесінің соңғы жетістіктері коммерциялық және мемлекеттік ұйымдардың ақпараттарды қабылдауда, ұйымдастыруда, бухгалтерлік есеп жүргізуде, аудит жүргізуде, басқаруда, шешім қабылдау қызметтерін ұйымдастыруда жаңа концепцияларға алып келді. Кез келген мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар өз жұмыстарын жүргізу барысында, ұйымның іс жүргізу эффективтілігін арттыратын, персоналды компьютерлердің көмегінсіз айналып өте алмайды. Ал Қазақстан Республикасындағы рыноктық экономика жағдайында ақпараттық технологиялардың, қолданбалы программалардың көмегімен республикамыздың өндірістік саласын, бизнес саласын, мемлекет қарамағындағы көптеген салаларды автоматтандыру қарқынды даму үстінде. Соның ішінде ақпараттық технологияларды қолданатын және автоматтандыруды ерекше қажет ететін, саланың бір элементі ретінде компьютерлік жүйе ортасындағы аудит жатады. Осы дербес компьютерлердің арқасында адамдар көптеген жұмыстарды сапалы және аз уақытта орындай алатын болды. Егерде компьютер болмаған кездерде белгілі бір мамандарға өздеріне керек жұмыстарды айлап, жылдап орындайтын болса, қазіргі жаһандану немесе компьютерлердің жақсы даму заманында осы жұмыстарды мамандар бір күнде немесе бір айда орындай алатын болды. Осы компьютердің адам өміріне сенімді қадам басып енуі, айтып өткендей, аудитті де тыныштықта қалдырмады. Жалпы алғанда аудит дегеніміз бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы обьективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесс.
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты - бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшылдық принциптерді басшылыққа алу керек. Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуын талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі ХХІ-ші ғасырда, ғылым мен техниканың қадамдап алға басу заманында компьютердің атқаратын қызметінің күн санап артуын, аудитте де өз орнын тапқанын көрсету.
Тақырыптың өзектілігі - тексеру жүргізу барысында аудитордың клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйесіндегі есептік мәліметтерді өңдеулерді ұйымдастырумен байланысты барлық маңыздырақ жақтарды зерттеуін және құжаттауын анықтап көрсету болып табылады.
1 АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
3.1 Компьютерлік ақпараттық жүйелер
Экономикалық субъектілердің қызметін жүзеге асыру процессінде дербес компьютерлер олардың ішінде есеп ақпараттарын өңдеуге және ішкі аудитті жүргізуге арналған компьютерлер кеңінен қолданылады.
Сыртқы аудитор өзінің жұмысында компьютерді және компьютерлік ақпараттық жүйені (КАЖ) екі тәсілмен пайдалана алады:
* Клиент ретінде барлық қаржы-есептік ақпараттарды немесе оның белгілі бір бөлігін тіркеу үшін компьютерді пайдаланады;
* Аудит өткізуді жеңілдету үшін, әсіресе клиент компьютерлік жүйені пайдаланатын болса.
Тексеруге кірісе отырып, аудитор мәліметтерді өңдеудің ұйымдық нысанымен және басқару міндеттерін, оның ішінде бухгалтерлік есептіің міндеттерін автоматтандыру деңгейімен танысады.
Компьютерлік ақпараттық жүйе (КАЖ) дегеніміз - бұл, басқарудың барлық деңгейінде тиімді шешімдер қабылдау, жоспарлау және өзінің жауап беретін салаларына бақылау жасау үшін қажетті ақпараттар дайындап берудің ресми ережелері мен процедураларының жинағынан тұратын көптеген кіші жүйелерді біріктіруші жүйе.
Клиенттің компьютерлік ақпараттар жүйесі жартылац немесе толығымен компьютерлендірілуі мүмкін.
Басшыларға ақпараттар құрамында статистика, талдау, коэффициенттер, қорытынды есептер және тағы басқалары бар есеп беру арқылы жетеді. Тиімді есеп берулер төмендегі факторларды есепке алады:
* Басқару деңгейін. Жоғарғы басшылар барлық салалар бойынша ең кең аспектіні қамтитын қорытынды есепті талап етеді; орта деңгейдегі басшылар олардың функционалдық қызметі жөнінде мәселе қозғалатын (мысалы, бюджетке бақылау жасау жүйесінде жоспарланған бюджеттің орындалуынан елеулі ауытқулар) қорытынды есебі жауапкершіліктің нақты айқындалған салаларымен шектеледі.
* Жиілік. Белгілі бір кезеңдік есеп берулер автоматты түрде күн сайын, апта сайын, ай сайын немесе жыл сайын жүргізіледі. Бұл, әрине, ұйымның ішкі саясатымен анықталуға тиісті.
* Жеделдік. Белгілі бір есеп берулердің кешіктірілуі немесе олардың берілмеуі шаруашылық операцияларына қатты әсер етуі мүмкін. Оқиғалар, көрсеткіштер және талап етілетін есеп берулер жеделдік дәрежесі бойынша анықталуға және жіктелуге тиісті. Жіктеу коммуникациялық құралдар арқылы анықталуға тиісті: жедел ақпаратты тасқа басылған түрде емес, ең жақсысы телефон, телефакс немесе компьютер арқылы беру керек.
* Нақтылық (егжей-тегжейлілік). Басқарудың әртүрлі деңгейі қорытынды есепте берілетін ақпараттардың әртүрлі деңгейін жоғарылаған сайын нақтылық аздау талап етіледі. Артық нақтыланған (егжей-тегжейленген) ақпараттар дұрыс емес шешім қабылдауға және шығындардың көбеюіне (қосымша процедуралар жүргізгені үшін) алып келуі мүмкін. Қорытынды есеп оны құру мақсаты үшін жеткілікті түрде дәл болуға тиісті, және де деңгейін барлық уақытта 100 пайызға жеткізу міндетті емес.
3.2 Компьютерлік аудитті ұйымдастырушылық және оның шетел тәжірибесі
Қазіргі кезде субъектілер қызметінде қаржылық ақпарат ағымының артқаны байқалады. Жедел есептеулер мен қағаз құжаттарды игеріп отыруға деген талап аудит жүргізуді автоматтандырудың ролін күшейтті. Барлық жерлерде компьютерлік қызмет орталықтары желісінің дамуы, қымбат емес дербес электронды есептеу машиналарының пайда болуы экономиканың барлық саласында ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға жол ашты. Және қазіргі таңда рыноктың дәл осы саласы республикамыздағы компьютерлік бизнестің дамуына жол сала отырып қарқынды түрде дамып келе жатыр деп баса айтуға болады. Сонымен қатар осы саладағы жоғары бәсекенің болуы бағдарламалық және ақпараттық шешімдердің тоқтаусыз жетіліп отыруына әкеліп соқтырды. Компьютерлік есеп жүргізудің пайда болуы өз кезегінде аудиторлар алдына жаңа талаптар қойды, компьютерленген ортадағы аудит немесе компьютерлік аудит деген облыстарды бөліп шығарды.
Шетелдердегі аудиторлық қызметті зерттеу барысында аудиттің мазмұнымен байланысты компьютерлік жүйелерге қолданатын екі ұғым анықталды. Оның біріншісі - компьютер қоршаған ортадағы аудиторлық тексеру, яғни мұнда аудит қара жәшік ретінде көрініс табады және алынатын мәліметті бастапқы құжаттармен байланыстыруға және сонымен қатар мәліметтердің бастапқы құжаттардан қорытынды есеп беруге дейінгі қозғалысын бақылауға тырысады. Екінші ұғым - компьютерлік жүйенің өзін аудиторлық тексеру. Бұл ұғым адам визуалды түрде қабылдай алмайтын операцияларды, толықтыру процесінің сенімділігін анықтау мақсатында аппараттық және бағдарламалық құралдарды бағалауда қолданылады.
Сөйтіп, бүгінгі таңда қазақстандық аудиторға бірінші кезекте шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есебін электронды есептеуіш машинасына (ЭЕМ) негізделген тексеруді қалай жүргізуді білу қажет.
Батыс елдердің тәжірибесіне сүйенсек, көптеген аудиторлық фирмалар өздерінің аудиторлық тексерудің қорытындыларын, соның ішінде компьютерлік қастандық (алаяқтық) жағдайларын анықтауға бағытталған компьютерлік бағдарламалар ойлап тапқан. Мұнда қастандық жасалғанын куәландыратын кез келген белгілер абсолютті немесе оларды алдын ала болжау мүмкін болмайды. Аудиторға қойылатын басты талап компьютерлік бақылау жүйесінің әлсіздік дәрежесін білу және анықтау болып табылады.
Дамыған елдерде сыртқы аудитке арналған компьютерлендіру жүйелері тексерілетін фирмалардағы жалпы стандарттар мен ережелерді ескереді және белгілі бір дәрежедегі әмбебаптыққа ие. Бұл қасиет жүйенің бағдарламалық негізін нақты бір фирмадағы компьютерлік техникаға сәйкес күйге келтіруге болатындығымен түсіндіріледі. Осы аталған жағдайда бағдарламалық құралдың (операциялық жүйе, сервистік құралдар және т.б.) үйлесімділігі қағидасы өмір сүреді. Бұл оның ішкі аудит жүйесінің ерекшеленетінін көрсетеді.
Сыртқы аудиторлар қызметін қолдану туралы ұсыныс тек шығындарды үгнемдеу тұрғысынан алғанда ғана дұрыс болып саналады. Ал ішкі аудиторлардың жұмысы компанияның тиімді өмір сүруі үшін анағұрлым пайдалы, себебі олардың ұсыныстары қоластындағыф бөлімшелердің проблемаларын тереңірек білуге және менеджерлердің әрі қарайғы зерттеулері үшін объективті материал жинақтауға мүмкіндік береді. Ішкі аудитор ақпаратын қолданудың басты бір кемшілігі тәуелділікті жоғалту тәуекелі болып табылады.
Жақын болашақта аудиттің нәтижелілігі көп жағдайларда ақпараттық қамтамасыздандырудың сапасына, аудиторлық қызметтің кәсіпорындағы , сонымен қоса одан тыс болуы деңгейіне байланысты болады. Компьютерлік жүйенің сапасына талдау жасай отырып, оның есеп жүргізуге әсер етуі деңгейін бағалау керек. Сәйкесінше есеп жүргізудің автоматтандырылу деңгейі өз кезегінде аудиторлық процедуралардың уақыт және тереңге таралып бөлінуі мен мазмұнын анықтап береді. Ақпаратты өңдеуді жылдамдатудың кез келгені қатеге әкеліп соқтыруы мүмкін. Компьютерлер қоршаған ортадағы аудиторлық тексеруге қызмет көрсететін каналдың өткізу қабілеті өңдеу сапасына әсер етеді. Осындай жұмыс нәтижесінде процедуралар мен операциялардың шешуші кезеңдерінде қателерді анықтау мен олар туралы ескертулер жасауда маңызды рөл ойнайтын аудиттің негізгі нүктелері аталатын - жүйе бөліктері анықталады.
Басқаша айтқанда, кез келген ақпараттық жүйе компьютерлік өңдеу тұрғысынан алғанда керекті адамдарға дұрыс ақпаратты дер кезінде жеткізіп отыруы қажет. Оптималды ақпараттық жүйе болып осының бәрін мүмкін болғанынша арзан бағаға орындайтын жүйе саналады, яғни компьютерлік бақылау жүйесітек одан келетін пайда шығындардан басым болған жағдайда ғана тиімді болады. Егер шығындардың мүмкіндігі аз болса, онда аудиторлық жұмыс кәсіпорын жұмысына көбірек әсер ете алатын және бақарушылық бақылаудан анағұрлым аз тәуелді болатын салаларына бағытталуы керек.
Аудит процесінде аудитор кәсіби шешім шығару қабілетіне күмәнданған жағдайда мамандарды тарту арқылы арнайы тест жүргізу қарастырылады. Мұндай мамандардың мақсаты:
Мәліметті компьютерлік өңдеуге байланысты тәуекелді анықтау және бағалау;
Компьютерлік бақылау жүйесін бірегейлендіру және реттеу;
Аудиттің компьютерлендірілген бағдарламасын игеру.
Аталған ақпаратты компьютерлік жүйелерді игеруге, енгізуге және қолдануға жауапты тұлғаларды сауал қою арқылы алады. Жиналатын ақпараттың жан-жақтылығы аудитор бақылаудың компьютерлік жүйесіне сүйенуді көздей ме және оның қызмет етуін тексергісі келе име жоқ па осыған байланысты. Бұл процесте келесі факторларды ескеру өте маңызды.
Әдеттегі тексеруді компьютер компьютер көмегімен аудиторлық бақылау әдістері толықтырады. Бұл әдістер екі негізгі категорияға бөлінеді: аудиторлық сауал жүргізу бағдарламалары және бақылау мәліметтері.
Аудиторлық сауал жүргізу бағдарламалары - бұл кәдімгі операциялармен қоса негізгі бағдарламалар орындайтын есептеулер мен зерттеулерді жүргізе алады. Мұндай есептеулер нәтижелерін бағдараламалар жұмысының дұрыстығын тексеру үшін нақты нәтижелермен салыстырады. Олар сонымен қатар әдетте компьютерге қол жеткізу мүмкін болмайтындай түрдегі ақпаратты алу үшін де қолданылады.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, қателер мен ауытқуларды байқамау тәуекелін есептеу теориясы көмегімен есеп жүргізуші персоналдың қате іс-әрекеттерін табуға мүмкіндік беретін аудит жүйелері бар. Олар ішінара тексеруге негізделген. Бірақ та мұндай тексеруді жүргізу аранайы қымбат тұратын параметрлік жөндеу жасалатын бағдарламаларды игеруді талап етеді. Бұл бағдарламаларда аудиторлық жүйені автоматты түрде күйге келтіруге арналған файлдардың әртүрлі құрылымдарының дамығанын танып білу жүйесінің болуы шарт.
Тексеру жүргізу барысында аудитор аудитор клиенттердің компьютерлік ақпараттық жүйесіндегі есептік мәліметтерді өңдеуді ұйымдастырумен байланысты барлық маңызды жақтарды зерттеуге және құжаттауға тиісті. Есеп регистрлерін тапсыру нысандарының және оларды құру технологиясының компьютерсіз есеп жүйесінде пайдаланылатындардан елеулі айырмашылығы бар екендігін есте сақтау керек.
Аудитор бұл айырмашылықтарды білуге және әртүрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істей білуге тиісті. Сонымен бірге ол автоматицациялау міндеттерін таңдаудың дұрыстығына баға беруге және мәліметтерді өңдедің компьютерлік технологиясын қолдаеу тиімдірек болып табылатын бөлімшелердің жұмысы, есеп участогі, міндеттер жөнінде өз пікірін айтуға тиісті.
Жоғарыда айтылып өткендей, аудитор білуге және есепке алуға тиісті компьютерді пайдалануға негізделген жұйенің бірқатар ерекше белгілері бар. 1008 Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау - Ақпараттық жүйені басқарудың сипаттамасы мен талдауы деп аталатын Халықаралық аудит стандарты төмендегі негізгі сипаттамаларды айқындайды:
* компьютерлік ақпараттық жүйе туралы білімдердің шоғырлануы;
* бағдарламалар мен мәліметтердің шоғырлануы;
* енгізілген құжаттардың жоқ болуы;
* шаруашылық операцияларының және нәтижелердің көзге көрінетін іздерінің жоқ болуы;
* мәліметтер мен компьютерлік бағдарламаларға кірудің жеңілдігі;
* бақылаудың бағдарланған жүйесі;
* жүйемен жасалынған операциялар;
* бағдарламалардың есінде сақталатын мәліметтер мен ақпараттардың осалдығы.
Компьютермен қамтамасыз ету бөлімінде бақылаудың жинақталуы (шоғырлануы).
Процедураларды стандарттау және кәсіпорынның компьютерлік ресурстарын пайдалану қажеттілігі бақылаудың компьютермен қамтамасыз ету бөлімдеріне жинақталуына (шоғырлануына) алып келді, бұл, әрине, потенциалдық кемшілік болып табылады.
Бағдарламалар мен мәліметтердің шоғырлануы. Шаруашылық операциялары, негізгі файлдар және бағдарламалар бойынша мәліметтер әдетте бірге сақталады, ал бұл деген бағдарламалар мен мәліметтерге
өкілеттілігі жоқ персоналдың кіруіне тікелей мүмкіндік беру қаупі болып табылады.
Енгізілетін қүжаттардың жоқ болуы. Кейбір жүйелерде кәдімгі күңделікті бухгалтерлік кітаптар жүргізілмейді. Мысалы, оператор тап-сырманы телефон арқылы алып, тиісті ақпаратты тез арада енгізу үшін терминалды пайдалана алады. Бұл жүйе өнімдерді жөнелтуді және шот-фактураны жасайды, сондай-ақ, клиенттер бойынша босалқылар (запастар) және файлдар туралы ақпараттарды жаңартады. Аудитор мұндай кезде құжаттың түп нұсқасы бойынша келісімдерді қадағалап бақылай алмайды. Мұндай жағдайларда жазбаша қабылдау (бекіту) әдетте компьютерде жазумен алмастырылады.
Көзге көрінетін іздердің және шаруашылық операциялары нәтижелерінің болмауы (жоқ болуы). Қазіргі жүйелер, әдетте, басылған мәліметтердің көлемі шектеу мақсатында жасалынады. Бақылау магниттік тасымалдаушыда сақталынатын мәліметтерге қол жеткізу мүмкін болмайтын есеп беру принципін қабылдау арқылыжүзеге асырылады. Осылайша, аудитор-бастапқы құжаттардан бастап қаржылық қорытынды есепке дейін (немесе керісінше) - жүйесі арқылы кәдімгі тәсілмен жекелеген шаруашылық операцияларына бақылау жасай алмайды. Мұндай жағдайда (көзге көрінетін) аудиторлық із жоғалады деп есптелінеді.
Мәліметтерге және компьютерлік бағдарламаларға кіру жеңілдігі. Бүл жерде мәселе алынып қалған терминалдармен бірге өзгеруі мүмкін ақпараттарға сенімсіз (бекітусіз) кіруде балып отыр. Компьютерлік жүйелер мәліметтерге кіру үшін ашығырақ, сондықтан олардың әр-қайсысында ақпараттарға кіру қүқығы мен өкілеттілігі анық шектеледі, сонымен бірге рүқсат етпей кіруден сақтау және бақылау жуйесі енгізілген. Ақпараттарға кіру, енгізу, езгерту және өшіру қүқығын шектеу басқа да бірқатар тәсілдермен толықтырылады. Аудит жүргізу барысында субъектінің қаржы шаруашылық қызметі жөніндегі мәліметтердің дұрыстығы және өндіріс процесін басқаруға сырт жақтың араласуының мүмкін еместігі туралы ой-пікірлердің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін бұл құралдардың жеткілікті екендігіне көз жеткізу керек.
Аудитор есептеу алгоритмдерінің дұрыстығын мұқият тексеруге тиісті. Есептеу алгоритміндегі қателер және олардың қайталанатын шаруашылық операцияларына көп рет қолданылуы қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесін бұрмалап көрсетуі мүмкін.
Аудиторға алгоритмді қолданыстағы заңдарға және клиенттің есеп саясатына сәйкестігіне қатысты тексеру және бухгалтерлік есепті, салық есебін жүргізу тәртібінде немесе басқа заңдарда өзгеріс болған жағдайда алгоритмді өзгертудің (корректировкалаудың) орындалу мүмкіндігін анықтау қажет. Алгоритмдерді жөндеп дұрыс күйге келтіруді тестілеу аудиторға оның компьютерлік дайындығы жағынан жоғары талап қояды. Тәжірибе көрсеткендей, тиімдірек жұмыс істейтін жүйе ретінде бағдарламалық өнімді дайындаған фирма мамандарының күйге келтірген жүйесі немесе бухгалтерлік есеп, салық есебі және құқық мәселелері саласында өте жоғары білімі бар , сонымен бірге әртүрлі компьютерлік жүйелермен жұмыс істей алатын елеулі тәжірибе жинақтаған жоғары квалификациялы аудитор күйге келтірген жүйе танылады.
Бақылаудың бағдарламалық жүйесі. Компьютерлік-ақпараттық жүйелік ортадағы ішкі бақылау құралдарының сенімділігін тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Бақылаудың бағдарламалық жүйелері мәліметтердің көзге көрінуін шектеу (бақылау жүйесінің параметрлерін пайдалану арқылы) мүмкін.
Аудитор өзі сенгісі (нанғысы) келетін бақылау жүйесін тестілей алады. Демек, оған бақылаудың бағдарламалық жүйесін тестілеу керек болады. Ол үшін аудиторға компьютердің көмегімен аудит өткізу әдістерін сөзсіз пайдалануға тура келеді. Ол компьютерлік есеп жүйесін бақылаудың әлсіз жақтарын айқындауға, яғни, ақпараттық та бағдарламалық та бақылау құралдарын , сонымен бірге ұйымдастыру іс-шараларын (мысалы, мәліметтердің тұтастығы мен компьютерлік вирустардың жоқтығын күн сайын кешкілік тексеріп отыру) қарастыруға міндетті.
Аудиторға бухгалтерлік мәліметтердің дайындалуын бақылау жүйесіне талдау жасау және қателер мен бұрмалаушылықтарды болдырмау үшін клиенттің қандай шараларды қолданғандығын тексеру қажет. Бастапқы ақпараттардың толықтығы мен олардың ақпараттық базаға енгізілуінің дұрыстығын бақылайды, сондай-ақ мәліметтердің шығарылуын бақылау мен оларды өңдеуді ұйымдастыру әдістерін атап көрсету , дұрыстық пен тиімділікке баға беру керек.
Жоғарыда айтылғандардан компьютерлік ақпараттық жүйелердің мақсаты - тиісті ақпараттық көздерден (ішкі, сыртқы) келіп түсетін қажетті ақпараттармен барлық деңгейдегі басшыларды қамтамасызету болып табылатындығын атап көрсетуге болады. Алынған ақпараттар басшыларға жоспарлау, басқару және бақылау бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Компьютерлік жүйе маңызды ақпаратқа барлық мәліметтерді қамту, біріктіру және қосу үшін форматталған процедураларды пайдаланады. Шешімдер тиімді болу үшін ақпараттар белгіленген уақытқа және белгіленген орынға тапсырылуға тиісті.
Бастық мақсаты үшін өте жоғары сапалы болып саналатын (олардың алыну мақсатына сәйкестігіне байланысты), аудиторлардың қажеттілігін қанағаттандыра алмауы мүмкін екендігін атап айту қажет. Аудитордың талабы, әсіресе аудиттің көзге көрінетін бағытына және ішкі бақылау жүйесіне қатысты, әрдайым шешім қабылдау кезінде қойылатын басшылардың талабымен сәйкес келе бермейді.
2.1 Аудиторлық бағдарламалық жабдықтаулардың сипаттамасы
Аудиторлық бағдарламалық жабдықтауға клиенттің компьютерлік файлдарын тексеру кезінде аудитор пайдаланатын компьютерлік бағдарламалар кіреді. Ол бағдарламалардың жалпы пакетінен, арнайы мақсаттағы бағдарламалардан немесе клиенттің қызмет көрсетуші бағдарламаларынан тұрады.
Бағдарламалардың жалпы пакеті. Бұл әр түрлі типтегі компьютерлерге пайдалану үшін жасалынған бағдарламалық жабдықтау бойынша аудитор немесе компанияның маманы жазған бағдарламалар. Параметрлер мен шығатын мәліметтердің нысанын белгілей отырып, оларды әрбір нақты жағдайларға бейімдеу қажет. Кейбір жағдайларда қосымша бағдарламалық кодтау талап етеді.
Арнайы мақсаттағы бағдарламалар. Кейбір жағдайларда бағдарламалар пакеттерін сол немесе басқа типтегі компьютерлерге, мәліметтерді өңдеу типіне немесе файлдардың құрылымына бейімдеу мүмкін болмайды. Мұндай жағдайларда арнайы мақсаттағы бағдарламалар қолдану талап етіледі. Оларды аудитордың өзі, бағдарламалық жабдықтау бойынша маман немесе аудитордың ереже-нұсқауына сәйкес клиент жасауы мүмкін. Кез келген жағдайда пайдаланудың алдында оны толық тексеріп алу қажет.
Ұйымда Халықаралық стандартқа сәйкес, аудит процедураларын жоспарлау кезінде автоматтандырылған бухгалтерия барлық негізгі ерекшеліктерді ескеруі тиіс. Мәліметтерді компьютерлік өңдеу жүйесінде операциялармен жұмыс істеуде адамның қатысуының деңгейі төмен болады. Ол бір жағынан мәліметтерді қолмен өңдеуге тән қателіктерді төмендетеді, екінші жағынан күнделікті қателіктер мен кемшіліктерді тексеру мүмкіндіктерін азайтады.
Есеп деректерін автоматты өңдеу, аудиторлық тексерудің мәні мен маңызын өзгертпейді, тек оның әдістері өзгереді. Ұйым жұмысын автоматтандыру арқылы тексеру аудиторлық қызмет сапасын арттырады, ішкі бақылау жүйесін нақты бағалауға, аудиторлық тәуекелділік деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсетуші бағдарламалар. Олар аудитор үшін пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, файлдағы бар мәліметтерге сүйену немесе файлдың бір бөлігін қағазға түсіріп алу үшін терминалмен жұмыс істеу кезінде сұраудың қолданылып жүрген бағдарламасын пайдалану қажет. Бірақ, көп жағдайларда клиенттің меншікті бағдарламаларында аудиторға қажетті құралдар болмайды.
1 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕ ОРТАСЫНДАҒЫ АУДИТ
1.1 Аудитті басқарудағы компьютер
401 Компьютерлік ақпараттық жүйелік ортадағы аудит деп аталатын Халықаралық аудит стандарттарында компьютерлік ақпараттық жүйелік ортада аудиттің жалпы мақсаты мен масштабы өзгертілмейтіндігі атап көрсетілген. Алайда компьютерді пайдаллану қаржылық ақпараттарды өңдеу, сақтау және тапсыру процесін өзгертеді және субъект пайдаланатын бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесіне әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл стандарттың мақсаты клиентте жұмыс істейтін компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайында аудитті жүзеге асыру кезінде аудиторлық ұйымның іс-әрекетін анықтау болып табылады.
Стандарттың міндеттері:
* компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайында аудит өткізу кезінде аудиторлық ұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды анықтау;
* клиент пайдаланатын компьютерлік ақпараттық жүйені бағалау үшін аудиторлық ұйым шақырған (тартқан) мамандарға қойылатын негізгі талаптарды қабылдау;
* компьютерлік ақпараттық жүйелік ортада аудитті жоспарлау ерекшелікткрін сипаттау;
* компьютерлік - ақпараттық жүйе жағдайында аудиторлық тәуекелдікті анықтау;
* компьютерлік-ақпараттық жүйе жағдайында басқару құралдарын анықтау.
Кәсіпорынның аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйымға қойылатын негізгі талап оның компьютерлік ақпараттық жүйелік ортасын, сонымен бірге клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйесінің тікелей аудит процесін жүргізуге әсер етуін зерттеу болып табылады. Бұл аудитордың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелері туралы мағлұмат алуы кезінде аудиторлық процедураларға компьютерлік ақпараттық жүйелердің әсер ететіндігін білдіреді.
401 Компьютерлік ақпараттық жүйелік ортадағы аудит деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес тексеруді жоспарлау кезінде аудитор клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйесінің маңыздылығы мен жұмыс істеу күрделілігі жөнінде мағлұмат алуға тиісті. Егер ақпараттарды өңдеу кезінде пайдаланушыларға олардағы қателерді түзету, операциялардың көлеміне байланысты, қиынға түсетін болса, онда бухгалтерлік бағдарламаның күрделі болғаны. Сондай-ақ, жоспарлау процессінде аудиторға компьютерлік ақпараттық жүйенің қызметтік міндеттерді шектеуге әсер етуін қарастыру қажет.
Клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйені пайдалануы қосымша аудиторлық тәуекелдікті туындатады. Егер компьютерлік жұйе орталықсызданған болса, компьютерлік қондырғылардың географиялық жағынан шашыраңқылығы орын алған болса аудиттің тәуекелдігі жоғарылайды. Клиенттің компьютерлік бағдарламаны заңсыз сатып алуы да аудиторлық тәуекелдікті жоғарылатады. Себебі олар ескеруі мүмкін, оларда есептеулердің, қорытынды есеп нысандарының және құжаттардың алгоритмдері өз уақытында түзетілмейді, пайдаланушы бағдарламаның мүмкіншілігін толық дұрыс пайдалана алмайды. Экономикалық дайындығы жоқ бағдарлама құрушы жасаған компьютерлік бағдарламаны қолдану кең тараған бағдарламаларға қарағанда қателерді көбірек туындатады. Клиенттің бухгалтерлік есеп персоналының жеткіліксіз дайындығы датәуекелдіктің жоғарылауына әкеліп соқтырады.
Қазіргі жағдайда білімі төмен персонал мәліметтерді өңдеу жүйесіндегі осалдау звено болып табылады. Тәуекелдік аудитордың біліктілігімен (квалификациясымен) де байланысты болуы мүмкін. Бұл есеп мәліметтерін өңдеу жүйесін дұрыс бағаламауға, тестілер құруда жаңылысып кетуге, нәтижелерді қате түсіндіруге байланысты болуы мүмкін. Аудитордың жұмысын жеңілдету мақсатында компьютерлер төмендегі қажеттіліктер үшін пайдаланылуы мүмкін:
oo Клиенттің есеп жүйесіне зерттеу жүргізу кезінде блок-схема құру үшін. Блок - схемаларды құру жөніндегі бағдарламалар аудиторларға дәл (анық), жақсы дайындалған блок схемаларды құру кезінде көмек көрсетуі мүмкін. Бағдарламалар өздерінің жүйеге аудитордың орнына талдау жасай алмайтындығына қарамастан, олар жеңіл оқылатын нәтижелерді береді және компьютерлік жүйенің өзгеруі кезінде жаңартылуы мүмкін. Ал блок - схемаларды қолмен жасау кезінде ондай мүмкіндіктер болмайды.
oo Толық ақпараттарды сақтау үшін:
а) мәліметтердің барлық файлдары бойынша (сақтау құралдары, ұйымдастыру, маркирлеу, қайталау құрылғылары);
ә) жүйені тексеру нәтижесі және аудитор жүргізген жүйені бақылау құралдарының тиімділігі бойынша;
oo Аудиторлық тәуекелдікті бағалау үшін.
Аудитор компьютерге клиент жүйесінің әртүрлі келісімдері бойынша өзінің бағасын енгізуіне болады. Компьютер бұл ақпаратты бағдарламалардың біріне жаза алады сонымен бірге сараптамалық жүйелік бағдарлама арқылы тестілеудің қажетті деңгейі бойынша нұсқаулар бере алады.
oo Аудит бағдарламасын дайындау үшін.
Аудит бағдарламалары компьютерде терілуі мүмкін, бұл, әрине, келесі жылдары ақпараттарды жаңарту процесін жеңілдетеді. Кейбір фирмаларды компьютерлік мәліметтік базада сақталатын стандартты аудиторлық тестілер болуы мүмкін. Тест жүргізу қажеттілігіне қарай олар мәліметтік базадан аудит бағдарламасына көшіріледі. Бұл, әрине, барлық тесксі компьютерде қайта теруге қарағанда әлдеқайда аз уақыт алады.
oo Талдамалық процедураларды жасау үшін.
Кестелі (графикті) бағдарламаларда стандартты нысандар орнатылуы мүмкін. Бұл нысандарды (мысалы, қаржылық қорытынды есепте көрсетілген баланс бойынша жалпы сомалар сияқты енгізеді. Содан кейін бағдарлама аудитор өзінің талдамалық процедураларына пайдаланатын негізгі (кілтті) есептік көэффициенттерді есептейді.
oo Аудитордың жұмыс құжаттарын дайындау үшін. Егер аудитжүргізуші персоналға клиенттің офисінде компьютер берілетін болса, онда ол аудиторлық жұмыс құжаттарын басып шығару үшін пайдаланылуы мүмкін
Компьютерлерді пайдалану кезінде аудитор қолданылатын қорғау
құралдарына тқөмендегілер кіреді:
oo резервтік файлдар. Компьютерде сақталатын барлық аудиторлық резервтік файлдар жүйелі негізде (ең аз дегенде күніне бір рет) құрылуға тиісті. Бұл резервтік файлдар микрокомпьютердің есінде емес жеке сақталуға тиісті. Аудит жүргізу аяқталып, клиент бойынша файлдар басқа клиенттің ақпараттарына орын беру мақсатында компьютердің есінен алынып тасталған кезде, осы файлдардың ең аз дегенде бір немесе екі қосымша көшірмесі жасалуға тиісті. Бұл көшірмелердің бірі жоғалған немесе зақымданған жағдайда құжатты резервтік көшірменің көмегімен қалпына келтіругее кепілдік береді.
oo файлдарды сақтау (қорғау). Клиент туралы аудиторлық ақпараттар құпия болып табылады. Демек, бұл ақпаратқа тек өкілетті аудиторлық персоналдың кіруіне мүмкіндік беру үшін тиісті процедуралар жүргізілуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz